Сабақтың тақырыбы: Ақуыздар. Ақуыздардың бірінші реттік құрылымы. Ақуыз молекуласының құрылымдық сипаты



бет11/11
Дата03.01.2022
өлшемі1,54 Mb.
#108845
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
5 ЗПС амин қышқылдары

Практикалық тапсырмалар:

1 тапсырма: Амин қышқылдарына тән функционалды топтарды көрсетіңіз:

 

2 тапсырма: Амин қышқылдарының жалпы формуласын негізге ала отырып төмендегі молекулалардың арасынан амин қышқылын табыңыз:


3 тапсырма: Берілген формулаларға қарап, амин қышқылдарын атауын жазыңыз

4 тапсырма: Берілген мына амин қышқылдарының рН мәні қандай болуы мүмкін

 
5 тапсырма: Амин қышқылдарының жіктелуі. Формуласы берілген аминқышқылдарының функционалдық топтары мен радикалына қарап қандай топқа жатқызуға болады, жіктеңіз, жауабын кестеге жазыңыз.










тобы

амин қышқылының аты

моноаминомонокарбон қышқылы




Диаминомонокарбон қышқылы




моноаминодикарбон қышқылы




Күкіртті амин қышқылы




ароматты амин қышқылы




Гетероциклді амин қышқылы





6 тапсырма: Бір амин қышқылын алып келесі кестедегі үлгі бойынша сипаттап жазыңыз:


Тривиалды атауы




Формуласы




Систематикалық атауы




Физикалық қасиеттері




Химиялық қасиеттері




Практикалық маңызы




Ағзада синтезделуі





7 тапсырма: "аланин-глицин-серин" амин қышқылдарынан қанша түрлі трипептид синтезделе алады? Мүмкін болатын нұсқаларын жазып көріңіз

8 тапсырма: Келесі тұжырымдамаларға "Иә" немес "Жоқ" деп жауап беріңіздер:

1. Табиғатта кездесетін амин қышқылдарының бәрі ақуыз құрамына кіреді__________

2. α-амин қышқылдарында амин тобы карбоксил тобынан кейін тұрған бірінші көміртегі атомына жалғасады________

3. Пролин амин қышқылының радикалы имин болып келеді________

4. Барлық амин қышқылдары қышқылдық және негіздік қасиет көрсетеді________

5. Фенилаланин алмастырылмайтын амин қышқылына жатады________

6. Ақуыз құрамына D-α-амин қышқылдары кіреді________

7. Амин қышқылдарын тек ақуыздарды ыдырату арқылы бөліп алады________

8. Глицин амин қышқылының құрамында радикал болмайды________

9. Тирозин фенилаланиннен синтезделеді, сондықтан алмастырламйтын амин қышқылына жатқызуға болады________

10. Лейцин мен лизин  кетоногенді амин қышқылдарына жатқызылады________
9. тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Амин қышқылдарының арасында түзілетін байланыс:



А. -S-S- Б. -SH-NH- В. -CO-NH- Г. -CO-OH- Д. -C-C-

2. Ақуыз синтезіне қатысатын амин қышқылдарының саны қанша


А. 20 Б. 30 В. 100 Г. 200. Д. 500

3. амин қышқылы қандай топқа жатқызылады?



А. моноаминомонокарбонды Б. оксимоноаминомонокарбонды В. Диаминомонокарбонды

Г. моноаминодикарбонды Д. моноаминодикарбонның амиді

4. Амин және карбоксил топтарының орналасуына қарай ақуыз құрамына кіретін амин қышқылдары қалай аталады



А.альфа Б. бета В. гамма Г. дельта Д. эпсилон

5. Құрамында күкірті бар амин қышқылдары



А.фенилаланин Б. аланин В. лейцин Г. изолейцин Д. метионин

6. Амин қышқылдарын жасанды жолмен синтездеп алудың әдісі



А. сутегі атомын амин тобына алмастыру Б. галогенді амин тобына алмастыру В. амин қышқылын аммиакпен байланыстыру Г. радикалдың амин тобымен алмасуы Д. карбосилдың амин тобымен алмасуы

7. Амин қышқылдарына қышқылдық қасиет беретін топ:



А. амин Б. карбоксил В. радикал Г. гидроксил Д. сутегі

8. Амин қышқылы сілтілі мен қышқылдармен әрекеттесу нәтижесінде түзілетін өнім:



А. эфир Б. амид В. тұз Г. аммиак Д. су

9. Амин қышқылдары бір-бірінен қалай ерекшеленеді?


А. радикалы бойынша Б. карбоксил тобы санына қарай В. күкірттің болуына қарай Г. амин тобының санына қарай Д. гидроксил тобының болуына қарай

10. Алмастырылмайтын амин қышқылын табыңыз



А. лейцин, лизин, фенилаланин Б. лейцин, серин, пролин В. метионин, лизин, тирозин Г. лизин, аргинин, глицин Д. аланин, метионин, глутамин

11. Амин қышқылдары спиртпен әрекеттескенде қандай зат түзіледі?



А. тұз Б. эфир В. су Г. амид Д. барлық жауабы дұрыс

12. Құрамында радикалы жоқ амин қышқылы



А. аланин Б. глицин В. лизин Г. серин Д. метионин

13. Жануарлар мен адам ағзасында синтезделмейтін амин қышқылдары



А. алмастыралатын Б. алмастырылмайтын В. толыққанды Г. толыққанды емес Д. барлық жауабы дұрыс

14. Аланин амин қышқылының систематикалық жүйе бойынша атауы қандай?



А. 2-аминсірке Б. 2-аминпропион В. 2-аминбутан Г. 2- аминкапрон Д. аминқымыздық

15. Жасушада амин қышқылдарынан қандай заттар синтезделеді?



А. майлар Б.дәрумендер В. көмірсулар Г. полипептид Д. нуклеин қышқылдары
10- тапсырма. Амин қышқылдарының кестесін пайдалана отырып, трипептидтің бірінші реттік кеңістік құрылымын жазыңыз:

фенилаланил-пролил-метионин




11-тапсырма. Ақуыз молекуласының кеңістіктік құрылымын қалыптастыратын химиялық байланысты жіктеңіз:


Ковлентті байланыстар

Ковалентті емес байланыстар













































12 тапсырма. Қорытынды бақылау сұрақтары. Қысқаша жауап жазыңыз.

1. Амин қышқылдары дегеніміз қандай заттар?

2. Амин қышқылдарының адам өміріндегі маңызы неде?

3. Амин қышқылының амфотерлік қасиетін немен байланыстыруға болады?

4. Адам және жануарлар алмастырылмайтын амин қышқылдарын қайдан алады?

5. Амин қышқылының мал шаруашылығындағы маңызы

6. Полипептидтік молекула қалай түзіледі?

7. Амин қышқылдарының карбон қышқылдарымен қандай байланысы бар?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет