Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет191/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер

1
Дүниетану. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) 
арналған оқу бағдарламасы – Астана, 2016. 
2
Дүниетану. 1 сынып. Оқулық. К.Байтенова, А.Жакеева, Е.Попова, Ш.Саукатова, 
Ж.Сейдахметова, Л.Уфимцева. «Назарбаев зияткерлік мектептері»- «Мектеп», 2016. 
3
Дүниетану. 1 сынып. Мұғалімге арналған нұсқаулық. К.Байтенова, А.Жакеева, Е.Попова, 
Ш.Саукатова, Ж.Сейдахметова, Л.Уфимцева. «Назарбаев зияткерлік мектептері»- 
«Мектеп», 2016. 
4
Мұғалімге арналған нұсқаулық – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық 
шеберлік орталығы, 2015, 7-9б 
5
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 
ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015, 12-15б 
6
Әбенбаев С.Ш.Тәрбие теориясы және әдістемесі.-А.: Дарын, 2004.52-55 б 


386 
ӘОЖ 372.8:502 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН 
ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ 
ЖАНЖІГІТ М.Л. 102-18 оқу тобы студенті 
Ғылыми жетекшісі: АҚЫНОВА Л.А. б.ғ.к., аға оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент
 
Резюме
 
В статье описывается значимость предмета «Естествознание» в развитии научных 
знаний у учеников начальной школы. «Естествознание» формирует у детей научное понимание 
мира, готовность к усвоению сложных терминов и служит основой понимания таких
предметов, как «Физика», «Химия», «Биология», «География". Расширяет научные 
представления о предметах бытия, различных явлениях окружающей среды, неживой и живой 
природе, экологических проблемах. На современном этапе организация активной 
деятельности учащихся по самостоятельному усвоению знаний является одним из основных 
требований к учебному процессу. В этом отношении
немаловажную роль играет 
использование игры. Реализация обучения при этом имеет целевую установку на определенный 
результат. В учебной деятельности учащиеся подчиняются установленным правилам игры, 
учебный материал усваивается посредством игровых элементов. 
 
Бүгінгі таңда бастауыш сыныпта оқушыны жазу мен оқуға ғана емес, білімге 
құштарлығын арттырып, сыни ойлау дағдысын, функциялық сауаттылық 
негіздерін дамыту маңызды екені белгілі. Бастауыш мектептен оқушыларға 
жаратылыс әлемнің ғылыми түсінігін, күрделі терминдерді меңгеруге 
дайындығын 
қалыптастыру 
мақсатында 
енгізілген 
бастауыш 
сынып 
жаратылыстану пәні, орта буын, жоғары сыныптарда оқытыла бастайтын
«Химия», «Биология», «Физика» пәндерінің бастамасы болып табылады. 
Бастауыш сыныптан білім мазмұнын байланыстыра-кіріктіріп оқыту, 
білімнің ғылыми деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Сондықтан бастауыш 
сынып оқушыларына тірі табиғат, табиғат физикасы және адам жайында білім 
беретін, жаратылыстаным негіздерінен түсініктерін дамытуда жаратылыстану 
пәнін оқытудың түрлі әдістемелік жоларын қолдану тиімді. Бастауыш сыныптағы 
жаратылыстану пәні арқылы оқушыларға еліміздің әр түрлі табиғаты, биология 
негіздерінен, химия және география негіздерінің бастамасы қаланады. Нақтырақ 
айтсақ, жаратылыстану пәнінен игерген ұғымдарын, түсініктерін басқа да 
пәндерге кіріктіре, байланыстыра оқыту арқылы жаратылыстың бір тұтастығы 
жайында жүйелі білім негізі қалыптаса бастайды. Балаларда табиғаты тануға 
қызығушылығының дамуына, қоршаған әлем жайлы ой-өрісін кеңейтуге, ғылыми 
ұғымдарды қабылдаудың дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалау 
біліктіліктерін дамытуа көмегін тигізеді. 
Бастауыш сыныптан жаратылыстану пәнін оқыту арқылы, оқушылар бізді 
қоршаған әлемнің күрделі де, көп қырлы сырларын, сонымен қатар табиғаттағы
әр түрлі құбылыстар және үдерістер өзара тығыз байланыста болатынын, тірі 
және өлі табиғаттағы табиғи құбылыстарды және үрдістерді танып біле 
бастайды[1].


387 
«Мұғалімдер оқу бағдарламасын ысырып қойып, ойын арқылы оқытуды 
ерте балалық шақпен шектеп тастайды. Ғылыми ізденістің барлық деңгейінде 
зерттеу ойыны маңызды қызмет атқарады» деп атап көрсетеді Рассел Григг. 
Жаратылыстану пәнінің үздік мұғалімдері пәнді оқушылардың күнделікті 
өмірімен байланыстырып, қызықты материалдар арқылы ынталандырады. 
Балаларды жастайынан жауаптарын байптап түсіндіругежәне айтатан ойын 
дәлелдеуге үйрете алады. [2] 
Оқу үдерісінде білімді игертуде оқушылардың белсенділігін арттыруда
түрлі ойын элементтерін кеңінен қолдану қолайлы болып келеді. Сабаққа 
қойылған оқу мақсаттары ойын элементтерін пайдалану кезінде сәйкесінще 
мақсаттарды көздеуі негізгі талап. Сабақтағы ойындар арқылы нәтижелерге қол 
жеткізу жоспарланады. Оқыту әрекетінде оқушылар белгіленген ойын 
ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болады. Мысалы «Ой 
қозғау» сұрақтар қою, «Алфабиттік сөздер желісі»- сөздің айяқталған әріпінен сөз 
бастап айту, «РАФТ», яғни рөл, аудитория, форма, тақырып, «Сәйкессізді 
анықта» «Ыстық орындық» ойындары оқушылар үшін қызық және сабақ 
мақсатына оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
Сабақтағы ойын оқушылардың ақыл-ойын дамытып, танымын, түсініктерін 
жетілдіреді. Сабақтағы оқу мақсаттарына қол жеткізу, алған білімді бекіту үшін, 
қажетті әдетпен дағдыны қалыптастыру кезінде еске түсіру, қайталау, жаттығу 
жасау кезінде сабақтағы ойын элементтерін кеңінен қолдану қажет.
Сабақ барысында ойын ұйымдастырудағы негізгі мақсат – оқушының тануға, 
ізденуге бейімділігі және сыныптастарымен, ересектермен қарым-қатнас кезінде 
қажетті дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Ойын іс-әрекетін 
ұйымдастыруда сүйенетін жағдайлар: 
1.
Ойын түрлеріне оқытуды байланыстырып қызықты, жеңіл тапсырмалар арқылы 
оқу-тәрбие әрекетіне көшу 
2.
Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің күрделенуі 
3.
Тапсырмаларды шешу арқылы оқушының ақыл-ой белсенділігін арттыру. 
Жаратылыстану пәнін оқытуда ойын элементтерін қолдану маңыздылығы: 
1.
Оқытуда ойын элементтерін қолдану оқушылардың қоршаған әлем туралы түсінігін 
нақтылайды 
2.
Әр-бір қолданылған ойын іс-әрекеттері оқушыларды ойнай білуге баулып, сөздік 
қорын арттырады, ақыл-ойын дамытады. 
3.
Сабақтағы ойынның адамгершілікке тәрбиелеуде маңызы зор 
4.
Сабақтағы ойын ережелерін балаларда ұстамдылық, тәрбиелілік қасиеттерін 
дамытады. 
Бастауыш сынып оқушылары жас ерекшелігіне қарай сабақтағы ойын 
әрекеттеріне қатысуға аса ынталы болады. 
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші сынып оқушыларын жаратылыс 
ғылымы әлемімен ойындар және қызықты түрлі зерттеулер арқылы таныса 
бастайды. Мысалы қарапайым эксперимент жүргізу арқылы «Қозғалыс 


388 
траекториясы» терминімен таныстыруға болады: ойыншық көліктер, металл 
шарлар құм салынған ыдыс үстінде қозғалыс кезінде із қалдырады. Осы із 
қозғалыстың траекториясы болатыны оңай және түсінікті түрде беріледі. 
Осылайша, бастауыш сынып оқушылары ойын ойнай отырып, траектория жайлы 
түсінік алады. Сондай – ақ «Тыңайтқыштар» жөнінде түсініктерін дамыту 
кезінде «Гүлдерге қамқорлық жасау» сабақ тақырыбы бойынша өсімдіктерге 
қамқорлық жасаудың қарапайым жолдарын үйрету көзделген. Оқушылар 
өсімдіктің жақсы өсуі үшін, оның топырағына қоректік заттардың қажет екені 
туралы түсінеді. Жасалған қарапайм эксперименттер балалардың бойында 
алғашқы зерттеу машығын, өзіндік ойлауын, бақылауын дамытады.
«Адам» бөлімінде, бірініші сыныпта адамның өсуі мен дамуы үшін қажетті
жағдайларды анықтау мақсатына қол жеткізу үшін рөльдік ойын ұйымдастырған 
тиімді, онда ойын үшін азық-түлік дүкенін ұйымдастырып. Оқушыларға «азық-
түлікке» дүкенінен пайдалы тағамдарды алып келуін тапсырамыз. Олардың 
таңдауын сынып оқушыларымен бірге талқылап, алып келген азық-түліктің 
пайдалысын және зияндысын анықтайды. 
Сабақтың әр кезеңінде ойын әрекеттерін ұйымдастыру тиімділігін арттыру 
үшін, ойынды ойнатудағы міндет пен мақсат анық болуы керек, оны қолданудың 
теориясын, тәжірибесін мұғалім жетік меңгеруі, ұйымдастыру шеберлігі, қажетті 
материалдарды алдын-ала дайындауы қажет.
Сабақтарда ойын элементтерін қолдану арқылы, оқушылардың логикалық 
ойлау қабілетін дамытуға бағытталған түрлі тапсырмаларды қолданса, пәнге 
деген қызығушылығын арттыра түсетіні сөзсіз. Ой әрекеті барысында адам 
қоршаған ортаны танып білу үшін ерекше айқын қызмет орындайды. Бұл нақты 
қызметті талдау, біріктіру, салыстыру, нақтылау және қорытындылау арқылы 
жүзеге асады. Ойын барысында кез келген затты талдап, ұқсастығымен 
айырмашылығын анықтап өздігінен ой түйіндеп шешім қабылдап, қадағалап 
қорытынды жасауына көп септігін тигізеді. 
Ойын іс-әрекеттері арқылы алған білімдерін бір жүйеге кетіруде де ойынның 
маңызы зор. Мысалы: жаратылыстану пәнінен төмендегі логикалық тапсырмалар 
ұсынылды: 1 сынып «Заттар және олардың қасеттері» тақырыбында: берілген 
заттардың қасиеттері жөнінде балалар білгендерін ортаға салады. 1.Парта 
(ағаштан жасалған, отқа жанады, қатты күшпен әсер етсе сынады). 2. Кітап 
(қағаздан жасалған, қайшымен қырқуға болады, отқа жанады, суды өзіне 
сіңіреді). Терезе (түссіз, мөлдір, сынғыш, ауа, су өткізбейді) т.с.с 
Дидактикалық ойын. «Жалқы және жалпы», Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын 
ажырата алуға үйрету. Мұғалім балалардан заттардың арасынан бір және көп 
заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-кітаптар көп; тақта біреу-парта 
көп; бір аквариум-көп гүл. т.б. 
Жаратылстану пәнінен «Тірі табиғат» бөлімі «жануарлар – тірі ағзалар» 
сабағында суреттер мен сөздерді сәйкестендіру ойынын жүргізуге болады.


389 
Алдын ала дайындалған суреттер мен сөздерді араластырып, оқушыларға 
жұптастыру тапсырылады. Мысалы: Адамдар жануарлардан не алады?
Түйе суретіне «Шұбат» 
Жылқы суретіне «Қымыз» 
Сиыр суретіне «Айран» 
Тауық суретіне «Жұмыртқа» сөздерін сәйкестендіру керек. 
Оқушыны ойната отырып, ұйымдастырылған оқу әс-әрекетінде қолданылған 
ойын элементтерінің кез келгені арқылы сабақтың мазмұнына сәйкестендіре 
отырып, алға қойған оқу мақсаттарына қол жеткізуге болады. Жүйелі 
қолданылған ойындар арқылы ұйымдастырылған сабаққа оқушылар қызыға 
түседі, материалды тез игереді, сыныптағы оқушылар бір бірімен қарым – қатнас 
жасайды, теориялық мәліметті іс жүзінде қолдана білуге жаттығады. 
Қорыта келе «Жаратылыстану» пәні арқылы айнала жаратылыс және 
табиғат туралы балаларда білім қалыптастасады. Мұнда оқушыларға «табиғат‒
адам» арасында диалектикалық бірлікті жүйе екендігін, осы жүйені құрайтын әр 
компоненттің ерекшеліктері мен қасиеттерін, орнын танып білу мүмкіндігі 
қарастырылады.
«Мектептеріміз балалардың өздері ойлағаннан да жоғары жетістікке жете 
алу үщін, өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге үйрету арқылы әлеуметтік 
мобильділіктің қозғаушы күшіне айналуы қажет» деп Гоув [3]айтқандай, бүгінгі 
күні мектептегі оқу мазмұны мен мақсаты, оқыту мен тәрбиелеудің жұмыс 
түрлерін ұштастырып, одан әрі жетілдіруді, өмірмен байланыстыруды міндеттеп 
отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдістерді кеңінен қолдануды талап 
етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет