Сарамандық жұмыс №2 Қазақстан аумағының зерттелу тарихы


Қорытынды: Нұсқау таратпалары



бет3/3
Дата18.02.2017
өлшемі0,55 Mb.
#9994
1   2   3

Қорытынды:

Нұсқау таратпалары

(Инструктивті карта)

Сарамандық жұмыс № 5

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының ішкі сулары

Тапсырмалар:

1. Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер:

өзен аңғары

өзен жүйесі –

бастау –

саға –


алабы –

өзен құламасы –

өзен еңістігі –

су шығыны –

жылдық ағын –

2. а) Қарапайым әдіспен карта бойынша өзеннің ұзындығын өлшеңдер.

б)Жазық және тау өзендерін анықтаңдар. Физика курсында алған білімдеріңді пайдалана отырып, өзен қуаты мен жылдамдығы қандай факторларға байланысты екендігін анықтаңдар.

Есептер шығару:

Ертіс өзенінің құламасы мен орташа еңістігін анықтаңдар.

3. Оқулықтағы деректерді пайдалана отырып (Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Аякөз, Үржар) салыстырмалы кестені толтырыңдар.




Өзен

Аты, ұзынды-ғы (км)



Алабы


Бастауы


Құяр

сағасы


Қоректенуі

Биология-лық

ресурстары



Жылдық

ағыны



Шаруашылық-тағы маңызы























4. Қазақстан Республикасының өзендерін, көлдерін кескін картаға түсіріңдер.

5. Таңдауларың бойынша төмендегі жоспарға сүйене отырып (Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Марқакөл, Сасықкөл) көлдерге сипаттама жазыңдар:

а) географиялық орны -

ә) ауданы -

б) көлемі -

в) ұзындығы –

г) ені –

ғ) тереңдігі -

д) тұздылығы -

е) температурасы -

ж) флорасы мен фаунасы -

з) шаруашылықтағы маңызы -

и) экологиялық жағдайы –

Қорытынды:

Нұсқау таратпалары

(Инструктивті карта)

Сарамандық жұмыс № 6

Тақырыбы: Ел аумағындағы топырақ түрлері

Тапсырмалар:

1. Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер:

Қарашірік –

Топырақ –

Лëсс –

Топырақ -



2. Топырақ қалай қалыптасады? Негізгі топырақ түзуші факторларды атап, ассоциативті карта құрастырыңдар.

Топырақ түзуші факторлар

3. Атластың 18 – 19 беттеріндегі «Топырақ картасы» бойынша топырақ түрлерін анықтап, кескін картаға түсіріңдер.

4. Сәйкестерін табыңдар

орманды дала – ашық қара қоңыр

дала – қызғылт

шөл –қара, қызыл қоңыр

шөлейт –қара топырақ

6. Әрбір табиғат зонасындағы топырақ типтері мен қасиеті

Табиғат

зоналары



Топырақ

түрлері



Гумус

құрамы (%)




Топырақ

қасиеті



Орманды дала










Дала









Шөлейт









Шөл









7. Мелиорация түрлері Қазақстанның қай аймағында басым?

Мелиорация түрлері Территориясы

суару

құрғату


МЕЛИОРАЦИЯ эрозияме күрес

химиязация



Қорытынды:

Нұсқау таратпалары (Инструктивті карта)

Сарамандық жұмыс № 7

Тақырыбы: Қазақстан өсімдіктері

Тапсырмалар:

1.Төмендегі сөздерге анықтама беріңдер:

Ксерофиттер –

Эфемерлер –

2. Ассоциативті карта

Өсімдікке әсер

ететін факторлар

3. Сынып оқушыларын төрт топқа бөлу. Әр топ таңдау бойынша алған кеппешөппен 10 – 15 минут жұмыс істеп, кесте толтырады.




Өсімдік

Қауымдастығы



Қалыптасу жағдайы

Жалпы

түрі


Өзіне тән

өсімдіктер



Қоршаған орта жағдайына қалыптасуы

Орманды дала













Дала












Шөлейт












Шөл












Биіктік белдеу











4. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктерді атаңдар.

1)Қазақстанда өсімдік жамылғысы 6000 дай өсімдік түрінен тұрады. Басқа көрші елдермен Ресей, Орта Азия, Кавказбен салыстырғанда бұл онша көп емес. Не.ге?

2) Өсімдіктердің таралуы қандай заңдылықтарға бағынады?


5. Атластың 18 – бетіндегі Топырақ картасын, 20- беттегі өсімдіктер картасын салыстыра отырып, қандай топырақ түрлерінде өсімдіктердің қай түрі өсетінін анықтаңдар.

Қорытынды:__Нұсқау_таратпалары_(Инструктивті_карта)__Сарамандық_жұмыс_№_9__Тақырыбы'>Қорытынды:__Нұсқау_таратпалары_(Инструктивті_карта)__Сарамандық_жұмыс_№_8__Тақырыбы'>Қорытынды:

Нұсқау таратпалары (Инструктивті карта)

Сарамандық жұмыс № 8

Тақырыбы: Табиғат зоналары

Тапсырмалар:

1. Табиғат зоналарының алып жатқан аумағын шеңберлі диаграмма түрінде сызып, салыстырыңдар.


2.Шығыс Қазақстан облысы қай табиғат зонасында орналасқан?

3.Табиғат зоналарына салыстырмалы сипаттама беріңдер.




Табиғат

зонасы



Ауданы (S), географиялық

орны



Топы-рағы

(Т)


Климаты



Өсімдік жамылғысы


Жануарлар

дүниесі (Ж)



Орман-ды дала













.


Дала















Шөлейт














Шөл


















Қорытынды:

Нұсқау таратпалары (Инструктивті карта)

Сарамандық жұмыс № 9

Тақырыбы: Қазақстан аумағын физикалық – географиялық аудандастыру

Тапсырмалар:

1. Физикалық және аудандастыру карталары арқылы ірі географиялық аудандардың шекараларын анықтап, кескін картаға түсіріңдер.

2. Берілген жоспар бойынша тауларға сипаттама беріңдер

Сарыарқа


Алтай

Сауыр – Тарбағатай

Жоспар:

а) географиялық орны



ә) пайда болуы

б) жер бедері

в)пайдалы қазбалары

г) климаты

ғ) ішкі сулары

д) табиғат зонасы, өсімдік, жануарлаы

е) шаруашылықта пайдаланылуы

3. Төмендегі берілген жоспарға сүйене отырып Сарыарқаның Ақсораң шыңынан Алтай тауының Белуха шыңына дейінгі аралықты гипсометриялық кескінге (профиль) түсіріңдер.

Жоспар:

1. физикалық карта бойынша сызбаның бағыты және горизонтальдармен қиылысу нүктесін анықтау;



2. нүктелерді нөмірлеу (1, 2, 3....) ;

3. милиметровкаға екі өзара қиылысқан перпендикуляр линияларын сызу;

4. вертикальды және горизонтальды масштабтарды анықтау;

5. сызғыш арқылы табылған нүктелер картадан горизонтальдарға түсіріледі және горизонталдардың белгілері қойылады.

6. қиылысқан өзен, көл, теңіз нүктелері белгіленеді. Вертикальды масштаб бойынша кеңістіктегі нүктелердің орналасуын тауып, линиямен қосыу;
Қорытынды:
Нұсқау таратпалары

(Инструктивті карта)

Сарамандық жұмыс № 10

Тақырыбы: Табиғат ресурстары.

Мақсаты: Оқушыларды табиғат ресурстарын тиімді пайдаланып, құрып кетуден

сақтауға, қорғауға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға баулу.



Көрнекілік құралдар: Физикалық, пайдалы қазба, климат, топырақ, табиғат

зоналары карталары



Барысы:

Тапсырмалар:

1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

а) Табиғат ресурстары дегеніміз не?

ә) Табиғат ресурстарын қандай топтарға бөлуге болады?

б) Өздерің түрған жердің экологиялық жағдайы қалай?

в) Қоршаған ортаға көп зиян келтіріп жатқан жергілікті кәсіпорындарды анықтаңдар.

2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғат ресурстарының түрлеріне сипаттама беріңдер.

Минералдық –

Климаттық –

Су –

Топырақ –



Биологиялық –

Рекреациялық –

3. Атласты және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, төмендегі жоспар бойынша Қазақстанның экологиялық дағдарыстағы аудандарын анықтап, карта – сызба құрастырыңдар.

Дағдарыс тудырушы себептер:

-қалалық өнеркісіп

-Сумен ластану

-ту – кен өнеркәсібі

-ауыл шаруашылығы

-селитебті

-радиоактивті қалдықтармен

-антропогендік

-аридтену (шөлге айналу)

Еліміздегі экологиялық мәселелер қалай шешімін табуда?

Еліміздің әрбір азаматы табиғатты қорғауы үшін не істей білуі керек?

Семей қаласы бойынша қандай экологиялық мәселелерді шешу қажет деп ойлайсыңдар?

Қорытынды:

ҚОСЫМШАЛАР
Шоқан Семейде

Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов алғаш саяхатын 1855 жылы жазында Госфортпен бірге таяуда құрылып, Батыс Сібір губерниясының құрамына енген Семей облысын аралаудан бастады. Омбы мен Семейдің арасындағы ұзақ жол бойы Шоқан арт жағында жайғасқан Сахараның Омбылық білгіштерінен дала халқының жағдайымен танысты. Генерал – губернатор Госфорт Семейге азиялық сән – салтанатпен келді. Семей қорғаны генерал – губернаторды от шашумен қарсы алды. Шоқан Ертіспен өтетін өткелге қарай бағыт алып, қалаға аяқ басты. Осыдан бірнеше жыл бұрын Семей алтын түйе, жарты ай және бес жұлдыз бедерленген қалалық елтаңбасын алған. Шоқан ол елтаңбаның Ертіс бойындағы қаланың толық сәйкес келетінін білетін. Бұл саяхатта ол Госфорттың аудармашысы болды. Осы жылы В.П.Демчинскийдің (Семей губернаторы) үйінде Ф.М.Достоевскиймен танысты.

Губернатордың шеруі Семейдің қыр жолымен Қапалға тартты. Шоқан Жетісуда қалып Жоңғар қақпасына, Алакөлге соғып, күзге салым Омбыға оралған.

1956 жылы көкек айының бас кезінде Шоқан пошта жолымен Семейге аттанған. Ш.Ш.Уалиханов күнделігінің алғашқы жолдарына жердің географиялық атауын анық жазып, өсімдіктерін, құстарын суретке аслды. Семейде Демчинскийдің үйіне түсіп, Достоевскиймен кездесті.

Ш.Ш.Уалихановтың өміріндегі өте зор маңызы болған сол 1856 жыл еді, оның жасы да бар болғаны жиырмадан асқан еді. Бұл сапарында Тарбағатай, Алакөл атыраптарын жан – жақты зерттеді. Осы саяхат кезінде сызған оның қарапайым карталары – арнаулы топографиялық түсірілімдер жүргізілмеген Тарбағатай баурайының алғашқы карталарын құрастыруда кеңінен пайдаланылды. Тарбағатай мен Зайсан алабының зерттелу тарихында Г.Н. Потаниннің еңбегі зор.

Поручик Уалиханов орыс географиялық қоғамына мүшелікке 1857 жылы 22 ақпанда өткен қоғамның ашық жиналысында Семейде кездескеннен кейін жазылған Семеовтың кепілдемесімен қабылданған. Қарашаның аяғында ол Омбыға оралды. 5-желтоқсанда Ф.М.Достоевскийге өзінің хатын жазған.

1858 жылы өзін ержүрек саяхатшы даңқына бөлеген атақты Қашқар саяхатына барды. Осы жылдың желтоқсанында Верныйға (Алматы) бара жатып Семейге соқты.

Өзінің барлық саяхаттарына Семей қаласынан аттанған және Семей өлкесін зерттеп, тұңғыш картаға түсірген Шоқанның өмірі мен саяхаттары бізді қызықтыра түседі.

Шоқан туралы

Өтебай Тұрманжанов

Қарасам портретін Шоқанның,

Көремін бір жұлдызын Отанымның.

Құлаған «Қоянкөзге» көк жұлдызы,

Шоқаным шолпан екен ел таңының.


Шоқаным тұрады екен шыңға қарап,

Шыңнан сұңқар ұшар деп шұбар балақ.

Ататын қараңғыны қарап тұрып,

Найзағай намыс үшін болам садақ,-


Деп бәлкім ол сол шақта қиялдады,

Қия кезіп, шың сүйіп, қыран жаны.

Елінің ханы болып, таңы болмай,

Қызарып бетте тұрды ұялғаны.


Арманға берді аямай бар қайратын,

Жұмсады ол жастығын, махаббатын.

Бәлкім ол сондықтан да қыршын кетті,

Жұлдыз ғып ел көгінде өшпес атын.


Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері

1899, 12 сәуір (ескіше 31 наурыз) – Ақкелін болысының 4 – ауылында

(осы күнгі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) туған.

1909 – 1911 – ауылдық орыс – қазақ мектебінің оқушысы.

1911 – 1914 – Павлодар қаласындағы 2 – кластық училищенің шәкірті.

1914 – 1918 – Семейдегі оқытушылар семинариясының студенті.

1918 – 1919 – Семейдегі мұғалімдер курсының оқытушысы.

1926 - Атбасцветмет тресі және Қарсақбай мыс қорыту комбинатының

геологиялық барлау қызметінің жетекшісі

1940 - Жезқазған – Ұлытау аймағының кен байлығын іздеу жолындағы үздік

еңбегі үшін Қазақ ССР – ының 20 – жылдығы қарсаңында Ленин

орденімен марапатталды.

1941 – 1964 – Қазақ ССР Ғылым академиясының геологиялық ғылымдар

институтының директоры.

1941 - СССР Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінің президиум

председателінің орынбасары, 1943 жылдан председателі.

1942 - Бүкілодақтық аттестация комиссиясының шешімі бойынша, геология

– минерология ғылымдарының докторы атағы беріледі. «Жезқазған

ауданындағы кен орындары» еңбегі үшін СССР Мемлекеттік

сыйлығы берілді.

1944 - Қазақ ССР Ғылым академиясына академик және президент болып

сайланады.

- СССР Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды.

1950 - «Геология профессоры» атағы беріледі.

1952 – 1958 – «Орталық Қазақстаннның металлогениялық болжам карталарын

жасау» жұмысының жетекшісі.

1955 – 1964 – Қазақ ССР Ғылым академиясының президенті.

1958 - Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам карталарын

жасағаны үшін Лениндік сыйлыққа ие болды.

1961 – 1964 – СССР Ғылым академиясы президумының және геология –

география бөлімшесінің бюро мүшесі.

1963 - Геология ғылымын дамытып, Қазақстанның қазба байлықтарын

зерттеудегі үздік еңбектері үшін төртінші рет Ленин орденімен

марапатталды.

1964 31 қаңтар – Мәскеуде қайтыс болды. 3 ақпанда Алмаьтыда жерленген.
Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі

ХІХ ғасырдың 80 жылдарында Семей жерінде Е.П.Михаэлис, Н.Я.Коншин, А.А.Леонтьев, П.Д.Ловановский, С.С.Гросс, А.А.Блек, А.Н.Федоров, В.О.Костюрин, Н.Я.Ватсон сияқты саяси жер аударылғандардың үлкен бір тобының болуы Семей өлкесінің мәдени, рухани дамуына өшпес із қалдырды.

Императорлық Орыс Географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің ашылуына қалада 1878 жылы құрылып, ресми түрде төрағасы губернатор А.П.Проценко болғанымен іс жүзінде барлық жұмысын Е.П.Михаэлис басқарды.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев өлкенің қоғамдық өмірінің тыныс – тіршілігімен тығыз байланыста болып, Комитетке 1886 жылдың 4 мамырында мүше болып тіркелген.

Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесі ресми түрде 1902 жылдың 31 наурызында (13 сәуір) қоғамдық мәжіліс үйінде көпшіліктің қатысуымен салтанатты түрде ашылып, онда Комитет хатшысы Н.Я.Коншин сөз сөйлеп, комитет мүшесі Ф.К.Зобкин «О рабстве в киргизской степи» баяндамасын оқыды. Бұл Семей облысы үшін ғана емес, жалпы Қазақстан ғылымының дамуында өшпес із қалдырған сәулелі сәт еді.

Семей қамалы алғашында әскери бекініс ретінде салынғанымен Ресей империясы үшін рның маңызды шекаралық нүктеде орналасуы көршілес азиялық елдер туралы тың мәліметтер жинауға, шығыс мемлекеттерімен Ресей арасында сауда – экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орнатуға қолайлы болды. Тоғыз жолдың торабында орналасқан көне шаһар Семейден саяхатшылар, экспедициялар мен сол кездегі басты көлік түйелерге жүк артқан сауда керуендер шартарапқа өтіп жатты. Императорлық Орыс Географиялық Қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің ашылуы бұл іске жаңа сипат берді.

Семей арқылы ғылыми саяхатқа өтіп бара жатып әйгілі ғалымдар В.В.Сапожников, М.Э.Янишевский, П.Л.Драверт, Н.Я.Новембергский, т.б. бөлімшеде дәрістерін оқыған.

Семей жерінде туып - өскен ағайынды Николай, Виктор, Федор, Алексей Белослюдовтар. Төртеуі де өлкетанушы, суретші, педагог ретінде өлкеде үлкен ғылыми – зерттеу, ағартушылық қызметке саналы ғұмырын арнап, Семейде 1906 жылы өз қаржыларына геология, минералогия, антропология, археология, ерте заманғы киім үлгілері, кітаптар мен қолжазбалар, нумизматика, этнография бөлімдерінен тұратын 4 мыңнан аса экспонаты бар этнографиялық мұражай ашқан.

1909 жылы 24 тамызда өтке географиялық бөлім отырысында Семей бөлімшесіне белгілі орыс жазушысы, этнограф, Орталық Қазақстанды зерттеуші, табиғат сүюші М.М.Пришвинді мүшелікке қабылдады.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары да саяси аренаға шығып, қоғам өміріне белсене араласа бастады. Қазақ зиялыларынан Әлихан бөкейханов Омбыдағы Батыс Сібір Географиялық бөліміне мүше бола отырып, Семей бөлімшесі жұмысына белсене араласқан. Ұлтымыздың мақтанышы, ойшыл ақын Шәкерім Құдайбердиев (1903 – 1907 ж.ж), Томсктехнологияинститутының түлегі, Алаш жетекшілерінің бірі, қазақтан шыққан тұңғыш профессор – матиматик Әлімхан Ермеков, Санкт – Петербңург университетінің алтын медальмен бітірген, ұлтымыздың тұңғыш заң магистрі, болашақ Алаш автономиясының құқықтық негізін қалаған Жақып Ақбаев, Санк – Петербург шағы үшін күрескен арыстарымыздың бірі Райымжан Мәрсеков (1902 – 1911 ж.ж.) қысқа да санаулы ғұмырына өз ұлтын өркениетті елдер қатарына қосу жолына жұмсаған Семейдегі семинария мұғалімдері Нұрғали Құлжанов пен зайыбы Нәзипа Құлжанова, орыстың ұлы жазушысы Л.Толстоймен хат жазысқан, мұсылман балалар мектебінің меңгерушісі, татар зиялысы Р.Елікбаев (1907 – 1919 ж.ж.) Зайсан уезінің тілмашы Иманқұлов Жәмбек (1902 ж.), тілмаш Оспанов Өмірбек, Күре болысынан Сандыбаев Сағындық (1902 ж.), Семей өлкелік сотының тілмашы Тарабаев Имамбек (1907 ж.), Павлодар көпесі Айткин Ахметолла (1902 ж.), көпес Хамитов Мұхамет (1902 ж.) және Абылайханов Арынғазы Семей географиялық бөлімшесіне мүше болған. Мұхтар Әуезов, Жұмағали Шанин, Шайбай Айманов, Мәннап Тұрғанбаев, Әбікей Сәтбаев, Ахметтолла Барлыбаев, Халел Ғаббасов, Кәрім Дүйсебаев географиялық бөлімге мүшелікке 1924 жылы қабылданып, бөлімнің ғылыми жұмысынан үлес қосқан.



Семей қаласының географтары 2008 жылдың 28 - қарашасы күні (Семей мемлекеттік педагогикалық институтының экология және география кафедрасы оқытушылары мен студенттері, қала мектептері мен коллледж мұғалімдері) бұрынғы География қоғамының Семейдегі бөлімшесін қайта құру жөніндегі отырысына жиналды. Олар Географиялық қоғамның Семей бөлімшесінің жұмысын қайта жандандыруға қаулы қабылдады. Семей География қоғамы бөлімінің төрағасы болып география ғылымының докторы М.Е,Белгібаев сайланды.

СӨЗДЕРГЕ АНЫҚТАМАЛАР
Антициклон – атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ.

Ауа айналымы – жер бетіндегі ауаның әр түрлі қызуы және ондағы қысым айырмашылығы салдарынан пайда болатын ауа ағыстарының жүйесі.

Циклон – атмосфераның ауа массалары құйын тәріздес қозғалыста болатын төмен қысымды аймағы. Қысымның таралуына сәйкес желдер циклонның жан – жағынан ортасына қарай соғады. Жердің өз өсінен айналуының әсерінен циклон солтүстік жарты шарда оңға, оңтүстік жарты шарда солға қарай ығысады.

Климат – белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай күйі.

Дата ауыстыру сызығы

Декреттік уақыт – (латынның decretum – указ, қаулы деген мағынаны білдіреді). -табиғи жарықты толығырақ пайдалану, әрі электр энергиясын үнемдеу мақсатымен сағат тілінің жаз кезінде 1 сағат ілгері жылжытылуы. Бұрынғы КСРО – да 1930 жылы енгізілген.

Сағаттық белдеу деп Гринвич меридианынан батысқа қарай 7° 30´ батыс бойлық (б.б.) пен 7° 30´ шығыс бойлық (ш.б.) арасында өтетін сағаттық белдеуді атайды.

Атмосфералық жауын- шашын – жер бетіне атмосферадан сұйық немесе қатты күйінде түсетін ылғал. Жер бетіне жаңбыр, қар, бұршақ, қиыршық күйінде түседі.

Атмосфералық циркуляция -

Күн радиациясы -

Изотерма – белгілі уақыт кезеңінде жер бетіндегі температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызық. Ауа температурасының таралу заңдылықтарын көрсету үшін қаңтар және шілде айларының изотермалары алынады.

Қарашірік – топырақтың органикалық бөлігі, оның ең негізгі құрамы құнарлылықпен байланысты. Бұл өсімдіктің, жануарлардың және микроорганизмдердің қалдықтарынан түзіледі. Ол топырақтың беткі қабатын қоңыр және қара түске бояп тұрады.

Топырақ –

Лëсс – саз, құм және әктастың майда бөлшектерінен тұратын қопсынды кеуек, сарғыш түсті тау жынысы, қалыңдығы бірнеше см-ден 400 мертге дейін барады. Лëсстің үстіне өте құнарлы топырақ түзіледі.

Өзен жүйесі – берілген өзен алабындағы өзендердің жиынтығы. Өзен жүйесі негізгі өзен мен оның салаларынан тұрады.

Өзен аңғары – жер бетіндегі өзен ағып өтетін ирелеңдеген ұзын ойыс. Өзен аңғары ағын судың әрекетінен қалыптасады. Өзен аңғарының арнасы, жайылмасы, беткейі, террасалары, негізгі жағасы болады.

Өзен бастауы – өзеннің басталатын жері. Бастау бұлақ, батпақ, көл, мұздық болуы мүмкін.

Өзен сағасы – өзеннің теңізге, көлге немесе басқа өзенге құяр жері.

Өзен алабы – өзен, көл, теңізге су жиналатын алап.

Өзен құламасы – өзеннің бастауы мен сағасының мұхит деңгейінен биіктігі арасындағы айырмашылық. Өзен ағысының жылдамдығы оның құламасына байланысты.

Өзен еңістігі – өзеннің белгілі бөлігіндегі құламасының оның ұзындығына қатынасы.

Су шығыны – өзеннің, каналдың, құбырдың көлденең қимасынан бір секунд ішінде ағып өтетін судың мөлшері. Ол текше метрмен өлшенеді.

Жылдық ағын – өзен арнасының ағыс қимасы арқылы бір жыл ішінде ағып өтетін су мөлшері, м ³ немесе км ³ - мен белгіленеді.

Су басу – өзен, көл, теңіз суы деңгейінің көтерілуінен жергілікті жерді су басуы. Су басу қар мен мұздықтың кенет еруінен, жауын – шашынның көп түсуінен, өзен арнасын мұз кептеп қалуынан, суды жел көтеруінен туады.

Тау жүйесі – шығу тегі ортақ, тізбек түзе орналасуында белгілі бір заңдылық болатын тау жоталарының жиынтығы.

Тау – айналасынан оқшау, айқын байқалатын беткейі, етегі және шыңы бар, теңіз деңгейінен биіктігі кемінде 200 м болатын көтеріңкі жер.

Тау тізбегі – тізбектеле орналасқан тау жоталары. Олар әдетте бір кезде пайда болған, шығу тегі өзара ұқсас тау жоталарынан тұрады. Мыс., Камчаткадағы тау жоталары тау тізбегін құрайды.

Тау жыныстары – жер қойнауын түзетін, құрамы әр түрлі минералдардан тұратын табиғи түзінділер. Шөгінді, магмалық, метаморфтық тау жыныстары болады.

Тау сілемі – негізгі немесе бүйірлік тау жотасынан тараған тау тарамдары. Мысалы Тянь – шаньның тау сілемдері.

Тау жотасы – екі жақ беткейі анық байқалатын, ұзындығы едәуір көтеріңкі жер.

Топырақтың тозуы (деградация почвы) – топырақ түзілу жағдайларының өзгеруіне немесе адамның шаруашылық әрекетіне байланысты топырақ қасиеттерінің біртіндеп нашарлауы.

Дефляция – желдің әсерінен борпылдақ тау жыныстары мен топырақтың бұзылуы.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ұ.Ә.Есназарова. Қазақстанның физикалық географиясын оқыту. Әдістемелік құрал. Алматы – 2004.

2. Ә.Бейсенова, Қ.Карпеков. Қазақстанның физикалық географиясы. Оқулық 8 – сынып. Алматы «Атамұра» 2004.

3. Т.М.Бенькович, Д.Л Бенькович. Опорные Конспекты в обучении географии России. Москва. «Просвещение» 1997.

4. А.В Егорина, Ю.К Зинченко, Е.С Зинченко. Физическая география Восточного Казахстана.Альфа- ПРЕСС Усть Каменогорск 2002.

5. И.В Душина, Е.А.Таможняя, В.Б Пятунин. Методика и технология обучения географии в школе. АСТ «Астрель» Москва 2002.

6. Ұ.Есназарова. Қазақстанның физикалық географиясы. Оқулық 8 – класс

Алматы 2002.

7. Қ.Құрманов. Физикалық география. Анықтамалық сөздік. Алматы «Рауан» 1993.

8. И.Стрелкова. Шоқан.Алматы «Жалын» 1985.

9. В.И.Сиротин. Практические работы по географии 6 – 10 классы. М.: 2000.

10. В.С.Добржицкий, Б.А.Кондратьев. Практические работы по физической географии в средней школе. М.: Просвещение 1980.

11. И.И.Баринова. Самостоятельные и практические работы по физической географии. М.: Просвещение 1990.

12. Линева Л.А. Методические рекомендации. Усть – Каменогорск, 2001.

13. Т.Омаров. Қазақстан көлдері. Алматы «Қазақстан» 1987.



14. Белгібаев М.Е. Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі// География және табиғат. - 2004. - № 3. 5-8 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет