Тағамдар музыка әлемінде
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
есту қабілетіне сүйеніп таныс дыбыстарды, музыканы тану;
1.1.2.1 ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау;
1.1.2.3 музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды сүйемелдеу;
1.1.3.2 әннің құрылымын ажырату: шумақ, шумақ-қайырма;
1.1.3.6 нота сауаттылығының негіздерін білу;
1.2.1.2 қарапайым музыкалық шығармашылық жұмыстарды шығару
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлығы: «Дастарқан» әнін мәнерлеп орындайды.
Көпшілігі:Жоғары және төменгі дыбыстарды естуді, салыстыра білуді үйренеді.
Кейбірі: Музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізеді.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі\уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
1-тапсырма. Тыңдау. Орындау.
«Тағамдар музыка әлемінде» тақырыбына байланысты оқулықта тағамдар мен сусын қойылған дастарқан суреті және белгілі композитор К.Дүйсекеевтің «Дастарқан» әні (өлеңін жазған: А.Нысаналин) ұсынылған.
Мұғалім әнді үйретпестен бұрын оқушыларға суреттегі дастарқан үстіне қойылған тағам түрлері мен сусындарға қарап, оларды атап шығуға тапсырма береді. Сабақта үйретілетін «Дастарқан» әні – көпшілікке кең таралған ән. Оқулықта әннің екі шумағы мен қайырмасы берілген.
Мұғалім балалардың әннің шумағы мен қайырмасының дыбыс биіктігіне зейін қойғанын міндетті түрде қадағалау керек. Оқулықта төмендегідей тапсырмалар берілген.
1.Суреттегі дастарқан үстіне қойылған тағам түрлері мен сусындарды ата.
2. «Дастарқан» әнінің мағынасына зейін қой, әуенін жадыңда сақта.
3. Әннің шумағы мен қайырмасындағы дыбыс биіктіктерін салыстыр.
4.Әнді мәнерлеп орында. Композитор Кеңес Дүйсекеевтің кәсіби музыкаға арнап жазған шығармаларымен қатар, балаларға жазған әндері де аса танымал.
|
Оқушылар оқулықтағы суретке қарап, дастарқан үстіндегі тағамдар туралы әңгімелейді.
Мұғаліммен бірге «Дастарқан» әнін үйренеді.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы,
Фоно - хрестоматия
|
Ортасы
|
Бимен үйлескен әсем «Дастарқан» әнін балалар қиындықсыз үйренеді. Секвенциялық интонацияға құрылған әннің шумағы мен қайталанбалы қайырмасы оқушылардың әуендерді жадында тез сақтауына мүмкіндік береді. Мұндағы басты назар өлең жолдарының мағынасына аударылуы тиіс.
2-тапсырма. Зарттеу. Орындау.
Ән әуенін толықтай меңгерген соң, оқушыларға «Тағамдар» атты (ән-ойын) ұсынылады.
Тағамдар мен сусындардың қалай дайындалатынын еске салатын «Тағамдар» ойын түріндегі суырыпсалманы орындау балаларға шығармашылығын ұштауға, сын тұрғысынан ойлануына септігін тигізеді. Оқулықтағы ойын шарты:
Кестедегі көк түсті сөздерге сәйкес қызыл түспен берілген сөздерді мағынасына қарай қойып орында.
Ән-ойынды «Дастарқан» әнінің әуеніне салып орында.
|
Оқушылар «Тағамдар» ән-ойынына қатысады. Сөзді әуенге қосып, мағынасына, ұйқасына қарай қоюда тапқырлық- тарын көрсетеді
|
|
«Музыка» оқулығы
|
Соңы
|
3-тапсырма. Шығармашылық. Жұмбақтар шешу. Берілген жұмбақта әр қазақтың дастарқанында қойылатын тағамдарға байланысты жұмбақтар берілген. Мұғалім өзінің немесе оқушылардың білетін жұмбақтарын да ұсынып, сабақта қолдануына ерікті.
Бағалау:
-«Дастарқан» әнін қалай орындадым?
-Пайдалы тағамдар туралы не білдім?
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.
|
Оқушылар оқулықтағы тағам туралы жұмбақтарды шешеді.
Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады.
|
|
«Музыка» оқулығы
«Бағдаршам» әдісі туралы
Сабақты қорытындылау.
|