Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата12.03.2018
өлшемі119,77 Kb.
#39243
түріСабақ
Пәні: Қазақстан тарихы Сынып: 7 Сағаты: 1 Күні: 29.11.16
Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Х-ХІІ ғасырлардағы даму себептерін, артына өшпес із қалдырған ғұлама ғалымдармен оқушыларды таныстырып, олардың еңбектерінің тарихи маңызын ашып көрсету. 
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын еркін жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Рухани байлығын көтеру. 
Тәрбиелік: Отанымыздың байлығын қастерлеп, тарихты бағалай білуге, адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу. 
Сабақ түрі: инновациялық – технология бойынша сабақ
Қолданылатын әдістер: топтық, жұптық жұмыс, қарлы кесек, ПАЗЛ, дұрыс-бұрыс, сыңарыңды тап, интервью. 
Сабақтың көрнекілігі: Кескін картасы, атлас, әл- Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауидің портреттері, слайд, таратпа материал, портфель, сандық, бейнесюжет, АКТ. 
Пән аралық байланыс: география, әдебиет. 
Күтілетін нәтиже: X-XIII ғасырлардағы артынан өшпес із қалдырған ғұлама ғалымдармен танысады, еңбектерінің тарихи маңызын түсіндіре алады. Оқушылардың сөйлеу мәдениеті қалыптасады, логикалық ойлау қабілеті артады, өз бетінше ізденіп ойын еркін жеткізе біледі. Топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды; Оқушылар бірін-бірі тыңдауға үйренеді;
Сабақтың жоспары:

1. Ғылымның дамуы 
2. Тіл білімінің дамуы 
3. Әдебиет 

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан дайындау. Колабративті орта қалыптастыру (1 мин).
Әр елдің сәлем беру салтымен амандасу. Мысалы:

1. Қазақша сәлем беру салты (қол алысу). 
2. Италиандықтардың сәлемдесу дәстүрі (төс қағысу). 
3. Зимбабведегі сәлемдесу салты (арқасынан қағу).

4.Қытай, Үнді халықтарының салтымен амандасу. 
Оқушыларды топқа бөлу: топтың атын қою, бақылаушыны сайлау, бағалау парағын тарату. (1 мин)

1- топ. «Отырар» 
2- топ. «Йасы» 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (11 мин)

Оқушыларды жұптастыру, ПАЗЛ жинау (3мин)

Сурет бойынша әңгімелеу (4 мин)

Тақтадағы сөйлемдердің дұрыс-бұрысын анықтау (4мин)

Үй тапсырмасын тексеру үшін мынадай сұрақтарға назар аударылады.

1.Зороастризмнің от жағатын мұнара сияқты құрылысының қалдықтары Қостөбе мен Қызылөзен қалаларының орнынан табылды (дұрыс).

2. Арабтар 603 жылдан бастап «дін үшін соғыс» деген ұранмен көрші елдерді жаулап ала бастайды (бұрыс).

3. Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим 709 жылы Шашты соғыссыз алды, 714 жылы Бұхараны басып алды (бұрыс).

4. Қарақытай мемлекетінің билеушісі Сатұқ Боғра хан 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады (бұрыс).

5. Қыпшақтардың Хорезммен жақындасуына байланысты ислам діні қазақ жеріне кең түрде еніп, мешіт-медреселер салынып, ғылым мен білімнің дамуына да ықпал етті (дұрыс).
ІІІ. Сабақтың тақырыбына шығу: Мақал-мәтелдің жалғасын тап: (3 мин)

Ғылым- теңіз,..... (білім- қайық) Ақыл азбайды,......(білім тозбайды)

Оқу- білім азығы,.....(білім- ырыс қазығы) Ілім- бұлақ,...(білім шырақ)

Байлықтың кілті- ...(ғылым) Оқусыз білім жоқ, .....(Білімсіз күнің жоқ)



ІҮ. Әр оқушыға оқулық бойынша мәтінмен жұмыс. (5 мин) 
«Қарлы кесек» әдісі арқылы түсінгенін сыныптастарына жеткізу. (8 мин)

Ү. Сергіту сәті. (1мин)

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

ҮІ. «Сыңарыңды тап» ойыны. (6 мин)


Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында туған, Осы қалада қыпшақ тілінде білім алып,  араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамаск қаласында игерген, екінші Аристотель атанған -


Әбу- Насыр әл – Фараби


(973-1050) жылдары аралығында өмір сүрген энциклопедист ғалым, тарих,математика, география, астрономия, медицина т.б ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазып қалдырған

Әбу Райхан әл-Беруни



Түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жинағы, тіл тарихы, түрік мекендерінің атауы, этнографиясы, ауыз әдебиеті туралы мағлұматтар беретін


Махмұд Қашқари

«Диуани луғат ат- түрік»

Еңбегінде адамды даналыққа, адалдыққа, имандылыққа шақырған, аллаға адал болуға баулиды, дін жолында таза болуға үгіттейді


Қожа Ахмет Яссауи «Даналық кітабы»


ҮІІ. Сабақты бекіту: (7 мин)

  1. М.Қашқаридің «Диуани луғат ат- түріктен» үзінді оқу, талдау. 

  2. А. Иүгнекидің «Ақиқат сыйынан» үзінді оқу, талдау.

  3. Жүсіп Баласұни «Құтадғу білік» интервью алу.

  4. Айтылған тұлғалардың туған жерін кескін картаға белгілеу.

ҮІІІ. Рефлексия: Портфель, құпия сандық, алғыс білдіру (1 мин)

ІХ. Сабақты бағалау: Бағалау парағын пайдалану. (1мин)
Х. Үйге тапсырма: §20 Тақырып соңындағы тестті орындау.

Бақылаушының бағалау парағы


Оқшының аты-жөні


Жауаптардың дұрыстығы

Жаңа идеяларды ұсыну

Сөйлеу мәдениеті

Белсенділігі

Қорытындысы






































































Бағалану критериилері: 1,2,3 – ұпаймен

10-12 – «5» 8-9 - «4»  8- ден төмен – «3» 
Бақылаушының бағалау парағы


Оқшының аты-жөні


Жауаптардың дұрыстығы

Жаңа идеяларды ұсыну

Сөйлеу мәдениеті

Белсенділігі

Қорытындысы






































































Бағалану критериилері: 1,2,3 – ұпаймен

10-12 – «5» 
8-9 - «4» 
8- ден төмен – «3» 
Бақылаушының бағалау парағы


Оқшының аты-жөні


Жауаптардың дұрыстығы

Жаңа идеяларды ұсыну

Сөйлеу мәдениеті

Белсенділігі

Қорытындысы






































































Бағалану критериилері: 1,2,3 – ұпаймен

10-12 – «5» 
8-9 - «4» 
8- ден төмен – «3» 
О Т Ы Р А Р


Й А С Ы

О ТЫ РА Р


Й А С Ы


Мақал- мәтелдің жалғасын тап

Ақыл азбайды,.....

Оқу- білім азығы,.....

Ілім- бұлақ,...



Мақал- мәтелдің жалғасын тап
Байлықтың кілті- ...

Ғылым- теңіз,.....

Оқусыз білім жоқ, .....

Жүсіп Баласұни «Құтадғу білік» еңбегі бойынша интервью түрінде диалог құрыңыз


  • Салеметсіз бе?!

  • Сіз шығыстанушы ретінде Ж.Баласағұнидың “Құт негізі-білік” атты еңбегіне қандай баға берер едіңіз?

  • Осы шығарма ең негізі қандай мәселелерді қозғайды?

  • Ж.Баласағұнидың “Құт негізі-білік” шығармасы ғылымның басқа салалары жайлы сөз бар ма?



Шығармадан үзінді оқып, негізгі айтылып жатқан мәселені анықта, өз ойыңмен бөліс
Махмұд Қашқари 
«Диуани луғат ат- түрік» 

Ел бұзылды байлық қуып, мал жиған, 
Күшігіндей өліксіге қонжиған. 
Қоралы қой табын түйе,жылқыны 
Жинап сауып, тоқ жүреді құлқыны. 

Сақтайды жұрт малын жемей қаржылап, 
Сараң алтын жия бере зар жылап. 
Туыс емес, малдың қамын жасады. 
Жақыныменен иттей ырылдасады. 
Жақыныменен иттей ырылдасады. 

Шығармадан үзінді оқып, негізгі айтылып жатқан мәселені анықта, өз ойыңмен бөліс
Ахмет Иүгнеки 
«Ақиқат сыйы»

 
«Білікті білім жинап кәсіп етер, 
Білімнің дәмін татып, өсіп өтер. 
Білдірер білім елге білім сырын 
Білімсіз білімді аттап, бөсіп өтер» 

«Сөз есепсіз - тіліңді тый, тарта ұста, 
Тыймаған тіл басына сор әр тұста. 
Есепті сөз – ер сөзінің асылы, 
Мылжыңды тіл «жау» деп ұқ тартыста» 

Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында туған, Осы қалада қыпшақ тілінде білім алып,  араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамаск қаласында игерген, екінші Аристотель атанған -





Әбу- Насыр әл – Фараби

(973-1050) жылдары аралығында өмір сүрген энциклопедист ғалым, тарих,математика, география, астрономия, медицина т.б ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазып қалдырған



Әбу Райхан әл-Беруни




Түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жинағы, тіл тарихы, түрік мекендерінің атауы, этнографиясы, ауыз әдебиеті туралы мағлұматтар беретін




Махмұд Қашқари «Диуани луғат ат- түрік»


Еңбегінде адамды даналыққа, адалдыққа, имандылыққа шақырған, аллаға адал болуға баулиды, дін жолында таза болуға үгіттейді



Қожа Ахмет Яссауи «Даналық кітабы»



Айтылған тұлғалардың туған жерін

кескін картаға белгіле
Каталог: uploads -> doc -> 0778
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0778 -> Сабақтың тақырыбы : Кіріспе. Сабақтың мақсаты
0778 -> Балаларды тәрбиелей отырып, ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, демек, дүниенің де тарихын тәрбиелейді
0778 -> Сабақ көрнекілігі: құрақтың түрлі үлгілері, түрлі түсті маталар, астарлық мата, мақта, көшпелі тақта, қоржын, асық, құрақ үлгілер буклеті, қайшы, бор, өлшегіш таспа, ине, жіп, қалам, бағалау
0778 -> Сабақ жоспары: Пәні: Информатика Тобы: ш-09, в-09 Күні, айы, жылы: 15. 10. 2009 жыл Сабақтың тақырыбы: «Негізгі аналық тақшада орналасқан жүйелер» Мақсаты
0778 -> Тақырыбы: «Қазақша сөйлейміз» Мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет