Отбасы саулығы – шаңырақ байлығы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
1.1.2.3 музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды сүйемелдеу;
1.1.3.2 әннің құрылымын ажырату: шумақ, шумақ-қайырма;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлығы:Ұжымдық ой-пікірлерге қатысады, шаңырақтағы отбасылық саулықтың маңызын түсінеді.
Көпшілігі: «Шаңырақ» әнін мұғалімнің берген талаптарына сәйкес орындайды.
Кейбірі: өз шығармашылық жұмысын көрсете біледі.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі\уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
1-тапсырма. Зерттеу. Талқылау.
Мұғалім берілген мәтінді талқылау барысында адамның күнделікті дұрыс әрекеттері жаны және денінің саулығына ықпал ететінін оқушының танымдық деңгейіне сәйкес әңгімелеуі қажет. Балалар денсаулығына ата- анасының және мұғалімінің тілектестік қамқорлығын сезіне алуы керек. Өзі де атсалысып, отбасы саулығын сақтау арқылы шаңырағына бақыт, байлық сыйлайтыны жөнінде ойларын еркін жеткізе білетін деңгейге көтерілуі қажет. Сондықтан оған мұғалім аса зор жауапкершілікпен қарауға мәіндетті. Оқулықта оқушыларға осы мәселе төңірегінде қойылған сұрақ берілген:
«Суретте шаңырақты бақанмен атасы көтеріп тұр. Ал уықтарды әкесі мен балалары керегеге байлап жатыр. Мұның мәні неде деп ойлайсың?» Оқушылар кестедегі сөздерді толықтырып, ой түйеді. Тапсырма соңындағы тілек те оқушылар назарынан тыс қалмауы керек: «Сен де отбасының мен шаңырағыңды бағала, үнемі көтеріңкі көңіл күйде бол. «Дені саудың-жаны да сау» дегенді есіңе сақта!»
|
«Отбасы саулығы – шаңырақ байлығы» деген тіркестің мәнін мұғаліммен бірге талқылайды.
Оқулықтағы мәтін мен суретке қарап, түйінді ой айтады.
|
|
«Музыка» оқулығы
|
Ортасы
|
2-тапсырма. Орындау.
Тақырып аясын «Шаңырақ» әні жалғастырады (Өлеңін жазған: А.Рахметов, әнін жазғандар:Т.Тоқжанов, Ү.Ерниязов)
Әннің мәтіні, мазмұны талданып, әуені тыңдалады, оқушылар әннің 1-шумағы мен қайырмасын үйренеді. 2/4 өлшемдегі маршы ырғақты ән. Ән келесі сабақта сыныптық сахналық қойылымда айтылатын болғандықтан, мұғалім хормен ән айту талаптарын оқушылармен пысықтаса, артық болмайды.
Мысалы: Хормен ән салуда қойылатын вокалдық-әншілік талаптар:
А) ән сөздерінің анық, интонациясының таза болуы;
Ә) әнді бірге бастау, бірге аяқтау, шашырап кетпеуін қадағалау;
Б) әннің көркемдік бейнесі мен мазмұнын жеткізе білу;
В) сахнаға шығу, сахнада тұру мәдениетін естен шығармау.
|
«Шаңырақ» әнін үйренеді, орындайды.
|
|
«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы,
Фоно - хрестоматия
|
Соңы
|
3-тапсырма. Шығармашылық. Жұмбақты шешу.
Оқулықта киіз үй суреттері мен жұмбақтар берілген. Мұғалім балалармен бірге әр жұмбақты оқып, шешімін талқылайды.
Бағалау:
«Отбасы саулығы – шаңырақ байлығы» туралы не білдім?
-«Шаңырақ» әнін қалай орындадым?
Рефлексия. «Бағдаршам»:
Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім.
Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім.
Жасыл-сабақта барлығын түсіндім.
|
Оқушылар киіз үйге байланысты жұмбақтарды шешуге қатысады.
Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады.
|
|
«Музыка» оқулығы
«Бағдаршам» әдісі туралы
|