Сабақтың тақырыбы Ұнды кондитерлік өнімдерді өндіру кезінде қолданылатын құрал саймандар Педагог



бет26/31
Дата22.09.2024
өлшемі1,16 Mb.
#204894
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
ЛПС КМ2 ТМ-241

Бақылау сұрақтары
1. Жұмыртқаның химиялық құрамы мен тағамдық құндылығы
2. Жұмыртқаның жіктелуі
3. Жабайы құс жұмыртқаларын неге сауда орындарында сатуға болмайды?
4. Жұмыртқаның сапасына қандай қойылатын талаптар
5. Жұмыртқаны сараптау реті қалай жүзеге асырылады


Жұмыртқа сапасын анықтау


Жұмыртқа – тағам есебінде пайдаланылатын құстардың сопақ қабығы бар жыныстық жасушасы. Қабығы аршылған тауық жұмыртқасының химиялық құрамы: 73,6% судан, 12,8% ақуыздан, 11,5% майлардан, 0,7% көмірсулардан, минералдық заттардан тұрады. Жұмыртқада адам ағзасына қажетті, тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жиынтығы бар. Жұмыртқа емдәмдік тағамдар қатарына жатады. Энергетикалық құндылығы 157 ккал.
Сауда орындарында негізінен тауық жұмыртқасы түседі. Суда жүзетін құстар жұмыртқалары балғын күйінде пайдаланылмайды, себебі олардың қабықтарының сыртында инфекциялық аурулар тарататын микроорганизмдер болуы мүмкін.
Жұмыртқалар өлшемдері мен массасы құстың түріне, жасына байланысты әр түрлі болады. Тауық жұмыртқаларының массалары 45–76 г, үйректікі – 75–100 г, күрке тауықтікі – 80–100 г, қаздікі 160–200 г болады.


Жұмыртқаны органолептикалық бағалау. Органолептикалық түрде бөлме температурасында жұмыртқа сапасын бағалайды. Алдымен сыртқы бетін қарап, тазалық дәрежесін және қабығының механикалық зақымдануын белгілейді.
Иісін анықтау үшін жұмыртқаны қолға алып, балғын жұмыртқаға тән немесе бөтен иістерді анықтайды.
Иісті басқа тауарлармен сақтағанда жұмыртқада жеңіл жойылатын иіс пайда болады. Ондай жұмыртқаны иісті (запашистый) жұмыртқаға жатқызады.
Сарысу индексін анықтау. Жұмыртқа қабығын сары уыз қабығынан зақымдап алмау үшін экваториалды сызық бойымен кеседі. Құрамын Петри таяқшасына құйып алады. Сарысу диаметрін екі перпендикуляр бағытта штангенциркульмен, биіктігін микрометрмен өлшеп алады. Биіктігінің диаметріне қатынасы сарысу индексі деп аталады. Жұмыртқаны сақтау барысында сарысу индексі төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет