«Сала экономикасы және өндірісті ұйымдастыру»



бет51/101
Дата12.10.2020
өлшемі302,18 Kb.
#68197
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   101
3. Негізгі өндіріс түрлері.

Негізгі өндірістің үш түрі бар: 1)-ші жеке 2)сериялық 3)жаппай өндіріс.

Жеке өндіріс деп бұйымның бір данасы шығарылатын өндірісті айтамыз. Оны шығарғаннан кейін бұйымның келесі түрін шығару үшін өндіріс жаңадан құрылады. Бұндай өндіріс универсальды болады, өйткені мұнда өнімнің бірнеше түрін шығаруға болады.Сондықтан бір бұйымды шығару үшін қолданылған құрал-жабдықты басқа жабдыққа ауыстырады, немесе бұйымның жаңа түрін шығару үшін қажет жұмыс тәртібіне салады. Жеке өндірісте көбінесе өнімнің бірнеше түрін шығара алатын әмбебап жабдықтарды қолданады. Бірақ мұндай жабдықтың құны мамандандырылған жабдыққа қарағанда жоғары болады. Жеке өндірісте әр түрлі жұмыс істей алатын жоғары дәрежелі мамандығы бар жұмысшылар істейді. Олардың еңбегі әмбебап болады. Сондықтан алатын еңбек ақысы үлкен болады. Жаңа өнімді шығарғанға керекті құрал-жабдықты,материалдарды; ған сәйкес техникалық құжаттарды (нормалар; стандарттар, рецептуралар) дайындау үшін кеткен уақыттың және қаржының шығыны өте үлкен. Бұл өндірісте шығарылатын өнімнің құны сериялық және жаппай өндірістерге қарағанда әлдеқайда үлкен.

Сериялық өндіріс. Бұндай өндірісте өнім партиялармен шығарылады. Бір партияны шығарғаннан кейін өндіріс келесі партияны шығаруға арналады. Өнімнің сериясын шығару тапсырыс, жоспар бойынша жасалады. Егер шығарылатын партия кішкене болса, онда ондай өндірісті аз сериялы өндіріс деп атайды. Партиялар ірі болса,онда ол ірі сериялы өндіріс болады. Сериялы өндірістің жеке өндіріске қарағанда артықшылығы өнім шығаруға кеткен шығын әлдеқайда аз. Себебі өндіріске мамандандырылған жабдықтар, мамандандырылған еңбек қолданылады. Өндірісті дайындауға кеткен шығын бір бұйымға емес өнім партиясына бөлінеді.

Жаппай өндіріс. Бұл өндірісте үздіксіз тек қана бір ассортименттің бұйымдары жаппай көпшілік мөлшерде тұрақты шығарылады. Тек мамандандырылған машиналар, құрал-жабдықтар қолданылады. Жұмысшылардың еңбегі де мамандандырылады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі өседі. Өндірісті дайындау жұмыстың басында ғана қажет. Ал оған кеткен шығын барлық шығарылған өнім санына бөлінеді. Бұл өндірісте техниканы, өндірісті ұйымдастыруды және еңбекті жетілдіруге қолайлы жағдай туады. Нәтижесінде өнімнің сапасы және өндіріс нәтижелілігі өседі. Жаппай өндіріс басқа өндіріс түрлеріне қарағанда тиімді. Бұндай өндіріске азық-түлік өнеркәсіп кәсіпорындары жатады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет