Саяси сана дегеніміз – өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы



бет6/10
Дата17.04.2022
өлшемі30,48 Kb.
#139730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
саясаттану семинар 5

Идеологияның қанаттарға жіктелуі
Орта – центризм. Центрден солға таман либерализм, одан ары қарай солшыл қанат. Центрден оңға таман консерватизм, одан әрі оңшыл қанат кетеді. Бұл негізінде, Ұлы француз төңкерісінен кейін алғаш республика құрылып, алғаш француз парламенті пайда болған кезде шыққан ұғым. Француз Парламентінің жиналыс залында оң жақта консервативті көзқарастағы фельяндар, ортада либерал жирондистер, сол қанатта революционер якобшылар отырған екен. Осыдан қалыптасқан саяси дәстүр саналады.
Солшыл

  • социализм

  • коммунизм

  • анархизм

Оңшыл

  • монархизм

  • нацизм

  • фашизм

  • САЯСИ МӘДЕНИЕТ

Саяси мәдениет – тарихи даму барысында қоғамдағы қалыптасқан саяси дәстүрлердің, саяси әдет-ғұрыптардың, саяси рәсімдер мен жөнжоралғылардың, саяси ілімдер мен теориялардың, саяси мінез-құлық үлгілерінің жиынтығы. Саяси мәдениет жалпы қоғамдық мәдениеттің бір аласы болып табылады.
Неміс ғалымы Иоганн Готфрид Гердер (1744-1803) алғаш рет саяси мәдениет ұғымын қолданып, ғылыми айналысқа ендіруші саналады. Ол саяси мәдениет қатарына қоғамда қалыптасқан саяси дәстүрлер мен ережелерді, саяси мінез-құлық үлгілері мен әдет-ғұрыптарды жатқызды.
Саяси мәдениетті зерттеген танымыл ғалымдар: Габриэл Алмонд, Сидней Верба, Герман Файнер. Америкалық саясаттанушылар еуропалық мемлекеттер мен басқару жүйесін зерттеу кезінде олардың әр-түрлі дамуына ықпал етуші рухани фактор саяси мәдениет екенін анықтады, олар саяси мәдениеттің құлдық, азаматтық және саяси қатысу түрлері болатынын негіздеп, ғылыми тұжырымдамасын ұсынды. Қазіргі уақытта саяси ғылымда «саяси мәдениет» ұғымы әртүрлі мағынада және мағынада қолданылады, бұл мәдениеттің саясатта көрініс табуының күрделілігіне де, мәдениеттің әртүрлі түсінігіне де байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет