Амандасу
1-тапсырма. Талдау.
Мұғалім сабақтың басында оқушыларға Әбділда Тәжібаевтың «Жайлау» өлеңінің үзіндісін мәнерлеп оқып береді.
Шыжыған ыстық айларда,
Не жетсін тауда жайлауға!
Жайылған малға қосылып,
Жатады бұлттар сайларда.
Теңіздей майса толқиды,
Желпіп жел, жауын шайғанда.
Жазығы жайған кілемдей
Жарысып құлын ойнауға.
(М) Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет береді. Ол – көрнекті ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Көптеген өлеңдерінде Отанын, туған жерін, табиғат пен жан-жануарларды, өмір мен жақсы адамдарды жырлаған. Балаларға арналған өлеңдер де жазған.
(О) Тапсырма мен сұрақтар:
- Сыныппен бирге «Асы жайлауы» деген бейнетаспаны тамашала. Есте қалған көріністерді әңгімелеп айт.
-Бейнетаспада қай жыл мезгілі көрсетілген?
-Адамдар қандай тіршілік жасап жүр?
-Тігілген киіз үй бар ма?
Ә.Тәжібаевтың «Жайлау» деген өлеңін тыңдайды, бейнетаспа көреді. Сыныппен бірге тақырыпқа байланысты талдауға қатысып, өз пікірін айтады.
2-тапсырма. Тыңдау. Талдау.
Жайлауда. (Мағауия Хамзиннің күйі)
(М) Оқушыларға күй және автор туралы мәліметті музыка тыңдау әдістемесі бойынша береді.
Бейнетаспа қойып, оқушыларға күй тыңдатады. Мазмұны бойынша әңгімелеседі, өз түсінігін айтып, тағы бір рет тыңдатады.
М.Хамзин (1927-2000) домбырашы, күйші-композитор, шертпе күй шебер орындаушылардың бірі. Қазақстанның халық әртісі.
(О) Тапсырма мен сұрақтар:
-Күйді зер салып тыңда.
-Күй қандай көңіл күйде орындалады?
-Қай түстер шығарманың көңіл күйін сипаттайды?
(М.О)
«Шағын концерт»
«Саяхат» тақырыбының соңғы сабағы болғандықтан, барлық үйренген әндер шағын концерт түрінде қайталанады.
Концерт талаптары:
-Әндерді көркем, әндетіп, әдемі әрі анық айту.
-Ұжыммен бірге ән айтқанда бір-бірін тыңдап, мұғалімнің дирижерлік қимылдары бойынша орындау қажет.
М.Хамзиннің «Жайлау» күйін тыңдайды, берілген сұрақтарға жауап береді.
Сабақ соңында оқушылар өздерінің іс-әрекетін рефлексия негізінде бағалайды.
(О) Бағалау. Рефлексия.
-Бүгінгі сабақта мен не білдім?
-Бүгінгі сабақта нені үйрендім?
-М.Хамзинның «Жайлау» күйін тыңдағанда қандай әсер алдым?
-Орындағанда қандай қиындықтар болды?
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.