Сабақтың тақырыбы Қазақстан қалалары Дағды Айтылым және оқылым


Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру



бет119/164
Дата27.01.2023
өлшемі3,05 Mb.
#166586
түріСабақ
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   164
Байланысты:
4 кл.ҚМЖ

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалімдер оқушылардың тақырыпты қаншалықты мегергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтар сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір -бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс жүргізудің маңызы зор.

Бағалау критерийлері

  • ҰлыақынАбай туралы біледі.

  • Тақырыпқа қатысты сөздерді дұрыс қолданады

  • Жаңа сөздерді меңгереді.

  • Әңгіменің жалғасын болжайды.

  • Мәтінді мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап береді.

Пәнаралық байланыстар
Әдебиеттік оқу

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қол жетімді болды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді?




Оқыту ортасы қандай болды?




Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?




Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?





Сабақтың тақырыбы

Қайталау (2-тоқсан.3-бөлім.)
48-сабақ







Дағды

Айтылым, оқылым.







Оқыту мақсаттары

4221 берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру
4231 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу)
4241 жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
4.2.5.1 *шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша, ... оның пікірінше, ... , оның айтуынша, ..., кейбір адамдардың ойынша,) салыстыра отырып бағалау









Тілдік міндеттер

Лексиканы меңгерту сабағы







Жаңа сөздер










Алдыңғы білім

А. Құнанбайұлы – ұлы ақын







Сабақтың барысы







С.кезең.і

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары







Кіріспе

Бұл сабақ «Мәдени мұра» бөлімін түгелімен қайталауға арналып беріледі. Оқушылар бұл сабақта бөлімді ауызша қайталайды. Алда ұсынылатын негізгі ойын тапсырмасына дейін мұғалім оқушыларды ширатып, өткен тақырыптарды қайталату жұмыстарын, бір сөзбен айтқанда алдағы айтылым тапсырмасына дайындайды.
Мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатымен тақырыпқа сай таныс заттарды немесе олардың суретін алып келеді. Бұл зат атауларын түрлі ойын тәсілдерін қолданып қайталатуына болады. Мысалы, ұлттық қолөнер туындысы болып табылатын кіішкене ккәдесыйлқтар болса, оқушылардың тақтада 1-10 арасында ұсынылған сандарды таңдап алып, сұраққа жауап беруіне байланысты ұттырып ойнатуға болады. Сыйлықтар арасында кей сандардың сыйлығы ретінде балаларға бата беруге немесе аманат беруге болады. Сұрақтардың ішінде тұсау кесу жырын айтып бер деген сауалдарды да қосқан маңызды болып табылады. Егер мұғалімнің мұндай мұмкіндігі болмаған жағдайда, кәдесыйлардың орнына ұлттық қолөнер заттарының суреті салынған каточкалар беруіне болады және оның артына оқушыны қанаттандыратын марапат, мақтау сөздер жазылып берілсе немесе арнайы өлең шығарылып жазылса да болады. Мұндай тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтсын, ықыласын арттырады. Бұл тапсырма барысында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өздерінің айтылым дағдыларын дамытады, 4231 белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу) оқумақсатын жүзеге асырады.

5 мин

Мұғ-Сынып










Негізгі бөлім

Мұғалім оқушыларға өте қызықты тапсырма орындайтындықтарын хабарлайды. Оқулықтың соңғы қайталау бетін ашуларын өтініп, оқушыларға оқулық бетінде жазылған ойын шартын түсіндіреді және өзі ойынды бастап үлгі көрсетеді.
Бұл ойынды топ болып немесе жұп болып ойнауға болады. Оқушылар мұғалім үлестіріп берген сұрағы бар карточкалар топтамасын кезектесіп аашу арқылы сұрақтарға жауап беріп өзге топтармен жарысады. Сабақта мұғалім шамамен мынадай сұрақтарды карточка түрінде дайындап қояды.

  1. Балалар қайдан келеді?

  2. Кемел кәзекейді кімнен алды?

  3. Ата-әже қайда тұрады?

  4. Мал қайда жайылады?

  5. Құмыра неден жасалады?

  6. Нұрәлі белдікті кімнен алды?

  7. Қолға тағатын әшекей зат не?

  8. Сандық неден жасалады?

  9. Тұсау кесетін жіп қандай болады?

  10. Балалар тағамдарды қайда салады?

  11. Әжелер бастарына не киеді?

  12. Атадан балаға қалатын затты не дейді?

  13. Текеметті неден жасайды?

  14. Ескі қаланы басқаша қалай атаймыз?

  15. Текеметің қандай пайдасы бар?

  16. Ағаштан тұрмыстық заттарды жасайтын шебер адамды кім деп атайды?

  17. Жорықта қандай ұлттық аспап қолданылған?

  18. Айтысатын адамді кім деп атаймыз?

  19. Сәби дүниеге келгенде жасайтын тойды не дейміз?

  20. Жеті пернесі бар ұлттық аспап не?

  21. Қолжазба дегеніміз не?

  22. Үлкен аталар айтатын тілекті не дейді?

  23. Қандай ұлттық тағамды білесің?

  24. Кішкене кезінде сәби қайда ұйықтайды?

  25. Жүзік, білезік жасайтын адамды кім деп атайды?




Жұпта








Қор. бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет