Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан (маңғол ертегісі) Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата15.09.2017
өлшемі42,94 Kb.
түріСабақ
Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Түйе мен тышқан

(маңғол ертегісі)



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ертегінің мазмұны мен идеясын аша отырып, ертегіні түсініп дұрыс оқуын қалыптастыру.

Дамытушылық: Ауыз әдебиетінің бір саласы ертегіні оқи отырып қорытынды жасау, негізгі ойды табу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелелік: Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға сөзбен емес іспен мақтануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелесу, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге.

-Арайлап атқан күнге неге қуанамыз?

-Ия, балалар біз бақыты тыныш заманда өмір сүрудеміз, бұл тәуелсіздік бақытты өмір бізге қай жылы келді?

-1991 жылы 16-желтоқсанда

-Міне, содан бері осы күнді тойлаймыз. Биыл тәуелсіздікке 23 жыл болды. Қазақстанның тұңғыш президенті кім еді?

-Н.Ә.Назарбаев.



ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

  1. Қасым Аманжоловтың «Қазақстан» атты өлеңін жатқа айту, Балқаш көлі туралы мағлұмат.

  2. Балқаш көлі туралы мағлұмат жинақтау.

Өтілген сабақты қорытындылау.

-Сонымен, балалар, біз өзіміздің қазақ болып туғанымызға мақтануымыз керек. Осы өлеңді жырлап отырған Қасым Аманжолов кім?

-Ол ақын, аудармашы.

-Балалар алдымызда үлкен мереке Қазағым деп қасық қанын қиған ата-бабаларымыздың аңсап күткені орындалған арманы осы 16-желтоқсан тәуелсіздік күні.

-Сондықтан бұл күнді тойлау үшін өз білімімізді көрсете отырып өз үлесмізді үосуымыз керек.


  1. А.Қалаубаеваның «Ертегілер» әнін тыңдалады..

-Бұл ән не туралы?

-Ендеше ертегінің неше түрі бар?

-3 түрі

Жан-жануарлар, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер.



- Халықтың ұмытылмас сөздерін ертегіден табамыз. Ертегі тіл жағынан өте керек нәрсе. (Ахмет Байтұрсынов)

Ендеше мына жұмбақтарды шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашуымыз керек.



  1. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

  1. Мысықтан бұл қорқады,

Бұдан піл қорқады.

-Ендеше бүгін өтетін сабағымыздың тақырыбы. «Түйе мен тышқан» (моңғол ертегісі)

Тақтаға түйе, тышқан, күн шапағы суреттері ілінеді. Оқушылар өздері сурет бойынша ертегі құрастыруға, өз ойларын айтуға уақыт беру.

Оқушылар ойларын тыңдау.

-Жақсы, балалар ертегі былай баяндалады. (ертегіні оқып беру)

-Ертегі түсінікті ме?

-Бұл жерде ертегіні бізге беріп тұрған негізгі ойы қандай, қандай тәрбиелік мәні бар деп ойлайсыңдар?

-Мақтану, мақтаншақтық, кекшілдік.

-Мақтану мен мақтаншақтық арасында айырмашылық барма?

-Кекшілдік қандай қасиет?

(Оқушылар пікірі)



Оқулықпен жұмыс жүргізу.

Іштен, дауыстап оқыту



Топтық жұмыс.

1-топ. Түйеге мінездеме беру.

2-топ. Тышқанға мінездеме беру.

3-топ. Жабайы жануарлар мен үй жануарларының айырмашылығын табу.

«Жылдарды орналастыр» ойыны

-Балалар, жылдарды ретімен орналастырайық.

-Балалар (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз) Әр жылдың қазақ халқы өз ерекшелігі бар осы әр жылды жақсылыққа балаған.

Тышқан- тыңғылықты, сиыр-сапалылықты ,барыс-береке-ырыс, қоян-кірісті жыл, ұлу-ұйымшылдық, жылан-жаңалық,жылқы-жақсылық, қой-құт, қайырымды еңбек жемісі, мешін- молшылық, тауық-тоқшылық, ит-игі игерілген жұмыстар, доңыз-дәулетті жыл деп жақсылыққа бағалаған.

-Ертеде қазақтар адам жасын мүшелмен санаған. Оны 12 түрлі хайуан атымен атаған. 13 жас 1 мүшел содан кейін оған 12 жылдан қосып отырған. Яғни, 12,25,37,49,61,73,85,97 деп есептеген.

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.

Мақалдың жалғасын тап.

Бойыңа сенбе, ойыңа сен.



Өтілген сабақты қорытындылау.

-Сонымен балалар біз бүгін не білдік?

-Түйе мен тышқан ертегісі.

-Қазақша жыл санауды білдік.

-Мүшел жасты білдік.

-Мақтаншақтық, кекшілдіктің жаман қасиет екенін білдік.

-Сонымен балалар қазір қай жыл?

-Жылқы жылы

-Келер жыл ше?

-Қой –құтты қайырымды жыл.

Бә, бә, бә мен қоймын

Көк шөпке тойдым.

Биылғы жыл болуға

Келіп тұр ойым.

Қараңдаршы қандаймын.

Аппақ болған таңдаймын.

Биылғы жылға лайық.

Жарқырап тұр маңдайым- деп биылғы жыл құт, береке, қайырымды жыл болсын, тәуелсіздігіміз құтты болсын деп сабағымызды аяқтаймыз.



Бағалау.


Каталог: materialy -> bastaysh3
bastaysh3 -> Тақырыбы: “Халыққа жеткіз күйімді” Бастауыш сынып мұғалімі: Сүлейменова Зухра Білімділігі: Ә. Сәрсенбаевтың «Халыққа жеткіз күйімді»
bastaysh3 -> Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Самамбетова Қарлығаш Ашық тәрбие сағаты 2-сынып Тақырыбы
bastaysh3 -> Сабақ Тақырыбы: «Ол ақын болар ма еді?!»
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. Қызыл шұнақ. Сабақтың мақсаты
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы:
bastaysh3 -> Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік. Мал атасы. Дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
bastaysh3 -> Мақсаты: а білімдік мақсаты
bastaysh3 -> Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
bastaysh3 -> Сабақ жоспары. Әдебиеттік оқу


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет