Сабақтың тақырыбына байланысты әңгімені келесі сұрақтардан бастайды:
-Қандай ертегілерді білесіңдер? атаңдар.
-Қандай ертегі ұнайды? Онда не туралы әңгімелейді? (Бір-екі баланың жауабын тыңдап, қорытынды жасайды).
-Қандай ертегі ұнайды? Олар не туралы? (Оқушылар жауап беретін болса, сыныппен бірге тыңдап, қорытындылайды).
-Аңыз бен ертегінің айырмашылығы бар ма?
(Оқушылардың жауаптары болса, тыңдап және жауап беріп, әңгімесін жалғастырады).
Аңыз-белгілі бір оқиғаның қиялдан гөрі шындыққа жақын түрі.
Ертегі-ауыз әдебиетінің көне жанры, адамдардың қиялынан туған оқиғалар.
1-тапсырма. Тыңдау. Талдау.
Ақсақ құлан (қазақтың халық күйі)
Ертеде бір қатал хан өмір сүріпті. Бір күні оның ұлы құлан аулауға шығады. Хан баласы үйірдегі құланның бірін атып жаралайды. Ол атымен қуып жеткенде, құлан қарсы шауып, хан баласын теуіп өлтіреді. Хан жүрегі сезгендей: «Кімде-кім баламды өлді десе, көмейіне қорғасын балқытып құйдырамын», - дейді. Хан нөкерлері сол елдегі атақты күйшіге келіп, қазаны естіртуін сұрайды. Күйші хан сарайына келіп, қаралы хабарды күй арқылы жеткізеді. Баласының қазасын естіген хан домбыраның шанағына құрғасын балқытып құйдырады.
Аңызды тыңдап болған соң, оқушылар күйді тыңдайды.
Тапсырма мен сұрақтар:
-«Ақсақ құлан» халық аңыз-ертегісін тыңда.
-«Ақсақ құлан» халық күйін тыңда.
-Күй қандай көңіл күйде орындалады?
-Торкөздерден жағдайға сәйкес келетін сипаттаманы тап. Өз ойыңды айтып бер.
Көңілді
мұңды
құанышты
қайғылы
енжар
2-тапсырма. Зерттеу.
Домбыраның құрылымы
Домбыраның құлағын
Келтіріп күйге бұраған.
Достарыңды ертіп кел,
Содан кейін шертіп бер.
(А.Асылбек)
Оқушылар домбыра құрылымын зерттейді. Мұғалім балалар түсінбеген жағдайда көмектеседі.
Аңыз бен күйді тыңдайды, сыныппен бірге мазмұнын, көңіл күйін және домбырада орындалуын талдайды.
Домбыра аспабының құрылымымен танысады.
Домбыра мен күйге байланысты ұғымдар туралы түсінік алады.
-Бүгінгі сабақта мен не білдім?
-Бүгінгі сабақта нені үйрендім?
-«Достық вальсі» әнін қалай орындадым?
-Әнді орындағанда қандай қиындықтар болды?
-Қазақ халқының қандай аңыз бен ертегісін білдім?
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.
1.1.2.1 Ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау;
1.1.3.1 Есту қабілетіне сүйене отырып музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау;
1.2.1.1 музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу;
1.2.1.2 Қарапайым музыкалық шығармашылық жұмыстарды шығару;
Сабақтың мақсаты
Барлығы:Наурыз мерекесі туралы түсінік алады, тақырыпқа байланысты жаңа ән үйренеді.
Көпшілігі: «Өлең шығару» шығармашылық ойынына және ұйымдастырылған концерт-сабақта сыныппен бірге қатысып, белсенділігін танытады.
Кейбірі:Қарапайым музыкалық шығармашылық жұмыстары.