10. Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі - жоспарланбаған
11.Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.б.)
Тест тапсырмаларының нұсқасы
1. Роман- мемуар жазған жазушыны атаңыз:
А. Ө. Қанахин
В. Ғ. Мүсірепов
С. С. Мұқанов
Д М. Мағауин
Е. Ә. Кекілбаев
2. «Көкпар», «Қараой», «Көк қаршыға», «Ақбозат», «Қаражаяу» шығармаларының авторы.
А. Қ. Ысқақов
В. Б.Мұқаев
С. С. Елубаев
Д. Т.Әлімқұлов
Е. Н. Ғабдуллин
3. І. Есенберлиннің «Қаһар». Кенесарының бас жендетінің аты кім?
А. Ошақбай
В. Сойыл
С. Барыс
Д. Қараүлек
Е. Жебір
4. Төменде аталған қай поэма Қ. Аманжоловтікі?
А. «Әлия»
В. «Мәншүк»
С. «Абдолла»
Д. «Т. Тоқтаров»
Е. «Гастелло»
5. «Ақша бұлт» кімнің жинағы ?
А.Ж. Саин
В. Ә. Сарсенбаев
С. Қ. Бекхожин
Д. С. Мәуленов
Е. Ж. Сыздықов
6. «Түркістан қалай туған» очеркінің авторы кім?
А. Ғ.Мұстафин
В. Ғ. Мүсірепов
С.С. Мұқанов
Д. М. Әуезов
Е. Б. Майлин
7. «Т. Бокин», «Сенім», «Теміртау» романдарының авторы кім?
А. К. Ахметбек
В. Б. Нұржекей
С. З. Шашкин
Д. З. Қабдолов
Е. С. Жүнісов
8. «Ақбоз ат» романында тұлпарға сатылған әйел кім?
А. Айша
В. Гүлнаш
С. Нұрила
Д. Әсем
Е. Әсия
Достарыңызбен бөлісу: |