1. Саяси шиеленістердің мәні мен мазмұны Шиеленіс (латынша – conflictus – жанжалдасу, қақтығысу) –Шиеленіс, қақтығыс, жанжал (конфликт) дегеніміз – әрбiр қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, iстi насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердiң, пiкiрлердiң, көзқарастардың қайшы келуi, елеулi келiспеушiлiк, өткiр пiкiр талас.ғылыми әдебиеттерде конфликт ұғымының қазақ тілінде үш түрлі аудармасы қатар қолданылып жүр: шиеленіс, жанжал, қақтығыс.
Американдық социолог Питирим Сорокин жанжалды екі топқа бөлген:
тұлғааралық (жеке адамдар расында)
топаралық (әлеуметтік топтар арасында)
Саяси конфликт билік ресурстарын, өкілеттіктер мен игіліктерді бөлу мен ұстап қалуға бір-бірімен дауласатын екі немесе одан да көп тараптардың (индивид, топ, тап, мемлекет) нақты өзара іс-қимылының көрінісі мен нәтижесі. Жанжалдар саясаттанудың дербес саласы – конфликтология ғылымының зерттеу пәні болып табылады. Конфликтология – кез келген деңгейдегі жанжалдардың пайда болу, даму, шешу және аяқталу заңдылықтарын зерттейтін саясаттанудың дербес саласы.
Конфликтологияның бастауында Карл Маркс (1818-1883), Георг Зиммель (1858-1918), Питирим Сорокин (1889-1968) сияқты ғалымдар тұр. ХХ ғасырда оның жеке ғылым болып дамуына Льюис Козер (1913-2003), Ральф Дарендорф (1929-2009) көп үлес қосқан.
Әлеуметтік-саяси жанжалдың статикалық құрылымын неміс ғалымы Макс Вебер мынадай элементтерден тұрады деп көрсеткен:
Жанжал субъектілері (екі және одан да көп қарсы тараптар);
Жанжал объектісі (пәні);
Жанжалдың жанама жақтары, яғни үшінші тарап;
қоршаған әлеуметтік орта (әлеуметтік және саяси).
Саяси дағдарыс - қандай да бір қоғамдық жүйенің қиын өтпелі жағдайы. Дағдарыс саяси жүйе үшін теріс (ескі жүйенің бұзылуы) немесе оң нәтижемен аяқталатын (оның дамуына ықпал ететін) өзгермелі сәт болып табылады.
Саяси шиеленістер мен дағдарыстардың жіктелуі.
Конфликтілердің жіктелуі көлемі бойынша:
Жаһандық (мысалы: Екінші дүниежүзілік соғыс);
Жергілікті (мысалы: Корей соғысы, Вьетнам соғысы);
Аймақтық (мысалы, Балқан соғысы);
Топтық (мысалы: ұлатарлық, дінаралық жаппай төбелес);
Жеке,
Жанжалдардың түрлері
Қоғамдық өмір салалары бойынша: