Сабақтың тақырыбы: Менің ұстазым Мұғалім мектептің жүрегі.



Дата11.01.2017
өлшемі92,06 Kb.
#6948
түріСабақ
Мектебі: А.С.Пушкин атындағы орта мектеп

Мұғалімі: Дауылбай Алмагүл

Пәні: Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: Менің ұстазым

Мұғалім – мектептің жүрегі. (Қазақтың ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин)

Сабақтың мақсаты: Балаларды «Білім», «Еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және «Сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  • ұстаздың әр маманы әр оқушыға, досқа жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру:

  • ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту:

  • ұстаз еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, фото, көрме.

Шаттық шеңбері:

Балалар шеңбер құрып, бір-бірімен сәлемдеседі. Үнтаспаға қосылып «Мектебім» әнін айтады.



Мектебім

Сөзі: Н.Әлімқұловтікі

Әні: И.Нүсіпбаевтікі

Мектебім сәулетті мектебім

Өзіңе алғысым көп менің

Қайырмасы:

Құшағыңда тек сенің

Білім алып көктедім.

Сәулеленген мектебім,мектебім.

Ой санамыз гүл жарған,

Еңбекте де шыңдалған

Сен де қуып күллі арман мектебім

Сенде бейне көкте күн,

Сәулеленген мектебім

Сәулеленген, сәулеленген мектебім.

Мектебім бақытты көктемім,

Ұмытылмас өзіңде өткен кғүн.

Әңгімелеу

Балаларға ұстаз еңбегінің маңыздылығы мен мән-мағынасын түсіндіру үшін «Өнерлі жігіт» аңызы негізінде әңгімелеу ұйымдастырылады.



Аңыз «Өнерлі жігіт»

Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан:



  • Күніне қанша табасың? – деп сұрайды.

  • Екі дирхемге жетер-жетпес қана.

  • Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, - деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагерлер:

  • Мына диуана дәуріштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем бергені несі?-деп күліпті.

Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.

Оқушыларға аңыз желісі бойынша сұрақтар қойылады.



  • Әл-фараби жігітке нені үйреткісі келді? Не үшін?

  • Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыңдар?

  • Білім адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады:

  • Ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, оның болашақта өз орнын табуына көмектеседі. Сол үшін аянбай еңбек етеді.

Рөлдік ойын

Ұстаз еңбектің мәнін рөлдік ойын арқылы да ашуға болады. «Жас тілші» атты рөлдік ойында балалар «Айгөлек» журналының жас тілшілері рөлінде мұғалімнен сұхбат алады. Мұғалімнің өзінің ұстаздық еңбек жолы, оқытқан шәкірттері, олардың жетістіктері мен оқушылары арасындағы сыйлы қарым-қатынасты бейнелейтін алдын ала жасаған фотомонтажын тақтаға іледі.

Әрбір бала тақтадағы фотомонтаж бойынша мұғалімге өзі қалаған сұрақтарын қояды,мұғалім жауап береді. Мұғалім ойын соңында осы мамандықты не үшін таңдағаны туралы айтып береді.

Дәйексөз

Рөлдік ойын нәтижелері дәйексөздің мәні түсіндірілуімен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға Ы.Алтынсариннің «Мұғалім - мектеп жүрегі» деген сөзін жазып қояды және оны түсіндіреді.

Үй тапсырмасы

Мұғалім дәптерде берілген тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.

Дәптер бетінің сол жақ бөлігінде ұстаздың сурет салынған. Оң жақ бөлігінде берілген бос төркөздерге өз ұстазыңа сыйлағығ келетін суретті салып, бояңдар.



Тыныштық сәті. Балалардың белсенді қимыл-ой әрекеттерінен кейін денесі, ойы сергітіледі.

Қорытындылау. Мұғалім оқушылардың сабақтан алған білімдерін төмендегідей түіндеуіне болады.

  • Ұстаз – тек оқу жазу үйретіп, білім беретін мұғалім ғана емес. Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші, қамқор, іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірегей еңбек ететін сенімді дос бола алады.

Жүректен жүрекке.

Мұғалім сағаттың қос тіліндей екі қолын екі жаққа созып ортаға тұрады. Балалар сағаттың тілімен оңға қарай қозғалыспен бірінен кейін бірі алақаны арқылы ұстаздан жылу алады. Әр бала алақанын ұстаздың алақанына тигізіп тұрып, алғыс білдіреді. Мысалы: «білім бергеніңіз үшін рахмет, оқуға үйреткеніңіз үшін рахмет, ақылдылыққа жетелегеніңіз үшін рахмет!»

Сағат тілінің қозғалысымен мұғалім «Білім шеңберін» құрады. Балалар мұғалімді ортаға алып, ұстаздарына арнап ән айтады.

Мектебі: А.С.Пушкин атындағы орта мектеп

Мұғалімі: Дауылбай Алмагүл

Пәні: Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: Сыйласаң – сыйлы боласың

Өзіңді сыйласаң сыйымды боларсың. (халық даналығы)



Сабақтың мақсаты: «Сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  • Дос, туыс, жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.

  • Дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру;

  • Достық, туыстық, сыйластық қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер

Шаттық шеңбері

Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, өлеңді қимылмен көрсете отырып айтады.

Үлкенге де сіз, (оң қолын алға созады)

Кішіге де сіз. (сол қолын алға созады)

Барша жанды құрметтеп, (екі қолын кеудеге қояды)

Бас иеміз біз. (бас иеді)

Әңгімелесу

Әңгіме сыйластық туралы түсінікті кеңейту үшін ұйымдастырылады. Мұғалім мәтінді дауыстап оқиды, балалар мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сыйласаң – сыйлы боларсың

Әсем – үздік оқушы. Тәртібі де жақсы. Өлең-жырды көп оқиды. Сондықтан да оған демалыс орнына жолдама берді. Анасы Әсемнің киім-кешегін дайындап, әрі қуанып, әрі «бұрын алыс жолға шықпаған еді» деп уайымдап жүр.


  • Алыс жолға жүрейін деп отырсың, ауылдағы үлкендерге сәлем беріп,амандасып қайт, - деді апасы Әсемге

Әсем дос қызымен Бәтен, Патша апаларға, Бақтыгерей, Сәбит аталарға барып сәлемдесті.

  • Ертең Бурабайға барғалы жатыр едім. Сіздермен қоштасуға келдім, - деді сәл ұяла сөйлеп.

  • Сапарың оң болсын!

  • Аман жүр, қарағым! Өркенің өссін! – деп, үлкендер риза болып, бата-алғыстарын айтып, үйлерінен дәм татқызды. Бұл – үлкенді сыйлай білудің белгісі. Сыйласаң – сыйлы боласың.

  • «Сыйласаң – сыйлы боласың» дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылардың жауаптары дәйексөзбен түсіндіріледі.

Дәйексөз

Мұғалім тақтаға «Өзіңді сыйласаң – сыйымды боларсың» деп жазып қояды және түсіндіреді.



  • Әсемнің үлкендерді сыйлап, әдейі амандасуға келгенін түсінген олар да сый көрсетті. Сыйласаң - сыйлы боларсың деген осы. Өзін сыйлай білетін адам өзге адамдарды ренжітпейді, олардың көңілдеріне қарайды, сыйлайды, түсінуге тырысады. Ондай адамдар барлық адамдармен тез тіл табыса алады. Сондықтан да өзіңді сыйласаң сыйымды боларсың деген сөз қалған.

Шығармашылық жұмыс

Мұғалім оқушыларға төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы шағын шығарма тапсырады.



  1. Сыйластық деегеніміз не?

  2. Қандай адамды сыйлы деп атаймыз?

  3. Сені сыйлаған кезде нені сезінесің?

  4. Сені сыйламаған кезде мнені сезінесің?

Ойын

Оқушыларға карточка таратылып беріледі. Карточкада мұғалім, дәрігер, жүргізуші, дүкенші, т.б сөздер жазылған. Мысалы: мұғалімді білім бергені үшін сыйлайды т.б

Ойын-жаттығу

Балаларға өз үйлеріндегі жақын туыс адамдар бірін-бірі қалай сыйлайды деген сұрақ қойылады. Мұғалім алдын ала күтілетін жауаптар жазылған күн шуақтарын сары түсті дөңгелекті айналдыра іліп тұрады.

Үй тапсырмасы

Ребустың шешімін тауып, бос тор көздерді толтыру.



Қорытындылау.

Мектебі: А.С.Пушкин атындағы орта мектеп

Мұғалімі: Дауылбай Алмагүл

Пәні: Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым

Сабақтың мақсаты:

  • Әке, шеше, ата, тегі туралы ұғымдарын кеңейту;

  • Отбасындағы сыйластық, ынтымақ, бірлік сияқты қарым-қатынасқа үйренту;

  • Туыстарына, жақындарына сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, жаттығу, түсіндіру, танымдық ойындар, оқулықпен жұмыс, проблемалық-ізденушілік, эвристикалық әдістер.

Қажетті оқу құралдары: оқулық, дәптер, отбасы мүшелерінің суреттері.

  1. Шаттық шеңбері

(оқушылар өлеңді жатқа үйреніп, қимылмен көрсетеді. Екі рет қайталанады).

Үлкенге де сіз, (оң қолын алға созады)

Кішіге де сіз. (сол қолын алға созады)

Барша жанды құрметтеп, (екі қолын кеудеге қояды)

Бас иеміз біз. (бас иеді


  • Отбасы дегеніміз не? (отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз).

  • Сен отбасында кімсің? (мен отбасының мүшесімін, әкем мен анамның баласымын, атам мен әжемнің немересімін).

  • Отбасы мүшелері туралы мәліметті үйде қайдан алуға болады? (ата-әжеден, туыстардан білуге болады).

  1. Оқулықпен әңгіме (отбасының суреті бойынша)

  • К.Күзембайдың «осындай менің отбасым» өлеңі оқылады.

  • Отбасы мүшелері бір-бірімен қандай қарым-қатынас жасайды? (әңгімелеседі, бірге отырып тамақ ішеді, бір-бірін сыйлайды, балалар үлкендерді тыңдайды, бірге демалады).

  • Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болуды кімнен үйренесіңдер? (оқушылар атасынан, әжесінен, әке-шешесінен, аға-тәтесінен үйренетінін айтады. Отбасынан өрбитін адамгершілік қасиеттер туралы әңгімені одан әрі жалғастыра беруге болады).

  1. Көңілді үзіліс:

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым – папам,

Балаң үйрек – апам,

Ортаң үйрек – ағам,

Шылдыр шүмек – мен

Титтей бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз – бесеуміз.


  1. Дәптермен жұмыс. Ойын: «Менің отбасым»

Оң жақта берілген сурет бойынша отбасы мүшелерін дастархан басына бағдар арқылы орналастырыңдар.

  • Төрге кімді орналастырар едің?

  • Есік жаққа кім отырады?

  • Қонақ келсе қайда отырады? – деген сияқты сұрақтар қоя отырып, әңгімені құрастыру. Балалардың жауабын тыңдау.

  1. Жүректен жүрекке

Бір сәт көзімізді жұмып, әрқайсысымыз өз отбасымызды көз алдымызға елестетіп көрейік. Енді әрқайсысымыз өз отбасымыздағы адамдарға жақсылық тілегімізді іштей айтайық. Сәл тыныштықтан соң мұғалім:

  • Көзімізді ашайық. Отбасыларыды елестеткен сәтте қандай жағдайда болдыңдар

  • Отбасыларыңа қандай жақсы тілек тіледіңдер?

  • Үйлеріңе қайтқыларың келгендері бар ма?

  • Кімді сағындыңдар?

Ендеше, сендердің барлығың отбасыларыңды жақсы көресіңдер. Сол үшін сағынасыңдар. Бұл сендердің отбасыларыңа деген сүйіспеншіліктеріңді білдіреді.

Отбасың - отаның деген сөзді талдап көрелікші. (Әңгіме барысында отбасы – шағын Отанды, мемлекетіміз – үлкен Отанды құрайтыны айтылады).

Еліміздің Отаны – Қазақстан. Ондағы барлық халық өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде.

Ал еліміз жөнінде қандай тілек айтар едіңдер? (оқушылар бейбітшілік, тыныштық т.б туралы айтады).



Отбасымызға «Отан – отбасынан басталады» деген сөздлі естеріңе сақтаңдар.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет