Сабақтың тақырыбы: Питчинг Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет3/10
Дата20.12.2023
өлшемі136,7 Kb.
#197869
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қысқамерзімді жоспар11

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.



Команданы қалай жасақтау керек? Тиімді жұмыс жасайтын команданы жасақтау үшін: 1. Командаға бұрын бірге жұмыс істеген адамдарды шақырған дұрыс. Бұрыннан білетін адамыңыздың қолынан не келетінін, қандай қабілеті бар екенін де білесіз. 2. Бизнеске жора-жолдас, туған-туысты араластырмаған дұрыс, сондықтан оларды командаға алуға болмайды. Жақындарыңыз бизнесіңізге кедергі болады түсуі мүмкін. Сондықтан командаға өзіңіз сыйлайтын, сізді құрметтейтін адамдарды алғаныңыз жөн. 3. Бастапқыда білікті, кәсіби мамандарға беретін жалақыңыз көп болмай қалуы да мүмкін. Бірақ бұл — уақытша ғана қиындық. Ең бастысы — өз ісін жетік меңгерген, болашағынан көп үміт күттіретін мамандарды тауып, олардың оқып, біліктілігін арттыруларына мүмкіндік бергеніңіз жөн. 4. Бизнес ауқымы кеңейген сайын компания басшылары қызметкер қабылдауды HR-бөлімі мен орынбасарларына тапсырып, өздері түйіндемелерін оқумен ғана шектеледі. Алайда қызметкер қабылдауға жауапкершілікпен қарап, әрқайсысымен өзіңіз сөйлескеніңіз дұрыс әрі жұмысқа алу-алмау мәселесін де өзіңіз шешкеніңіз жөн.

1-тапсырма

Өзіңізге қай рөл (хакер, хипстер, хастлер, сторителлер) сәйкес келетіні туралы ойланыңыз. Содан соң парталас көршіңізден сұрап, сізге қай рөл дұрыс болатыны туралы пікірін біліңіз. Көршіңіздің пікірі өз ойыңызбен сәйкес келмесе, себебін анықтаңыз. Көршің



Оқушылар сабаққа қатысу бесенділігіне қарай қалыптастырушы бағалау жгйесі бойынша мадақтау сөздері арқылы бағаланады.

Тапсырма орындауға қажетті құралдары.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет