Су ресурстары және оны қорғау.
Өндірістік және тұрмыстық қажеттерге жыл сайын 600-700 км3 су жұмсалады. Олардың ішінде 130-150 км3 гидросфераға қайтып оралмайды. Қалғандары өзен, көл, теңіз жерасты суларға қосылады.
Қалдық суларды қанша тазалағанмен, 10-20% шамасында ластаушы заттар бөлінбей сақталады. 1 рет пайдаланылған қалдық суларды тазалау үшін оларды 7-14 есе таза, оттегі мол сумен араластыру керек.
Суды ластаушы көздер:
өнеркәсіп қалдықтары;
жылу;
радиоактивті қалдықтар;
Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол биосферадағы зат алмасу процестерінде шешуші роль атқарады. Ал зат алмасу процесі – барлық өмір, тіршіліктің негізі екендігі белгілі. Табиғат байлықтарының бірі – су. Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп, онда болатын зат және энергия айналымына қатысады. Бұл айналымдар тек сулы ортада жүретінін ескерген жөн. Өсімдік және жануар организмдері ұлпаларының негізгі массасын су құрайды, оның салыстармалы мөлшері 50-80%. Ал ересек адамның денесінің 65 пайызы судан тұрады. Ал балаларда бұл мөлшер 80% -ға жетеді. Адам денесіндегі ең қатты нәрсе сүйек болса, оның құрамында да 22% су бар, ал қан плазмасында - 90-92%, етте – 760%, ал адам миында 89%, 3 айлық іштегі нәрестеде 95%, ал 5 айлығында 86%, жаңа туыған балада 70% су болады екен. Кейбір есептерге қарағанда адам өз өмірінде 25 тонна шамасында су ішеді екен. Тағы да мысал келтіретін болсақ, адам су болмаса 2-3 күнде өледі екен. Ал егер сол адамға су беріп бірақ тамақ бермесе, адам 40-45 күнге шыдайды. Барлық адамдардың денесінің температурасы 36,60С болып тұрады. Ал, қатты науқастанып қалған кездің өзінде, 350С-тан төмен және 420С-дан жоғары көтерілмейді. Табиғаттағы осы ғажайып құбылысты түсіндіру қиын, бірақ бұны адам денесіндегі көп мөлшерде болатын судың арқасында деп түсінуге болады. Денедегі су мөлшері 10-12 пайызға кемісе адам әлсіреп, шөлдеп, аяқ-пен қолы дірілдей бастайды, 20-25 пайызға кемісе өмір сүруі тоқтайды. Бір адам 70 жылда орта есеппен 50 тонна су ішетін көрінеді, ал биологиялық қажеттіліктерді өтеу үшін адамға тәулігіне 2-5 литр су керек. Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп Жер бетіне жайсақ, оның қалыңдығы шамамен 2,5 км болар еді, әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км, ал ең терең максимальды тереңдік 11022 м (Мариан шұңғымасы).
Су түсі, иісі және дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, үстіңгі кернеуі өте жоғары, айқын капиллярлық қасиеті бар. Осы қасиеті топырақтағы су ерітінділерін өсімдіктер бойына сорып алып күн көруі үшін өте қолайлы. Судың жылуды аз жоғалтып көп жинайтын қасиеттерін адамдар жылу тарту жүйелерінде көп пайдаланады. Су электр энергиясын алуға, жүк тасуға, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, коммуналдық-тұрмыстық қажетті өтеу үшін керек. Жер шарындағы сулар үнемі қозғалыста болып, барлық бос сулар олардың агрегаттық күйіне қарамастан жердің гидросфера деп аталатын қабатына жатады. Жер бетінің 71,5 пайызын су алып жатыр. Су қорларына өзен, көл, теңіз, жер асты, таулар мен поляр шеңбердегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді. Республика территориясында ұзындығы 10 км-ден асатын 8 мыңнан астам өзендер бар. Олардың ішіндегі ірілері – Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле еліміздің шеткі аймақтарын басып өтеді. сонымен бірге 4 мыңнан астам бөгеттер мен бөгендер бар. Олардың жалпы көлемі 10 мың км2, су мөлшері 90 км3 шамасында. Қазақстанда екі теңіз бар. Арал теңізі және Каспий теңізі. Арал теңізі ұзындығы 428 км, ені 235 км, суының көлемі 1000 км3, ең терең жері 67 м болатын. Қазіргі көлемі жөнінде нақтылы мәлімет жоқ. Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы 2430 км, теңіздің ең терең жер 1025 км. Мұнда өсімдіктердің 500, балық пен басқа жануарлардың 854 түрлері бар.
Планетамызда су өте көп және үш агрегаттық күйде де кездеседі. Жер бетінің 71% (3/4) бөлігін су алып жатыр, оның мөлшері 1500 млн.км3 шамасында. Кейінгі мәліметтер бойынша:
- мұхит пен теңіздерде – 1350 млн.км3, құрамында 35 г/лшамасында тұз бар;
- полярлы мұздарда 30-50 млн.км3, бұл тұщы ішуге жарамды сулар, бірақ оларды пайдалану өте қиын;
- өзен мен көлдерде – 0,4 млн.км3, тұщы және кеңінен қолдануға жарайды;
- жер асты, немесе минералданған, 800 м дейінгі тереңдікке дейінгісі 4 млн.км3.
Бұдан басқа, су – балшық, гипс және т.б. тау жыныстары және минералдардың құрамына кіреді, барлық өсімдік және жануарлар организмдерінің құрамында болып, кейбір жағдайда олардың салмағының 99% -ын құрайды.
2. Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микрорганизмдер;
химиялық ластану: улы және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
физикалық ластану: жылу-қызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар.
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Су бассейінінің ластануының негізгі себептері – тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндер:
тұрғын үй коммуналды шаруашылықтар;
өнеркәсіп орындары;
ауыл шаруашылығын химияландыру;
халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.
Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар – химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мысалы, мақта мен күріш, жеміс-жидек, бау-бақша, жылы жай зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде өте көп химиялық заттар қолданылған. Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрофлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. Өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық-түлікпен адам организміне кері әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Жер асты суларында әр түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар, вирустар кездеседі.
Негізгі ластаушы көздері мыналар:
өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
химиялық заттар және тыңайытқыштар;
тұрмыстық қалдықтар;
жер асты суымен жалғанатын құбырлар;
ірі құрылыс учаскелері;
сүзгі алаңдар, бұрғы скважиналар болып табылады.
Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.
Су ресурстары және оны қорғау.
Су ресурсының тапшылығы Қазақстандағы маңызды экологиялық проблемалардың бірі. Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы, жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды суларын шаруашылықта оның ішінде ауыз су ретінде пайдалану тек болашақтың ғана ісі болып отыр.
Су ортасы үшін ең үлкен қауіп тудыратын мұнай, мұнайды өңдеу, химиялық қосылыстарын алу, радиоактивті заттар және ауыр металдар алу өндірістері болып табылады. Мұнаймен уланудың қауіптілігі, оның концентрациясының өсуімен үдей түседі. Мұнайдың судағы 1 мг/м3 мөлшері, өзінің улылық қасиетін білдіре бастайды. Ал мұнайдың концентрациясы 200-300 мг/л болғанда, судағы экологиялық тепе-теңдіктер бұзылып, теңізде және өзендерде мекендейтін балықтардың кейбір түрлеріне және фаунасына қауіп төнеді.
Ертіс өзені Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырян зауыты сияқты өндіріс орындарының сарқынды суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап т.б. ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады. Іле-Балқаш суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар – ауыр металдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Арыс, Келек өзендері күріш пен мақта егісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр. Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс-тіршілгін шиеленістіріп отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай бұрғы-скважиналарын, мұнай қоймалары мен өңдеу обьектілерін істен шығарды. Қазір бұл жерлерде 6 мұнай газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялар, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Нәтижесінде теңізге көптеген мөлшерде лас заттар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ-Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра түсуде. Қазір Каспий мұнайын игеру бүкіл әлемді дүрліктіріп, шетелдік инвестрлер теңіз «қара алтынын» игеруге ұмтылуда. Ал, олардың судың сапасы мен ластануына көңіл бөлуі, экологиялық нормаларды сақтауы күмән туғызып отыр. Ақтау Маңғыстау аймақтарында техниканың ескілігенен бұрғы-скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың қалыңдығы 10 метрге жетіп жер асты суына қосылуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып жатыр. Қоймаларда 200 мың т. мұнай қалдығы, 40 мың т. көмірсутегі жинақталған. Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазақстанда жиірек ұшырасуда. Біздің республикамызда су тұшытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда тәулігіне 12-18 л су пайдаланса, ХХ ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орташа есеппен 200-400 литрге жетіп отыр.
Судың меншікті жылу сыйымдылығы жоғары болғандықтан, ол жылу тарту жүйелерінде кеңінен қолданылып жүр. Сонымен қатар, өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларында да, су көп мөлшерде қолданылады. Көптеген өндірістік процестерде – кептіру, жылыту, энергия алу, жүк тасу, коммуналдық-шаруашылық және т.б. қажеттіліктер үшін, су таптырмайтын ресурс көзі.
Құрлық суларды тазалауда бірнеше әдістері бар:
Механикалық әдіс. Ерімеген қалдықтары бар суларды әртүрлі торлардан, сүзгілерден, электрден өткізіп, бір жерге жинап, тұндыру арқылы тазалайды. Механикалық қосындыларды магнитпен қосып жинап алады. Бұл әдіспен тұрмыстық қажетке жұмсалған судағы ерімеген қалдықтардың 60, өндірістік қалдық судан 95 пайызға дейін айырып алады.
Химиялық әдіс. Қалдық суларға химиялық реагенттер қосып еріген және ерімеген заттарды бөліп алу кейбір заттарды ерітіп зиянсыз ету арқылы тазалайды. Бұл әдіспен тазалағанда ерімеген қалдықтардың 95, еріген қалдықтардың 25 пайызын бөліп алуға болады.
Электролиздік (физикалық) әдіс. Бұл әдіспен электр тогын өткізгенде ондағы ластаушы заттардың көбі түсіп тұнады. Минск қаласында бірнеше зауыт осы әдісті қолданып жоғары көрсеткіштерге жетті.
Биологиялық әдіс. Бұл әдіс әсіресе тұрмыстық қалдық суларды тазалауға пайдалы. Органикалық қалдықтар микроорганизмдер көмегімен зиянсыз түрге айналады. 250 мың халқы бар 15-20 гектар жерге биологиялық сүзгі жасап, астыңғы қабатына қиыршық тас немесе құм төсеп, үстіне биологиялық заттардан жұқа жапқыш сияқты қабат жасап, оған көзге ілінбейтін ұсақ организмдерді орналастырады. Ластанған суды осы организмдер мен қиыршық тас қабаттарынан өткізіп тазалайды. Биологиялық тазалаудың екінші түрі –аэротанктер. Олар темірбетоннан сұйық зат құятын резервуар түрінде жасалады, ішінде тұнба балшық, лай салып оттекпен өмір сүретін, көзге ілінбейтін организмдерді орналастырып, солар арқыл қалдық суларды ағызып тазалайды.
Қорыта айтқанда, суға қосылатын барлық ластаушы заттар оның тазалығына өз әсерін тигізеді:
судың физикалық қасиеттері өзгереді (мөлдірлігі, түсі, иісі, дәмі);
судың химиялық құрамы өзгеріп, зиянды заттар енеді;
судың бетінде және көлемінде жүзіп жүретін ластағыш заттар пайда болады;
суда еріген оттегінің мөлшері азаяды, олар судағы органикалық заттарды тотықтыруға жұмсалады;
суда жаңа бактериялар пайда болып, оның ішінде ауру таратындары да кездеседі.
Сондықтан өндірісте қолданылған және шайынды суларды тазалау қажет және оларға төмендегідей талаптар қойылады:
Тазаланған судағы еріген оттегінің 12 сағатқа дейінгі мөлшері 4 мг/л-ден кем болмауы тиіс.
Биохимиялық оттегінің қажеттілігі температура 200С болғанда ағатын және ақпайтын суларда, сәйкесінше 3 және 6 мг/л-ден аспауы керек.
Суда жүзіп жүрген майда бөлшектердің мөлшері ағатын және ақпайтын суларда, сәйкесінше 0,25 және 0,75 мг/л-ден көп болмауы тиіс.
Судың иісі және дәмі болмауы оның қарқындылығы 2 балдан аспауы тиіс.
Судың рН-ы 6,5 тен төмен және 8,5-тен жоғары болмауы тиіс.
Суда улы заттардың мөлшері зияны жоқ жоғарғы концентрациядан жоғары болмауы тиіс.
Судың бетінде жүзіп жүрген май дақтары болмауы тиіс.
Су түссіз, мөлдір болуы керек.
Суда ауыру тарататын бактериялар болмауы тиіс.
Минералды тұнбалардың концентрациясы 1000 мг/л-ден көп болмауы керек.
Шайынды суларды өзен, көлдерге қосқанда, олардың температурасы шамамен 30С-тан жоғары болмауы тиіс.
Судың өздігінен тазалану қабілеті бар, ол өзінің бойындағы бактериялардың, балдырлардың және саңырауқұлақтардың орындары ерекше. Өздігінен бактериальды тазалау негізінде, 24 сағаттан кейін бактериялардың 50%, ал 96 сағаттан кейін 0,5% бактериялар қалатындығы анықталған. Су өте көп мөлшерде ластанса, оларда өздігінен тазалану процесі жүрмей қалады.
Қазақстандағы 85 мың өзеннің төтеуінің ғана ұзындығы 1000 км-ден асады. Бұлар: Ертіс (1698 км), Сырдария (1692 км), Есіл (1719 км), Жайық (1084 -2534) өзендері. Жоғарыда көрсетілгендерден басқа ұзындығы 10 км-ден асатын 8 мыңнан астам өзендер бар.
№ 8 дәріс
Атмосфералық ауа және оны қорғау.
Атмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасы дегеніміз – жер шарын қоршап тұрған шаң-тозаң, бу мен газдан құралған қоспа, ол күн сәулесін жер бетіне жеткенше ұсақ бөлшектерге бөліп, жан-жаққа шашыратып отырады. Егер атмосферада ауа болмаса аспан қараңғы болып, күн адамның көзін шағылыстыратын сәуле шашып, жер беті кеуіп, жарылып, одан әрі қыза түсер еді. Атмосфералық ауа бар кездің өзінде Батыс Сібірде қыста -600С, ал жазда +300С, жыл бойы 900С-қа өзгергенде өмір сүруге қолайсыз болып, көп қиыншылықтар кездеседі. Атмосфералық ауа иіссіз, түссіз, жеңіл, 1м3 –де 1300 грамм ауа болады. Соған қарамастан жер бетіне түсетін қысым әрбір 1 см2 1 кг-нан келеді. Атмосфераның әрбір қабатының өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік нышаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.
Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Атмосфера – бүкіл әлемді таза ауамен қамтамассыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмірқышқыл газы, аргон т.б.) байытады және Жерді түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергия алмасуларын, ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Жердің ең алғашқы ауасы сутектен, метаннан, аммиактан, су буларынан және инертті гелий, неон сияқты газдардан тұрған. Жер бетінде тіршілік пайда болған кезден бастап жердің алғашқы ауасына жер қойнауының және өсімдіктерден бөлінген күкіртті сутек пен көмір қышқыл газдары қосыла бастады. Алғашқы көзге көрінбейтін ұсақ организмдер ауадағы сутек, метан, аммиак, күкірті сутек газдарын біртіндеп азайта берді. Мысалы, сутек бактериялары жанартаулардан бөлінген күкіртті сутекті тотықтырып, ауаға оттек газын бөле бастады.
Ауа газдары құрамының өзгеруі, ауада оттектің көбеюі жер бетіндегі тіршіліктің - өсімдіктер және жануарлар болып екіге бөлінуіне себепші болды. Атмосфералық ауа құрамы мынадай газдардан тұрады (процент есебімен): азот (N) – 78,08, оттек (O) – 20,95, аргон (Ar) – 0,93, көмір қышқыл (CO2) – 0,003, неон (Ne), гелий (He), ксенон (Xe), родон (Rn), тағы басқалары – 0,01. Бұлардан басқа ауа құрамында қалқып жүрген шаң-тозаң мен су булары бар.
Адамдар ауасыз күн көре алмайды, қандай ауа болса да дем алуға мжбүр. Егер қорексіз 5 апта, сусыз 5 тәулік өмір сүруге болса, ауасыз 5 минутта тұра алмайды. Тәулігіне адамдар өкпесі арқылы 25 кг немесе 11 мың литр ауа өтсе, қойға – 20 мың, ал жылқыға – 86 мың литр ауа керек.
2. Ауа табиғи және жасанды (адамдардың іс-әрекетінен) жолмен ластанады. Табиғи жолмен ластану жанар таулардың атқылауынан, теңіз суы буға айналуынан, тау ұнтағы мен топырақтты жел мен дауыл ұшырғанда, орман мен далада өрт болғанда шаң-тозаң, күл т.б. аспанға көтеріліп ауамен араласу арқылы болады.
Адамдардың іс-әрекетінен болатын ластануға өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық, құрылыс кәсіпорындарының, коммуналды-тұрмыстық мекемелердің шаң-тозаңы мен қалдықтары жатады. Ауаның ластану көздеріне себеп боларлық химиялық қосылыстар: ыс, шаң, күкірт қостотығы, көміртегі тотығы, азот қостотығы, сульфаттар, көмірсутектер, күкіртсутектер, ауыр металдар. Атмосфералық ауаның ластану көздері:
1. Топырақ эрозиясы нәтижесінде түзілетін шаң,
2.Энергетикалық өндіріс кешендерінің қалдықтары,
3. Транспорт,
4. Өндіріс орындары,
5. Химиялық өндіріс,
6. Минералды тыңайтқыштар өндірісі,
7. Шаң, ыс, тозаң, асбест,
8. Өрттер нәтижесінде түзілетін газдар,
9. Вулкандық табиғаты бар шаң-тозаңдар.
Бірінші дәрежелі қауіп-қатер: ауыр металдар. Ауыр металдардың өндіріс көздері.
улыхимикаттар өндірісі.
қазба отындарды жағу.
түсті металдарды балқыту.
Ал бұлар өз кезегінде кадмий, мышьяк, мырыш, сынап, ванадий, қорғасын сынды ауар металдарды бөледі.
Тұрмыстық мекемелердегі ауаның ластану көздері:
түрлі желімдер қолдану барысында ауаға бөлінетін формальдегид және басқа да органикалық қосылыстар,
пеш жаққанда ауаға бөлінетін заттар
газ жартылай жану өнімдері
пестицидтер
дезинфекциялаушы заттар
тұрмыста қолданылатын желімдердің булануы
түрлі аэрозольдар
радон – радиоактивті газ, жер қабаттарында түзіледі де төменгі этаждар арқылы таралады.
асбест- жылусақтағыш материал, тұрбалардың сыртын қаптайды.
Темекі тарту
3. Адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұщырап отыр. Ең бастысы ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы қалыпты құрамнан асып кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды.
Ауаның негізгі ластағыштары: көмірсутектер, ұшқыш органикалық қосылыстар, азот және күкірт қышқылдары, күкірт оксидтері, азот оксидтері, озон, фотохимиялық заттар, қорғасын және басқа да ауыр металдар. Адам денсаулығына әсер етуші атмосфералық ауа құрамындағы газдар қоспасының концентрациясы мен құрамы күн сайын өзгеріп отырады. Ауа ластануының жоғары деңгейге көтерілуінің әсерінен бас ауыру, көз бен мұрын қуыстарының тітіркенуі, тыныс алу мүшелерінің зақымдануы, тәбет төмендеу, жалпы ағзаның нашарлауы байқалады. Қышқылдардың әсерінен астмалық приступтар, ал иіс газының әсерінен ойлау қабілеті төмендеп бас айналу және ауыру , ұйқы басу сияқты симптомдар байқалады.
Атмосфера ауасын ластайтын заттардың мөлшері дүние жүзі бойынша жылына 200 млн. тоннаға жетіп отыр. Ал, оның құрамы 20 химиялық элементтен тұрады. Соның ішінде қорғасын мен мырыштың ауада таралуы және онымен адамдардың улануы жиі байқалуда. Олардың мөлшері ауада 0,0003 мг/м3 аспауы керек. Оның негізгі көзі – автокөліктер мен оған қолданылатын қорғасын аккумуляторы. Жапония, Ирак т.б. елдерде осы заттармен адамдардың улануы жиі болатындықтан, қазір көптеген елдерде балық аулауда, мылтық оқтарына қорғасынды пайдалануды шектеп отыр.
Ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу, технологияны жетілдіру, өндіріске қалдықсыз және аз қалдықты технологияны енгізу мен шығарынды заттарды қайта өңдеп пайдаға асыру бүгінгі күннің қатаң талабы болмақ. Ауаны ластаушы заттар негізінен жер бетінен санағанда 3 км биіктікте дейінгі аралықта жиналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша дамыған елдердің 20 поцентке жуық халқы түрлі аллергиялық (тұмаудан бастап тыныстың демікпесі) ауырулармен сырқаттануы ауаның ластануымен байланысты.
Атмосфералық ауа және оны қорғау.
Адам баласы үшін орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұщырап отыр. Ең бастысы ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады. Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы қалыпты құрамнан асып кетсе, онда ауаны ластанған деп санайды.
Ауаның негізгі ластағыштары: көмірсутектер, ұшқыш органикалық қосылыстар, азот және күкірт қышқылдары, күкірт оксидтері, азот оксидтері, озон, фотохимиялық заттар, қорғасын және басқа да ауыр металдар. Адам денсаулығына әсер етуші атмосфералық ауа құрамындағы газдар қоспасының концентрациясы мен құрамы күн сайын өзгеріп отырады. Ауа ластануының жоғары деңгейге көтерілуінің әсерінен бас ауыру, көз бен мұрын қуыстарының тітіркенуі, тәбет төмендеу, жалпы ағзаның нашарлауы байқалады. Қышқылдардың әсерінен астмалық приступтар, ал угар газының әсерінен ойлау қабілеті төмендеп, бас айналу және ауыру , ұйқы басу сияқты симптомдар байқалады.
Атмосфера ауасын ластайтын заттардың мөлшері дүние жүзі бойынша жылына 200 млн. тоннаға жетіп отыр. Ал, оның құрамы 20 химиялық элементтен тұрады. Соның ішінде қорғасын мен мырыштың ауада таралуы және онымен адамдардың улануы жиі байқалуда. Олардың мөлшері ауада 0,0003 мг/м3 аспауы керек. Оның негізгі көзі – автокөліктер мен оған қолданылатын қорғасын аккумуляторы. Жапония, Ирак т.б. елдерде осы заттрамен адамдардың улануы жиі болатындықтан, қазір көптеген елдерде балық аулауда, мылтық оқтарына қорғасынды пайдалануды шектеп отыр.
Ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу, технологияны жетілдіру, өндіріске қалдықсыз және аз қалдықты технологияны енгізу мен шығарынды заттарды қайта өңдеп, пайдаға асыру бүгінгі күннің қатаң талабы болмақ.
Ауаның ластану көздеріне себеп боларлық химиялық қосылыстар: ыс, шаң, күкірт қостотығы, көміртегі тотығы, азот қостотығы, сульфаттар, көмірсутектер, күкіртсутектер, ауыр металдар. Атмосфералық ауаның ластану көздері:
топырақ эрозиясы нәтижесінде түзілетін шаң;
энергетикалық өндіріс кешендерінің қалдықтары;
транспорт;
өндіріс орындары;
химиялық өндіріс;
минералды тыңайтқыштар өндірісі;
шаң, ыс, тозаң, асбест;
өрттер нәтижесінде түзілетін газдар;
вулкандық табиғаты бар шаң-тозаңдар.
Бірінші дәрежелі қауіп-қатер: ауыр металдар, улы химикаттар өндірісі, қазба отындарды жағу, түсті металдарды балқыту. Ал бұлар өз кезегінде кадмий, мышьяк, мырыш, сынап, ванадий, қорғасын сынды ауыр металдарды бөледі.
Тұрмыстық мекемелердегі ауаның ластану көздері:
түрлі желімдер қолдану барысында ауаға бөлінетін формальдегид және басқа да органикалық қосылыстар;
пеш, камин жаққанда ауаға бөлінетін заттар;
газ жартылай жану өнімдері;
пестицидтер;
дезинфекциялаушы заттар;
тұрмыста қолданылатын желімдердің булануы;
түрлі аэрозольдар;
радон – радиоактивті газ, жер қабаттарында түзіледі де, төменгі этажадар арқылы таралады;
асбест- жылу сақтағыш материал, трубалардың сыртын қаптайды;
темекі тарту.
№ 9 дәріс
Топырақ және оны тиімді пайдалану.
Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор. Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады. В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады. Топырақ – зат айналымның маңызды буыны. Биологиялық айналым топырақтан басталады: одан минералдық затттар мен су сіңіріледі де, айналым редуцент ағзалардың қызметімен аяқталады. Топырақтағы детрит пен гумуста, оның сіңірілу комплексінде энергия мен химиялық элементтер шоғырланады. Топырақ экожүйелер туралы ақпараттарды жинауға және ұзақ уақыт сақтауға қабілетті. Бұл ақпараттар ең алдымен генетикалық қабаттарда тіркеледі. Олар мыңдаған жылдар бойы сақталады.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі Владимир Владимирович Докучаев топырақты планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен. В.В.Докучаев «топырақ – ландшафттың айнасы» деген. Адамның топыраққа әсері табиғи ландшафттардың бұзылуымен, алуантүрліліктің кедейленуімен экожүйелердің тұрақтылығының күрт төмендеуімен, өнімділігі мен биомассасының кемуімен сипатталады.
Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60% шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн. га жазық жерлер, 185 млн.га жайылым және 34 млн. га таулы аймақтар алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы, 60 млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиоактивті заттармен ластанған. Республиканың 30 млн. га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр.
Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол республика бойынша 26610,7 мың га жерді алып жатыр.
Соңғы жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл, шөлейтті белдемдерініе әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі және шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайытқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендетті.
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд. т жетсе, ал 529 обьектіде радиоактивті қалдықтар сақталған.
Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 ядролық қару сыналған, олар Маңғыстау облысында - 3, Батыс Қазақстанда – 4 және Атырауда – 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанармайы мен және ракета қалдықтарымен ластанған. Гептил өте улы болғандықтан адамдардың өкпе-тыныс жолдарына, жүйке жүйесіне әсер етіп, бүйрек, бауыр мүшелерін зақымдайтыны анықталған. Сол сияқты ракета, космос корабльдерінің ұшуы «қышқыл жауындар» жаудырып қоршаған ортаның тірі комплексінің 30-50% биомассасын жойып жібереді.
Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн. га жері соғыс полигондарының кесірінен бүлінгені анықталды. Сол сияқты республика аймағында барлығы 16 млрд. тонна радиоактивті қалдық жинақталған. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Қазақстанда радиациялық апат аймақтары мен ондағы қазіргі қалыптасқан жағдайлары келтіріліген фактілер арқылы көруге болады.
Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге одан жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Ал, адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Атырау облысында 32 мың адам анемия, сүйек рагі, туберкулез, жүйке ауруларымекн ауырып зардап шегуде.
Топырақ эрозиясы ( грек тілінен аударғанда – «бұзамын» деген мағынаны білдіреді) дегеніміз, оның су немесе желдің әсерінен бұзылуы. Су және жел немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады. Топырақты бұзатын күш ретінде бірінішісінде – ағатын су, ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады. Мысалы, соңғы 50 жылда мұхитқа шайылып келген эрозиялық өнімдер шамамен 8 есе артқан. Сонымен қатар, жел эрозиясында да топырақтың көп бөлігі бұзылады.
Су және жел эрозиясы барлық жерлерде орын алады. Жел эрозиясының интенсивтілігі желдің жылдамдығы мен ұзақтылығына, кеңістікітң ашықтығына (ағашты өсімдіктердің болуы, рельеф) және топырақтың жағдайына тікелей тәуелді. Ұқсас жағдайларда эрозияға жеңіл топырақтар (құмды және құмдақ) ұшырайды. Эрозияны топырақтың құрғақтығы, гумусқа кедейлігі күшейтеді. Аталған факторлар далаларда, шөлейіттер мен шөлдерде, әсіресе, құмды топырақ грунтттары таралған жерлерде болады.
Су эрозиясы, әсіресе, топырақтары интенсивті өңделетін, ашық кеңістіктерде, жауын-шашын мөлшері жоғары болатын аудандарда басым болады. Су эрозиясы орманды дала зонасында басым болады. Антропогенді эрозияның ерекше түрі ирригацияның, яғни топыраққа көп мөлшерде су массасының берілуіне байланысты эрозия жатады. Бұл су сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүреді.
Топырақ және оны тиімді пайдалану.
Топырақты ластаушы факторлар:
топырақтың азуы немесе эрозиясы (лат. erasio – төзу, шіру) топырақтың үстіңгі нағыз құнарлы қабатының желдің күшімен ұшып, қар мен жаңбыр суларымен ағып кетіп, өсімдіктерге қажетті құнарлы заттар (гумус - қаршіріктер) азайғаннан кейін өнім бермейтін халге ұшырауы;
топырақтың тұздануы шөл және шөлейт өлкелерде, құрғақ далаларда жиі кездеседі. Топырақтың тұздануы үшін жауын-шашын мөлшері жер бетінен буланатын ылғалдан аз болғанның өзі жеткілікті;
топырақтың құмға айналуы нәтижесінде дүние жүзінде жыл сайын 50-60 мың км2 жер шөлге айналып, құм астында қалып жатады. Қазір құмдардың жалпы көлемі 20 млн км2 жетті;
топырақтың батпақтануы жауын шашын мөлшері жер бетінен буланатын ылғалдан көп болғанда байқалады;
топырақтағы қоректік заттардың азаюы егістік жерлерді дұрыс пайдаланбау кесірінен топырақ құрамының өзгеруі, ауа және су жүйелерінің бұзылуы, топырақтың тығыз, ірі бөлшектерге айналуы нәтижесінде байқалады.
Белгілі мәліметтер бойынша адамзаттың тарихында адам шамамен 2 млрд. га құнарлы жерлерден айрылған. Топырақтың жойылуы, халық санының артуы адам баласына шаққандағы жердің интенсивті түрде кемуіне әкеліп соқтырады. Солтүстік облыстарда тың игеру науқанына байланысты топырақ қарашірігінің 25-30%-ын жоғалтты. Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы 1000 га қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2,5 млн. га, ал тозған жайылым 3 млн. га жерді алып жатыр.
Эрозиямен күресу жолдары:
Айтарлықтай үлкен террриторияда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Бұл әсіресе орманды пайдалануға қатысты.
Жайылымдық эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияда шөптесін өсімдіктер жабынының зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерлерде су эрозиясы және жел эрозиясының да болуы мүмкін. Мұндай қолайсыз құбылыстарды болдырмаудың негзгі жолы мал жаю ережелерін сақтау және рекреациялық қысымды (туризм, адамдардың табиғаттағы демалысы) төмендету болып табылады.
Егістік жерлерді қорғау шараларын жүзеге асыру.
Аридизация дегеніміз климат ылғалының төмендеуі. Егер климат ылғалдылығы төмендесе, топырақтың құнарлылығын ұстап тұру мен арттыру оларғы көп энергия жұмсауды қажет етеді. Бірақ табиғи жүйе ретінде топырақта болатын энергиядан айырмашылығы жұмсалатын энергия топыраққа да, қоршаған ортаға да теріс әсерін тигізеді. Жерлердің бұзылуының деградациясының (латын тілінен аударғанда төмендеу, артқа кету) негізгі факторларына мыналар жатады: эрозия, суарудың теріс салдары, жердің азуы және пайдалануға жарамсыздығы, пестицидтердің қоллданылуы және т.б.
Адамзат қоғамының дамуының экологиялық дағдарыстарының бірі дамыған өркениеттің өзінің мүмкіндіктерін топырақтың сортаңдануы нәтижесінде жоғалтқаны белгілі. Суарудың жетілдірілген технологияларын қоданумен қатар, жер асты суларының деңгейін көтерілуіне байланысты грунт суларын сорып алу арқылы сортаңданумен күресуге болады. Топырақты шаю арқылы да сортаңданумен күресуге болады. Кейбір жағдайда химиялық әдістер де жақсы нәтиже береді. Мысалы, топырақ бетінде жиналған зиянды тұздарды нейтралдау үшін гипстеу жүргізіледі. Бірақ бұл әдістер қымбат және антиэкологиялық. Жер ресурстарына зиян келтіретін (эрозия мен суарудан соң) үшінші үлкен фактор – бұл жердің азуы. Оның орын алу себептері - өніммен бірге қоректік заттардың әкетілуі. Топыраққа өніммен бірге әкетілетін қоректік заттарды қайтарудың анағұрлым экологиялық әдістеріне органикалық тыңайытқыштарды (көң, копост және т.б.) енгізу, шөп себу, пар жүйесі арқылы топырақты тынықтыру жатады. Топырақтың азуы ең алдымен органикалық затттың кемуімен байланысты.
Минералды тыңайытқыштарды пайдалану интенсивті егіншіліктің бөлінбес құрамды бөлігі. Ғалымдардың есептеулері бойынша минералдық тыңайытьқыштардың пайдалану мөлшері шамамен бір адамға шаққанда жылына 90 кг. болуы керек.
№ 10 дәріс
Қазіргі заманғы әлеуметтік экологиялық мәселелер.
Қазіргі заманғы адамзаттың саны алты миллиардтан асты. Табиғаттағы жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады. Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс корреляция байқалады. Дене салмағы 10-100 кг дейінгі деңгей үшін (бұл деңгейге адам да кіреді) түрдің санының максимальды шамасы 107-104 аралығында болады. Адамның ең жақын туыстарының түрлерінің қазіргі кездегі саны соңғы санға жақын.
Мамандардың болзамдары бойынша Жерде 1 млн жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны (Homo erectus)100 мың болған. Homo sapiens пайда болуына қарай шамамен 500 мың; 30-20 мың жыл бұрын шамамен 5 млн. Біз жататын түрдің қалыпты саны 500 мыңға жуық болуы керек. Қазіргі кезде одан 10 мың есе артып отыр.
Көптеген мың жылдықтар барысында дүние жүзінің халқы өте баяу өсіп отырды. Б.э.д. IV мыңжылдықтың басында ол шамамен 100 млн. болды. Б.э.д. 1000 жылы 300 млн жақындаған, 1500 жылға қарай 425 млн дейін өсті. Мұндай қарқынмен өсу жылдың максимальды өсімі 0,7% сәйкес келеді, яғни жылына 10000-га шаққанда жеті адам. Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңінде халық санының қарқынының артуы экспоненциальды заңдылыққа жақындады. Кейін Жердегі адамдардың санының артуы гиперболалық сипатқы ие болды.
БҰҰ халық саны бойынша қорының эксперттерінің болжамдары бойынша бұл қарқын жылға дейін сақталады да, адам саны млрд жетеді.
ХХ ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды.
Өтпелі кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай төрт сатыны бөләп көрсетуге болады:
Бірінші сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім коэффициентінің төмендеуі туу коэффициентінің төмендеуінен алда болады. Сондықтан халықтың өсімі артады. Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде қалыптасып отыр.
Екінші сатысында өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді.
Үшінші сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэфициенті артады, сонымен қатар туылудың төмендеуі баяулайды. Соңында туу коэфициенті халықтың жай көбеюінің деңгейіне жақындайды, ал өлім коэфициенті бұл деңгейден төиен болып қалады, себебі халықтың жастық құрамы әлі де тұрақты емес. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезеңнің осы сатысына жақын.
Төртінші сатысында өлім коэфициенті арта отырып, туу коэфициентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.
Қазіргі заманғы әлеуметтік экологиялық мәселелер.
Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша , денсаулық дегеніміз бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. Антропогенді факторлар бұрын болмаған , жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс әрекеті нәтижесінде биосфераға , оған тән емес 4 млн. нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады, оларды ксенобиотиктер деп атайды, яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар. Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге , бір типті тұрғын жерлерге және т.б. яғни үшінші табиғатқа айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза ортада болсада, қолайсыз әлеуметтік- экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік- экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стрестік құбылыстар арқылы әсер етеді. Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90 % қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ де соңғы он жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер адамдарда 15 тен 23 % ке дейін, ал әйелдерде 17 ден 25 % ке дейін артқан. Аурулар туғызатын заттар және факторлар: 1 ) канцерогендер қатерлі ісік туғызады, бензопирен басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер,радиоактивті изотоптар, нитриттер, асбест т.б; 2 ) мутагендер- хромосомдар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады;3) жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады.
№11 дәріс
Қоршаған орта және қоғамның тұрақты дамуы.
Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тариғи кезеңдерінде орын алып отырды.Бірақ өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні табиғаттағы қалыптасқан тепе теңдікті бұзбай , миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген,табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс.Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық ,бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана сезімі , олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді. 1987 жылы БҰҰ ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы « Біздің жалпы болашағымыз » атты есебінде « қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге » аяқ басуға шақырды.
Алғаш рет « тұрақты даму » концепциясы ұсынылды.
« Тұрақты даму » дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. 1992 жылдың маусым айында Рио де Жанейро қаласында өткен БҰҰ ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы « Тұрақты даму » концепциясын және «XXI ғасырдың күн тәртібіне » атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. БҰҰ ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды. ҚР ның Үкіметі ұсынған « ҚР ның тұрақты дамуға көшу концепциясы » бекітілді.
Қоршаған орта және қоғамның тұрақты дамуы.
Республика президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді.1992 -1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйытқысы болды.Биологиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуантүрлілікті қорғаудың Ұлттық баяндамасы қабылданды.Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:
Қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;
Экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану; тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету. Республиканың экологиялық қауіпсіздігі дегенде ен алдымен қоршаған ортаға антропогенді немесе табиғи әсердің жеке адамға , қоғамға, табиғат пен мемлекеттің өмірлік маңызды қажеттіліктерін нақты және мүмкін болатын қауіптен қорғауды қамтамасыз ету процесін түсінеміз.
№12 дәріс
Қоршаған ортаның жағдайын бақылау және мониторинг ұйымдастыру ұстанымдары.
Экологиялық мониторингтiң мақсаты.
Мониторинг түрлерi.
Қоршаған ортаның сапасын нормалау.
Экологиялық мониторинг- табиғи құбылыстардың және антропогендiк iс- әрекеттердiң әсерiнен қоршаған орта жағдайының өзгеруiн бақылау, бағалау және болжау жүйелерi.
Мониторинг жүйесi факторларға, көздерге және әсер ауқымына байланысты топтастырылады :
Әсер факторларының мониторингi- әр түрлi химиялық ластағыштардың түрлi табиғи және физикалық факторлар әсерлерiнiң (электр магниттi сәулелену).
Мәлiметтердi ортақтастыру сипаттамасына қарай ғаламдық, базалық, ұлттық, аймақтық, жергiлiктi (локальды) импактылық.
Мониторинг жүйесiнiң мақсаты:
Қоршаған ортаның жай- күйiнiң халықаралық мониторингi мен бағалануды үйлестiру.
Мониторингтiң жаңа станцияларын құруда көмек көрсету.
Атмосфера мен климаттың жай- күйi, қоршаған ортаның ластануы туралы мәлiметтердi жинау, тарату.
Қоршаған ортаның сапасын нормалау- адамның өмiр сүруi үшiн қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрлiлiктiң сақталуы мен экологиялық жүйелердiң тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететiн қоршаған орта сапасының көрсеткiштерiн белгiлеу.
ШРШ- (шектi рауалы шығарымды) әсермен астасқан ауа қабатындағы негiзден түскен ластағыш заттектiң шамасы тұрғындарға, жануарлармен өсiмдiктер әлемiне арналған сапасының нормативiнен аспайтындай етiп белгiленген ғылыми-техникалық норматив.
ШРД- (шектi рауалы деңгей)- шектi рауалы концентрация секiлдi, бiрақ ортаны шу, радиоактивтiк, электромагниттiк сәулелену т.б. ластағыштармен ластауға байланысты қолданылатын ұғым.
ШРТ (шектi рауалы төгiндi)- бақылау пунктiндегi судың сапасын қамтамасыз ету мақсатында белгiлi су обьектiсi пунктiнде, кесiмдi уақыт iшiнде, бекiтiлген режим бойынша жоғары рауалы жiберiлiмдi ағынды судағы заттек массасы.
Қоршаған ортаның жағдайын бақылау және мониторинг ұйымдастыру ұстанымдары.
Экологиялық мониторинг табиғи құбылыстардың және антропогендік іс әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау,бағалау,тексеру және болжау жүйелері. Мониторинг деген термин монитор сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында 1972 ж. бақылау ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шекті рауалы жүктеме саналады..Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті.
Экомониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау. Мониторинг обьектілеріне атмосфера, жауын шашын, мұхит пен теңіз сулары жатады. Мониторинг жүйесі факторларға , көздерге және әсер ауқымына байланысты топтастырылады.Топтастыру принципіне қарай әр түрлі мониторинг жүйелері бар, олардың ішіндегі ең жарамды болып саналатын қоршаған ортаның құрама экологиялық мониторингі бұл қоршаған табиғи орта обьектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да табиғи тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тууы арқылы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру.
Мониторинг ұйымдастырудың бірнеше кезеңдері:
шаруашылықта қолданылатын биосфералық қорық станцияларында ,олардың қорғалатын аумақтарында барлық мәліметтерді түгендеу.
Бақылау обьектісін таңдау.
Бақылау екінші кезеңмен қатар жүргізіледі.
Негізгі бағыттары: геофизикалық , биогеохимиялық,биологиялық.
№13 дәріс
Ерекше қорғалатын территориялардың типтері, маңызы.
Ландшафтарды қорғаудың ең жоғарғы формасы- қорықтар ұйымдастыру. Қорық аймағы шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң –құс атып , балық аулау ,шөп шабу, мал жаю, ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тиым салынған. Сонымен қатар ,қорықтарда улы химикаттарды шашуға , басқа жерлердің өсімдіктері мен жануарларын жерсіндіруге болмайды. Бұл жерлердегі экологиялық процестер адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Қазақстанда әр жылдары ұйымдастырылған «Ақсу-Жабағылы» (1926), «Алматы» (1934), «Наурызым» (1959), «Барсакелмес» (1939), «Қорғалжын» (1968), «Марқакөл» (1976) , Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992), Алакөл (1998) қорықтары бар.
Қазақстан Республикасының қорықтарында табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндет тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап , оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. ҚР-34-35 миллион га егін егуге ,бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар.
ҚР –ның территориясында 21қорық ұйымдастыру қажет деген ғылыми қорытындыға келді. Табиғи қорықтардың бірін Бетпақ дала шөлді аймағында ұйымдастырған жөн деген ғалымдар бір ауыздан шешімге келген.
Екінші-далалық аймақ. Оған Жезқазған облысына қарасты Ағадыр селосының батысындағы бұталы дала жатады.
Үшінші-шөлейтті аймақ қорықтары. Бұл қорықтарда ең көлемділері-Үстірттің Батыс тік жарлы қыраттары.
Ерекше қорғалатын территориялардың типтері, маңызы.
Батыс Қазақстан облысының қорықшалары.
Батыс Қазақстан облысында он мемлекеттік және облыстық маңызы бар табиғат объектісі тіркелген, оның үшеуі мемлекеттік статусқа ие болған. З
Кирсанов зоологиялық қорықшасы- құндыз, т.б. жануарларды қорғауға негізделген.
Бударин қорықшасы аумағы 80 мың га., өзен аңғарында сирек кездесетін реликт түрлерден су жаңғағы, сальвиния кедеседі.
Жалтыркөл зоологиялық қорықшасының ауданы мың га. Қорықша территориясында құстардың 70 түрі кездеседі.
№14 дәріс
Экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық негіздері
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық әртүрлiлiк - бiр түр аясында, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегi жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң әртүрлiлiгi;
2) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттерi;
3) генетикалық түрлендiрiлген организмдер - өсiмiн молайтуға немесе тұқым қуалайтын генетикалық материалды беруге қабiлеттi, табиғи организмдерден ерекше, гендiк инженерия әдiстерi қолданыла отырып алынған және құрамында гендiк-инженерлiк материал (гендер, олардың фрагменттерi немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;
4) генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер - гендiк инженерия әдiстерi пайдаланыла отырып алынған, құрамында жансыз генетикалық түрлендiрiлген организмдер немесе солардың компоненттерi бар өсiмдiктен және (немесе) жануарлардан алынатын өнiмдер;
5) ең озық қолжетiмдi технологиялар - пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiнiң деңгейiн қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi қамтамасыз етiлетiндей деңгейге дейiн азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететiн техника және жабдық;
6) инерттi қалдықтар - елеулi физикалық, химиялық немесе биологиялық өзгерiстерге ұшырамайтын әрi қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер етпейтiн қалдықтар;
7) коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;
8) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелерi қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;
9) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы ақпаратты жинау және беру жүйесi;
10) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар;
11) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою;
12) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану;
13) қалдықтарды көму - қалдықтарды шектеусiз мерзiм iшiнде қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарға жинап қою
Экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық негіздері
2-бап. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн нормалары бар өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстiң ережелерi қолданылады.
4. Қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар осы Кодексте реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
3-бап. Осы Кодексте реттелетiн қатынастар
1. Осы Кодексте Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтiру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар реттеледi.
2. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар осы Кодексте реттелетiн қатынастардың қатысушылары болып табылады.
4-бап. Қазақстан Республикасы орнықты дамуының
экологиялық негiздерi
Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялық негiздерi:
1) адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөнiндегi мақсатқа мемлекеттiң қол жеткiзуi;
2) қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлiлiктi сақтау;
3) Қазақстан Республикасының өз табиғи ресурстарын өндiруге құқықтарын қамтамасыз ету мен iске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету мәселелерiнде ұлттық мүдделердi қорғау;
4) қазiргi және болашақ ұрпақтардың сұранысын әдiл қанағаттандыру;
5) өндiрiс пен тұтынудың орнықты үлгiлерiн дамыту;
6) қоршаған ортаның жай-күйiн есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың әлеуметтiк және экономикалық даму талаптарына сай келуi;
7) әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуы;
8) қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету;
9) Жердiң экожүйесiнiң салауатты жай-күйi мен тұтастығын сақтау, қорғау мен қалпына келтiру мақсатындағы жаhандық әрiптестiк;
10) қоршаған ортаға залал келтiргенi үшiн жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;
11) қоршаған ортаға елеулi залал келтiретiн немесе адам денсаулығы үшiн зиянды деп есептелетiн қызмет пен заттардың кез келген түрлерiн басқа мемлекеттерге көшiру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулi немесе орны толмайтын залал қатерi төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.
№15 дәріс
Экологиялық білім және тәрбие.
Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.
Экологиялық білім беруге деген қажеттілік адамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты. Қоршаған ортаның сапасы адамның негізгі құқығының бірі денсаулықты және дамудың негізгі мақсатын анықтайды. Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру, табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін анықтау үшін, адамның одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін мінез құлқының арнайы әлеуметтік табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет.
Оқушыларда, студенттерде, сондай ақ жалпы халықта табиғатқа деген тұтынушылық ұатынас басым; экологиялық мәселелердің әр адамның жеке басы үшін маңызды екенін қабылдау деңгейі төмен; адамды қоршаған ортаны зерттеу мен сауықтыруға арналған жұмыстарға іс жүзінде қатысуға деген қажеттілік дамымаған.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру және даму процестері деп түсінеміз. Экологиялық жауапкершілік адамның мына қасиеттерімен байланысты: өз іс әрекетін бақылау, табиғи ортадағы өзінің іс әрекетінің жақын кезеңдегі және болашақтағы нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен қарай білу және т.б.
Қызметі табиғи ортаға және адамның денсаулығына зиянды әсер етуімен байланысты адамдардың барлығының қажетті деңгейде экологиялық дайындығы міндетті түрде болуы керек. Оны қызметке тағайындау кезіндегі аттестациялауда есепке алу қажет.
Жоғарыда айтылғандай педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептейді.
6. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СТУДИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 1 семинар сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |