3. «Талдап,салыстырайық»дағдысы
Топ ішінде талқылаңыздар. ATL және BTL-дің айырмашылығын анықтаңыздар.
4. «Дәптерге орындайық»дағдысы
Тақырып мазмұны бойынша тірек-сызба құрастырыңыздар.
5.«Қолданып көрейік» дағдысы.
ATL және BTL арқылы ұсынылатын қызметтің құндылығын соңғы пайдаланушыға жеткізу жоспарын құрастырыңыздар.
6.«Ой бөлісейік» дағдысы.Білім беру ұйымының білім беру саласындағы қызмет-терін жүзеге асыруға арналған жарнама құрастырыңыздар.
Шығармашылық тапсырма.
Ұсынылып отырған қызметтің құндылығын ескере отырып,өздеріңіздің өңірлеріңізде пайдалануға болатын туристік фирма жұмысын ұйымдастыру үшін ATL және BTL арқылы дайындалған жарнаманың бірнеше түрін таңдаңыздар.
Электронды қосымшамен жұмыс («№25 қосымша материал»).
Сабақтың соңы.
Кері байланыс
3 минут
|
Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өзінің атын жазады да, тақтада ілулі тұрған «Блоб ағашының» суреті бар флипчартқа жапсырады.
Мұғалім сабақтың қорытындысын шығарып, нәтижесін өзінің жеке сынып журналына тіркейді.
|
Рефлекция
5 минут
|
(Мұғалім жауаптарды өзінің жеке журналына жазады)
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?
2.Бүгін оқушылар не білді?
3.Сыныптағы ахуал қандай болды?
4.Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе?
5.Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
6.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
|
Қорытынды бағалау
10 минут
|
1.Қандай екі нәрсе табысты болды (Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( Оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
3.Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз
|
Достарыңызбен бөлісу: |