Сабақтың тақырыбы: Зақымданулар. Зақымдану түрлері: атрофия, анықтамасы. Атрофия жіктелуі. Сағат саны: 45 мин



бет53/58
Дата29.06.2024
өлшемі0,63 Mb.
#203502
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
МІК әдістемелік өңдеу

Ісіктің өсуіІсіктің толысу дәрежесіне қарай, үш өсу түрі (жолы бар: экспансиялы, аппозициялы, инфильтрацияль (инфазиялы).
Ісіктердің морфогенезі
Ісіктердің морфогенезін ісікалдылық, ісіктің қалыптасу және ісіктің өсу кезеңдеріне жіктеуге болады.Ісіктер өзінің даму барысында, көбіне ісікалдылық өзгерістер кезеңінен өтеді. Дегенмен, қатерлі ісік ісікалдалық кезеңінен өтпей-ак, бірден (de nove) қалыптаса да алады.Ісікалдылық өзгерістерді анықтаудың теориялық қана емес, практикалық маңызы да өте зор. Оларды анықтау арқылы ісіктің туындау қауып жоғары, «қатері мол» мүшелер тобын айқындап, ісіктердің алдын алып, диагнозын дер кезінде қоюға мүмкіндік туады.
Ісіктердің классификациясы мен морфологиясы
Ісіктердің қазіргі классификациясы, олардың морфологиялық құрылысын, дамыған орнын, жеке мүшелерінің кұрылыстық ерекшеліктерін, қатерсіз немесе қатерлілігін ескеріп, гистогенездік үстанымға негізделе кұрылған. Бұл классификацияны Халықаралық ракқа қарсы күрес бірлестігінің ісіктер номенклатурасының Комитеті ісіктерді атауда барлық елдерде үндестік болу үшін ұсынған. Классификацияда ісіктер 200-ден астам атауларды қамтитын 7 топқа жіктеген.
I. Спецификалы даму орны жоқ (органбейспецификалы) эпителийлік ісіктер.
II. Экзо- және эндокриндік бездер мен жамылғылық эпителийдің (органспецификалы) ісіктері.
III. Мезенхималық ісіктер.
IV. Меланантүзетін тіннің ісіктері.
V. Жүйке жүйесі мен ми қабықшаларының ісіктері.
VI. Қан жүйесінің ісіктері.
VII. Тератомалар.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 30мин (33,5%)
1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау
2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу
Макропрепарат:
А) «Жатыр обыры» макропрепараттың сипаттамасын жазу.
Б) «Аталық бездің цистаденомасы» макропрепараттың сипаттамасын жазу.
Микропрепарат:
А) «Тері папилломасы» препартаттың микроскопиялық зерттеуі
Б) «Сүт безінің фиброаденомасы». препартаттың микроскопиялық зерттеуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет