Жайсыз хабар
Бұл күндері Раушан мен Сәуленің көңіл-күйлері онша болмай жүрді. Екеуі де жөнді ұйқы көрмеген. Бірін-бірі бақылап, бірін-бірі зерттеп жүрген адамдар сияқты. Сәуленің біраз сырын білгеннен кейін Раушанның бойында шын мәнінде де бір қорқыныш сезімі пайда бола бастаған-ды. Раушан осы қызды су асты сапарына бірге алып кетпек болғанда өзі қарсы тұрып еді. Ол кеткеннен кейін өзінен-өзі ерекше қауіптене бастаған. Сәулемен кішкене болса да емін-еркін сөйлесетіні де Айдынбектің барында екен. Ол кеткен күннен бастап, бұл үйде көңілсіз бір күй орнаған. Үш мезгіл тамақ ішкенде де, жай бір босаң отырғанда да шешіліп әңгімелескен емес. Екеуі бір үйдің бәйбішесі мен тоқалының күйін кешкендей. Алыста жүрсе де Раушанның Айдынбекке деген қызғанышы арта түспесе, кеміген емес. Түн мезгілінде тып-тыныш ұйықтай алмай дөңбекшитіні, «Сәуле бір түнде зым-зия болып сол мұхит тереңіне кетіп қала ма» деп қорыққанынан туындайтын. Дәл өзі сияқты Сәуле де тыныш ұйықтаған емес. Оның өз ойы өзінде. Раушан әрбір түн сайын ішінен: «Ері мұхит тереңін зерттейтін ғалым болған әйелден артқан бақытсыз жан жоқ екен бұл жалғанда» деп те өкінген.
Ал Сәуле мен екіарадағы әңгімесі болса да жарасар емес. Оның ешқандай кінәсі жоқ болса да біртүрлі, ішінен жақтырмайды. Жақтырмайтыны, сол бір қызғанышынан. Сәуленің ренді жүзін, жас қызға тән ерекше қылығын көрген сайын күйінеді. Ол қаупі: «Бірде болмаса да бірде Айдынбекті өзіне Қарай баурап әкете ме?» деген қауіп еді. Ең басты қауіп те осы. Раушан кей түні ұйқысынан селт оянып кетіп, жаймен ғана орнынан түрегеп, есігі сәл ғана ашық тұратын Сәуле жатқан бөлмені сығалап қарайды. Оның жұп-жұқа көрпемен жабылған сұлу денесі, қос анары, жан-жаққа жайылған мөлдір қара ұзын шашы Айдынбек түгілі өзінің де жүрегін шымырлатады. Ал оған еркек қалай кызықпасын?! Тек сұлулығы ма, Сәуленің ақылы мен парасаты, білімі мен ілімі де өзінен тау асып жатыр. Оған қоса Сәуленің пәк сезімі, жас баладай аңғалдығы, сенімпаздығы, үлкенге ілтипат көрсетіп тұратын кішпейілділігі кім-кімді де тез баурап алады. Сәуленің бойында осы қасиеттердің бәрі бар. Ұлы Жаратушы оған осының бәрін де аямай бере салған. Әрине, Раушанның өзі де ешқашан да Құдай алдында бірдемеден кендемін деген жан емес. Өзін қашан да көп әйелдерден ілгері санайды. Айдынбектің көңілін де таба біледі. Тек бір ғана нәрсе жетіспейді Айдынбек екеуіне. Ол — баяғы бір перзент. Перзенттін болмағанына Раушан да кінәлі емес, тағдыр солай. Денсаулығы көтерсе, біреу емес, бірнеше бала тууға да даяр. Бірақ құдай бермеді. Алғашқы перзентін іштегі алты айлығында денсаулығына байланысты дәрігерлер алып тастады. Содан кейін бедеу. Айдынбек ғалым болған соң, соның ізіне шындап берілген соң да бұл жағына терең бара бермейді, кейде ойына түскенде аһ ұрғаны болмаса... Бірақ ондай өкініштін өзі де Раушанды о дүниеге жақындатып қайтарады. Айдынбектің балажандығы да Раушанның жүрегін жиі ауыртады. Кейде өзі: «Осы Айдынбектің перзенттік бағын байламай кетіп калсам ба екен» деп те ойлайды. Бірақ артынша жар дегендегі жалғыз күйеуін, ғалым, ақылды, парасатты, түсінігі терең күйеуін ешкімге де қимайды. Ол қызғанышы мен қимастығы, әсіресе, мына Сәуле үйде пайда болғалы күшейіп те кеткен. Өйткені, кейде болмаса да кейде Айдынбектің ықыласы қанша дегенмен де Сәулеге қарай ауып тұрады. Оған басты бір себеп, екеуінін арасындағы бір құпия сезім сияқты. Айдынбек те, Сәуле де күй сазы десе, ішкен астарын жерге қоя тындайды. Ал Раушан әуен атаулыға жоқ. Ол тек Айдынбек үшін ғана тыңдаған болатын. Одан гөрі бүгінгі заманның әуендері мен билерін тама- шалағанды ұнатады өзі. Бұл өзі үшін еш құпия емес. Сәуле Айдынбек үшін сол әуен құмарлығымен, күй қүдіретін түсінетіндігімен ерекше сұлу көрінсе де керек. Жалпы, сұлуға көз салмайтын еркек болмайды. «Қызға кім сөз айтпайды, қымызды кім ішпейді» деген мақал ел арасында бекерден бекер тараған ба? Мұның екінші жағы перзентсіздікте жатыр. Егер Айдынбек перзетті болса, қызға көз қырын салып әуре де болмас па еді. Раушанға бұл ойлар тек ауыр көңіл-күй сыйлаумен келеді.
Ал Сәуленің ойы мүлдем бөлек. Онда Айдынбекті өзіме қаратып алсам деген ой ешқашан да болған емес. Бірақ Айдынбекті іштей ұнататыны анық. Бар сезімі ішінде. Тек сыртқа шығара алмайды. Қыз құпиясы қырық деген де осьг. Сәулеге Айдынбектің ғылымға берілгендігі, ізденімпаздығы, батылдығы мен білімділігі ұнайды. Өзінің білімі де жетерлік. Өз ғаламшарындағы өз елінде жастайынан оқыған. Ондағы білім беру жүйесі де Жер ғаламшарындағыдан бөлекше. Мұндағы сияқты сабақта берілген тапсырмаларды оқып, жаттап әуре болмайды. Тек өзіне қажетті деген сабағын ғана оқиды. Сәуле өзіне қажетті білімді бес жасында-ак, алған. Өзі қалаған мамандығын тандады. Одан кейінгі, бойжеткенге дейінгі өмірі жұлдызаралық кемеде өтті. Енді, міне, Жер ғаламшарының тұрақты тұрғынына айналып шыға келген. Әрі отбасының құрамына енді, оның белді бір мүшесі болды.
Өмір осылайша жалғасуда. Өзі бір көргеннен ұнатқан Айдынбектің үйіне келіп орналасқанына Сәуле қашан да іштей риза. Тек анда-санда болса да Раушанмен тіл табыса алмай қалатыны болмаса. Раушан жаман әйел емес. Бәрін де түсінеді. Бірақ Сәуле көрікті де білімді болған соң қызғанады, ол қыз- ғаныш екеуінін арасында кейде келіспеушілік жағдайын да туғызады. Раушанның ойынша, Раушан қанша уақыт бірге тұрса да Сәуленің көп құпия сырын анық білмейді. Сондықтан Да ол оран әр кез күмәндана қарайды. Сол күмәнданудың нәтижесінде екеуінің арасында кейде түсініспеушілік сезімі пайда болып та жатады. Солай бола тұрса да Сәуле Раушанның айтқанын екі еткен емес. Соның өзінде де жаға бермейді. Айдынбек мұхит тереңіне кеткелі Раушанның мінез-құлқы да көп өзгергендей. Ол жиі ренжиді. Ештемені жақтырмайды. Сәуле болса да, оның қас-қабағына қараумен жүреді. Барар жері, асар тауы болмаған сон қайтсін. Су тереңінде үнемі болу еш мүмкін емес. Қанша төзімді болса да аса терең мен аса жоғары су қысымында арнайы киім киюіне тура келеді. Ондай киімнен денесінен шығатын жарық та көмек бере алмайды. Қосымша қуатты шам қажет. Өзі де сондай шамның күйіп кеткенінен адасқан жоқ па еді өз сапарластарынан. Дегенмен де Сәуле бұл құрлықта да әрекетсіз қалған емес. Соңғы кездері Сәуле қала ортасын жара ағып жатқан кең арналы, суы тереңдеу арынды өзен суына түскенді де шығарған. Өзіне бассейнге шомылуға тыйым салынғалы бері осы жолды тапқан. Суға түспей тұра алмақ емес қыз бұл құрлықта. Бассейнде болған оқиғаның күллі қалаға тарап кеткені Сәулеге осындай зиян әкелді. Бірақ өзі үшін мына арынды өзеннің ағынды таза суы да жаман әсер берген жоқ-ты. Сәуленің басқа ерекше қабілеттеріде радио-теледидардан айтылған, көрсетілген, газет-журналдарға жазылған. Енді Сәулені таныған адам алыстан айналады. Басқа түгілі, үйдегі осы Раушанның өзі де Сәуленің қолынан ұстауға құмар емес. Сақ жүреді. Осындай көңілге кірбің келтіретін нәрселер күн санап көбейіп те бара жатқандай. Әсіресе, бұл жағдай Айдынбек жоқ күндерде жиілеп кеткен.
Сәуле осындай-осындай күндерді басынан кешіп келеді. Бүгін де ол төсегінен көңілсіздеу тұрды. Шамалы дене жаттығуын жасап, жуынып-шайынғаннан кейін автомат-асханаға тапсырыс берді. Ал Раушан әлі ұйқыда еді бұл кезде. Тамақ дайын болғанда оны Сәуле жаймен ғана оятқан. Раушанның да көңіл-күйі бәсең. Тамаққа да әзер келген, екеуі екі орындықта одырайып-одырайып отырып тамақ ішкен болды. Раушан Сәулені қанша жақтырмаса да онан қашып құтылар жердің жоқ екенін жақсы сезеді. Сәулені енді өз отбасына кім ала қойсын. Мұндайда тек Айдынбек қана батыл. Ол өз отбасына осындай көкейкесті мәселені тудырып та алған. Ғалымдар болса да қызды өздеріне жақындатпайды. Олардың көбі тек тиіп-қашқанды ұнатады. Рас, бұл үйге ғалымдар жиі келеді, қызды да академияның арнайы зерттеу институтына жиі алып кетеді. Ал негізгі тұрағы осы үй, осы пәтер. Ғалымдар- дың ізі Айдынбек мұхит тереңіне ғылыми зерттеу сапарына кеткелі ғанатыйылған. Үй-ішінің бір жаққа көшіп кеткендей жым-жырт болып қалғаны да содан-ды. Алғашында бұл екеуіне де біртүрлі көрінген. Адам неге үйренсе, соны іздеп тұрады емес пе? Мейманның ағылып-төгіліп келіп-кетіп жатқаны да бір ырыс. Қайта Раушан да, Сәуле де сондай-сондай жағдайлармен бір-бірінің жақтырмас көңілдерін ұмытатын. Енді ол да жоқ. Бірақ, амалдары қанша, екеуі де бұл тыныштыққа да үйрене бастаған. Раушан болса да Сәуле осы үйге келгенге дейін мейман дегенді сирек көретін. Айдынбек екеуі аквариум мен окенариумдағы балықтарды, бөлме-бөлмедегі ақпарат құралдарын және тағы басқадай заттарды қызықтаумен шектелетін. Ал Сәуле келгелі мейман ағыла берген. Енді міне, Айдынбек жоқта екеуі ғана тап осылайша тамақтанып, тап осылайша өз тірліктерін жасаумен жүр.
Бүгін де екеуі бір-біріне томсырая қарап қойып тамақтан соң өзді-өзді істеріне кіріскен. Сәуле өз бөлмесінде, Раушан өзінде. Осылай уақыт өтіп жатқан еді. Түске таман бейнетелефон қоңырауы сыңғыр ете түсті. «Айдынбек болар» деп үміттенген Раушан жатқан төсегінен ұшып түрегеліп, бейне- телефонның қосу түймесін нұқыды. Экран жарықтанғанда одан Айдынбек емес, Қазақ Ғылым академиясының басшысының жүдеу бейнесі көрінді. Әншейінде бұлайша бейнетелефон соқпайтын академиктің неге бүгін хабарласа қалғанына Раушан таң болып, жүрегі де сәл-пәл дүрсілдеп қоя берді. Ол кісінің сәлемін алған бойда Раушан:
- Сәлеметсіз бе, аға? - деді жымиып.
- Хал-жағдайларың жақсы ма? - деді академик.
- Бәрі жақсы, аға, - деді Раушан жиі-жиі басын изеп.
- Ал енді, қарағым, мезгілсіз бейнетелефон қонырауын соғып мазалағанымды айыпқа бұйырмаңыз. Мынандай бір жағымсыздау хабарды айтайын деп едім, қарағым. Мұндайда ұстамдылық керек. Айдынбектер су тереңінде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген «Жайынға» қандай да бір бөтен су асты кемесі кезігіп, соның құпия ықпалынан қатты шайқалысқа ұшырапты. «Жайын» содан сон өз осінде шыр айналған.
- Өздері аман ба әйтеуір? — деп Раушан шошып кетті.
- Аман. Бәрі де дін аман, айналайын.
- Ал олар казір қайда?
- Айдынбек те, басқалары да осында, қарағым. Оларды әуе кемесі осында алып келді. Әуежайдан тіке орталык арнайы ауруханаға жеткіздік. Айдынбек өзгелерден гөрі көбірек жарақат алған. Бірақ жағдайы бірқлыпты. Ол жағын уайым етпеңіз.
- Орталық ауруханада дедіңіз бе? - деді Раушан есеңгіреген адамдай қайталап сұрап.
- Өзіміздің академияның қызметкерлерін қарайтын орталық ауруханада. Уайым етпеңіз, Раушан келін. Бәріде жақсы болады.
- Оның қай бөлімінде екенін айтпайсыз ба, аға?
- Емдеу-қалыпқа келтіру деген бөлім ғой.
- Емдеу-қалыпқа келтіру дейсіз бе?
- Иә, Раушан қарағым. Көбірек жарақат алған.
- Қай жерінен?
- Қорқатын ештеме де жоқ. Дәрігер-ғалымдардың айтуларынша, кеме ішіндегі тіреу-темірлерге қол-аяқтарын соғып алған.
Раушан осы сөзден кейін не айтарын білмей тығылып, екі көзіне жас алып, экранға қараған бойы кідіріп қалды. Академия басшысы енді сәл ыңғайсызданғандай экранда бір қырын отырды да:
- Еш уайымдамаңыз, бәрі де жақсы болады, - деді.
- Қазір барсам, мені кіргізе ме онда? — деді Раушан ол кісіден көп нәрсені тезірек біліп алғысы келіп.
- Ол жағын білмедім, қарағым, — деді ғалым, — мен әзірге білетіндерімді ғана жеткізіп отырмын сізге. Жастар жағы сізге бейнетелефон қоңырауын соғуға бата алмай менен өтінген. Мен сол тапсырманы орындап отырмын, - деп сәл ғана жымиды академик.
- Мен сізді түсіндім, аға. Хабарлағаныңызға көп рахмет, — деді Раушан сабырлы үнмен өзінің үлкен кісімен сөйлесіп отырғанын есепке алып.
- Жағдай осылай. Бірақ уайым кешетін ештеме де жоқ. Өмірде бәрі де болады. Аман-сау болайық, — деді ғалым.
- Аман-сау болыңыз, аға, — деп Раушан бейнетелефон экранын сөндірді.
Содан ол кейін қарай бұрылғанда арқа тұсында бар әнгімені бастан-аяқ мұқият тындаған Сәулені көрді. Бірақ оған ештеме де деген жоқ. Орнына, жаймен ғана тұрды да, үш үлкен терезенін алдына барды. Екі көзінен ыстық жас парлап ала жөнелген. Осы бір аз ғана уақыттың ішінде ол біршама оқиғаны көз алдына әкеліп те үлгерді. Жанағы үлкен кісінің сөзінен кейін Айдынбек пен оның сапарластары мінген үлкен сүңгуір кеменің су тереңінде өз осінен қалай шыр айналып, олардың қалай құлап, темір-темірге соқтығысып, күрделі жүйелерден от жарқылдарының қалай шыққаны көз алдына елестеп те кетті. Оны Сәуле өзінше елестетуде. Оның үстіне Сәуле Айдынбек пен сапарлас ғалымдар мінген кеменің қандай бөтен кемемен кезіккенін шамалап білді. «Бұл оқиғаға негізгі себепші болған мына мен шығар» деп те қойды ішінен. Тап қазір осы үйден ата шығып, мұхитқа қарай ұшатын әуе кемесіне отырып, солай қарай ұшып кеткенді де жөн көрді. Тек қолы қысқа, аяғы қысқа. Мұхит әлемі бұл қала түгілі қазақ еліне де жақын емес. Оған тек әуе кемесімен ғана жылдам ұшып жетуге болады.
Ал ғалымдар болса, арнайы әуе кемесімен сол мұхиттың жағалауына барып бірақ түседі. Содан кейін сондағы арнайы қалашықта дәрігерлік бакылау-тексерулерден өтіп, «Жайын» атты сүңгуір кемесіне ауысады. Ал Сәулеге ондай жағдайды кім жасамак дәл қазір. Жасамақ түгілі, халык сақшыларының көзіне түссе, олар тез ұстап алып, қайтадан осы үйге әкеліп салмай ма? «Бәлкім, менен адасып қалған немесе мені мұнда әдейі тастап кеткен сапарластарым қайтып оралған шығар» деп бір ойлады Сәуле ішінен. Бірақ әзірге оған толық көзі жетпеген соң ештеме дей алмады. Оның үстіне үлкен терезенің алдында өзіне сөз айта алмай екі көзінен ыстық жас парлап, іштей тығылып тұрған Раушанның күйі де мысын да, көңіл- күйін де басып жіберген. Бар болғаны сол тұрған орнында қозғалмастан Раушанның өзінен сөз күтті. Раушан сәлден соң екі көзінің төменгі жиектерін екі қолының сұқ саусақтарымен екі жаққа қарай сүртіп алып, бері қарай кілт бұрылды да:
— Сәуле, жаңағы хабарды өз құлағыңмен естідің ғой, академияның орталық ауруханасына баралық, — деді.
— Мен де барайын ба? — деді таңырқағандай болған Сәуле.
— Әрине, сіңілім. Бірге барамыз.
— Онда мен дайынмын.
Сәуле әрі қуанып, әрі толқығанын сездіргісі келмегендей тез-тез басып өзінің жатын бөлмесіне еніп кетті. Раушан да жылдам жиналды. Екеуінің бойында да әйел атаулыға тән сабырлылық деген атымен жойылған. Раушан қашан сүйікті ерінің жүзін көргенше, онымен тілдескенше дегбірсізденіп жүр. Бейнетелефонды косып жіберіп, жеңіл жедел көлікке тапсырыс берді. Бұл кезде Сәуле де қарапайым ғана киініп, жолға шығуға дайын тұрды.
Алғаш айтылған сыр
Адам баласы денсаулығы бар кезде көп нәрсені терең ойлай бермейді екен. Ондай адам өзін мына дүниеде мәнгілік жүре беретіндей сезінеді. Ондай денсаулықты адам ауырған адамның жағдайын да толық түсіне бермейді. Айдынбек осы кезге дейін дәрігердің кім екенін, аурухананың не екенін білген емес-ті. Жас кезінен денешынықтырумен айналысқанының, таза ауаға жиі серуендегенінің нәгижесі шығар. Өсе келе ғылым жолына түскен. Сонда да ол жаттығулар жасауын тоқтатқан емес. Мезгілімен тамақтанып, мезгілімен ұйықтап жүрген. Ауру дегенді соның арқасында сезбеген екен. Раушан талай рет пышаққа түскенде оны іштей аяса да, жаны бөлек, тәні белек, өз алдына автономды тіршілік иесі болған соң да дәл Раушанның өзіндей қатты жаны ауырып көрмеген. Сондықтан да өзіне ауру деген жай бір ғана болмашы қиналыс сәті болып сезілетін.
Сондай денсаулықтың арқасында ештеме ойламаған Айдынбек ылғи да кей жоспарын болашағына қарай ысырып тастап отыратын. Келешегінен үміт күтетін. Ол, тіпті, Раушанның келешекте дәрігерлердің көмегі арқасында жазылып, перзентті болатынан да үмітін үзбейтін. Өзінен қалған ғылыми еңбектерін ертенгі күні, өзі тіршілігін тоқтатқан күні одан әрі жалғастыратын ұрпақтың керек екенін де аз ойламайтын. Әсіресе, ол бұдан да көп еңбек сіңірмегені үшін өз халқы алдында өзін кінәлі санайтын. Атақдегеннен бойын аулақсалатын. «Атақты әлдекімдер емес, халық беруге тиісті. Сол ғана нағыз атақ-данқ болмақ. Ал ол үшін мен өмір бойы еңбек етуім керек. Ұлы Жаратушы мені еліме еңбек етіп кетуім үшін жаратқан болар бұл дүниеге» депте қоятын ол ішінен кей кезде. Оның түрткісі де ұрпағы болмақ. Ұрпағы үрдісті адамның есімі мәңгі қалмақ. Перзентсіздіктің салдарынан өзі қаншама үбірлі-шүбірлі болып кеткен достарынан ажырады. Ғылым ұрпақ бола алмайды. Ұрпақ ғылымды жасайды. Мәселе де осында. Ал Раушан екеуі болса перзенттің орнына қаңыраған көп бөлмелі пәтерлеріне қымбат жиһаздар жинаумен болды. Үй океанариумы мен аквариумын да орнатты. Сол шағын су әлеміндегі балықтар мен су асты жәндіктерінін әрекеттерін қызықтаумен уақыттарын өткізді, соған алданды. Одан кейін үйге Сәуле есімді ғажайып сұлу, ақылды қыз келді. Онымен махаббат сезімін терендетудің орнына оған ғылыми тұрғыдан қарап, бақылаумен болды. Одан не ұтты? Ештемеде, әрине.
Енді бүгін оның денсаулығына үлкен нұқсан келгеңде жан- дүниесінде терең бір бетбұрыс болды. Аурухада көп жата алмай, одан сұранып үйге шықты. Ондағы үміті Раушан мен Сәуле еді. «Бірі болмаса, екіншісі күтер. Жалғыз қалмаспын» деп ойлады. Ол ойы дұрыс та еді. Ауруханадан гөрі өз ойынша үйде емделген әлдеқайда жақсы. Келгелі Раушан да, Сәуле де зыр қағып жүгіріп жүр-ау. Айтқанын әкеледі. Ішкені - алдында, ішпегені — артында. Көңілін сұрап келушілер де көп. Бұрынғы бұрынғы ма, енді ғалымдар үйге одан да жиірек келіп, Айдынбектің де, Сәуленің де жағдайларын сұрайды, бөтен қызды бақылайды, зерттейді. Ал Айдынбектің ойы соңғы күндері мүлдем басқа нәрсеге ауған еді.
Ол - Сәуле. Айдынбек те Сәулені бір көргеннен, бір көргеннен емес-ау, су тереңіндегі кеме ішіндегі алғашқы сәулесінен ұнатқан болатын. Ал оның күй сазына бергісіз әуені мен дыбысы оның жүрегін әлдеқашан жаулап алған. Одан кейін Сәуле үйге келді. Өзінің талай сынынан өтті. Сәуленің өзін шын жүрегімен ұнататынын да Айдынбек көптен сезіп жүрген. Тек екі жақта соны білдіруге де, айтуға да батпаған. Енді оның да уақыты келген тәрізді. Оған су астындағы әлгі бөтен кеменің «Жайынды» шыр айналдырып кеткені басты себеп болды. Енді міне, ауырып, басына күн түскенде кімнің кім екені де өз- өзінен айғақтала бастаған. Раушан талай рет пышаққа түскенде түн үйқысын көрмей жүгіріп еді-ау? Енді, міне, өзі алғаш рет өмірінде ауырғанда Раушан салқындап сала берді. «Бұл не? Махаббат па? Әлде есепті махаббат па?» деген ой мазалады Айдынбекті. Сәуледе мін жоқ. Ол күні-түні өзін бақылап, зыр жүгірумен жүр. Раушан да алғашында бірер күн солай етті де, ауруының ұзакқа созылатынын білгенде осылайша салқындап сала берді. Кешке ерте жатып қалады, ертеңгілік кеш тұрады. Ол кездегі бүкіл нәрсені Сәуле ғана жасайды. «Егер Сәуле болмағанда, менің тағдырым қиын болады екен- ау» деп те ойлап қойды Айдынбек. Одан кейінгі өткен күндердің бірінде Айдынбек ішінен: «Денсаулығым мынандай дәрежеде. Рас, кезінде бәрін де жасадым. Мұхит тереңін ұзақ зерттедім. Талай жаналық та аштым. Енді күнім өтуге таяу. Анау-мынау болып кетсем, менің үйдегі том-том ғылыми еңбектерімді кім әрі қарай жалғастырады. Кім мені қара топырақтан аршып алады. Рас, менің шәкірттерім көп. Бірақ мұра етіп ұстайтын, әкем деп шырылдайтын ұрпақ қана емес пе?» деп те толғанғанды. Осындай-осындай ойлардан соң Айдынбектің назары күн санап Сәулеге қарай ауа түскен. Онымен оңашада сыр бөлісуді мақсат тұтты. Оның бар сырын батыл сұрамақ.
Сол ой-арманының сәті де дәл бүгін түскен. Раушан жұмыста. Үйде Сәуле екеуі ғана. Ол Раушан айтқан, көрсетіп берген үй жұмыстарын бұлжытпай орындап жүр. Сонымен бірге қыз Айдынбек айтқан нәрселерді де дер кезінде жасап тастайды. Адамның мінез-құлқы мен адамгершілігі де осындайда ай- қындалмақ. Айдынбек қыздан осы кезге дейін жаман қылық күткен емес. Сәуле де ол сенімін ақтауға тырыса түседі. Бүгін дәрігердің де келетін күні. Айдынбек қызды өзіне шақырды. Ол жеңіл басып тез жеткен. Сол сәтте ғана Айдынбек қызға алғаш рет тіке қараған. Қыз одан жүзін бұрып әкетті. Ғалым сонда да оған қарауын қоймады. Ол әдетте досы мен дұшпанын осылай қарау, ішкі ойын оқу арқылы ажырататын. Көңілінде бір кірбің бар адам әдетте осылайша көзін тайдырып әкетеді немесе жиі-жиі жыпылықтатады. Қарамауға тырысады. Төмен қарап тұрып сөйлейді. Ал адамдық ардан айрылған кейбірі қаламаса да тіке қарап тұра береді. Айдынбек адамдардың кім екендерін бір-бірінен сөздеріне қарап та ажыратады. Ал Сәуленің жайы басқа. Біріншіден, ол он екіде бір гүлі ашылмаған кыз. Екіншіден, өзге жұлдыз жүйесіндегі әзірге белгісіз ғаламшардың өкілі. Айдынбек осы кезге дейін қыздың өзге ғаламшарлық екенін біле тұрса да, ол жөнінде артық сөз козғаған емес. «Әбден бізге үйренсін. Уақыт көп. Қайда барар дейсің. Бірде болмаса бірде сұрап білермін» деп жүре берген.
Енді өткендегі күтпеген оқиға мен денсаулығының бұзылғаны ол жайбасарлығына балта шапты. Жан-дүниесінде көп өзгерістер болды, ширай түсті. Бүгінгі істі ертеңге, ертеңгі істі басқа күнге қалдыруга болмайтынын түсінді. Жоспар жасап қойып, істі кейінге қалдыра берудіңде жөн емес екеніне көзін жеткізді. Сондай бір жоспарының күні кеше ғана күрт бұзылғанын да өз көзімен көрді. Мұндай ауыр жарақат түгілі адам өмірінің кез келген уақытта кілт үзілетініне мән бере қарады. Қаншама жоспар жасап еді. Соның қаншасы орындалды. Қаншасы орындалмай сол қалпында қалды. Енді бүгін соның бәрін де саралайтын кез келген. Соның ең бастысы - перзент. Еліне қанша еңбек сіңірсе де, бұл дүниеден ұрпақсыз кету мәнді емес. Осыншама уақытта жазған еңбектеріне өзінің көзі кеткенде кім ие болып қалмақ? Айдынбек бұл мәселені бірінші рет қозғап, толғап отырған жоқ. Рас, өзінің еңбегін зерттеушілерде табылады. Ал сол зерттеушілерге көмек көрсетіп, қалдырғандарын асыл мұраға айналдырып ұстайтын кім болмақ? Өмірден өтіп кеткен көптеген ғұламалардың еңбектерін мұнтаздай етіп ұстап, сақтап, қажетті жерлерге ұсынып, әке аты мен еңбегін жаңғыртып жүретін де сол ғұламалардың ұрпақтары емес пе еді? Жас деген жұбайы да қартайып дүниеден өтер бір күні.
Осындай ойлар Айдынбекті күні-туні мазалаған-ды. Сәуленің бұл оңашалығы осындай ойларын жүзеге асыратын алтын уақыты еді. Сондықтан да Айдынбек Сәулеге біршама қарап алған соң, оны жанына отырғызып сөз бастады.
- Мен су астында, кемеде қатты жарақат алдым, — деді ол жай ғана, — оны өзің де жақсы білесің. Өмірімде дәл осындай құбылыс, осындай сәтсіздік болады деп ойлап көріппін бе мен. Мең әлі бұл дүниеден түңілдім деп те айта алмаймын. Мен әлі жазыламын, қатарға қосыламын. Адам баласы бұл дүниедегі жоспарын, арман-мақсатын өле-өлгенше орындай алмай кетсе, одан өткен қасірет те жоқ екен. Ондай адамдар о дүниеде де өкініштен арылмайды деп ойлаймын. Тек маған ренжімеңіз, Сәуле. Мен шаршаған сияқтымын ба?
- Жо-жоқ, - деп қойды Сәуле оған.
- Менің бірінші білмегім, сіз қай жұлдыз жүйесінен, қандай ғаламшардан келдіңіз, соны айтыңызшы?
- Айдынбек аға, сіз неге сонша түңілдіңіз бұл өмірден? - деді қыз жеңіл күрсініп, — денсаулығыңыз түзеліп келе жатыр емес пе?
- Оны өзім де сеземін. Рахмет, көңіліңізге. Әуелі менің жаңағы сұрағыма жауап беріңізші.
- Біз өздеріңіз Бикеш деп атайтын шоқжұлдыздағы қазақ тіліне аударғанда Мұхит деген мағынаны беретін ғаламшардан келгенбіз.
- Бикеш шокжұлдызы?.. - Айдынбек ойланып қалды.
- Сіздер оны осылай атайсыздар.
- Иә, оны мен білемін, Сәуле. Жұлдызды әлемді танымайтын қазақ жоқ.
- Ол күллі жұлдызды әлемнің орталығы...
- Оны да білемін. Біз мұхиттереңін зерттеумен айналысқанымызбен, жұлдызды әлем жайлыда көп оқимыз. Сонда сіздер Жерімізге қандай мақсатпен келіп едіңіздер?
- Мақсатымыз, осы ғаламшарды жан-жақты зерттеу болатын.
- Ол мақсаттарыңыз орындалды ма?
- Солай десе де болады.
- Ал сапарластарыңыз қайда?
- Мен олардан су тереңіндегі бір тас қараңғы үңгір ішінде адасып қалдым.
- Сонда олар қазір қайда?
- Одан ешқандай хабарым жоқ, аға.
- Ал олардың сізді естеріне алып мұнда қайтып оралулары мүмкінбе?
- Мүмкін. Бірақ, олар мені өздерімен бірге әкете қоймайды.
- Неге олай дейсіз?
- Ол жағын мен сізге кейінірек түсіндірермін.
- Сендей әдемі де, ақылды қызды қалайша киып мұнда тастап кетті екен, ол бәтшағарлар?!
- Олардың өмір сүргілері келеді.
-Түсінбедім. Кімнің өмір сүргісі келмейді?
- Әрине, ол түсінікті...
Бөлме ішінде тыныштық. Айдынбек отырған жұмсақ диванның биік жақтауына мойны мен басын шалқайта тақап, екі көзін тарс жұмып бір сәт үнсіз отырды. Содан соң Сәуленің ойына әлдеқандай бір ауыр ойды артып алғандай: «Қайдағы қажетсіз нәрсені сұрап нем бар еді» деп те іштей өкініп алды. Содан соң бойын тез тіктей ұстады. Сол кезде Сәуле:
- Сіз шөлдеген жоқсыз ба? — деді жай ғана.
— Жоқ. Рахмет. Шөлдеген жоқпын. Менің шөлім басқа...
— Көңіліңізде жүрген арманыңызды сеземін, - деді Сәуле жай ғана.
— Оны қайдан білесіз? — деп Айдынбек елең ете түсті.
— Айтып қайтейін. Бірақ сеземін.
— Мен де білемін, - деді Айдынбек қызға қадала қарап отырған бойда, - тек дауыстап айта алмаймын. Айтуға хақым да жоқ сияқты. Сіз өте жассыз. Ал мен...
— Біздің салт-дәстүрлеріміз сіздердікіне өте ұқсас, - деді Сәуле Айдынбектің мандайын оң алақанымен ұстап, тексеріп қойып, — ол жағынан еш қам жемеңіз.
Әуенімізде келеді. Мен бұл үйге келгелі домбырамен тартылған күй арқылы көптеген нәрсені түсіндім. Сіздің ішкі сезіміңізді де өзіңіз сол құдіретті домбырамен шерткен күйлеріңіз арқылы түсіндім. Сіз де мені әуенім арқылы қаладыңыз. Жан дүниеме ендіңіз. Мен бұл ғаламшардан сіздей жанды кездестірген жоқпын. Сол үшін де бұл үйден осы кезге дейін кете алмадым. Әйтпесе, мен қай жаққа да оп-оңай жол табар едім...
— Мені қойыңызшы, — деді Айдынбек сәл толқып, — әуен мен күй сазын менен де терең түсінетін, оны зерттейтін мамандар бар. Ал менікі жай әуесқойлық қана. Ал, бірақ күй мен әнді түсінбейтін қазақ жоқ. Оны білмей ұят. Домбыра деген құдіретті саз құралын құрмет тұтпайтын, үйінің төргі қабырғасына іліп ұстамайтын қазақ жоққа тән. Домбыра кез келген қазақтың үйінде бар. Мен де күй шерту мен ән айтуды өз бетімше үйренгенмін. Бұл саз біздің қанымызға сіңген саз. Студент кезімде домбыра үйірмесінде болдым. Көптеген домбыра оркестрінде күй шерттім. Ондай ортада отырғанда одан артқан ғажайып дүниені ешқашан да сезбейсің.
— Сіз домбыраны да, қылқобызды да жақсы тартасыз, — деді Сәуле. Сіз оларды тартқанда менің бүкіл жан дүнием тербеледі. Мен сізді сол үшін ұнаттым, сол үшін сыйлаймын.
— Бәрі де жақсы ғой, Сәуле, — деді Айдынбек сәл шаршағандай тағы да диванның биік жақтауына мойны мен басын шалқайта салып, сәл жоғары қарап отырып, - тек менің көкейімде бір орны толмас жара бар. Оны күй құдіреті де жаза алмақ емес.
- Оны білемін, аға, - деді Сәуле алғашқыдан батылдана түсіп, Айдынбектің жанына жақындай отырып, — ол - перзент. Мен мұны алғаш рет естіп жүрген жоқпын. Раушан әпкем екеуіңіздің түн мезгіліндегі әңгімелеріңіз маған естілмей қалмайды... Бірақ, сіз, бәрібір де бақыттысыз. Сіз келешекте перзентті боласыз.
- Оны сіз қайдан білесіз? Бал аша аласыз ба? - деп Айдынбек елең ете түскен, — ал анық білсеңіз, айтыңызшы, ол ұл бола ма, әлде қыз бала бола ма?
- Ұл, - деп сәл жымия қарады қыз ғалымға.
- Рахмет, Сәуле, айтқаныңыз келсін. Егер осы болжамыңыз өмірде жүзеге асса, мен сізге үлкен сыйлык жасаймын.
- Тек сіздің өміріңізге қауіп туады...
- Мен енді ештемеден де корықпаймын, - деді ширай түскен Айдынбек, - қатер түгілі, сол перзентімді бір көрген соң Ұлы Жаратушы о дүниесіне зымыратып алып кете барса да разы боламын. Бұл менің перзентті болғанша ғана айтып отырған жалтарым сөзім емес, шыным.
- Білемін, аға, - деді қыз орнынан жай ғана тұра беріп, - сіз өте ақылдысыз, батылсыз, батырсыз, адалсыз. Сондықтан да сізді әріптестеріңіз де, бүкіл еліңіз де жаксы көреді.
- Оның бәрі де менің елімнің алдындағы ұлы парызым. Ал перзентті Раушан дүниеге қалай әкелмек? Ол өмірлік сырқат қой. Бізде ондай тумаған және тумайтын әйелді бедеу дейді.
- Оны білемін, аға.
- Сонда Раушанды өзіңіз емдеп жазасыз ғой?
- Жоқ, аға. — Сәуле томен қарады.
Айдынбек он қолының шынтағын диванның жақтауына сүйей жеп-жеңіл орнынан тұрды. Жаңа ғана бойында тұтанған тамаша үміт енді бірнеше секундтар өтпей жатып-ақ қайта сөне бастағандай ма?! Сәуленің айтқандарын қазақ тілінде ап-анық естіп, терең түсінген де сияқты еді. «Бәрі жұмбақ? Бәрі кұпия? Сонда бұл қыз өзі нені мегзеп отыр?» деп те Айдынбек терең күрсінді. Қыз сол орнында өзіне жиі-жиі қарап қойып тұр. Айдынбек те оған жиі-жиі көз тастайды. «Махаббат тілі — тілсіз тіл, көзден көр де ішпен біл» дегеннің нағыз сәті. Осылайша екі сезімнің арасындағы үнсіздік бірнеше секундқа созылды. Тек содан соң ғана барып демін терең алып, терең жұтынған кезде Айдынбек өзінің тамағының шын мәнінде құрғай бастағанын сезді. Бұл - шөлдегені. Ол енді басын тез көтеріп, Сәулеге тіке қарады да:
— Сәуле, маған аз ғана су әкеліп бересің бе, асханадан? — деді.
— Қазір, аға...
Қыз осыны күткендей асхана жаққа қарай жүгіре басып кетті. Айдынбек ауыр тартқан жарақат денесін бір қозғап, диванның оң жағындағы жастықшасына қарай кисайды. Жарақат деген жетеді. Ол қолында да, бетінде де, аяқтарында да бар. Көп қозғалса болды, жан-дүниесі сырқырап кеп жөне- леді. Қыз алдында ыңырсуға тағы жол жоқ. Қанша қиналса да шыдайды. Ондай ауруларын тек келген дәрігерге ғана жаймен айтады. Бір жағынан мұндай жарақат алған жалғыз өзі емес, сапарластарының бәрі де оңай соғылған жоқ кеме ішіндегі заттарға. Олар да үйді-үйінде, кейбірі арнайы ауруханада жатыр. Тек Айдынбек өзгелерден жарақатты көп алған. Сол ғана қатты батады. Бірақ, солай болуға тиісті де еді. Бұл тек қана ғалым емес, кеме басшысы болды емес пе? Ал кеме басшысы деген сол кемедегі құрам мүшелерінің ғылыми зерттеулеріне ғана емес, олардың өмірлеріне де жауап берді. Айдынбек өзі ештемеге қарамастан кемені басқарушы жігіттерге қарай ұмтылған кезде соның бәрінде ойлаған. Қандай қиындыққа болса да әуелі өзі төзуге, қолынан келсе, оны жеңуге тиісті. Айдынбек оған осы тұрғыдан қараған болатын. Енді, міне, жарақатты көп алды. Бірақ достарының, бүкіл елінің алдында нағыз азамат, нағыз ержүрек ер болып қалды. Айдынбекке осыдан өткен бақыттың қажеті де жоқ сияқты еді.Тек бір арман, перзент арманы тұла бойын күйдіріп-жандырып барады. Соның бәрін де енді тек жан жарасымен емес, бүкіл дене жарақатымен де сезінетін күйге жеткен де екен. Айдынбек Сәуле асханаға қарай жүгіре басып кеткен мезгілде осыларды ойлап-толғап үлгерді.
Сәуле асханадан тез оралды. Оң қолында кішкене ыдыс, ішінде мөп-мөлдір су. Айдынбек бүкіл денесінің құрысып ауырғанына қарамастан қыз ұсынып тұрған бір ыдыс суды қисайып жатқан күйінде алуға ыңғайсызданып, жаймен түрегеп отырып ұстады. Сол кезде оның буын-буыны қақсап ала жөнелді. Мұндай сырқатты өмірінде басынан кешірмеген Айдынбек қыз алдында отырған соң ынырсуға да ұялды. Тағы да шыдап бақты. Дені сау кезінде мына өмір деген де мәңгіліктей болып шуағын төгіп тұратын. Енді жаны көзіне көрінген кезде сол ләззаттың бәрі де тым-тырақай жан-жаққа тарап кете бергендей. Енді жаны әрбір ауырған сайын өзінің бұл дүние әлемінде уақытша ғана жүрген пенде екенін есіне алатын болды. Айдынбек Сәуле әкеліп берген салқын суды сіміре ішіп салды. Сөйтіп барып Сәулеге қарағанда оның отты ботадай үлкен көздерінің өзіне қадалып тұрғанын көрді. Алғаш рет екі ғашық көздер бір-бірімен түйіскен. Осы сәтте, қыз түгілі Айдынбектің жүрегі де өмірінде алғаш рет шымырлап жөнелген. Махаббат сезімінің шымыры. Тек екеуі де өз сезімдерін әзірге өздерінде қалдырды. Екеуі де бір-біріне неге мұншалықты ынтык екендерін тілмен де сөзбен де түсіндіріп әуре болмады. Оның есесіне, Айдынбек енді болашақта осы жарық дүниеге шыр етіп келетін ұлының Раушаннан емес, тап осы қыздың өзінен келетінін сезінді.
Ол енді ғана өз есіне келгендей қос қолдап ұстаған кесені жаймен ғана Сәулеге қайтарып, оған тағы да қадала қарады да:
- Рахмет, Сәуле! Суыңа қандым! - деді.
- Тағы шөлдесеңіз айтыңыз.
- Жо-жоқ. Мен қандым суға, - деді Айдынбек диваннан жаймен ғана тұрып, өзінің жатын бөлмесіндегі төсегіне қарай баяу басып жүріп.
Қыз кесені асханаға қарай алып кетті. Айдынбек төсегіне жеткен бойда сол қолын оған тірей жаймен ғана шалқалай жатты да, төбеге қарап ойға батты. Содан бір кезде ол кенеттен басын жастықтан тез көтеріп алды. Әуен! Ойына Сәуленің әуені түсті. Қыз төсек жанындағы шағын орындыққа келіп отырғанда, ғалым оған тосын бір сұрақ қойды.
- Сәуле! - деді ол денесінен рухани жылу бөлгендей болып өзіне аянышты бір жүзімен қадала қараған қызға қарай бұрылып, - осы сіздер не себепті әуенмен тілдесесіздер?
- Сөздің өзі де әуеннен шыққан жоқ па еді? — деді қыз, — адам баласы бір-бірімен бір дегеннен тілдесіп кеткен жок. Бәрі де әуенді дыбыстан басталған. Адамдар қатер төнгенде де, қуанышты бір жағдай туғанда да дыбыспен бір-біріне белгі берді емес пе? Оның соңы қазіргідей қара сөзге айналды. Сөздің ол тарихын жақсы білемін, - деді Айдынбек, - ал не себепті осы кезге дейін сіздер біз сияқты қара сөзге көшпедіңіздер?
- Әуен - адам баласының ішкі жан дүниесіне қара сөзден де терең енетін құбылыс, аға. Ол кез келген адамды ғажайып сезімге бөлейді. Адам ешқашан да қара сөзге билемейді. Әуен мен сазға билейді. Ал жай тұрған адамды билетіп жіберетін әуен мен сазға бұдан кейін қандай баға берер едіңіз, аға’ Бір ғана домбыра, екі шек қана адамның бойын билеп кана қоймай, оған көл-көсір оқиғаны жеткізбей ме? Не деген құдірет?!
- Иә, дұрыс айтасың, өте дұрыс айтасың, Сәуле, - деп Айдынбек әуелдегіден жеңілдегендей, құрысқан денесін де ауырған жарақатын да дәл қазір ұмыта бастағаңдай да болды, - сонау бір ғасырда ғұмыр кешкен ғұлама ақын Абай «Құлақтан кіріп бойды алар, тәтті ән мен сазды күй» деп бекер айтқан ба? Мен түсіндім, бәрін де түсіндім, Сәуле. Енді бұдан әрі қарай түсіндірмесең де болады, - деді Айдынбек.
Содан соң ерекше бір күш пен қуат алған адамдай жадырап, біресе төбе тұсына, біресе Сәулеге қарады. Тек сәлден кеиін ған денесінің ауырғанын сезе бастағандай екі көзін жұмды. Сәуле ішінен: «Бүл кісіні мазалап алдым ба?» дегендей отырған орнынан ширақ түрегеп кетті. Айдынбек оны байқамай да қалған. Ол көзін ашып, Сәуленің өзінен алыстап барып карап тұрғанын көріп, шаршағанын да сезді. Қыз жаймен ғана басып, есіктен шыға берген. Айдынбек ештеме деместен көздерін қайта жұмып, тым-тырыс қалды. Бойын ұйқы қысқан еді. Сәуле де оның осындай тынышталған сәтін күткен. Өйткені, ол мана асханаға барғанда суға ұйқы келтіретін дәріден шамалы ғана қосқан-ды. Айдынбекке көп қозғала беруге болмайды. Көп тыныштық керек. Қыз соны ойлаған. Неғұрлым көбірек тыныш жатса, солғұрлым оның жазылуы да жылдамдамақ. Қыз мақсаты осы еді. Бірақ Айдынбек оны білген де, сезген де жоқ. Ол хал-жағдайын біліп, қажетті дәрі-дәрмектер беріп, жарақаттарына жағып, таңатын тұстарын танып беріп кететін дәрігер келгенге дейін Сәуленің арқасында тып-тыныш демалды.
Дәрігер келіп кеткен бойда Сәуле Айдынбек жатқан бөлмеге қайта кірген. Оның жанына отыра кетіп, бойына тоқ күшін жинады, содан соң екі қолын алға қарай тік созып, саусақтарының араларын ашып, қайта ұйықтап кеткен Айдынбектің дәл үстінен төндірді. Айдынбек ұйқыда болса да онан шошынып оянған да, сескенген де жоқ. Қайта ол жағып бара жатқандай балбырап ұйықтай түскен. Қыз енді жаймен ғана саусақтары алшақтанған екі «әдемі қолдарын ғалымның жарақатты жерлерінің тұсына ұстады. Солай отырып, қыз оңашада өзіне ғана белгілі емін жасады. Сол мезетте Айдынбектің денесіндегі жарақаттар да бір-бірлеп қарайып-қарайып, азайып, сытылып түсіп қалып жатты. Сонымен бірге ғалымның бет-әлпеті де әжім атаулыдан арыла берген. Айдынбекті енді көрген адам жасы ұлғайған ғалым деп ешқашан да айта ал- майды. Қылшылдаған жас жігіттей бір күйге түскен. Қызенді бойындағы жылу мен ғажайып энергиясының күшімен Айдынбектің қара шаштарының арасындағы күн санап көбейіп бара жаткан ак тал шаштарын да қарайтты. Тек Айдынбек бұл әрекеттің бірін де біле алған жоқ. Ол тып-тыныш қана тәтті ұйқыда жатты. Қыз бар әрекетін жасап біткен соң өзінің де көп энергиядан айырылып, сәл де болса әлсіздікті сезініп, жатын бөлмесіне өтіп кетті. Бірақ оның есесіне көңілі біршама орныққандай болды. Тек Раушан есіне келгенде қыз сәл де болса мұңайды. Өйткені, мұны білген Раушан тыныш қалмақ емес. Ол құрбысына, ол құрбысы басқа құрбысына айтпақ. Сөйтіп бұл оқиға да елге тарамақ. Бірақ қыз енді ештемеден де қорыққан жоқ. Айдынбектің өзі үшін жанын пида ететінін де түсінді бүгін. Өзі де оған жанын беруге қашан да дайын. Сөз Деген, Раушан тартпаса да халыққа жетеді. Айдынбекті енді көрген адам қалайша тып-тыныш, ештемені көрмеген-білмеген адамдай болып қала алсын. Оған ешкімнің де дәті шыдамайды. Ендеше, бұл оқиғаның да ел арасына, одан тіпті шетелге де тез тарайтыны хақ.
Сәуле онсыз да Айдынбекке о бастан қарыздар еді. Сол терең суда, жоғары су қысымы мен тас қараңғыда өзін Айдынбек болмағанда кім кұтқарар еді? Айдынбек өзіне екінші өмір сыйлады. Енді өзі де оған екінші өмірді сыйлап отыр. Кім не десе, ол десін?! «Ит үреді, керуен көшеді»деген мақалды да Сәуле жақсылап есінде сақтап алған. Осындай ойдан соң Сәуле жаймен келіп әп-әдемі жас жігіт болып шырт ұйқыда жатқан Айдынбектің бетінен ернін тигізер-тигізбес өпті де, жылдам, бірақ байқап басып өзінің жатын бөлмесіне қайта келді. Төсегіне етбеттей жатып, үстіне жұқа көрпе жауып өзі де ұйықтап кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |