Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет190/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1
Қасентаева Қ. Педагогикалық қарым – қатынастағы коммуникативтік іскерлік //Қазақстан 
мектебі. – 2013. –№2. – 43б. 
2
Мұқашқызы С. Дүниетануды оқытудың бағдарламалық және әдістемелік мәселелер // 
Бастауыш мектеп. –2016.–№4.–19б. 
3
Таласбаева П.Н. Техникалық құралдарды дұрыс пайдалану жолдары // Бастауыш мектеп.– 
2015.–№2.–42б. 
4
Төлеуханова Д.Р. Көрнекі құралдардың дидактикалық негіздері //Білім. -2006.-№2.-18-19б.
5
Ынтықбаева А. Педагогикалық іскерлік. – Алматы: Дәуір, 2005.–217б.
6
Әскербекқызы Ж.Н. Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану жолдары //Бастауыш мектеп. –
2015.–№2.–56б 


383 
7
Эльконин 
Д.Б. 
Интелектуальные 
возможности 
младших 
школьников 
и 
содержание обучения// Сб. Возрастные возможности усвоения знаний. – М: Просвещение.–
2006.– С.122-129. 
ӘОЖ 373.3:613.7 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР 
САЛТЫ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ 
 
Әділбекқызы А. -102-18 оқу тобының студенті 
Ғылыми жетекшісі: Ақынова Л.А. б.ғ.к., аға оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан 
Резюме

В статье рассматривается изучение темы "Здоровый образ жизни" в рамках 
обновленной учебной программы на уроках познания мира и физического воспитания.
 
Салауаттылық ұғымының аясы өте кең био-әлеуметтік категория болып 
табылады. Ол ұлттың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті мен дінімен тығыз 
байланысты болса, дене және жан тазалығын сақтауы да осы салауаттылықтың 
негізгі көрінісі болып саналады. Әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақты дұрыс 
тәрбиелеудің, жас буынның санасында ізгілікті қасиеттерді қалыптастырудың 
маңызы зор. Мектеп қабырғасындағы оқушының жүріс-тұрысынан бастап, бүкіл 
өмірлік ұстанымының қалыптасуына дейінгі кезеңде орынды ықпал ете білу қай 
қоғамда, қай кезеңде болмасын өз өзектілігін арттыра түспек. Еліміздің көк 
байрағын желбіретіп, түтінінің түзу ұшуына бірден-бір себепкер өскелең ұрпақ 
болғандықтан, балалар мен жасөспірімдердің бойында салауатты өмір салтын 
қалыптастыру, денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері ерекше көңіл 
бөлуді қажет етеді. 
Дүниетану пәнінің «Саяхат», «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» тараулары 
оқушыны тарихқа тағзым ете білуге үндейді. Алғашқы адам туралы түсінік 
қалыптасып, ежелгі ата-бабаларымыз бен ұлы даламыздың тарихына көз 
жүгіртеді. Алтын адам туралы ақпарат алып, көне түркі жазуының тарихына 
бойлайды. Бұдан басқа еліміздің мемлекеттік рәміздері жайлы біршама толық 
ақпарат алып, Бәйтерек туралы түсінігін кеңейтеді. Тәуелсіздік жайлы ұғым-
түсініктері кеңей түседі. Ал «Тағам» және «Дене және денсаулық» тараулар 
тақырыптары оқушылардың өз денсаулықтарына ат үсті қарамауларына негіз 
болады. 
Бұл арада оқушының тақырыпты терең меңгеруі оның функционалдық 
сауаттылығын арттыра түседі. Яғни дүниетану пәнінде айтылған іс-әрекеттерді 
күнделікті өмірде кәдеге жаратып, оны өмірдегі басты ұстанымдары ретінде 
дағдыға айналдыруы негізгі мақсат болып саналады. 
Денсаулық кепілі салауатты өмір салты екендігі белгілі. Халықтың 
денсаулығы - мемлекеттің қымбат қазынасы. Ол – әр адамның баға жетпес 
байлығы. Елбасымыз атап көрсеткендей, денсаулығы мықты адам ғана қоғамға 


384 
лайықты қызмет етеді, оның дамуына ықпал етіп, ел экономикасын жақсартуға 
өзіндік үлес қосады. 
Дүниетану пәнінде оқулықтағы ақпаратты меңгерте отырып, олардың 
тақырып бойынша қосымша білім алуы да қамтамасыз етіледі. 
Бұлардың барлығы мына мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталады: 
- денсаулықты сақтау; 
- денсаулықты нығайту; 
- аурулардың алдын-алу. 
Ол үшін атқарылатын іс-әрекеттер: 
- спортпен шұғылдану 
·- дұрыс тамақтану; 
- еңбек үрдісін дұрыс ұйымдастыру, дене және ой еңбегін алмастырып 
отыру; 
- уақытымен демалу т.т. 
Аталған тарау негізінде оқушылардың бойында қандай жеке бас қасиеттерін 
қалыптастыра аламыз: 
- Адам ағзасының біртұтас екендігін түсіндіру арқылы, денсаулықтың 
ағзаның барлық мүшелерін күту нәтижесінде ғана жақсы болатындығын түсінеді. 
- Тазалық шараларын, дене тазалығының алғышарттарын меңгереді; 
- Тамақтану тәртібін жадыда ұстап, тамақтың құрамына мән беретін болады; 
- Тамақтануға қатысты тазалық шараларын қайталап оқиды; 
- Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа қандай қатысы бар екендігін жете 
түсініп, тамақтану ережелерін орындауға ұмтылады. 
Дүниетану пәні оқушыларды өзінің атынан көрінгендей, дүниені, қоршаған 
ортаны, өзін және өзінің айналасындағыларды танып білуге ұмтылдырады. Пән 
мазмұнындағы тақырыптарды игерту нәтижесінде оқушының жеке бас 
қасиеттерін дамытады, оларды жаңа әлеммен таныстырып, құзыреттіліктерін 
арттырады. Оқушылардың тек теориялық тұрғыдан білім алып қоймай, оны 
өмірде күнделікті қажетіне жарата білуге дағдыландырған жөн. Функционалдық 
сауаттылықтарын арттырып, өмірге бейімдей түсеміз. Дүниетану сабақтарында 
қамтылған тақырыптар және сол тақырыптарға байланысты тапсырмалардың 
барлығы осы мақсатқа жұмылдырылған. 
Сонымен қатар дене шынықтыру пәнінің мақсаты оқушыларды 
денешынықтырудың негіздерімен таныстыру болып табылады, нақты айтқанда, 
олардың спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене шынықтыру 
(физикалық) қабілеттерін меңгеруімен қатар, салауатты денені шынықтырудың 
дамуына ықпал етеді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың 
физикалық іс-әрекеттің түрлерінен білімдерін, түсініктерін және дағдыларын 
дамытуға ықпал етіп, сол уақытта олардың жеке гигена, психикалық денсаулық 
және салауатты өмір салтының қағидалары сияқты аспектілер тұрғысында жалпы 
дамуын жақсартуға ықпал етеді. 
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін дене шынықтыру сабақтарында келесі 


385 
міндеттерді іске асырады. 
1.
Дене денсаулығының және рухани денсаулықтың негізін қалайды. 
2.
Оқушыларды 
өздерінің 
физикалық 
және 
психологиялық 
денсаулықтарын түсінуге және нығайтуға ынталандырады. 
3.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы теориялық білімдері мен 
тәжірибелік дағдыларын дамытуға жағдай жасалған. 
4.
Оқушылардың қозғалыс дағдыларының дамуы, атап айтқанда, 
олардың төзімділігін, ширақтылығын, күшін, ептіліктерін және икемділігін 
дамытуға әсер етеді. 
«Дене шынықтыру» сабақтары оқушылардың ағзасын дамытуға және оның 
дене белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірден-бір пән. Оқушылар түрлі 
жаттығуларды орындауға, дене қабілеттерін дамытуға және жетілдіруге 
мүмкіндік беретін жан-жақты құрастырылған оқу бағдарламасы арқылы аталған 
міндетке қол жеткізуге болады. Нәтижесінде оқушының бойында дене тәрбиесі 
жаттығуларының адам ағзасына тигізетін оң әсері туралы білім жүйесі 
қалыптасады. Ағзаның бүкіл жүйелерін дамыту, барлық дене сапаларын 
жетілдіру-дене шынықтыру пәнінің басты мақсаты болып табылады. Дене 
шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол 
оқушының дене дамуына, сондай-ақ әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін 
қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептің білім беру жүйесінің құрамында бола 
отырып, дене шынықтыру оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға 
бағытталған. Осындай жол арқылы болашақта салауатты әлеумет қалыптастыруға 
болады. Сонымен қатар, дене шынықтыру сабағындағы негізгі қағидаттардың 
бірі-белсенділік. Белсенділік – адам орындайтын іс-шаралардың өлшемі, оның 
жұмысқа тартылу деңгейі.
Қорыта келгенде бастауыш сынып оқушыларының бойында
салауатты өмір салты дағдыларын дамытуда негізгі мектептің алатын
орны ерекше. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне сай салауаттылыққа тәрбиелеудің маңызы зор. 
Бастауыш сыныптағы әр бір пән оқушының дене дамуына, сондай-ақ 
әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет