танымдық (адамдарға саяси ақпаратты игеруге, айналадағы саяси шындықты талдауға көмектеседі);
реттеуші (саяси қатысуға қатысты идеялар, көзқарастар, сенімдер және т.б. арқылы бағыт-бағдар береді);
бағалау (саяси өмірге, нақты саяси оқиғаларға қатысты көзқарас, пікір, ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді);
ұйыстыру (ортақ құндылықтар, идеялар, көзқарастар негізінде қоғамның әлеуметтік топтарын біріктіруге жәрдемдеседі);
болжамдық (саяси процестің мазмұны мен сипатын болжауға негіз жасайды, болашақ саяси қатынастар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді);
жұмылдырушы (адамдарды саяси бағдарланған мінез-құлыққа, өз мүдделерін қорғау үшін қоғамдық-саяси өмірге қатысуға, өзінің пікірлестерімен партияларға, қозғалыстарға, басқа бірлестіктерге бірігуге шақырады).
коммуникативтік, қоғамда саяси қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
идеологиялық: саяси субъектілерінің өзіндік мүдделерін білдіріп, жекелеген әлеуметтік топтардың идеологиясына ықпал етеді. Әлеуметтік топты саяси субъект ретінде дамытады. Қоғамда түрлі әлеуметтік топтар бар болғандықтан, бұл көптеген идеологиялардың пайда болуына ықпал етеді. Осылайша, саяси сананың идеологиялық қызметі демократиялық плюрализм қағидатын дамытуға қызмет етеді.