ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР Халықаралық қатынастар – халықтар арасындағы, мемлекеттер мен мемлекеттердің бірлестіктері арасындағы саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми-техникалық және басқа да байланыстар мен өзара қарым-қатынастардың жиынтығы.
Халықаралық қатынастардың дамуына әлемдік саясат сияқты маңызды фактор әсер етеді. Әлемдік саясат – мемлекеттердің халықаралық аренадағы қызметі және олардың арасындағы мемлекеттік және ұлттықтан жоғары деңгейдегі саяси қарым-қатынастар (мысалы, БҰҰ аясында). Бұл термин халықаралық қатынастар субъектілерінің қызмет саласын, сондай-ақ халықаралық қатынастар мен сыртқы саясаттың тәсілдері мен құралдарын қамтиды. Сыртқы саясат – мемлекеттің халықаралық аренадағы, сондай-ақ қоғамдық және саяси ұйымдардың ұлттық шекаралардан тыс өз қажеттіліктері мен мүдделерін жүзеге асыру жөніндегі қызметі.
Халықаралық қатынастар саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, идеологиялық, мәдени, әскери, мемлекеттер арасындағы түрлі қатынастардың кешенін қамтиды.