Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет161/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Әдебиеттер
1. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. - Алматы: «Жазушы», 1975.-400 б.; 2-е изд. -Алматы: 
«Дайк-Пресс», 2002.-328 б. 
2. Жұбанов А.Қ. Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1942. – 236 б. 
3. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. - Астана: «Күлтегін», 2002. - 832 б. 
4 Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. - Алматы: «Жазушы», 1975. - 400 бет, Құрманғазы туралы 
5. Ахмедьяров Қ. Махамбеттің сазгерлік сыры. //Шашақты найза, шалқар күй. Музыкалық 
шығармалар. 18-кітап. - Алматы: «Өлке», 2004. - 272 б. 
6. Көшекбаев Н. Жебелі ақынның жеті күйі. //Шашақты найза, шалқар күй. Музыкалық 
шығармалар. 18-кітап. - Алматы: «Өлке», 2004. - 272 бет, 13-6. 
7. Махамбет Өтемісұлы шығармалырының төрт томдық академиялық жинағы. -Алматы: 
«Ғылым», 2003. - 448 бет, 52-6. 
8. дереккөз:http://www.elarna.net/kitap_kk.php?id=3561&oku=21908#ixzz6bZ78nZ9n 
9. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. - Алматы: «Білім», 1999. - 752 б. 
ӘОЖ 7 78.06 
МУЗЫКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ 
Досбағанбетова А.Т. 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,
Шымкент,Қазақстан 
 
Резюме 
В данной статье рассматривается развитие творческих способностей учащихся на уроках 
музыки 
 
Summary
 
 
This article discusses the development of creative abilities of students in music lessons 
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-
жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамдағы алатын орны
атқаратын қызметі сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты.
Қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық» адамға деген 
сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Білім беру 
саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік 
нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. 
Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып 
олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік 
талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Музыка өнері әрбір оқушыны 
әсемдік әлеміне үйретіп қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени 


434 
деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды. Сол себепті әрбір қоғам мүшесін 
өнерпаздыққа тарту қоғамның объективті қажеттілігі және заңдылығы болуы 
керек. Қазіргі 
күні 
музыкалық 
педагогикада 
педагог 
музыканттың 
шығармашыл іс-әрекетін дамыту, оны тұлғаның қалыптасуына бағыттау, 
сезімталдық шығармашылық арқылы өзін, қазақ музыка өнерін тану сиақты 
мәселелердің бары айқындалды. 
Көне заман философ ойшылы Пифагор музыканың акустикалық заңдарын 
ашса, Платон, Аристотель музыканы - адамның ізгілік және әсемдік әлеміне 
ықпал етудің маңызды құралы, мінез-құлықты түзету, жеке тұлғаның 
психологиялық көңіл-күйін жасау құралы ретінде қарастырған.
Әбу-Насыр әл-Фарабидің пікірінше: музыка – табиғаты терең, жан-жақты 
сыры, әсері бар құбылыс. Оның ерекше атап көрсеткен ойы музыкалық әуеннің 
адам бойында үлкен эмоциялық тебіреніс күш туғыза алатын құдыретті күш 
екендігі және оны әртүрлі мақсатта, адам баласының жанын сауықтыруда 
немесе адам тәрбиесінде халыққа басшылық жасап, меңгеруде үлкен маңызды 
құрал бола алатындығын айтады.
Қазіргі қоғамның даму қарқыны білім берудің міндеттерін қайта қарауды талап 
етеді. Тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылдық даралығын дамыту, 
баланың бар мүмкіншілігін ашып, оны жүзеге асыру білім беру жүйесінің басты 
бағыты.«Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу 
керек!»-деп жазады Ж.Аймауытов [1]. 
Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты 
тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі-ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы 
азады»,-дейді халық даналығы. 
Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған 
үлкен міндет деп ойлаймын.Шығармашылық-бұл адамның өмір шындығында 
өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой 
түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. 
Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға 
көмектеседі. 
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде 
М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында
меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, 
күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы 
малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы 
жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы 
даланың баласы-қазақ баласы қиялқұмар болуға тиісті». Педагог ғалымның 
айтқанының сөз өнері-әдебиетке тікелей қатысы бар. Сабақтарды түрлендіріп 
өткізудің маңызы ерекше. Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі 
ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, 
ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын 
қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы 
барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай 


435 
түседі. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін 
ұйымдастырудың түрлері өте көп.
Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген тәрбие әдіс – 
тәсілдерінің бірыңғай жүйесі қалыптасқан. Әдіс-тәсілдердің түрі, оларды тиімді 
пайдалану және оқушыға жасалған ықпалдың нәтижесі болуын қамтамасыз ету 
мақсатын көздеп, оларды топтастырады. Әрбір әдіс–тәсілдердің белгілері, 
ерекшелігі, міндеті, бір–бірімен байланысы да топтастыруды, жіктеуді қажет 
етеді.Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға, 
баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол 
оқушыныңмузыкалық мәдениеттілігінқалыптастырудың алғы шарты болып 
есептеледі.Музыканы тыңдаған кезде бала еркін отыруы керек, бұл тәсіл 
орындалып, жатқан шығарманы қозғалмай байсалды тыңдауына мүмкіндік 
береді. Сондай-ақ музыка тыңдап отырған кезде, сөйлеуге, мұғалімге сұрақ 
қоюға болмайтынын білу керек. Бірте-бірте мұғалім балалардың музыканы 
тыңдай білу мәдениетін қалыптастырады. Музыка тыңдау барысындағы 
мұғалімніңжүріс-тұрысы, өзін ұстауы өте үлкен рөл атқарады. Мұғалім 
тыңдауға ұсынған шығарманы өзі орындаса, мүмкіндігінше нотасыз ойнауға 
тырысу керек.
Мұғалімнің басты міндеті қазақ халық музыкасына оқушылардың назарын 
аудара білу қабілеті болып табылады. Қазақ халық музыкасының идеялық 
мазмұны маңызды екендігі іс-тәжірибе жүзінде дәлелденген. Сондықтан 
мұғалімнің міндеті музыканы меңгеруде сыныптағы оқушылардың нақты 
эмоциялық көңіл-күйін қалыптастыра отырып, арнайы оның мазмұны, сипаты 
жөнінде білім беруде шығармашылық ізденісті ұйымдастыра білгені жөн. 
Осының нәтижесінде білім алушыларда шығарманың идеялық-эмоциялық 
бейнесін жасауға, мазмұнның эмоциялық - ойын ашуға және үйретілген 
туындының көркемдік бейнесін көркемдік мәнерлік құралдарды табуға 
толығымен мүмкіндік болады.
Ендеше қазақ халқының мәдени-рухани даму ерекшеліктерінен ұлттық 
дүниетаным мен түсініктерді ығыстырып тастамай, сан ғасырлар бойы 
қалыптасқан мәні терең ұлттық музыкамыздың құрылымдарын жаңғырта тану, 
ғылыми негізде сараптап түсіндіруіміз керек. 
Р.Қ.Дүйсембінова музыканы оқыту үдерісінің өзіне тән функциялары бар 
екендігін, олар: 
- музыканы оқытудың білімділік функциясы-бұл оқушыларды музыкалық 
ғылыми білім, іскерлік дағдылар жүйесімен қаруландыру. Оның түпкілікті 
нәтижесі берілген білімнің іс-жүзінде саналы түрде қолдана білуі; 
- музыканы оқытудың тәрбиелік функциясы-музыканы оқытудың мазмұнымен, 
оқытудың 
формасымен, 
әдістерімен 
анықталатын 
және 
мұғалім 
мен оқушылардың қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын үдеріс. Музыканы 
оқыту үдерісінде жеке тұлғаның белгілі бір көзқарастары, қарым-қатынастары, 
тұлғалық сапа-қасиеттері, музыка өнеріне, музыкалық іс-әрекеттерге деген 
өзіндік көзқарастары, пікір-пайымдаулары, мінез-құлықтары қалыптасады; 


436 
- музыканы оқытудың дамыту функциясы - мұғалімнің басшылығымен жүзеге 
асырылады. Музыканы оқытудың дұрыс ұйымдастырылуы оқушылардың 
сенсорлық, қозғалыстық, мотивициялық дамуына көмектеседі. Қажеттік және 
тұлғаның танымдылық үдерісінің белсендірілуі арқылы әсіресе музыкалық 
есту, музыкалық ес, музыкалық ойлау,қиялдау,сонымен бірге музыкалық 
қабілеттері дамиды-деп атап көрсетеді[2]. 
Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып отырған ең басты талап-рухани 
бай,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 
Оқушылардың музыкалық шығармашылық қабілеті іс-әрекет үдерісінде 
қалыптасады. Ғалымдар пікіріне сүйенсек дарынсыз, мүлде қабілетсіз бала 
болмайды. Сол қабілеттің көзін ашу оны әрі қарай дамыту-әр бір музыка 
мұғалімінің қасиетті борышы. Жалпы музыка пәні эстетикалық сезімі жетілген, 
рухани бай тұлға тәрбиелеудің қайнар көзі десек қателеспейміз. 
Мектептегі музыкалық-педагогикалық жұмыстың басты мақсаты-оқушыларды 
музыкалық даму үдерісіне талдау жасауға үйрету. Музыкалық - 
есту түсініктерін өз бетінше орындату. Музыканы көпшілігі тыңдайды, бірақ 
азы ғана естиді, әсіресе аспапты музыканы адамдар көбінесе қойылған 
музыканың жеке сәттерін қабылдайды, нақтырақ айтсақ осы сәттердегі өз 
әсерлерін ұсынады. Ал шығарма толығымен оларға түсініксіз болып қалады.
Сонымен қатар оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыру үшін 
төмендегі міндеттер орындалу қажет: қазақ халық музыкасын қабылдай, талдай 
білуі; өзара пікірталастар мен талқылауларға белсенді қатысуы; өз бетінше 
жұмыс жасау; нәтижеге, жетістікке ұмтылу; өз бетімен күрделі тапсырманы 
таңдауға құштарлану; іс-тәжірибелік әрекетін талдауға қызығушылық 
танытуы[3]. 
Қазақ халық музыкасының өзіндік мәні мен маңызы, қадір-қасиеті, ерекшелігі
бар. Мәні-адамның аңсаған арманы, қуанышы мен күйінішін, өмір 
құбылыстарын сан алуан сиқырлы иірімдер арқылы санаңа жеткізіп, жүрегіңе 
құйып беретіндігінде болса, ал маңызы-сиқырлы да сүйкімді ырғақтарымен, 
тебіреністі - тербелістерімен адамды дүние сырын түсінуге, сезінуге жетелейді. 
Оның негізгі мақсаты мен міндеттерін іске асыруы мен табысты болуы 
мұғалімінің іскерлігіне, шеберлігіне, білімділігіне байланысты. Оқушының 
бейімділігіне, білімділігіне, қабілетіне, шеберлігіне бағыт беріп, тұлға ретінде 
қалыптасуына мұғалім мүмкіндік жасап, бірігіп жұмыс істеп, оқушылардың 
шығармашылық қабілетін қалыптастырады. 
Бүгінгі 
таңда 
жас 
ұрпақты 
тәрбиелеп, 
шығармашылық 
қабілеттерін қалыптастыруда оқушыларға музыкалық білім берудің барлық 
әдіс-тәсілдерін қолдана отырып шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеуге тиістіміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет