Саяси сана дегеніміз – өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы



бет4/10
Дата17.04.2022
өлшемі30,48 Kb.
#139730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
саясаттану семинар 5

ИДЕОЛОГИЯ
«Идеология» деген ұғым гректің идея – бейне және логос – білім деген сөздерден шыққан. Бұл ұғымды ғылыми айналым мен саяси әдебиетке француз ғылымы және фәлсафашы Антуан Дестют де Траси (1754-1836) енгізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндіреді. Кейін келе бұл сөздің мазмұны өзгерді, қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Идеология – әртүрлі саясат субъектілерінің (тап, ұлт, қоғам, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстардың) мүдделерін, дүниетанымын және идеалдарын білдіретін концептуалды ресімделген түсініктер мен идеялар жүйесі. СЛАЙД
Идеология әр-түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясат пен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнақтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немес оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды.
Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, торптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, ережелер, рухани байлықта, бағалы бағыттар жйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, оларды жүзеге асырудың құралдарымен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға жеке тұтастық сезімге ие болады
Сонымен қатар идеология-сезім тудытартын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс-әрекетіне мән-мағына беріп күшейтеді. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін, адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі құрбан етуге дейін барады. Қоғам өмірінде идеология маңызды рөлді атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:

  • бағдар беру: идеология саясат субъектілерінің құндылықтары мен мүдделерін айқындап, тұжырымдап, алға бағыттайды; Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогрес, тұлға және билік және т.б. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне бағдар көрсетеді

  • жұмылдыру: идеологияның ұстанушыларын белгілі бір саяси белсенділікке ынталандырады; Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат- мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады.

  • интеграциялау: идеология жеке мүдделерді жалпылап, тиісті әлеуметтік топ үшін біріктіруші фактор болып табылады.

  • амортизациялық: әлеуметтік кернеуді жұмсарту. Амортизация қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді.

  • бағалау: саяси шынайылық пен өзіндік мүдделердің сәйкестігін сезіну. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет