Сабақтың тақырыбы: мағжан жұмабаев «мен жастарға сенемін»



Дата26.08.2017
өлшемі15,35 Kb.
#29470
түріСабақ
  • Сабақтың тақырыбы:
  • МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН»
  • Казақ тілі пәні мұғалімі: Алдабергенова Жұлдызай Мұратқызы
  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік: Балаларды Мағжан  Жұмабаевтың өмірімен, шығармашылығымен, жаңа сөздермен таныстыру, өлеңнің мазмұнын, мағынасын ұғындыру. Өлеңді мәнерлеп оқып, өлеңге тоқталу.
  • Дамытушылық: Өлеңді тыңдау, оқу, өлеңнің мазмұн-мағынасы туралы сөйлеу арқылы оқушылардың әдеби тілін дамыту, сын тұрғысынан ойлап, салыстыруға баулу.
  • Тәрбиелік: Адамгершілік ізгі қасиеттерге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
  • Танымдылық: Өлеңмен жұмыс жүргізе отырып, жас адам қандай болу керек екенін таныту.
  • Сабақтың түрі: жаңа сабақ
  • Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру
  • Сабақтың әдістері : түсіндірме, сұрақ-жауап, ойландыру, жаттықтыру, көрнеклік әдістері.
  • Сабақ көрнекілігі: Мағжан Жұмабаевтың портреті, слайд, сөзжұмбақ, жаңа сөздер,
  • Жұмыс түрлері: жеке, жұптық, топтық.
  • Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,орыс тілі,тарих
  • Сабақтың барысы:
  • Сәлеметсіздер ме, балалар?! Отырыңдар.
  • Балалар,асық ойнау үшін ең бастысы,не болу керек? Иә ,асық,менің қоржынымда асық көп. Балалар асық ойнағыларың келе ме?Олай болса. Әрбір тапсырма орындаған сайын,бір-бір асықтан аласыңдар.Сабақ соңында асық санына қарай бағалайтын боламын. Біз алдын ала екі топқа бөліндік.
  • Топтың атын анықтау үшін топ басшылары асық таңдайды.
  • 1 топ – Тапқырлар
  • 2 топ – Мергендер
  • Қазақ әдебиетінің бес арысы
  • Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 –1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси,Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
  • 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады.  1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
  • 1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.
  • 1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды.
  •  1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.
  • 1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованыңараласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.
  • Петропавл қаласыннда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда Жұмабайұлы Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді
  • Өлеңдері:
  • Мағжан Жұмабаевтың шығармалары
  • Поэмалары: “Қорқыт”, “Батыр Баян”, “ Қойлыбайдың қобызы”,
  • “Тоқсанның тобы“
  • Әнгімеcі: Шолпанның күнәсі.
  • Аудармалары: Сұңқар жыры,Жұртын сүйген жүрек ,
  • Бала, Темірбай.
  • “Жарыма”, “Есімде... тек таң атсын”, “Жаралы жан”, “Мен жастарға сенемін”, “Күншығыс”, “Айға”,“Жер жүзінде”, “Тез барам!”, “Түркістан”,
  • “Алыстағы бауырыма”
  • Сендердің мақсаттарың алфавиттік рет бойынша буындарды жинау
  • Тар-Б,мін – Д,мен – А,ға – В, жас – Ә,
  • не- Ғ,се – Г
  • Сонымен,балалар, қандай өлең шықты?
  • ЖАСТАР
  • Ұлттың үміті
  • Ақылды,айбынды
  • Білімді,жігерлі
  • Өлеңмен жұмыс:
  • А) Мұғалім мәнерлеп оқиды.
  • Балалар, мен мәнерлеп оқимын,
  • ал сендер мұқият тыңдап, дауыс-
  • тап оқуға дайындалыңдар.
  • Ә) Мәнерлеп оқу (әр топтан бір оқушыдан шығып өлеңді мәнерлеп оқиды )
  • Б) Сөздікпен танысу.
  • Айбатты – грозный
  • Қайратты – энергичный
  • Көздерінде от ойнар – на глазах пылающий огонь
  • Жаннан қымбат оларға ар – честь для них дороже жизни
  • Мен жастарға сенемін – я верю молодым
  • Тізбектеп оқу
  • Пармен оқу
  • В) Түсініксіз сөздермен танысу
  • Балалар, бұл өлеңде қандай түсініксіз сөздер кездеседі, сөздерді қарындашпен сызыңдар.
  • Жалын – пламя
  • Жайып – расправив
  • Ұмтылған – стремится
  • Көздегені – наметил
  • Мұғалім оқиды
  • Хормен оқу
  • Г) Өлеңді талдау (әр топқа 2 шумақтан беру)
  • 1 топ – сын есімдерді,
  • зат есімдерді табу
  • 2 топ – көптік жалғауды,
  • етістіктерді табу
  • Әр топқа 2 сұрақтан беріледі, сұрақтарға жауап берулерің керек.
  • 1 топ
  • 1.    «Мен жастарға сенемін» авторы кім?
  • 2.    Ақын жастарды неге теңеген?
  • 2 топ
  • 1.    Ақын неліктен жастарға сенеді?
  • 2.    Ол неше жасында мектепке барады?
  • ЖАСТАР
  • Бағалау:
  •  Асықтарды санау
  • Үй жұмысы:
  • Өленді жаттау 142 бет

Каталог: uploads -> doc -> 02be
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02be -> Сабақ №37 Тақырыбы 6 Альдегидтер және кетондар Жалпы мақсаты
02be -> Математика пәнін мұғалімі Жаканова Гульбагдан Жаныковна Ақмола облысы Бурабай ауданы Жасыл ауылының негізгі мектебі Элективтік курс «Математикалық есептер экономикада»
02be -> Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев. «Менің өмірім»,


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет