Сабақтың тақырыбы
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сейтжаппарова А
Күні: 10 10 16ж
|
СЫНЫП: 4 А
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары):
|
оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
|
Сабақ мақсаттары:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Барлығы диктанатты жаза алады.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:Диктанттың тапсырмаларын орындай алады.
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:Диктантта қателері болады, тапсырманы дұрыс орындай алмайды.
|
Тілдік мақсат:
|
Сырмақ, алаша
|
Ресурстар:
|
Диктант жинағы
|
Пәнаралық байланыс:
|
Еңбек
|
Алдыңғы оқу:
|
Жалаң және жайылма сөйлем
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақ барысы
жоспарланған уақыт
|
Берілетін тапсырмалар
|
Бағалау критерийлері
|
Ұйымдастыру кезеңі
(психологиялық ахуал қалыптастыру)
|
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді болып жүрейік.
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз.
Диктант жазуға дайынбыз ба?
Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
Сөйлем неден басталады?
Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па?
Неліктен?
|
Мадақтау
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Жалқы есім дегеніміз не ?
Жалпы есім дегеніміз не
|
|
Жаңа сабақ
|
Әже өнері
Маржан қалада тұрады. Жазғы демалыста ауылға келді. Ол әжесін сағынып қалыпты. Әжесінің қолынан келмейтін ісі жоқ. Түрлі оюлар ояды. Текемет басады. Өрнекті сырмақ сырады. Тоқыған алашасы көздің жауын алады. Үй ішіндегі әсем мүліктердің көбі әжесінің қолынан шыққан. Маржан әжесінің осы өнерлерін үйреніп алсам деп ойлайды. (45сөз)
Жазылуы қиын сөздер: демалыста, мүліктердің.
1. Өрнекті, өнерлерін деген сөздердің түбірін табыңдар. Түбірдің астын сызыңдар.
2. Текемет, сырмақ, алаша деген сөздерге қосымша жалғап жазыңдар.
|
|
Сабақты бекіту
|
«Кір жаю» әдісін қолдану арқылы өткен сабақтарды тиянақтау. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? Тұрлаулы мүше дегеніміз не? Тұрлаусыз мүше дегніміз не?
|
Жетондар
|
Үйге тапсырма
(Білу, түсіну
|
деңгей Ережелері жаттау
2 деңгей Еңбек туралы мақалдар жазу
|
|
Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар
|
3 деңгей Сурет бойынша әңгіме жүргізу
|
|
Бағалау
|
Жетондарды санап жиынтық бағаны қою
.
|
|
Кері байланыс
|
Мен нені үйрендім? Не қиын болды?
|
|
|