Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем Сабақтың мақсаты



Дата08.07.2017
өлшемі108,99 Kb.
#20801
түріСабақ
Бастауыш сынып мұғалімі: Избасова Айтжан Елемесқызы

Қазақ тілі 3 сынып


Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру.
1) Сөйлемнің жалаң, жайылмаболыпбөлінуітұрлаулы, тұрлаусызмүшелергебайланыстыекенінмеңгерту. Оқушылардыңсауатты, көркемжазудағдыларынжетілдіру; Сөйлеммүшелерінеталдаудағдыларынқалыптастыру.
2) Іздемпаз, тапқыр, еңбекқор, өзойын, пікірінеркінжеткізеалатыншығармашылтұлғатәрбиелеу.
3) Сөзқорынбайытып, ауызекіжәнежазбасөйлеутілін, логикалықойлауқабілетін, шығармашылыққабілетіндамыту.
Сабақтыңтүрі: жаңабілімдімеңгерту
Оқытуәдісі: сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, жинақтау, өзбетіншежұмыс, жазбажұмысы, ізденісәдісі, ойын.
Көрнекілік: тірек – сызба, слайд, ребус, карточка
Сабақтыңбарысы
І. Алғашқыұйымдастыру

Психологиялық дайындық:

Слайдта Ы. Алтынсариннің портреті шығады.


― Балалар, бұл кім? Ол туралы не білеміз? Қандай өлеңін білесіңдер? ― деп хормен айту.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенін алдынан
Іздемей – ақ табылар! - демекші, бүгінгі сабақта оқып білгендеріңді көңілдеріне ықыласпен тоқуларына тілектеспін! Бүгінгі сабағымызға ағай, апайларымыз келіп отыр, білімдеріңді көргелі отыр. Сәттілік тілеймін!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
113 -жаттығуды орындағандарын тексеру. Жазған әңгімесін талдайды. Бағалау.

ІІІ. Өткенді еске түсіру

― Ендеше, сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақтан алған білімімізді еске түсіре кетейік. Ол үшін мына мониторда көрсетілген ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап беру керек.

  1. Сөйлем дегеніміз не? Және сөйлемнің түрлерін ата.

  2. «Қуыршақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса

  3. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

  4. Тұрлаулы мүшелерді ата.

  5. Тұрлаусыз мүшелерді ата.

  6. Мәтін дегеніміз не?

  7. «Балалар үзілісте асханаға келді» Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.

  8. «Қыста мал қорада тұрады» Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет

  9. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Және оларды ата

  10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

ІҮ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

―Балалар, алдымен сөйлем туралы білетіндеріңді еске түсірейік. Сөйлемнің негізгі белгілерін атайықшы.
А) сөздер мағыналық байланыста болады.
Ә) аяқталған ойды білдіреді.
Б) бірінші сөзі бас әріптен бастап жазылады.
В) соңына (.), (!),(?) қойылады.
― Өте жақсы!

  1. Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Тақырыпты жазу

  2. Мұғалімнің түсіндіруі

  3. Тақтамен жұмыс

115-жаттығу. Жайылма сөйлемдерді оқы. Жалаң сөйлемге айналдыр.

  1. Оқушылар шопанмен кездесті. 2. Жарыс залда өтті. 3. Балықшылар көлге жақындады. 4. Гүріл алыстан естілді.

  1. Кітаппен жұмыс

116-жаттығу. Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады

Ерді намыс өлтіреді.


5) Сергіту сәті
Иілеміз оңға бір, иілеміз солға бір
Бір анда бір мұнда, Өзіңді өзін айнала.
Бас аяқты топ, топ, Шапалақта хоп, хоп,
Бір анда бір мұнда, Өзіңді өзін айнала.
Басымызды иеміз, би билейміз күлеміз,
Бір анда бір мұнда, Өзіңді өзін айнала.

6) Өзіндік жұмыс

118-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау. Бастауыштың, баяндауыштың және тұрлаусыз мүшенің астын тиісті сызықпен сыз.

1. Лаура кітапханаға келді. 2. Арман суға шомылды. 3. Дәурен Астанада тұрады. 4. Жәния ыдыс жуды. 5. Жаңбыр жауды

7) «Себетті толтыр» ойыны

118-жаттығудағы сөйлемдерді төмендегі қай себетке салуға болады? Ойыңды дәлелде. 1-себетке салу үшін қандай өзгеріске түседі?



Ү. Жаңа сабақты бекіту

1) 120-жаттығу.Сөйлемді толықтырып оқу

2) Сол сөйлемді сызба бойынша айту

ҮІ. Сабақты қорытындылау

Семантикалық карта

Сөйлем

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

Ұшақ биікке көтерілді







Боран соқты







Жаңбыр сіркіреді







Екі дос мектептен қайтты







Жарыс залда өтті







Ұстаз түсіндірді







VІІ. Үй тапсырмасы: 117-жаттығу. Суретке қарап, әңгіме құра
VІІІ. Бағалау

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Избасова Айтжан Елемесқызы

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы: Ғажайып жаңбыр. Шоколадтан салынған жол. Джанни Родари.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Оқушыны итальян жазушысы Джанни Родаридің «Ғажайып жаңбыр», «Шоколадтан салынған жол» атты қызықты оқиғаларды түсініп оқуға үйрету, байланыстырып сөйлеуін, тіл байлығын жетілдіру дамыту.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Түсініп оқиды.




Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Жетелеу сұрақтарына жауап береді.




Кейбір оқушылар орындай алады: әңгіме жазады

Тілдік мақсат:






Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:




Талқылауға арналған тармақтар




Сіз неліктен




Жазылым бойынша ұсыныстар

Алдыңғы оқу:

Жарты ат. Балық құрсағында. Эрих Распе.

Жоспар:

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар: Оқулық

Басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау: Эрих Распе өзінің ғажайып әңгімелерін Мюнхаузен деген әзілкеш адамның басынан кешкен оқиғалары жайында не айтқан? Мюнхаузен қандай елдерде болды?Мюнхаузеннің хикаялары мен қазақтың халық шығармасы «Қырық өтіріктің» арасында ұқсастық бар ма?

Ортасы

Оқулықпен жұмыс. Кластағы оқушыларды 2 топқа бөліп, 2 тақырыпты жеке әр қайсысы оқып, іштерінен бір оқушы шығып әңгімелеуі керек. Пьомбиноға қандай жаңбыр жауды? Кәмпиттен жауған жаңбырды көргенде балалар не істеді? Түсінгендерін тексеру: Әңгімені оқығанда көз алдыңа нені елестете аласың? Ағайынды үш жігіт қыдырып жүріп неге кезікті? Әңгімеде сені не қызықтырды?

Соңы

Қорыту. Өз ой-қиялыңнан осы әңгімелерге ұқсас бір оқиға ойлап, жазып көр.

Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу.

Қосымша мәліметтер:

Джанни родари – итальян жазушысы. Родаридің балаларға арналған «Чиполлиноның бастан кешкендері», «Телефонмен айтылған ертегілер» атты ертегілері бар.

Саралау – оқушыға мей-лінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қа-білетті оқушыға тапсыр-маны қалай түрлендіресіз?

Бағалау оқушы білімін тексеруді қалай бағалайсыз?

Пәнаралық байланыс


1.Жетелеу сұрақтарын қоямын

2.Әңгіме жаздыру



Мадақтау. Смайликтер тарату




Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?






19 Қ.И.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясы

Сабақтың тақырыбы: «Жалаң және жайылма сөйлем»

Бастауыш сынып мұғалімі: Избасова Айтжан Елемесқызы

Атырау қаласы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет