Кезең
|
Уақыты
|
Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Кіріспе
|
|
Топтық тапсырма орындату.
|
Оқыды, орындады, жазды, көмектесті, білді, сұрады етістіктерін 2 топ болымды мағынада, 2 топ болымсыз мағынада жұмсап мәтін құрастырады. Мысалы: Біз бүгін болымсыздық етістіктері жайлы оқыдық. Сынып оқушылары үй тапсырмасын оқымапты.
|
Сұрақтар қою:
1.Болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылықтары неде?
2.Болымсыз етістіктерді қалай жасауға болады?
3.Болымсыз етісітіктердің күрделі түрін қалай жасар едіңдер?
|
1.Болымды етістікте іс-әрекет жүзеге асады, болымсыз етістікте іс-әрекет жүзеге аспайды.
2. болымсыз етістіктер –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарын жалғау арқыла жасалады.
3. Күрделі болымсыз етістіктерді жоқ, емес сөздерін негізгі етістікке тіркестіру арқылы жасауға болады.
|
Негізгі
|
|
«Кім көп біледі?» ойыны.
|
1. Әр топ барынша тыйым сөздерді көп азулары керек.
2. Жазған тыйым сөздеріндегі болымды және болымсыз етістіктерді тауып, жасалу жолдарын түсіндіреді.
|
«Анықтаманы анықта» әдісі.
1. Етістік
2. Дара етістік
3. Күрделі етістік
4. Негізгі етістік
5. Туынды етістік
6. Көмекші етісітік
|
Мұғалім айтқан терминдерге байланысты анықтама айтады.Мысалы: Заттың іс-қимылын, жай-күйін білдіретін сөз табы етістік деп аталады.
|
Топтық бағалау
|
Топ мүшелері бір-бірінің жұмысын бағалайды.
|
Қорытынды
|
|
Анықтама құрастырту.
|
Болымды етістіктер іс-әрекеттің болуын, орындалуын, жүзеге асуын білдіреді.
Болымсыз етістіктер іс-әрекеттің болмайтынын, орындалмайтынын немесе жүзеге аспайтынын білдіреді.
|
Үйге тапсырма:
1. Болымды және болымсыз етістіктер жайлы оқу.
2. 227-жаттығу.
|
Омоним сөздерді қатыстырып, бірде зат есім, бірде етістік мағынасында сөйлем құрау. Мысалы: жазушы шығармасын баспаға ұсынды. Нанды аяғыңмен баспа.
|
Рефлексия
|
|
|
|
|
|
|