Сабақтың тақырыбы: Жаңа пәтерге паркет салу жүмыстарының технологиясы Сабақтың мақсаты


Жаңа пәтердегі паркет салу жұмыстарының технологиясы



бет3/15
Дата22.03.2017
өлшемі2,05 Mb.
#12098
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1. Жаңа пәтердегі паркет салу жұмыстарының технологиясы.

Паркет жұмыстарының жіктелуі. Паркетті әшекейлеу және оның дизайны. Паркеттің басқа материалдармен үйлесуі. Паркетті төсеу және оның ерекшеліктері.



2. Паркет жұмыстарының материалдары. Жеке паркеттің құрамы.

Паркетті төсеуге қажет мастиктер. Битум мастигін әзірлеу. Мастикті әзірлеу әдістері.




  1. Паркет жұмыстарының құрал-жабдықтары шерхебельмен, сүргімен, арамен және басқа құралдармен жұмыс істеу. Кескіш құралдарды шарықтау. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.


  2. Паркеттен жасалған едендердің күтімі және оларды жөндеу. Еденнің бетін тегістеу. Паркет планкаларын бекіту. Планкаларды ыстық мастиктермен жабыстыру. Паркетті сүргілеу. Паркеттің күтімі үшін суда ерігіш немесе скипидар мастиктерді әзірлеу технологиясы.


5. Жаңа паркетті төсеу және ламинациялау технологиясы. Ағаш

немесе бетон үстіне паркет төсеу. Паркетті «шырша» әдісімен шегелеу. Ламинацияланған едендердің түрлері, олардың күтімі және ерекшеліктері.



6. Үй жиһазын құрастырудың, жобалаудың негізгі ерекшеліктері.
Үй жиһаздарының негізгі бөліктері. Жиһазды құрастырғанда қолданылатын біріктірушілер. Жиһаздың бөлшектенбейтін элементтері.

7. Қораптық (қатты) үй жиһазын жобалау ерекшелігі. Киім салатын

шкафтар мен секциялық жиһаздарды құрастыру технологиясы.



8. Жұмсақ және жартылай жұмсак үй жиһазын жобалау ерекшелігі.

Диван-кровать, қресло-кровать т.с.с. жиһаздарды құрастыру технологиясы.



9. Қонақ үй мен демалыс бөлмесін жобалау ерекшелігі. Орындықтар жинау, оған қажетті бөлшектер мен саймандар. әртүрлі орындықтардың құрастыру технологиясын меңгеру.

10. Тұрғын үйдің мекен-жай алаңын жоспарлау. Алаңның дренаш
жүйесін жоспарлау. Бау-бақша жолдарының қызметі, түрлері
  1. Тұрғын үйдің мекен-жай алаңындағы жолдарды әшекейлеу. Оның түрлері. Асфальт жол, тас теселген жолдардың ерекшеліктері, технологиясы


  2. Мекен-жай алаңын әшекейлеп, безендіру технологиясы. Гүлзардың түрлері. Тастан жасалған әсем таушықтар, үлкен тастарды жылжыту, оларды әшекейлеп, безендіру технологиясы, гүлзардың күтімі, оған қажет құрал-саймаңдар.


  3. Тұрғын үйдің немесе пәтердің электр жүйесін жөндеу. Электр жүйесіне изолятормен оның ілмектерін орнату. Жарықтандыру қорабындағы электр сымдарды жалғау. Сымдарды ию, жалпақ сымдарды шегемен бекіту. Пәтердегі электр жүйесінің сұлбалары, оның сымдарының түрлері.


  4. Электр жүйесін жөңдеуге қажет құрал-жабдықтар. Құрал-саймандардағы ойма біріктірмелерді бөлшектеу, қайта құру сыртқы электрөлшегішпен жұмыс істеу.


15. Тұрғын үйдің электр жүйесін жөндеу барысында қолданылатын


техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау. Ток жүретін сымнан
ажырату ережесі. Электр тогынан немесе найзағайдан сақтану
жолдары. Техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері.

16. Электр құралдарын жөндеу. Тұрғын үйді салғанда


қолданылатын тұрмыстық электр құралдарды (тоңазытқыш,
кір жуу машинасы, микротолқынды пеш, электр үтігі,
шаңсорғыш) жөндеу технологиясы. Тұрмыстық электр
жабдықтарын күту. Техника қауіпсіздігі ережелер

11-сынып №6сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шерхебельмен, сүргімен, арамен және басқа құралдармен жұмысістеу.(практика)

Сабақтың мақсаты: Ағаш өңдеу технологиясын түсіндіре отырып, құрал-саймандарымен жұмыс істеуді меңгерту.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2. Жаңа сабақ. Өткен заманда қолөнер шеберлері қажетті ағаштың бәрін тікелей өз қолымен даярлаған. Оларды дер кезінде жинап, мезгілінде кесіп отырған. Мысалы: үйшілер үйдің сүйегіне керек кереге, уық, шаңырақ жасайтын сырғауылдарды отпен морлап, тезге салып иген, ырғаққа ұстап керекті қалыпқа түсірген. Қазіргі кезде ағаш өңдеу жұмысы механикаландырылған. Механикалық құрал-саймандарға электр ара, электр сүргі, электр бұрғы, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары жатады. Ағашты өңдеу, оған ою-өрнек салу үшін дайын тақтай да жеткілікті. Дегенмен еңбек сабағында ағашпен жұмыс істеу үшін, оны кесуді, шабуды, тегістеуді, өңдеуді, ішінара қашауды, ойып, өрнек салуды үйренесіз. Әрине, мұның бәрін құрал-саймансыз жүзеге асыра алмаймыз.

Ағашты өңдеу жұмыстарына қажет құрал-саймандар: ара, балта, кернеу ара қолданылады. Балтамен ағаштардың бұтақтарын шапса, қабығын әр түрлі қырғыштарымен алады.

Ағаштан алынған тақтайды түрпімен, сүргімен, үлкен сүргімен т.б. құралдарымен өңдейді. Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал - қол ара. Оның негізгі түрлері болат жолақтардан жасалады, оларды төсем деп атайды. Төсем өте қатты, тегіс және иілгіш болуы шарт. Оның иілгіштігі аз әрі тым қатты болса, төсемнің тістері тез сынады.

Ағашты кесуге араның әр түрін пайдаланады.

3.Сарамандық жұмыс. Кіріспе нұсқау.

Техника қауіпсіздігін ескерту. Жұмыс киімін кию.

Ағаш талшықтарын кесу бағытына байланысты оны көлденеңінен, ұзына бойы және аралас әдіспен кесуге болады. Көлденең кескенде, кесу бағытында байланысты ағаш талшығына перпендикуляр, ұзына бойы кескенде, параллель болады. Көлденең кескенде, араның тісі-үшбұрыш, ал ұзына бойы кесу үшін қиғаш болады.

Араның тістері тік бұрышты үшбұрыш пішінде болса, ол ағашты бір бағытта ғана кеседі.

Ағаш аралайтын ара төсемінің тістері өте өткір болуы үшін тістерін қиғаштап орналастырамыз.

Жақ ара ағашты кез келген бағытта кесе алады.

Нұсқау картасын тарату.


  1. Ағашты кескенде араны жұлқыламай, қатты салмақ салмай кесу керек.

  2. Дайын ағаштың кесетін жерін белгілеп, оны жұмыс үстелінің үстіне қояды.

  3. Сол қолымен ағашты тіреуге тіреп, оң қолымен кесу керек.

  4. Ағаш материалдарын көлденең кесетін араның өткір тісінің ұшы материалдардың талшығын кесіп, оны үгінді етіп шығарады.

  5. Ағаш материалдарын ұзына бойы кесетін араның ілгері қарап тұрған кескіш қырлары талшықты жонып үгіндіге айналдырады.

Ағымды нұсқау. Әр оқушының жұмысын қадағалау, техника қауіпсіздігін сақтау. Бағыт беру, жұмыстың нәтижесіне әкелу.

Қорытынды нұсқау.Әр оқушының жұмысынтексеру, кемшілігін анықтап көрсету; Жұмыстың нәтижесін көрсету, мадақтау, бағалау.

Сабақты бекіту. Бағалау.

Үйге тапсырма беру. Жұмыс орнын тазалау.

11-сынып №7сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кескіш құралдарды шарықтау. Қауіпсіздікережелерін сақтау.(практика)

Сабақтың мақсаты: Ағаш өңдеу технологиясын түсіндіре отырып, құрал-саймандарымен жұмыс істеуді меңгерту.

Сабақтың барысы:



1.Ұйымдастыру бөлімі
Қайрау, шарықтау (Заточка) — құралдық материал түпкілікті механикалық қасиеттерге ие болған соң тиісті геометриялық параметрлер мен кескіш жиектердің жасалуын немесе қалпына келтірілуін қамтамасыз ету мақсатында кескіш құралдың алдыңғы, артқы және өтпелі беттерін өндеу процесі. Қайрау әмбебап және арнайы қайрағыш білдектерде қажақ-алмас құралдардың көмегімен, сонымен қатар өндеудің электрохимиялық және электрофизикалық әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жону арқылы өңдеудің өнімділігі, өңделген беттердің кедір-бұдырлығы және құралдың тұрақтылығы Қайрау сапасына байланысты болады. [1]



11-сынып №8сабақ

Сабақтың тақырыбы: Паркеттің күтімі үшін суда ерігіш немесе скипидар мастиктерді әзірлеу технологиясы. (теория)

(Мақсаты: оқушыларға едендік жабындар туралы түсінік бере отырып, онымен жұмыс істеу жолдарын түсіндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет