Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет9/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

Материалдар және әдістер. 
Мақалада зерттеу мәселесін зерттеген 
ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау, модельдеу, салыстыру әдістерін 
қолдандық.
Отандық ғылымда STEM бағытында оқыту және метапәндік білікті 
қалыптастыру мәселесіне бағытталған зерттеулер бар, дегенмен жеткіліксіз. 
Атап айтсақ, STEM арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген 
қызығушылығын арттыру жолдарын Е.С.Ибраева, болашақ бастауыш сынып 
мұғалімдерін STEM білім беру жағдайында даярлау мәселесін Л.Е.Агеева, 
Е.Н.Агранович, ал метапәндік тұрғыда оқыту мәселесін Ж.А.Жұмабаева және 
т.б. зерттеді.
Е.С.Ибраева және Б.К.Шаушекованың пікірі бойынша, STEM жағдайында 
оқыту оқушының бойында ғылыми-техникалық қызметке қызығушылықты 
оятып, міндеттерді қою, оны шешу қабілеті мен инновацияға бағытталған жаңа 
нәрсе ойлап табу, нақты мәселелерді шешуге деген сенімін қалыптастырады [2]. 
Бұл бағыттағы жұмыстарды біз де зерттеу барысында қолданатын боламыз.
Л.Е.Агеева және басқа да авторлардың зерттеуінде 
болашақ бастауыш 
сынып мұғалімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ЖОО-ның 
білім беру бағдарламаларына «Бастауыш мектептегі STEM-білім беру» және 


19 
«Steam – бастауыш мектептегі тәсіл» қосымша minor ретінде енгізудің жолдарын 
ұсынады [3]. Ал, А.С.Львова өз зерттеулерінде «Бастауыш мектептің білім беру 
процесінің STEM-технологияларының ақпараттық негіздері» атты модулді 
енгізу мәселесін қарастырды [4].
Сондай-ақ, Н.С.Муродходжаева және басқа да авторлар бастауыш сынып 
оқушылары метапәндік деңгейде әрекет етуге, зерттеушілік іс-әрекеттерін 
дамытуға, сындарлы және жобалық қызмет түрлерін игеруге мүмкіндік беретін 
«STEM-мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға білім 
беру» атты оқу бағдарламасын ұсынды. Бағдарламаның мазмұны төмендегідей 
модульдерден тұрады:
Бірінші модуль
- «Лего құрылысы» - «Инженерия»,
«
Көлемді дизайн», «3D 
модельдеу», «Дизайн» бөлімдері қарастырылады;
Екінші модуль
- «Зерттеу қызметі»;
Үшінші модуль
- «Работотехника және жасанды интеллект»; 
Төртінші модуль
- «Математикалық сауаттылық». 
Бесінші модуль
- «Ақпараттық және медиа технологиялар» [5].
Бұл бастамалар бастауыш сынып оқушыларының дизайн, модельдеу, 
работотехника сияқты қосымша білім қызмет түрлеріне деген қызығушылық пен 
қажеттіліктің артуына байланысты. Демек, бұл зерттеу интеграцияланған 
тәжірибеге бағытталған оқыту тәсілі ретінде қарастырылады. 
С.М.Мусина және оның бірлескен авторлары шетелдің STEM жағдайында 
білім берудің тәжірибесіне талдау жүргізді. Талдау барысында «американдық 
мектептерде STEM-пәндері бастауыш мектептің бағдарламасына енгізілгенін, ал 
орта мектептерде STEM-оқыту бағдарламасы университет және бизнеспен өзара 
әрекеттесу арқылы іске асатынын» атап өтті [6]. АҚШ-тағы STEM мектептерінің 
негізгі бағыттарын атап көрсетті: бірінші бағыты - оқытуды жекелендіру; екінші 
бағыты - жобалық оқыту; үшінші бағыты - технологиялық дағдыларды 
қалыптастыру; төртінші бағыты - мәселені шешуге бағытталған оқыту; бесінші 
бағыты - командалық оқыту [7]. Сонымен қатар, басқа да елдердің тәжірибесін 
талдау барысында STEM жағдайында оқу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік 
беретін бағытталған арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады (кесте 1). 
Кесте 1 - STEM жағдайында оқу процесін ұйымдастыруға бағытталған іс-
шаралар 
Ел 
Бағдарлама, жоба, пән, мектеп атаулары 


Финляндия 
«LUMA» бағдарламасы 
Канада 
«Promo Science» бағдарламасы, «Искусство» пәні 
Великобритания 
STEMNET, «Engineers of the Future» (Болашақ 
инженерлер) жобасы, «STEM Ambassadors» орталығы, 
«STEM Clubs Programme» үйірмелері
АҚШ 
«STEM Coalition» орталығы 
Қытай 
«Жасанды интеллект» 
Сингапур 
«Tanglin Trust Senior School» мектебі 
Япония 
«TOYO» мектебі 


20 
Тайвань 
«K-12 STEM» жобасы 
Ендеше, біз бұл тәжірибені оқу процесін STEM бағытында ұйымдастыруда 
негізге алғанымыз дұрыс деп білеміз.
Сондай-ақ, шетелдік ғылымда STEM бағытында оқытудың жолдарын жан-
жақты қарастырған М.Sanders, J.M.Breiner, S.S.Harkness, C.C.Johnson, H.Ozcan, 
K.Pehlivan, C.Uluyol, M.Altunel, D.Akgündüz, M.Aydeniz, G.Çakmakçı және т.б.
H.Ozcan өзінің біршама зерттеулерін STEM бағытына арнайды []. Оның 
пайымдауынша, STEM жағдайында білім беру пәнаралық тәсіл арқылы іске 
асып, оқушылар мен мұғалімдердің оқуға деген қызығушылығы және ынтасын 
тәжірибе жасау арқылы арттыруға мүмкіндік береді. Біздің зерттеуімізге 
автордың «STEM egitimi uygulamalari І» еңбегі құнды деп білеміз [8].
P.
Kübra, U.Çelebi зерттеулерінде әр түрлі пәндерге негізделген STEM 
жағдайында ұйыстастырған сабақтардың мысалдарын ұсынып, жаратылыстану, 
математика, өнер, ақпараттық технология және т.б. сабақтарды пәнаралық 
байланыста оқытып, STEM жағдайында оқытудың нәтижесінде тұтынатын емес 
өнім өңдіретін ұрпақ тәрбиелеуге болатынын көрсетеді [9]. Демек, 
технологияның дамуымен ақпаратқа қол жеткізу әлдеқайда жеңіл болып, жаңа 
өнімдерді енгізу мен өңдіру қабілетін арттырып, білімнің жоғары деңгейіне қол 
жеткізуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, M.Altunel мақаласында: «STEM - бұл ғылым, технология, 
инженерия және математиканы біріктіру арқылы жеке білім алушылардың 
мәселелерін шешуге бағытталған пәнаралық тәсіл» деп қарастырады [10]. 
Автордың пайымдауынша, STEM білімі пәнаралық ойлау; зерттеуге негізделген 
оқыту; өмір сүру, жасау арқылы үйрену; проблемаға бағытталған оқыту; сыни 
және балама ойлау; өмірге негізделген оқыту және т.б. дағдыларды дамытуға 
бағытталған. 
B.Yıldırım мен Y.Altun сияқты зерттеушілер өз зерттеулерінде STEM білім 
беру және инженерлік тәжірибелерінің жаратылыстану ғылымдарының 
зертханалық курсына әсерін зерттеп, нәтижесінде STEM білімі мен инженерлік 
қосымшалар білім алушылардың оқу жетістіктерін жақсартуда тиімді екендігін 
анықтады. Авторлар STEM білімінің негізгі артықшылықтарын ұсынды:
- п
роблемаларды шешу дағдыларын дамыту;
- жеке адамдар өздерінің негізгі білімдері мен дағдыларын пайдалана 
отырып, инженерлік шығармашылық әлеуетін дамыту; 
- логикалық ойлауының дамуына ықпал етеді; 
- сенімділікті қалыптастырады;
- бұл технологияның табиғатын түсіндіруге және түсінуге мүмкіндік береді 
[11]. 
Жалпы, біздің байқағанымыз оқу процесін STEM білім беру жағдайында 
оқыту, бастауыш сынып оқушыларының метапәндік білігін қалыптастыру 
мәселесі отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерінде орын алған. Білім 
беру жүйесінің өзгеруіне сай бұл зерттеулер де жүйеленіп, өзгеріп келеді. 
Ендеше, бастауыш сынып оқушыларының STEM білім беру жағдайында 


21 
метапәндік біліктерді қалыптастырудың мүмкіндіктерін арнайы қарастыру 
өзекті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет