26
Summary
The article describes the teaching activity of Zh. Aimautov in the Kazakh Pedagogical
College of Shymkent
Қазан төңкерісінен кейін, 1918-1924 жылдардағы Түркістан АКСР жағдай,
қазақтардың көп шоғырланған облыс тарихы Ташкент қаласымен тығыз
байланысты болды. Осы аймақтың түркі-мұсылман
қауымы басшыларын
біріктіріп, ортақ мүдделер бойынша ұйымды басқарған Қазақ ұлттық
зиялыларының өкілдері құрылды. Олардың ішінде Мұстафа Шоқай,
М.Тынышпаев,
Т.Рысқұлов,
С.Қожанов,
Н.Төрекулов,
С.Сейфуллин,
С.Асфендияров,
М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов,
Х.Досмұхамедов,
Ж.Досмұхамедов, Ғ.Мұратбаев, Т.Жүргенов және т. б.
Халыққа білім беру саласында Қазақ ағарту институтын (Казинпрос) құру
және қалыптастыру жолында жоғарыда аталған қазақ зиялыларының өкілдерінің
еңбегі орасан зор. Оның қалыптасуының бастауы 1918
жылдың қазанына
жатады.
Осы
жылдары
Түркістан
Республикасы
Халық
Ағарту
Комиссариатының шешімімен Орыс педагогикалық училищесінде Қырғыз
(Қазақ) педагогикалық бөлімшесі ашылады. 1919 жылдың 1 шілдесінен бастап
педагогикалық бөлім дербес училище болып қайта құрылды. 1920 жылдың 1
қазанынан бастап училище Өлкелік Қазақ ағарту институты (Казинпрос) болып
қайта құрылды. Содан кейін, 1925-1926 оқу жылында Ташкенттегі Қазақ Ағарту
институтының базасында Қазақстанның алғашқы жоғары оқу орны ашылды.
1928 жылы ол Алматы қаласына көшіріледі [1].
1924 жылы Шымкент қаласы облыс орталығы болып құрылады.
Кеңес
өкіметінің алғашқы жылдарында қаланы дамыту барысында ауқымды іс-
шаралар басталып, ол бірте-бірте ірі өнеркәсіп орталығына айналды.
Бірінші
кеңестік бесжылдықта Шымкентте қонақүй, асханалар, клуб театры, екі жазғы
кинотеатр, перзентхана, екі аурухана, балабақша, алты жаңа мектеп пайда болды.
Соның бірі Сырдария облысы Шымкент қаласында орналасқан Қазақ
педагогикалық техникумы.
Қазақтың көрнекті жазушысы,
драматург, публицист, қазақ әдебиетін
қалыптастырушылардың бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың еңбек жолы, білім-беру
саласындағы қызметінің бірі осы оқу орнында шыңдала түсті.
Көптеген
деректерде
Ж.Аймауытов
1926-1929
жылдары
Қазақ
педагогикалық техникумында
білім беріп оқытушылық, директорлық қызмет
атқарғанын кездестіруге болады. Соның бірі Шымкент қаласы Түркістан
облыстық мемлекеттік архивіндегі «Сырдария губерниялық Халық Ағарту
бөлімі» құжаттарынан деректер келтіруге болады. Мысалы, «Жауапты
тұлғалардың жеке парақтары. Сырдария Қазақ
педагогикалық техникумы
курсанттарының тізімі, техникумға қабылдау туралы өтініштер» деп аталатын
қорда Ж.Аймауытов өз қолымен жеке парағын толтырған. Онда былай делінеді:
Достарыңызбен бөлісу: