Дұрыс толтыру үлгісі
Эпикалық жанр түрі
|
Повесть.
|
Шығарманың негізгі ойы
|
Жас жеткіншектерді адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
|
Шығарманың композициялық құрылысы
|
Басталуы
|
Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы.
|
Байланысуы
|
Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі, екеуінің айырылмастай дос болуы.
|
Шиеленісуі
|
Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы, түрлі ойын-сауық ұйымдастырулары, Шаншатай ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарын оятуы.
|
Шарықтау шегі
|
Оқушылардың өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы, Шаншатай мен Иманбектің төбелесуі, Иманбектің одан кешірім сұрауы.
|
Шығарманың шешімі
|
Ертайдың салған суретінің «Октябрь балалары»газетіне шығуы.
|
Шығармадағы әдеби теориялық ұғымдар
|
Эпитет, теңеу, диалог, мақал-мәтелдер
|
Тәрбиелік мәні
|
Шаншатайға тән әдептілік, ұқыптылық, еңбек сүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады.
|
Сабаққа қосымша мәліметтер
Сансызбай Сарғасқаев
Сансызбай Сарғасқаев (29.4.1925 ж.т., Жамбыл облысы, Красногор ауданы, Шарбақты селосы) — қазақ кеңес жазушысы, Ұлы Отан соғысына қатысқан.1942 — 1943 жылдары аудандық «Красногоршы» газетінде жауапты хатшы,1949-1972 жылдары «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор, «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы болды. Көркем туындылары 1949 жылдан жариялана бастады. Шығармалары негізінен жас жеткіншектерге арналған. «Достар» (1952), «Бір отрядта» (1953), «Сәуленің жаңа достары» (1954), «Бір көшенің бойында» (1961), «Сынған тіс» (1963), «Шындық» (1964), «Көңілді балалар» (1966), «Тәмпіш қара» (1971) атты повестер мен әңгімелер жинақтарында жас жеткіншектердің ой — арманы, қоғамдық пайдалы істері, өнер — білімге деген құштарлығы, бір — біріне адалдығы, достық қарым-қатынасы суреттелген.Жаңашыл да жасампаз адамдар туралы «Ұстаз» (1979), «Сұлутөр» (1983) романдары жарық көрді. Оның кітаптарының бәрі мектеп оқушыларының тыныс — тіршілігінен сыр шертеді.Жазушының көптеген шығармалары орыс және басқа да туысқан халықтар тілдеріне аударылған.С.Сарғасқаев қазақ балалар әдебиетінің қаламы қайратты көрнекті өкілі ретінде өмірінің соңғы кездеріне дейін балалар баспасөзіне белсене атсалысып тұрды, жас әдебиетшілердің аяқтануына қамқорлық көрсетіп отырды. Қазақ Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен наградталған.
“Тәмпіш қара” хикаяты жайында
Сансызбай Сарғасқаевтың “Тәмпіш қара” повесінде отызыншы жылдардағы ауыл өмірі суреттелген. Повесть 9 бөлімнен тұрады. Бөлімдері: «Танысу», «Тілеп алған азап», «Әзілі ме шыны ма?», «Өкініш», «Теке қарт», «Не болды бізге?», «Бұдан кейінгі күндерде …», «Ойламаған жерден», «Үш күн қалғанда» деп келеді. Басты кейіпкер-тәмпіш қара Шаншатай.. Повесте Шаншатайға тән әдептілік, ұқыптылық, еңбексүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады. Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер-әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық әңгіме кейіпкерлері Ертай, Бисекүл, Иманбектерге ерекше әсер етіп, үлгі бола білсе, бүгінгі жасөспірімдерге де үлкен өнеге. Жасөспірімдер бейнесі- балалар әдебиетінің жас буындарды патриоттық рухта тәрбиелеуде ең басты роль атқарып отырғанының айқын дәлелі. Осының бәрін айта келіп, бала тәрбиелеудегі ең негізгі тірек оларды еңбекке үйретуден басталуға тиіс деген ойға келеміз. Өйткені еңбек етуге үйренген бала сабақты жақсы оқудан да, ата-ананың түрлі тапсырмаларын орындаудан да жалықпайтын болады. Еңбек етуге жаттыққан сайын, оның ыждақаттығы да арта түседі. Ұқыптылық та, әдептілік те, үлкенді сыйлаушылық та, қоғамға пайдалы үлес қосатын байыпты, парасатты азамат болу да осыдан келіп шығады. Повестегі кейіпкерлер: ауыл балалары суретші Ертай, Иманбек, Ниғмет, Күлдәрі, Оңалбек. Бала тәрбиелеуде ұстаздың еңбегін көрсете отырып, балалардың мектептен алған білімін еңбекпен тәрбиелі іспен тұрмыспен байланыстыра суреттелуі шебер бейнеленген.Кейіпкер Ертайдың өмірі жайындағы ішкі толғанысы жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде маңызды роль атқарады деп есептеймін. Шаншатай - қаладан келген көзі ашық бала, ол «Октябрь балалары» деп аталатын газеттің бар екендігін ауыл балаларына таныстырып, Ертайдың суретшілік дарындылығын бағалай отырып, осы газетке ең жақсы суретіңді жіберейік деп үлкен үміт артып Ертайдың қабілетін шыңдай түседі. Әншейінде көзге ілінбей жүретін газет тасушы Теке қартты ауыл балаларына сыйлай білуді ұғындырады. Қазіргі жас жеткіншектер барлық мүмкіндіктері бола тұрса да балалар басылымдарына көп жазыла бермейді, ал повесть кейіпкерлері сол газеттің келуін асыға күтіп, тіпті ауылдан жырақта тұратын Теке қарияның үйіне іздеп барып, алып оқиды.
“Тәмпіш қара”
(үзінді)
..Ал енді Шаншатай туралы айтсам…
Баланың түр әлпетінде пәлендей сымбат жоқ. Денесі түтінге ысталғандай қара қоңыр, әрі май жаққандай жылтырап тұр. Бұлшық еттері білеуленіп шығып бүлк-бүлк етеді. Оның суға түскенін байқамасам керек. Екі шекесі торсықтай жалпақ маңдайынан ұйысып түскен бұйра қара шашында су тамшылары күн сәулесімен таңғы шықтай жалтырайды. Қабағы да, төңкере салған кесе секілді бетінің еті де қалың. Бірақ ерні жұқа. Ақырын ғана жымиып күлгенде, қаз-қатар аппақ тістері тізілген ақ моншақтай көрінді. Оншама бойшаң да емес, төртбақ, шымыр.
… «Жаз күндері шайды есік алдындағы дәлізде ішетінбіз.
- Ассалаумағалейкум! - деген баланың даусы шықты.
- Әликсалам, - деді атам да, сәлем берген балаға риза болғандай.
Ержан жылап, мені атамның алдынан итеріп отырған. Оны мен де итеріп жібергенім сол еді, келген балаға жалт қарасам - Шаншатай!
Анадай жерде ақсия күліп қарап тұр. Мен шиедей қызарып кетсем керек, сасқанымнан бетімді атамның кеудесіне баса беріппін. Дәл осыны күткендей,басқа баланың келуі оған мият болғандай, жылап отырған Ержан мені дәл құлағымның түбінен періп жібермесі бар ма!
- Үй, мыналар қайтеді?! - деп атам осы кезде қозғалақтап қалды.
- Шырағым, жоғары шық,шайға кел!
Атам ендігі сөзін Шаншатайға арнады. Інімнің күлген даусы қаттырақ шыққандай болып еді, енді атамның сөзінен кейін:
- Рақмет, ата, - деді ол, - шаруам боп, Ертайға келіп едім.
Атам «саған келіпті ғой,сөйлессейші» дегендей, бетімді басқан иығынан кеудемді серіпті. Амал жоқ, бұрылып қарасам, Шаншатай сол орнында тұр екен. Жүзінде мысқыл табы жоқ. Сабырлы.
- Ертай, қазір қолың бос па? Ешқайда бармайсың ба бүгін? - деді ол.
- Боспын.
- Онда, сенде шаруам бар. Асықпай тамағыңды іш, мен мектеп қасынан күтем сені.
- Жарайды. Әншейінде қыңырланып қиқаңдар ма едім, кім білсін. Дәл қазір оның тезірек кетуін қаладым Ержан тағы да бір сойқан шығарар!
- Шай ішпедің ғой, шырағым, - деді әжем. Шаншатай рақметін жаудырды тағы да. Сосын:
- Ертеңгі ас қой, дәм ауыз тиейін, - деп, ақырын басып, дастарханның жанына келді де, өте бір инабатпен иіліп, стол үстінде жамырап жатқан әжемнің қызыл бүйір жүгерісінің бір-екеуін аузына салды.
- Уыстап ал, балам, - деді атам.
- Көп рақмет. Мазаларыңызды алғаныма кешіріңіздер!
- Өте бір әдепті бала екен, - деді әжем, оның тап-таза киімін сөз етіп.
Шынында да, оның киген киімі тазалығымен бұл жолы мені қызықтырған еді. Пәлендей су жаңа емес. Бұтында шолақ балақ шалбар. Үстінде кеше суға киіп келген торкөз көйлек. Аяғында сандал. Басына кигені көнетоз тақия. Бір қызығы, галстук тағып алған».
… « Ойымды Шаншатай үзді – Сенің сурет салатыныңды кеше мына Бейсекүл айтты маған. Оның үстіне алдыңгүні Келдібай ағам екеуміз мектептің кластарын аралағанда, қабырғада ілулі тұрған Тайбурылды көріп таңдандым. Сонда ағам тұрып: “Мұны Ертай деген бала салған. Болашақ үлкен суретшіміз”, – деді.
“Ертай салған… Болашақ суретші!… Келдібай ағай айтыпты. Ой, тамаша! ” Жүрегім аттай тулап қоя берді. Менің сол кездегі қуанышымды айтып жеткізу қиын. Оңалбектің екі езуі құлағында. Бейсекүлдің көзі ойнақшып кеткен. Тек Ықсан ғана кішкентай танауының ішін саусағымен шұқылап сәл тыржияды. Шамасы, Келдібай ағайдың мені мақтағаны оған жақпаса керек».
…«Бүгін бәріміз де әлдебір салтанатты жиынға баратындай болып бар әсем киімімізді киіппіз. Үнемі сатқал-сатқал боп жүретін Оңалбектің үстінде де кірсіз жейде. Бейсекүл болса, аяғына ақ кенеп туфли киіпті. Басында қызыл шаршы орамал. Үстінде гүлді көйлек. Ықсан бригадирдің баласы емес пе, кигені қара костюм. Екі қолын жан қалтасына салып, шертиіп тұруын! Басында зерленген тақия. Күн шұғыласымен жалтылдайды.
Біздің киімімізге көзі енді ғана түскендей Шаншатай бәрімізді бір шолып қарап шықты да, үндемеді, жымиып қана қойды.
Осы кезде бізге тағы да үш-төрт бала қосылды. Олар келе сала, Шаншатайды көптен білетіндей, шүйіркелесіп кетті. “Келмей жатып қайдан танып жүр?” деген сұрақ көңілімді қызғанышпен көлеңкелемеді, қайта жылы таңырқау сезіміне бөлеген еді.
Бала жүрген жер у-шусыз бола ма? Әлгі арада біріміз сөйлеп, біріміз күліп, оқу біткелі тым-тырыс тұрған мектеп маңын дуылдатып жібердік. Біздің дауысымызға оянды білем, бір кезде шашы дудырап анадай жерде Күлдәрі көрінді. Оның білегін қыршығаннан бері көруім осы. “Мына шайтан пәле қылмаса еді! ”. Жүрегім шымыр ете түсіп, денем суынып кетті. Көзіне түспейін деп теректі айнала бердім. Ол мені көріп қалды. Анадайдан жұдырығын көрсетті. Бірақ қасымызға келмеді.
Осы кезде мектептің қара бестісі жегілген арба салдыр-гүлдірлеп қасымызға жетіп келді. Делбеде шәнтиіп Әміре шал отыр. Арба үстінде Келдібай ағай.
Әншейінде бізге тым қаталдау көрінетін ағайдың жүзі жарқын. Бәрімізбен дауыстап амандасты да:
– Кәне, тезірек келіп, отырындар!– деді.
– “Міне, тамаша! Біз арбамен баратын болдық. Әй, Шаншатай жарайсың!”»
– … «Шаншатай әнші екен. Сыбызғыдай сиқырлы даусы құлағымда тұр әлі. Ол бізге көп ән үйретті. Енді біз ертеңгісін жұмысқа сап түзеп, ән шырқап баратын болдық. Кешкілікте үнмен ораламыз.
“Бір… екі… үш”,– деп шырқаған әніміз Қызылқұрдың мөлдір тұнық ауасында әлі күнге қалқып тұрғандай.
Мен әкелген бояу қарандаштар да кәдеге жарады. Бір күні Шаншатайдың айтып көрсетуімен мен үлкен ақ қағазға “Кірпі” деп бадырайтып жаздым да, тұсына кірпінің суретін салдым. Ал сонан соң…
Сонан кейін оны Қызылқұрдағылардың көрмегені де, ондағы жазуды оқымағаны да қалмаған болар.
Алғашқы газетімізді жұрт тамақ ішетін бастырманың жалпақ діңгегіне жапсырғанбыз. Оқығандар қыран күлкіге батты. Қарғыс сөздер де шығып-шығып қалады. Бірақ жұрт дән риза. Алғыс қардай жауды.
– Шешектің тілі керімдәрідей ащы екен…
– Жә, өйтпе… Жұмыстан гөрі ұйқыны тәуір көретінің өтірік пе? Айтшы, кәне!
– Әй, мынау біздін Шәймен бе? Ойдәйт, дерсің! Тасбақаға мініп, жарбиюын шіркіннің.
– Бетім-ау, үлкен Жәкемді неғып қойған?
– Ха-ха-ха…ха-ха
– Хы-хы…хі…
- Ой, айналайындар! Ой, көсегелерің көгерсін, көп жасағырлар!– деп, апамнынң иіріп қойған шуда жібіндей домалана қалған бригадиріміз батасын да, алғысын да жаудырып жүр. – Міне, жігіт деп осыларды айт. Жұмыс та қолынан келеді, сауыққа да кенелтті. Енді, міне, жалқауларды қатырды білем.. Ой, айналайын!.. Ой… ».
… «Осы күні сол кездегі мұғалімдерге рақмет айтамын. Бірінші кластан кітапты мәнерлеп оқуға, сұлу жазуға қадағалап отырып үйретуші еді. Сұлу жазудың өзі мақтаныш болатын. Сондықтан болар, мен әріптерді әдемі жазуға тырысатынмын. Оным жеміссіз болған жоқ. Қабырға газетін жазу не болмаса бірдеңені көшіріп жазу керек болса, маған тапсыратын. Тон жамылып отырмын. Сырттағы ашық күннің сәулесі терезеден сығалап, делбемді қоздырып, көңілімді қытықтайды. Далаға шығуға дәрмен жоқ. Жіпсіз байлану деген осы екен.
Мұндайда кітап оқисың, болмаса, қиялға берілесің. Ұйықтауға болар еді. Бірақ түні бойы ұйқыны да сарыққан секілдімін.
Тағы да есіме әнеукүнгі түс түседі. Әйтеуір, сол түс есімнен шықпайды. Тобылғы торы үстінде Назым отыр. «Кел, жарысайық! Алда талай бөгет, талай сын бар. Солардан сүрінбей өте аласың ба?» деп тұрғандай. Әсем бір әсер шомамын.
«Бас жарылса-бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» деген аталарымыз. Менің емханада жатқаным сөз болып па. Ертең-ақ мұның бәрі қолдың кіріндей шайылып ұмыт болады. Түнде молаға барсам, сендерге дүниеде ешбір шайтан мен жынның жоқ екенін дәлелдеу еді. Сол мақсатыма жеттім бе немесе жаңылыс басып көңілдеріне қаяу салдым ба? Білмеймін.
Бірақ менің ең бір қуанатыным – дүниеге жаңарған жаңа бір адам келіп бізбен бірге сапқа тұрды. Ол адасқан еді, тура жолға түсті. Енді ол бұл жолдан ешқашанда таймайды.
Міне, осы үшін таяқ жеуге де болады. Күресуге де болады. Берік саптың қатарына адамның қосылуы – үлкен жеңіс. Өмірдегі бақыт, міне, осында”,– Шаншатай осылай деп сөйлеп тұрған секілді. Ол да ат үстінде. Ол да қол бұлғап: “Кел жарысайық!” – деп тұрғандай».
… «Көңілім өсіп, жүрегім лүп-лүп соғады. Осы әсер үстінде шешем үйге кіріп, төрдегі абдыраны ашты да, ішінен су жаңа киімдер алып:
– Мә, ки!– деді. – Сыртта достарың күтіп тұр. Есік алдында Оңалбек, Ықсан, Бейсекүл, Назым, Иманбек, тағы басқа балалар тұр екен.
– Ой, Ертай, сүйінші! – деп, Бейсекүл бір газетті төбесінен жоғары бұлғап айғай салды. Балалар маған көрмеге қойылған заттай таңырқай қарап, қоршалап алған.
– Суретің “Октябрь балаларына” шығыпты. Құттықтаймын!– деді Назым қолымды алып. Басқа балалар да қолымды қысып жатыр.
– Кәне, көрейінші!
Суретте – масақ терген Бейсекүл. Суретте ол маған сұлу көрінді. Астына “Егін орағанда” деп қойыпты. Аты-жөнімді жазыпты.
– Ой, Ертай! Сен жақсы баласың!– деп, осы кезде Бейсекүл екі қолымен мойнымды айқара құшақтады да, бетімді шөп-шөп сүйді. Жүрегім шым ете түсті. “Апырау, осы мен Бейсекүлге ғашық болмасам нетті?”
Шынын айтқанда, мен жақсы достардың бәріне ғашық едім.
Газетпен бірге хат келген екен. Онда: “Нағыз пионердің суретін салып жібер”,– депті.
Көз алдымда тәмпіш қара Шаншатай тұрды ».
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия
Тексерілді
Пән мұғалімі
|
Сұлтанбекова Нұржәмила Мұсақызы
|
Пәні
|
Қазақ әдебиеті
|
Сыныбы
|
6 «А»
|
6 «Ә»
|
6 «Е»
|
Өтетін күні
|
|
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мұзафар Әлімбаев «Ана тілім ғажап деп айта аламын», «Биіктер»
өлеңдері
|
Сабақтың мақсаты
|
|
Күтілетін нәтиже
|
|
|
|
Пәнаралық байланыс
|
|
Сабақтың ресурстары
|
|
Кезең
|
Уақыты
|
Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Кіріспе
|
|
|
|
Негізгі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды
|
|
|
|
Рефлексия
|
|
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия
Тексерілді
Пән мұғалімі
|
Сұлтанбекова Нұржәмила Мұсақызы
|
Пәні
|
Қазақ әдебиеті
|
Сыныбы
|
6 «А»
|
6 «Ә»
|
6 «Е»
|
Өтетін күні
|
|
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мазмұндама
|
Сабақтың мақсаты
|
|
Күтілетін нәтиже
|
|
|
|
Пәнаралық байланыс
|
|
Сабақтың ресурстары
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |