Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері тақырыбын қайталауаға есептер шығару Сілтеме



бет7/38
Дата20.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43947
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38



Күні







Сабақтың тақырыбы

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табуды пропорция арқылы шығару

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (5-6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға пайыз тақырыбын еске түсіру, білімдерін нығайту мақсатында пайызды табуды процентпен өрнектеуге берілген тапсырмаларды шығаруда тиімді қолдану арқылы білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын шыңдау, тәрбиелеу.

Білімдерін шыңдай отырып, оны өмірде қолдануға үйрету.


Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға мүмкіндік беретіндей санның пайызын және пайызы бойынша санды табуды пропорция арқылы табуға берілген есептерді шығару олардың білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

5-6 сынып математика оқулығы

Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап

1) Қатынас дегенімз не?

2) Қатынастың негізгі қасиетін тұжырымда?

3) Шамаларды қатынасқа бөлу қалай орындалады?

4) Пропорция дегеніміз не?

5) Пропорцияның нег.қасиетін тұжырымда?

6) Шамалардың тура және кері пропорционалдығы қалай орындалады?

7) Пропорцияның белгісіз мүшесі қалай табылады?

8) Қатынасты процентпен қалай өрнектейміз? Мысал келтіріңдер



Оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып, өздерінің білімдерін тексереді, өз бетінше білім алуға тырысады, есте сақтайды, тиімді қолдану дағдыларын шыңдайды

Оқулықпен жұмыс

Тест жұмысы:

№1 30,42 және 70 сандарының ЕКОЕ тап:

А) 140; Ә) 210; Б) 280; В) 70;

№2 Бөлшектерді алдын ала қысқартып, амалдарды орындаңдар4а

А) Ә) Б) В)

№3 Сәуле кітаптың 25 бетін оқыды. Бұл кітаптың барлық бетінің 20%-ын құрайды. Сәуленің кітабында барлығы неше бет бар?

А) 130; Ә) 100; Б) 125; В) 80;

№4 Жақшаны ашып, ұқсас мүшелерді біріктіріңдер: 4а+(9а+0,5)*0,2+0,9=

А) 5,8а+1; Ә) 4,8а-0,1; Б) 2,7а+0,1; В) 5,8а;

№5 Саяхатшы велосипедпен 12км\сағ жылдамдықпен 7 сағат жүрген қашықтықты мотоциклші 42км\сағ жылдамдықпен неше сағатта жетер еді?

А) 5сағ; Ә) 4сағ; Б) 6сағ; В) 2сағ;

№6 Пропорцияның белгісіз мүшесін тап:

28:4=4,2:х;

А) 0,6; Ә) 29,4; Б) 0,7; В) 29,5;



№7 пропорциясының белгісіз мүшесін табыңдар.

А) 0,3; Ә) 3,1; Б) 3; В) 2,9;

№8 Берілген қатынасқа кері қатынас құрастырыңдар: 11:23=

А) 12:13; Ә) 23:11; Б) 22:46; В) 33:69;

№9 Берілген қатынастан пропорция құрастырыңдар: 11:23=

А) 12:13; Ә) 23:11; Б) 22:46; В) 33:69;

№10 Тік төртбұрыштың ауданы 96см2. Оның енінің ұзындығына қатынасы 3:5 қатынасындай. Тік төртбұрыштың ені мен ұзындығын табыңдар.

А) 36см,60см; Ә) 24см,72см;

Б) 48см,48см; В) 60см,24см;


Жеке ойланып, жұппен, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§1,2,3 оқу, есте сақтау, сұрақтарға жауап жазу

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді


Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Масштаб


Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (5-6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға масштаб туралы түсінік беру. Масштабқа берілген тапсырмаларды орындауда қатынасты масштабпен ажырата алу дағдыларын қалыптастыру, масштабпен пропорция құра білуге үйрету, масштабты табуға есептер шығаруда оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, білімдерін шыңдай отырып, оны өмірде қолдануға үйрету.

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың берілген тапсырмадан масштабты табу, оған есептер шығару - ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектеседі. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2006ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Топтық жұмыс



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой толғау

Масштаб – картадағы кескіндердің өлшемдерінің оған сәйкес Жер бетіндегі өлшеміне қатынасы.

М: Біз картаны білеміз. Оның төменгі жағында 1:1000000 деп жазылған, 1000000 – картаның жер бетіндегі нақты өлшемі болса, 1 – картадағы кескіні болып табылады.

Масштабқа мысал келтірейік:

Картадағы екі елдің арақашықтығы 3,5см, ал Жер бетіндегі нақты өлшемі 175км. Картаның масштабын табыңдар.

Ш: 175км=175000м=17500000см

Ереже бойынша 3,5:17500000 қатынасын қысқарту арқылы 1:5000000 аламыз, яғни осы шыққан сан екі елді мекеннің арақашықтығының картадағы масштабын құрайды. Бұл қатынастың қасиетіне сәйкес келеді: қатынастың екі мүшесін де 0-ден өзге санға көбейткенде немесе бөлгенде оған тең қатынас шығады.

М: екі елді мекеннің арасы 240км, оның картадағы масштабы 1:7500000. Осы екі елді мекеннің картадағы кескінінің өлшемін тап?

1) Жер бетіндегі нақты өлшемі: 240км=240000м=24000000см

2) картадағы кескіні – х

Пропорция құрастырамыз:



демек екі елді мекеннің картадағы кескіні – 3,2-ге тең: х=3,2см

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасап өздеріне керекті мәліметті ала отырып, өз білімдерін нығайтады. Мысалдарды қарай отырып, есептерді шығарғанда тиімді қолдануға тырысады

Тапсырмалар

№150 Ұзындығы: 1) 40см; 2) 50см; 3) 1дм; 4)10м болатын кесінді сызбада 1см. масштабын табыңдар.

№152 Картадағы масштабы: 1) 1:100000;

2) 1:50000; 3) 1:25000 Жер бетіндегі 1км қашықтық неше сантиметр кесіндімен кескінделеді?

№153 1:100 масштабымен кескінделген бөлменің сызбасының ұзындығын, енін табыңдар. Оның ауданы 50м2. 1м2=10000см2.

№155 Масштабы 1:7500000 картаны пайдаланып, Астана мен Қарағанды қаласының арақышықтығын табыңдар.

№156 Үлкен Алматы каналының ұзындығы 170км, ал картадағы ұзындығы 17мм. Картаның масштабын табыңдар.

№158 Екі елді мекеннің Жер бетіндегі арақашықтығы 68км. Осы екі елді мекеннің масштабы: 1) 1:2000000; 2) 1:17000000 болатын картадағы ара қашықтығын табыңдар


Жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

6сынып математика оқулығының №151,154,157 есептерін шығару беріледі


Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді


Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Масштаб


Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (5-6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға масштаб туралы түсінік беру. Масштабқа берілген тапсырмаларды орындауда қатынасты масштабпен ажырата алу дағдыларын қалыптастыру, масштабпен пропорция құра білуге үйрету, масштабты табуға есептер шығаруда оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, білімдерін шыңдай отырып, оны өмірде қолдануға үйрету.

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың берілген тапсырмадан масштабты табу, оған есептер шығару - ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектеседі. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2006ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Топтық жұмыс



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап

1) Қатынас дегеніміз не?

2) Қатынастың негізгі қасиетін тұырымда?

3) Пропорция дегеніміз не?

4) Пропорцияның негізгі қасиетін тұжырымда?

5) Масштаб дегеніміз не?

6) Масштабты пропорция арқылы жазу тәсілін тұжырымдаңдар?



Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өз бетінше алған білімдерін тексереді, есте сақтайды, дамытады

Тапсырмалар

№159 Картадағы екі қаланың арасын қосатын кесінді 3,5см. Осы екі қаланың Жер бетіндегі ара қашықтығы: 1) 420км; 2) 87,5км. Картадағы масштабын табыңдар

№160 Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңдар

1) 7,8а+2,3а-5а; мұндағы а=6;

2) 2(0,3b+5)+1,4b; мұндағы b=4;

3) 6(а+1,5)-2,8а; мұндағы а=1,5;

4) 4(b+0,8)+1,7b; мұндағы b=2,3;

№161 Футбол қақпасының ені 7,3м, биіктігі 2,4м. 1:100 масштабымен футбол қақпасының сызбасын сызыңдар.

№162 Масштабы 1:60000000 картада Алматы мен Астананы қосатын кесіндінің ұзындығы 16мм. Қалалардың Жер бетіндегі ара қашықтығын табыңдар.

№163 Екі елді мекен арасын мотоциклші 40км\сағ жылдамдықпен 1сағ 24мин жүрді. Осы екі елді мекеннің картадағ ара қашықтығы: 1) 7см; 2) 4см болса, картаның масштабын табыңдар.

№164 Картадағы 1,8см кесіндіге Жер бетіндегі 230км арақашықтық сәйкес. Осы картадағы 2,7см кесіндіге Жер бетіндегі неше километр ара қашықтық сәйкес келеді?

№165 Картадағы 4,6см кесіндіге Жер бетіндегі 230км ара қашықтық сәйкес. Жер бетіндегі 575км ара қашықтыққа осы картада неше сантиметр сәйкес келеді?


Жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

6сынып математика оқулығының §4 №167 есептерін шығару беріледі


Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді


Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Масштаб


Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (5-6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға масштаб туралы түсінік беру. Масштабқа берілген тапсырмаларды орындауда қатынасты масштабпен ажырата алу дағдыларын қалыптастыру, масштабпен пропорция құра білуге үйрету, масштабты табуға есептер шығаруда оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, білімдерін шыңдай отырып, оны өмірде қолдануға үйрету.

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың берілген тапсырмадан масштабты табу, оған есептер шығару - ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектеседі. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2006ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Топтық жұмыс



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап

1) Қатынас дегеніміз не?

2) Қатынастың негізгі қасиетін тұырымда?

3) Пропорция дегеніміз не?

4) Пропорцияның негізгі қасиетін тұжырымда?

5) Масштаб дегеніміз не?

6) Масштабты пропорция арқылы жазу тәсілін тұжырымдаңдар?



Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өз бетінше алған білімдерін тексереді, есте сақтайды, дамытады

Тапсырмалар

№166 Тиімді тәсілмен есептеңдер

1) 45*52-52*42+42*51-51*39+39*50-50*36+36*49-49*33;

2) 9,3*2,5-2,5*8,9+8,9*2,4-2,4*8,5+8,5*2,3-2,3*7,1+8,1*2,2-2,2*7,7;

№168 Тік төртбұрышты алаңның ауданы 73500м2. Осы алаңды масштабы 1:7000 сызбада кескіндегенде, ұзындығы 5см тік төртбұрыш шықты. Алаңның Жер бетіндегі ені неше метр?

№169 Масштабы 1:6000000 картада темір жолдың ұзындығы 18см. Поезд темір жолдың осы бөлігін 75км\сағ орташа жылдамдықпен неше сағат жүреді?


Жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

6сынып математика оқулығының §4 №170 есептерін шығару беріледі


Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді


Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия


Каталог: uploads -> doc -> 0b87
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b87 -> Сабақ жоспары Күні: Оқу тобы : Қатысқан оқушылар саны: 32
0b87 -> Сабақ мақсаты : б балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру
0b87 -> Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
0b87 -> Орта мерзімді жоспар құруда тізбектелген сабақтар топтамасында сабағымның мақсаты мен күтілетін нәтижені, оқуда қолданылатын әдіс -тәсілдер мен модулдерді басты назарға алдым
0b87 -> Бағдарламасы, «Қазақстан тарихнан әңгімелер»
0b87 -> Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Негізгі және туынды зат есім туралы берілген ұғымды
0b87 -> Селолық «Наурыз тойы» кешінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттау берілген болатын. Бұл сайысқа «Сырға салу»салт-дәстүрін ұсынып жүлделі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет