Бүйректің қанменқамтамасыз етілуі бүйрек артериясы арқылы жүзеге асырылады. Ол арқылы бүйрекке минутына 1 л дейін, тәулігіне 1500 л дейін қан келеді және тыныштық кезінде қан айналу жүрек лақтырыс көлемінің 20-25% құрайды. Бүйрек қақпасында артерия үлесаралық артерияларға бөлінеді, олар пирамидалар арасынан өтіп, қыртысты және милы зат аралығында бүйрек денесіне параллель орналасқан доғалық артериясына ауысады.

Бүйректің қан айналым жүйесі.
Нефрон капиллярлар шумағына,бүйрек капсуласына,бүйрек өзекшесіне ие. Капиллярлар шумағы бүйрек капсуласының ішінде болып, бүйректің қыртысты қабатында орналасқан.Бүйрек артериясынан тарайтын ұсақ қан тамырлар-артериолалар бір- бірден капсулаларға енеді.Олар капсула ішінде жиі тармақталып,орамдар жасап, капиллярлар шумағын түзеді. Капсуладан нефронның екінші бөлімі- нефрон өзекшесі басталады.Олар иір-иір болып шумақталып, бүйректің боз затына орналасқан.Өзекшелер иректеліп,иілімдер-ілмектер түзіп,соңында пирамидалардың ішінен өтетін жинағыш түтіктердің біріне ашылады.Бүйректе артериялық қан тамырлары екі жерде капиллярларға жиі тармақталады.