Саяси сана дегеніміз – өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы



бет5/10
Дата17.04.2022
өлшемі30,48 Kb.
#139730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
саясаттану семинар 5

Идеологияның жіктелуі
Идеологияның классикалық түрлеріне консерватизм менлиберализм жатады.
КОНСЕРВАТИЗМ
Консерватизм (латынша conservo - сақтаймын, қорғаймын) - саяси және әлеуметтік философиялық ұстаным ретінде дәстүрлі әлеуметтік институттардың сақталуын қолдайды. Консерватизм ұғымын алғаш рет саяси мағынада Франсуа Рене де Шатобриан пайдаланған. Консервативтік идеология Ұлы Француз революциясының (1789) саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын философ және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729-1797), француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1733-1859) және т.б. жатады. XIX ғасырдың аяғы XX басында консерватизм негізгі қағидаларына өзгерістер еңгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады. 1970 жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарған консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды. Ол жеке адамның құқықтары бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды.
ЛИБЕРАЛИЗМ
Либерализм (латынша – liberalis – «еркін») – ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либералды құндылықты ұстанушы, еркін ойлаушы адамды либерал дейді. Либерал қоғамның барлық салаларында жеке тұлғаның еркіндігін жақтайды. Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. Монтескье, С. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвил, Дж. Милль. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либеральдық саяси доктрина арқылы білдірді. Бүгінгі таңда либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Либерализмнің идеалы қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне , дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Либералдық идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы. Олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмейді. Сондықтан либерализм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм (неолиберализм) деген ат алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет