Сапа менеджмент жүйесі


Тақырып 5. Менеджмент процесіндегі басқару шешімдері



бет5/44
Дата21.01.2022
өлшемі146,1 Kb.
#113102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
УМК менеджмент (1)

Тақырып 5. Менеджмент процесіндегі басқару шешімдері
Мақсаты: Кәсіпорын өзінің қызметін жұргізу барысында бекітілген мақсаттарға сүйенеді. Сондықтаң бұл тақырыптың негізгі бағыты мақсаттардың анықтамасын беру және оның классификациясын қарастыру.
5.1 Мақсат түсінігі мен классификациясы

5.2 Мақсатты құру принципі,қолданылуы

5.3 Кәсіпорынның дамуының стратегиясын жасау
1.Кәсіпорынның экономикалық саясатын жасау оның алдыңғы уақытта дамуымен тікелей байланысты. Бұл кәсіпорынның ресурстарымен қамтамасыз етілуіне байланысты.

Мақсаттар - бұл кәсіпорынның барлық қызметін бағыттайтын,бірақ оған жету міндетті емес басқару процесі.Кәсіпорын басқару жүйесінде мақсат бірнеше қажетті қызметтерді атқарады:

- кәсіпорынның философиясын анықтайды,басқару ерекшеліктерін анықтайды.

- қызметтің белгісіздігін төмендетіп,қоршаған ортаға бейімделуге,уақыт үнемдеуге көмектеседі.

Қажеттілігіне байланысты мақсат стратегиялық және тактикалық болып бөлінеді.

Уақытына қарай ұзақ (5 жылдан жоғары), орташа (1-5 жылға дейін), қысқа (1 жылға дейін) мерзімді болып бөлінеді.

Құрылымына қарай технологиялық, экономикалық, өндірістік, әкімшілік, маркетингтік, ғылыми-техникалық, әлеуметтік болып бөлінеді

Сапалы жазылған және сандық көрсеткіштерін айқындайтын мақсаттар туралы осы көрсетілген форма арқылы айтуға болады.

Олар жатқызылатын деңгейі бойынша мақсаттар:


  • жалпы;

  • спецификалық болып бөлінеді.

Мақсаттарды келесі негіздерге сүйене отырып топтауға болады: кәсіпорын қызметінің жұмысына ықпалы шектелген ресурстар шартында берілген мерзімде жетістікке жету мүмкіндігі, қалыптастыру процесінде көп пайда алу, жұмыс барысында шешілетін мәселер немесе керісінше, келеңсіз нәтижелердің пайда болуы.
2. Жақсы мақсаттардың болуы өзінен өзі ұйымды басқаруды жақсарта алмайды. Сондықтан, мақсаттарды қолданудың 4 принципін ұстану керек:

1. Мақсаттарды талқылау;

2. Ерекшеліктерді анықтау;

3. Қайта байланыспен қамтамасыз ету;

4. Марапаттау жүйесі мен мақсаттар байланысы.
3. Фирма бағдарламасы – нақты мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін болашаққа жету жүйесі.

Бағдарламаны қалыптастырудың мәні көп мөлшерлі баламалар ішінде керекті даму бағытын тандау және таңдалған жолда өндірістік - шаруашылық қызметті ұластыру.

Бағдарламаны басқару мақсаттардың ерекшеліктеріне байланысты кәсіпорын өзінің болашаққа позициясын анықтауда қолданылады.

Осыдан неше түрлі бағдарлама түрлерін атауға болады:



  1. Өнім - нарықтық бағдарлама;

  2. Маркетинг бағдарламасы;

  3. Бәсекелі бағдарлама;

  4. Салалар жинауды басқару бағдарламасы;

  5. Жаңалық енгізу бағдарламасы (инновациялық саясат);

  6. Қор жинау бағдарламасы;

  7. Даму бағдарламасы;

  8. Игеру бағдарламасы;

  9. Шетел инвестициалау бағдарламасы;

  10. Экспорт қызметін кеңейтуге бағытталған бағдарлама;

  11. Сыртқы экономикалық экспанция бағдарламасы.

Бағдарламаны таңдау әртүрлі қызметтерде кәсіпорынның болашақ дамуын салыстыру негізінде ерекшеліктерді анықтау және табысты қамтамасыз, ету үшін қызметтер арасында ресурстарды бөлу негізінде жұмыс істейді.

Егер кәсіпорын айналысатын қызмет түрі мақсаттарына сай болмаса, онда диверсификация жолына талдау жасалады және өтуге бет жасалған жаңа қызмет түрін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет