Сауат ашу
Күні: 24.01.2017ж
Сынып: 1 «А» класс
|
Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
№2 Мәртөк мектеп –гимназиясы
Мұғалімнің аты-жөні: Нартаева Казина Жаксылыковна
|
|
Қатысқандар саны: 21
Қатыспағандар саны:0
|
Сабақтың тақырыбы
|
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.2.9.1 Әріпті тану. Ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.2.1.2 Оқудың түрлерін ( буындап оқу, жиі кездессетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану.
1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе сұраққа жауап беру. (мұғалімнің көмегімен)
1.1.9.3 Сөдің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.
1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама- қарсы ,мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы: Әріпті тану. Ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіре алады.
Көбі: Сөдің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтай алады.
Кейбірі: Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя біледі жіне сұраққа жауап бере алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Ж дыбысы мен әрпін дауыссыз дыбыс екендігін және ж әрпі бар сөздерді оқып, жаза алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өнер, ана тілі сабағы.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , электрондық оқулық арқылы Ж дыбысын мен әрпін таныстыр, ат жарыс 2 бейнефильм
|
Тілдік құзыреттілік
|
Жалау-флаг
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
|
Психологиялық дайындық
«Қайырлы күн»
Қайырлы күн келген қонақтарға,
Қайырлы күн қуанып келгендерге,
Қайырлы күн білсем деп келгендерге,
Қайырлы күн қыздарға,
Қайырлы күн ұлдарға,
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
|
Шаттық шеңбері
|
Сабақтың ортасы
8 минут
|
№1 (Ұ) Өткен дыбыстарды қайталап шығайық.
Ә дыбысы бар сөздерді айтып шығайық.
№2 Электрондық оқулық арқылы Ж дыбысы мен әрпін таныстыру.
Есте қалған сөздерді сұрап шығамын.
№3 «Мозайка» әдісі. 5- топқа пазла таратамын.
Сурет қиындыларынан жолбарыстың, жапалақтың, жылқының, жайлаудың, жұлдыздың пазлдың тұтас суреттерін құрастыру шыққан суреттің атауына дыбыстық талдау жасау.
№4 Мына сандардың кайсыңда Ж дыбысы мен әріп бар
2 8 7 60 70 52 20 90 100
Тақтаға және ламинатқа жаздырамын.
Жеті, жетпіс, жиырма, жүз.
« Жеті» сөзіне дыбыстық талдау жасатамын.
7 саны туралы не білесіңдер? -7 саны киелі сан.
(7 күн, 7 шелпек, 7 ата , 7 қазына)
№1 Оқылым.
1.Хормен оқыту.
2. 3-4 оқушыға оқыту.
Ат жарыс бейнеролик көрсетемін.
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
|
Сергіту сәті
1 минут
|
Музыкамен қимылды қайтала.
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ
|
Аяқталуы
16 минут
Қызықты тапсырма
8 минут
|
« Ат жарыс» 2- оқушыны шығарып Ж дыбысы бар он сөз айтып жарыстыру.
Дәптермен жұмыс. Ж әрпінің бас әрпі мен кіші әрпән жазып үйрету.
Электрондық оқулықта көрсетемін.
Ауаға жаздыру.
Дәптерге жазу
Ойын
«Сөздер банкасы» сөздерді оқып, буын санын анықтау.
Постер қорғау
Топ. Жаңбыр тамшыларынан қандай сөздер құрауға болады?
Топ. Ж әрпі бар сөздерді екі сандықшаға салу. Сөздің басында және ортасында кездесетін сөздерді ажырату.
Топ Мәтінді ретімен құрастыру.
Жарыс
Жарыс, жарыс! Жайлауда ат жарысы өтуде. Жанаттың аты желден де жүйрік. Жарастың жорғасы мықты. Кім жарыс мәресіне тез жетеді?
Топ Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Топ Суреттегі заттардың атауларын жазу.
.
|
Оқулық, дәптерлер.
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Түсінгендер жемісті , түсінбегендер жапырақты жапсырады.
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Дифференцация:
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: шағын әңгіме құрастырады.
Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: Ж дыбысы бар сөздерді дұрыс айту.
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|