Сабақтың тақырыбы Сағат саны Күні Оқу мақсаттары



бет2/4
Дата01.04.2017
өлшемі0,58 Mb.
#13273
түріСабақ
1   2   3   4



Мұғалімнің аты-жөні

Жалмұқашева Гаухар Жеңісқызы

Индер ауданы Кулагино орта мектебі

10.10.2014

9-сынып

18-сабақ

Қазақ әдебиеті

Сабақтың атауы

Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер

Сілтеме

Оқу бағдарламасы, Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев «Мектеп» баспасы.

Жалпы мақсаты

А оқушы

В оқушы

С оқушы

Шешендік сөздердің ақындар айтысы сияқты дау үстінде немесе ел тағдыры талқыланған үлкен жиында өмірге келгендігі туралы ұғымдарын қалыптастыру

Шешендік сөздердің түсінік сөзден басталып, нақты кімге байланысты қандай жағдайда шығарылғанына талдау жасай білуге дағдыландыру.

Шешендік сөздердің арнау, сәлем, өсиет түрінде дүниеге келгендігін, өзіне тән ерекшеліктерін меңгерту, өзіндік ой-пікірлерін дәлелдеп жеткізе білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

А оқушы

В оқушы

С оқушы

Шешендік сөздердің шығу себептері туралы ұғымдары қалыптасады.

Шешендік сөздерге талдау жасауға дағдыланады, шешендік сөздердің нақты қандай жағдайда туындағанын түсіндіре алады.

Шешендік сөздердің өзіне тән ерекшеліктерін меңгереді, өзіндік ой-пікірлерін топта дәлелдеп жеткізе алады.

Негізгі идеялар

Шешендік сөздердің белгілі бір нақты жағдайға, нақты себепке байланысты туындағанын, өзіне тән ерекшеліктерін меңгерту.

Тапсырмалар

постер дайындау, слайд қорғау, топтық, жұптық тапсырмалар.

Оқыту әдістері

«Миға шабуыл», «Екі жақты түсініктеме күнделігі», «Конверт-сұрақ», «Бұл жалған ба, әлде шындық па?» әдістері

Дерек көздері

слайдтар, смайликтер, бағалау бетшелері.




Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

2 минут


Оқушыларды «Молекулалар» ойыны арқылы 3 топқа бөлу. «Күту ағашына» бүгінгі сабақтан не күтетіндіктері туралы стикерлерге жазғызып, жапсыру тапсырылады.

Оқушылар топқа бөлініп, күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін жазады.

Негізгі бөлім.

Үй тапсырмасын тексеру

7 минут

Үйге берілген тапсырма бойынша әр топтан екі оқушыдан шешендік сөздер тақырыбына дайындап келген слайдтарын қорғайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау.

Жаңа сабақты ашу

8 минут

Интерактивті тақтадан слайд арқылы шешендік сөз беріледі.

Бөлтірік шешеннің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт:



  • Ақ ата, бақ кімге қонады?Бала ыстық

па, байлық ыстық па?-дейді. Сонда Бөлтірік:

-Қарағым, байлық – қолда ұстаған мұзың емес пе, бақ – ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала – артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын-туысыңмен, ел-жұртыңмен сіз-біз деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың –күл, қуанышың – от! –дейді.



«Миға шабуыл» сұрақтары:

1.Шешендік сөз қандай жағдайда туындаған?

2.Нақты кімге байланысты?

3.Шешендік сөз кімге арналған, қандай тәрбиелік мәні бар?

4.Шешендік сөздің өзіне тән қандай ерекшеліктерін байқадыңдар ?-деген сұрақтарға жауап алу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.





Операциялық кезең

Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар

10 минут

«Екі жақты түсініктеме күнделігі»

Хрестоматия бойынша шешендік сөздердің өздеріне әсер еткен тұсын, және не себепті әсер еткендігін талдап жазу тапсырылады. Әр топ шығармадан әсер еткен маңызды деп тапқан тұстарын тауып, постердің келесі жағына не үшін әсер еткенін жазады.

1-топқа: «Сырым шешеннің шешендік сөздері»;

2-топқа: «Бөлтірік шешеннің шешендік сөздері»;

3-топқа: «Абыздың аталы сөздері»


Постер қорғау.

Кретерийлер бойынша өзін-өзі бағалау.




Сергіту сәті

3 минут




«Саусақтар арқылы мінез анықтау» тренингі.



Оқушылар тренингке қатысады.




10 минут

«Конверт - сұрақ» әдісі арқылы проблемалық сұрақтар беру.

1-топқа: Шешендік сөздердің өзіндік ерекшеліктері қандай?

2. Шешендік өнердің құндылығы және қиындығы туралы өз пікіріңіз?

3.Қазақ шешендік өнерінің туу тарихы туралы не білесіздер?


Өзіңді тексер. «Бұл жалған ба, әлде, шындық па?» әдісі.

1.Қазақ шешендік өнерінің тарихы Майқы биден басталып, Жиренше, Асан қайғы есімдерімен қалыптасады. (шындық)

2. «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ»деген Бөлтірік шешен. (шындық)

3. «Көш бастау қиын емес, қонатын жерде су бар» деген Асан қайғы (жалған- Бұқар жырау)

4. Шешендік сөздер көбіне түсінік сөзден басталады (шындық)

5. Шешендік сөздер тек қара сөзбен жазылады. (жалған- өлең түрінде де келеді)

6. Шешендік сөздер еш өзгеріссіз бүгінгі күнге жеткен. (жалған- айтушылар тарапынан өзгеріп отырған)


Смайлик арқылы формативті бағалау.

Кретерий бойынша бағалау.



Рефлексиялық кезең

Бағалау. Кретерий бойынша бағалау.

Жиынтық бағалау.

2

минут


Оқушыларды кретерийлер бойынша бағалау.





Кері байланыс.

2 минут

Оқушылар «Күту ағашына» жазылған пікірлері оқылады. Бүгінгі сабақтан күткен тілектерін орындалғанына немесе тағы не білгісі келетіндіктеріне талдау жасалады.

Кері байланыс жасау.




Үйге тапсырма

1минут

Өтілген тақырып бойынша сұрақтар дайындап келу тапсырылады.







Сабақтан кейінгі рефлексия


Не сәтті өтті?

Неліктен?


Не сәтсіз өтті?

Неліктен?


Сабақта кездескен қиындықтарды шешу үшін

не істеймін?




Проблемалық сұрақтарды өз дәрежесінде жауап бере білді.

Оқушылар үйден жасап келуге берілген слайдтарынан жүйесіздік көрінді.

Қосымша тапсырмалар беру, қажетті мәліметтерді жүйелі пайдалануға дағдыландыру жұмыстарын жетілдіремін.

Дескрипторлар

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер


А деңгейлі оқушы

1 ұпай – шешендік сөздердің ерекшелігін түсінеді, жеткізіп айта алады;

2 ұпай - шешендік сөздердің үлгі – өнеге, өсиет түрінде келетініне мысал келтіреді, бірақ мазмұнын айта алмайды;

3 ұпай- шешендік сөздердің мазмұнын түсіндіре алады;


В деңгейлі оқушы

1 ұпай – шешендік сөздердің не туралы екенін айта білсе;

2 ұпай – шешендік сөздердің мазмұнына талдау жасай білсе;

3 ұпай – жабық сұрақтарға толық жауап бере білсе;


С деңгейлі оқушы

1 ұпай – шешендік сөздердің өзіне тән ерекшеліктерін атай білсе;

2 ұпай – шешендік сөздердегі көркемдік ерешелігіне талдау жасай білсе;

3 ұпай – шешендік сөздер бойынша жабық сұрақтар құрастыра және ұтымды жауап бере білсе;




Бағалау парақшасы


р/с

Оқушының аты

Үй тапсыр-масы

Миға шабуыл

Екі жақты түсініктеме күнделігі

Конверт-сұрақ

Бұл жалған ба, әлде шындық па?

Қорытынды бағалау

Бағалау кретерийлері:

Үй тапсырмасы

Әдеби тілде жеткізе білуі – 5 ұпай

Сөзжұмбақ шешу.

Әр дұрыс айтылған нақты жауапқа –2 ұпай

Екі жақты түсініктеме күнделігі:

Түйінді ой айтқандар – 2 ұпай

Ойын толық тұжырымдай білгенге – 3 ұпай

Көркем әдеби тілде жеткізе білу – 2 ұпай

Конверт –сұрақ:

Өз пікірлерін дәлелдеп жеткізе білгенге – 3 ұпай

Бұл жалған ба, әлде, шындық па?

Әр дұрыс айтылған нақты жауапқа –2 ұпай

15-18 ұпайға - «5»

14-9- ұпайға – «4»

3-8 ұпайға – «3»



1

Аружан



















2

Асылжан



















3

Дина



















4

Мұхтархан



















5

Бекарыс



















6

Бақдәулет



















7

Айсана



















8

Анар



















9

Парасат



















10

Дарын



















11

Айкөркем



















12

Мәди



















13

Айбек



















14

Нұрбақыт



















15

Асылхан



















16

Нұрасыл



















17

Әлішер



















18

Жігер





















Мұғалімнің аты-жөні

Жалмұқашева Гаухар Жеңісқызы

Индер ауданы Кулагино орта мектебі

15.10.2014

9-сынып

19 -сабақ

Қазақ әдебиеті

Сабақтың атауы

Шешендік сөздердің жанрлық түрлері

Сілтеме

Оқу бағдарламасы, Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев «Мектеп» баспасы,

тақырыпқа қатысты слайдтар.



Жалпы мақсаты

А оқушы

В оқушы

С оқушы

шешендік сөздің жанрлық түрлеріне қарай ажырата білуге дағдыландыру

тақырыпты меңгеріп, ашық және жабық сұрақтар дайындай білуге үйрету.

өз ойын нақты дәлелмен жеткізіп айта білуге, сыни тұрғыдан ойландыратын ашық сұрақтар қоя білуге баулу.

Күтілетін нәтиже

А оқушы

В оқушы

С оқушы

шешендік сөздердің үш түрге бөлінетіндігін біледі.

тақырып аясында, ашық және жабық сұрақтар дайындай алады.

Шешендік сөздердің жанрлық түрлерін нақты мысалдармен нақты дәлелдер арқылы түсіндіре алады.

Негізгі идеялар

шешендік сөздердің мазмұнына қарай үш түрге бөлінетіндігін меңгеру

Тапсырмалар

ашық және жабық сұрақтар дайындау, постер қорғау.

Оқыту әдістері

«Гармошка», «Ортада қаламсап», «Бағдаршам», «Миға шабуыл» әдістері.

Дерек көздері

ғаламтор мәліметтері, постер, маркер, бағалау бетшелері, үлестірмелер.

Каталог: uploads -> doc -> 063b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
063b -> Сабақтың тақырыбы 5-сыныпта «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында»
063b -> Сабақтың тақырыбы: «Қазанғап күйлеріндегі орындау ерекшеліктер»
063b -> Дауыссыз дыбыстар Сабақтың мақсаты
063b -> Медеубаева Ақгүл Зерттеуші: 7- сынып оқушысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет