Сабақтың тақырыбы Ұнды кондитерлік өнімдерді өндіру кезінде қолданылатын құрал саймандар Педагог



бет31/31
Дата22.09.2024
өлшемі1,16 Mb.
#204894
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
ЛПС КМ2 ТМ-241

Партия көлемі
(партиядағя қап саны)

Сынама көлемі
(нүктелік үлгі алатын қаптар саны)

5-ке дейін

әр қап

6-100

5-тен кем емес

100-ден астам

Партиядағы қаптар санының 5%-нен кем емес

Тігілген қаптың бір бұрышынан, қолмен немесе сынама алғыштармен нүктелік үлгіні алады. Қысқышты қаптың ортаңғы бөлігіне қарай төмен енгізіп, содан кейін оны 1800-қа бұрады да, шығарады. Барлық алынған нүктелік үлгінің салмағы 2кг-нан кем болмау керек.
Біріккен үлгі құру үшін барлық нүктелік үлгіні таза, берік ыдысқа төгеді. Біріккен үлгісі бар ыдысқа өнім сорты мен түрінің аты, мекеме атауы, шыққан күні, смена номері,вагон, қойма номері, партия массасы, үлгі алу күні, үлгі массасы, үлгіні алған адамның қолы көрсетілген этикетканы салады.
Талдау жүргізетін орташа үлгі бөлігін 3 рет араластырып, квадрат түрінде тегістейді де қалақшамен әр жерінен сынама алады. Ұнның органолептикалық бағалауын МЕМСТ 27558-87 бойынша өткізеді. Ұнның түсін стандартта көрсетілген эталон немесе түстің сипаттамасымен салыстырып, көзбен қарау арқылы анықтайды. Иісін анықтаған кезде 20г ұн сынамасын таза қағазға төгіп, деммен жылытады. Иісті күшейту мақсатында сынаманы стаканға салып, ыстық су (600) үстіне құяды. Суды төгіп тастап, өнімнің иісін анықтайды.
Ұнның ылғалдылығы МЕМСТ 9404-88 бойынша анықталады. Ылғалдылықты 2 параллельді сынаманы ауа – жылу әдісі арқылы анықтайды. Әдістің негізі ұндағы ылғалдылықты кептіру шкафта 130-1400С 40 минутта жою болып табылады.
Өнімнің ылғалдылығын (Х) мына формуламен анықтайды, %:
Х=m1-m2/m
Мұндағы: т кептіргенге дейінгі сынама массасы;
т2 – кептіргеннен кейінгі сынама массасы.
Ұнның күлділігі МЕМСТ 27494 бойынша анықталады. Ұнның күлділігін ұнды өртеп, жанбайтын қалдықтың массасы арқылы анықталады. Оның нөтижесі мына формуламен есептеледі:

Мұндағы : m3 – күлдің массасы, г;
m4 – қн сынамасының массасы, г;
W – ұн ылғалдылығы %.Ұндағы клейковинаны МЕМСТ 27839-88 стандарты бойынша анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет