Сабақ басында оқушылармен бірге ойынға байланысты әңгімені сұрақ-жауап (диалог) түрінде өткізеді.
-Ойын дееніміз не?
-Ойынның қандай пайдасы бар?
Осы сұрақтарға бірге жауап іздеп көрейік.
-Сендер мектепке дейінгі өзөмірлеріңді зерттеп көресіңдер, бір күндерің де ойынсыз өтпеген болар. Ойын арқылы көп нәрсе үйренуге болады.
-Қандай ойындарды білесіңдер?
-Жақсы көретін ойындарың бар ма?
-Халық ойындары туралы естігендерің бар ма? Естеріңе түсіріңдер.
Ата-бабамыздан қалған асыл мұраның бірі – ұлттық ойындар. Халқымызда алуан түрлі ойындар бар. Соның ішінде балаларға арналған ойындары да жеткілікті. Бейнетаспадан «Ұшты-ұшты» ойынын тамашалайық.
Ұшты-ұшты (ойын)
Оқушыларды ойын шартымен таныстырады. Ойын басында оқушылардың арасынан бастаушы сайланады. Ойынның негізгі талабы – бастаушының сөзін қалт жібермей бақылап отыруы керек. Ұшатын зат айтылатын болса, сол сәтте қолды жоғары көтеру керек. Ұшпайтын зат болса, қолды көтермейді. Қателескен бала тақпақ не ән айтады. Екі рет жаңылса, айып шарты екі есе өседі.
Ойынның үлгісі:
-Ұшты-ұшты, торғай ұшты! (қол көтеріледі)
-Ұшты-ұшты, торғай ұшты! (қол көтерілмейді)
-Ұшты-ұшты, қарға ұшты! (қол көтеріледі)
-Ұшты-ұшты, арба ұшты! (қол көтерілмейді)
Мұғалімнің қазақ халық ойындары туралы әңгімесін тыңдайды. «Ұшты-ұшты» ойынын ойнайды, сұрақтарға жауап береді.
2-тапсырма. Әнді үйрену.
Ән үйрену әдістемесі бойынша үйретіледі. Алдымен мұғалім ән және авторлар туралы ақпарат береді. Әннің мазмұны бойынша оқушылармен әңгімелеседі. Тағы бір рет тыңдатады, одан кейін әнді үйретуге кіріседі.
«Кел, балалар, күлейік»
(Өлеңін жазған: Ш.Смаханұлы, әнін жазған: И.Нүсіпбаев)
1.Кел, балалар, күлейік,
Көңілденіп жүрейік.
Балдырғанбыз демейік,
Өмір сырын білейік.
Қайырмасы:
Ойын-біздің досымыз,
Ойын-көңіл-қошымыз.
Зымырандай зуласын
Алға тартқан көшіміз.
2.Бәрін көзбен көрейік,
Тау гүлдерін терейік.
Күле жүріп, күнгейге
Дән маржанын егейік.
Әнмен танысады, талдайды, мұғалімнің талаптары бойынша үйренеді.
-Бүгінде сабақта мен не білдім?
-Бүгінгі сабақта нені үйрендім?
-«Кел, балалар, күлейік» әнін қалай орындадым?
-Әнді орындағанда қандай қиындықтар болды?
-Қазақ халқының ұлттық ойындары туралы не білдім?
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.
1.1.2.1 Ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау;
1.1.3.1 Есту қабілетіне сүйене отырып музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау;
1.1.3.4 Музыкалық жанрларды білу;
1.2.1.1 музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу;
Барлығы:Аңыз, ертегі ұғымдары, домбыраның құрылымы туралы түсінік алады. Көпшілігі:«Ақсақ құлан» халық күйін және аңызын ұжыммен бірге тыңдайды,музыка жанрын ажыратады.
Кейбірі:достық вальсін ұжыммен бірге тыңдайды және шығармашылықпен жұмыс жасайды.