Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. «Өзен» Сабақтың негізделген оқу мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі55,92 Kb.
#27743
түріСабақ

Пәні: әдебиеттік оқу

Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектеп

Күні:24.02.17ж

Мұғалімнің аты-жөні: С.Торғай

Сынып:3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:-

Сабақтың

тақырыбы:



Ыбырай Алтынсарин. « Өзен»



Сабақтың негізделген оқу мақсаты:

оқушыларға автор туралы кең түрде түсінік беру. Өлең мазмұнын ашу, негізгі ойын анықтау. Өзендердің тіршілік үшін маңызы жайлы білім беру;

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар істей алады:

Автордың шығармаларын жатқа айту

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Өлеңнің мазмұнын аша алады

Кейбір оқушылар істей алады:

Өзеннің тіршілік үшін маңызын айта алады

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Басы


Психологиялық дайындық.

- Балалар қазір қыс мезгілінің соңғы айы,келесі айдан бастап көктем айы басталады. Күлімдеген көктем айында, табиғатымыз Жер - Ана бусанып, бәрімізге жылылық сыйлайды. Олай болса, біз де бір - біріміздің алақанымыздың жылулығын сезіне отырып, жақсы тілек тілейік!


Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талапты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан!

Оқушыларды топқа бөлу. Санағыштарды таңдау арқылы үш топқа бөлінеді.

АКТ

санағыш


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өтілген тақырыпты қорытындылау.

«Иә, жоқ » ойыны.
1. Өткен бөлім «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» деп аталады.
Иә Жоқ
2. «Жазғытұры» Абайдың өлеңі.
Иә Жоқ
3. Гүл, жасыл желек, хош иіс, еңбек ------ көктем сәні.
Иә Жоқ
4. Дегдіді деген сөздің мағынасы «жауды» дегенді білдіреді.
Иә Жоқ
5. Наурыз орыс халқының ұлттық мерекесі
Иә Жоқ
6. «Еңбекпен тапқан тиын» қазақ халқының ертегісі.
Иә Жоқ

- Балалар біздің айналымызды не қоршап жатыр?


- Табиғат нешеге бөлінеді?

Өлі табиғатқа нелер жатады? Ал,тірі табиғатқа ше, нелер жатады?

Адамдардың табиғатсыз өмір сүрулері мүмкін бе?


АКТ

Ортасы

Жаңа сабақ:




Олай болса, бүгін біз «Табиғат менің өз үйім» атты жаңа бөлімді бастаймыз.
«Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші табиғат пен адам егіз ұғым. Адам өз тіршілігіне қажеттіліктің бәрін табиғаттан алады. Өз кезегінде табиғатқа да көмегін тигізіп отырады. Ағаштар отырғызып, орман тоғайларды табиғи өрттен құтқарып, жан - жануар, құстарға қамқорлық көрсетеді.

Бүгінгі сабақта Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен танысатын боламыз.
Суретпен жұмыс.
--- Сурет бойынша не айта аламыз? Суретте не бейнеленген?
--- Суретте аспанмен тілдескен биік таулар, ақбас шыңдар, таудан сарқырап ағып жатқан өзен, көк майса, өрлей өскен шыршалар, табиғатқа ерекше көрік сыйлап тұрған әсем гүлдер. өзен жағасында маржан тастар бейнеленген.
--- Табиғаттың тамаша көрінісі сендерге қандай көңіл күй туғызады?
--- Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?
Шығармашылық тапсырма

«Табиғат және адам» тақырыбында ауызша әңгіме құрау.
Ы. Алтынсарин туралы мағлұмат беру.
Ы. Алтынсарин - ақын, ағартушы, ғалым, жазушы. Алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан, оқулық жазған. Ы. Алтынсарин 5 жасында әке - шешесінен жетім қалып, атасы Балғожаның тәрбиесінде болады. Атасы кейін Орынборға оқуға жібереді. Сол кезде кішкентай Ыбырай атасын, әжесін сағындым деп хат жазады. Ол хатқа атасы Балғожа былай деп жауап жазыпты:

Қане балалар Ыбырай атамыздың хатын кім айтады?

Балалар, Ыбырай атамыздың тағы қандай өлеңдерін білесіңдер?
а ) Оқулықпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Іштей, тізбектей жалғастырып оқу.


Сөздік жұмыстардың мағынасын түсіндіру. Дәптермен жұмыс
Қынарда - жағасында
Жанабында – маңайында
Алуан - алуан – әр түрлі
Жеке оқушылармен жұмыс
Сұрақ- жауап. Ақын өзенді қалай суреттеген?

Ақынның «сарқыраған, жарқыраған, арқыраған» деген сөздері неге қатысты айтылғ?(өзенге).

Адамдар неге суды құрметтейді?

Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған?

Топтық жұмыс

Ы.Алтынсариннің 3 сыныпта қандай шығармаларын оқыдыңдар? Оларды бәйтеректің бұтақтарына жазыңдар. (Өнер, білім бар жұрттар. Баланың айласы. Таза бұлақ,т.б.)

1 топ:Ыбырайдың өлеңдерін, әңгімелерін бәйтеректің бұтақтарына жазу

2 топ:Су туралы мақал- мәтелдер жазу

3 топ: Өзеннің суретін бейнелеу

Ыбырайдың «Баланың айласы» әңгімесінен көрініс көрсету
Сергіту сәті

Қазақстандағы өздерің білетін өзендердің аттарын атаңдаршы (Сырдария, Жайық, Іле, Шелек, Ертіс, Шу, Есіл, Арыс,т.б.)

Өзеннің қандай пайдасы бар?(өлеңге сүйеніп айтып көр.

Өзеннің пайдасы туралы әңгімелеу.(Оқушылардың өз ойларын тыңдау)


Өзеннің пайдасы: кеме жүзуге, жүк тасымалдауға қолайлы. Мысалы: Ертіс өзенінің суын электр энергиясын өндіруге пайдаланады. Қытай шекарасына дейін бара алады. Сырдария өзені - Тянь - Шяньнан бастау алады, Қазақстандағы ең лайлы өзен. 1974 жылдан бері Арал теңізіне құймайды. Өзендердің суы, балығы, жүк тасымалдау үшін, электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылады.
Қазақстанда ірілі - ұсақты 85 мыңнан аса өзен бар. Оның 7 - еуінің ұзындығы 1000 км - ден асады. Қазақстандағы ең суы мол өзен – Ертіс. Оның республика жеріндегі ұзындығы – 1700 км болса, жалпы ұзындығы – 4248 км. Жоғары бөлігіндегі ағыны екі ірі су электр станцияларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Ұзындығы жөнінен республикадағы екінші өзен – Сырдария. Қазақстандағы ұзындығы – 1400 км, ал жалпы ұзындығы – 2219 км - ді құрайды. Іленің республика шегіндегі ұзындығы – 815 км. Жайық өзенінің Қазақстандағы ұзындығы – 1082 км, жалпы ұзындығы – 2428 км. Есіл, Тобыл, Шу өзендері де ірі өзендер қатарына жатады.


Соңы



Дәптермен жұмыс

Қазақстандағы өзен аттарын жазу.

Топтық жұмыс

1 топ: «Су тіршілік көзі» тақырыбында әңгіме құру.

2 топ: Жұмбақтар жазып, қарсы топқа жасырады.

3 топ: Су туралы тыйым сөз жазу.


Сабақты қорытындылау: Не үйрендім, не білдім?

Бағалау.
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.





Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет