Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»



бет5/5
Дата06.02.2022
өлшемі92,45 Kb.
#38635
түріСабақ
1   2   3   4   5
4.Саятшылық деген не?
Саятшылық – қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық өнерінің бірі. Құсбегілікпен, яғни қыран бүркіт асыраумен, баптаумен айналысу өнері.

3.Ой толғаныс.
А) ІІ деңгей тапсырмасын орындау.
Ә) Есіл өңірінің тоғайында өсетін ағаштардың атын қатыстырып, сөз жұмбақ құрастыру.


ІІІ. Жаңа сабақ.
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы»

1) Ғабит Мүсірепов-ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда-терең, мазмұны әлдеқайда бай. Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ!Онымен мақтануымыз керек!

З.Қабдолов
2) Ғабит кім?



Аудармашы

Қазақәдебиетініңклассигі

СоциалистікЕңбекері

Қазақ КСР халықжазушысы



Драматург

Еңбек Қызыл Ту Орденінің иегері



Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Қоағам қайраткері

Халықтар Достығы Орденінің иегері

3)Жазушы мұндай дәреже мен атаққа қалай жетті?

Ғабит Мүсіреповтың өмірі шығармашылығының тізбегі

4) Жазушы қаламынан туған шығармалар:






«Қос шалқар»

«Талпақ танау»

«Ана» туралы новелла

Автобиографиялықәңгіме



«Қазақ солдаты» романы

«Ұлпан» романы

«Оянған өлке»

«Ананың анасы»



«Ашынған ана»

«Ер ана»

«Ақлима»


5) Ананың анасы әңгімесіне түсінік беру.Жазушының «Ананың анасы» әңгімесі ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады.Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы. Жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырыллдап, арашашы бола білген абзал ананың өжнттілігі айтылады.

6) Аңыз туралы түсінік беру.
Эпостың көне түрлерінің бірі-аңыз. Бұл да миф секілді.Әсіресе қиял аралас фантастикалық хикая. Бірақ мифтен өзгешелігі-аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне көп өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. Қазақ ауыз әдебиетінде Асанқайғы туралы аңыз бар.

Ал Ғабит Мүсіреповтың бұл әңгімесінің аңыз деп айтылуының бір себебі-Ертілестің аңызға айналған адамдардың басынан өткен оқиғаны әңгімеледі. Тарихи шындыққа лайық салт-дәстүрлер (құл бастаған, күң бастаған тоғыздар, барымта, сауға) мен жайттардан хабар беруі шығармаға аңыздық сипат береді.



7)Венн диаграмма

8) Шығарманың композициялық құрылысы:


1.Әңгіменің басталуы-Жалпақ балуанның Ергенекті
елін шабуға аттануы
2.Әңгіменің дамуы-қалың жылқыны барымталап айдап
келе жатуы.
3.Әңгіменің байланысуы-Тезек арқалап келе жатқан
қызды олжалап, аттарына мінгестіріп алуы
4.Әңгіменің шиеленісуі-қыз әкесінің мерт болуы, анасың
барымташылардың алдын орап алуы.
5.Әңгіменің шарықтау шегі-Кейкінің үкімімен қызды
шешесімен бірге күндікке алып кетуі.
6.Әңгіменің шешімі-жалпақ балуанның ана мен қызына
бостандық беруі.
7.Әңгіменің аяқталуы-әйелді аттандырған Жалпақ
Балуанның құлауы, оны елге жеткізуі.
IV. Оқулықпен жұмыс.


  1. Қызын босатар алдындағы ананың сөзі

  2. Жалпақ балуанның сөзі.


V. Сабақты бекіту.
1.« Барлық құрмет, барлық тағзым-анаға» тақырыбында ойтолғау жазу.
2. Ана тақырыбындағы қандай өлеңдерді білеміз?


VI.Қорытындылау.

Мұхаммед пайғамбарымыздың с.ғ.с хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. «Ең әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген. «Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер» деген ұлағатты сөз бар.Ендеше төрт ұйқысын төрт бөліп, жаманыңжы жасырып, жақсылығыңды асыратын, сен дегенде ішкен асын жерге қояр ананы аялай білейік, құрметтейік!


(Мұхаммед пайғамбар хадисінен)


VII. Үйге тапсырма.
1)Әңгімені мазмұндау.
2)Сөздікпен жұмыс.
3)Кейіпкерлер бойындағы адами қасиеттерді тауып жазу.

VIII. Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет