Саяси сананың деңгейлері
Саяси сананың қарапайым деңгейі – саяси өмірге қатысты қоғамдық пікірдің күнделікті жағдайы. Бұл деңгейдің тағы бір атауы – «қоғамдық психология». Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананның төменгі сатысына жатады.
Теориялық деңгей саяси өмірді өзгерту, дамыту, жаңаша құруға бағытталған саяси тұжырымдамалардан, идеялар және принциптерден тұрады.
Эмпирикалық деңгей саяси қайраткерлер практикалық саяси өмір процесінде жинақтаған идеялар түрінде көрінеді. Саяси идеялар манифест немесе партиялық бағдарламалардың теориялық ережелерінде әрдайым айқын тұжырымдалмаған. Кейбір маңызды идеялар мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлерінің сөздерінде, бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында көрініс табады
Достарыңызбен бөлісу: |