382
біздің де қоғамның алдындағы борышы. Сондықтан кіші мектеп жасындағы
балаларды оқытуда көрнекіліктерді пайдаланудың тиімділігі жоғары екені
белгілі.
Ең негізгісі көрнекі құралдар қазіргі заманғы талаптарға сай болу керек.
Мұнда
көрнекі құралдарға
төмендегідей
талаптар қойылады:
1.Көрнекі құралдардағы суреттер, жазулар сынып оқушыларына толық
көрінетін болуы керек.
2. Әрбір көрнекі құрал өтілетін тақырыпқа арналған, оның мазмұнын
ашатын болуы тиіс.
3.Көрнекі құрал тартымды безендірілген, бояулары айқын болғаны жөн.
4.Көрнекі құралға оқушы назарын ерекше аудартуға арналған мәтін, сурет
ерекше бояумен берілуі керек.
5.Көрнекі құралда бір мәселенің қайталануынан сақ болу керек.
6.Көрнекі құралда жүйелілік, хронологиялық реттің сақталуын қатты
қадағалау.
7.Көрнекі құралда берілген әрбір мысал тексерілген, дау тудырмайтын,
түсінікті, өтіліп отырған материалды дәлелдеуге көмектесетін болуы керек.
8. Мүмкіндігінше көрнекі құрал өтілейін деп отырған материалды
толық қамтитындай болғаны жөн.
9. Көрнекі құралды сыныпта пайдаланғанда уақыт көп кетпейтіндей етіп
жасау (іліп қою, алу, қайта пайдалану).
Сондықтан да көрнекілікті әр сабақтарда ұтымды қолдана білу бұл пән
мұғалімдерінің шеберлігіне байланысты.
Көрнекілік оқушыларға заттардың өзіне немесе олардың бейнесін тікелей
көріп байқауға мүмкіндік береді. Оқытуда нақты білім алу – көрнекілікке, сезімге,
бақылау әрекетіне негізделеді.
Бастауыш сыныпта жаратылыстануды оқыту үрдісінде интерактивті
әдіспен оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады.
Мультимедиялық тақта сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде
өткізуге мүмкіндік береді. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім
деңгейіне оң әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: