Шадияр Диана Есенбекқызы Тақырыбы: «Химияны қашықтықтан оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды құру әдістемесін жасау» 7М01541 Химия білім беру бағдарламасы


Химия сабақтарын қашықтықтан оқыту



бет6/22
Дата25.05.2023
өлшемі3,76 Mb.
#177659
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Щадяир 16 маи бет болды
Презентация на тему Өнеге отбасынан , 3, бейорг Бексултан 1бар, Мақсат Н.Т. Жаңартылғын бағдарлама негізінде химияны оқытуда қашықтықтан білім беру технологиясын қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу, Шалғынбай М.Д.Химияны оқытуда жаңа материалдың логикалық құрылымын жақсы анықтау үшін оқушы өзіндік жұмыс әдісін қолдану мүмкіндіктері, 22.05.2023ж әдебиет 9ә, Қожан Динара Жм-05-23
1.2 Химия сабақтарын қашықтықтан оқыту
Әр пәннің өзіндік қиындығы бар десек те, химия біршама қиын, күрделі пән, сондықтан сабақ түсіндіргенде үнемі көрнекі құралдарды көбірек пайдалануға тура келеді және тәжірибе сабақтарын да жиі өткізу керек. Ол балалардың сабақты жақсы қабылдап, оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруіне тигізер игі ықпалы мол. Ал қашықтан оқуға көшу сабақта көрнекі құралдарды барынша көп пайдалануға мүмкіндік берді.PowerPoint бағдарламасын пайдаланып, слайдсабақтар дайындау арқылы көрсетуге болады. Онда суреттер мен жазбалар, кескіндемелерді пайдаланып, жаңа сабақты видеоға түсіріп, оқушыларға жіберу керек. Онда үй тапсырмалары да қамтылады.
Осы орайда бірнеше химия пәнінің мұғалімдерінен сұқбат алған екен,олардың сөзінше осы тәсіл тиімдірек өтуде деп айтты. Мәселен, 9 сыныпта өткізген «Газ тектес заттардың молекулалық формуласын есептеу» тақырыбы бойынша өткен сабағында слайд түрінде формула арқылы есептеу тәсілдерін кескіндемемен көрсетіп беріпті. Бейнесабақта химиялық формулалар арқылы есептеу тәсілдері түгел айтылып, көрсетіліп отырылыпты. Бейнесабақтың артықшылығы сонда, оқушы оны қалаған уақытында қарап және түсінбеген жерлерін қайталап көруіне мүмкіндігі бар. Бейнесабақта үй тапсырмалары да қамтылған[10].
8 сынып оқушыларымен өткізген «Тұздар» тақырыбындағы сабағында түрлі түсті суреттер мен кескіндемелерді көп пайдаланылған. Слайд арқылы кескіндемелерді пайдалана отырып түсіндірілген сабақ есте қаларлықтай болып шықты. Сабақ соңында үй тапсырмасы түсіндіріліп, тұздарға қатысты химиялық есептер берілді. Және де соған ұқсас есептерді шығарып көрсетіпті. Және ол кісілер өзі дайындаған бірқатар бейнесабақтарын Ютубканалға салып қойды. Оны қажет еткен оқушылар да, өзге әріптестері де кез-келген сәтте қарай алады. Жалпы алғанда, қашықтан оқудың өзіне тән қиындықтарымен қоса, көптеген артықшылықтары да бар. Қашықтан оқуға көшкен бір айдан астам уақыт ішінде мұғалімдер де, оқушылар да жаңа тәсілді жақсы меңгеріп, оның артықшылық жақтарын тиімді пайдалана бастады.Тіпті тағы бір мұғалім тақырыпқа байланысты «Тағам құрамындағы көмірсутектерді анықтау» тапсырмасын берген екен.Оқушылар үйлерінде еркін жұмыс жасап,тіпті белсенділік танытып жұмыс жасаған.Кейбір оқушыларының ашылуына осы қашықтықтан ашылудың себеп болғанын да айтады.Ата-аналары да хабарласып алғысын білдіріп бір қуантып қойған жайы бар дейді.Демек, қашықтықтан оқыту технологиясының біршама артық жерлерін атап көрсекте болады. Әрине кемшіліктері бар,ол - интернет пен ұялы телефон , гаджет , ноутбуктарда.Олар да ретімен жөнге келер.
Химия пәнін оқытуда ақпараттық технология тиімділігі төмендегідей:
- химиялық эксперименттерді виртуальды зертхана арқылы көрсетуге болады;
- оқушылардың білімін есепке алу мақсатында тез және тиімді жолмен тест алуғаболады[11];
1.2.1Химияны қашықтықтан оқытуда қолданылған тәжірибе түрлері
Қазақстанда пандемия салдарынан қашықтықтан оқыту 2020 жылдың наурыз айында басталған болатын. Барлық мектептер мен ЖОО сабақты онлайн түрде түрлі қосымшалар арқылы өткізіп бастады. Басында сабақ өту көптеген қиындықтардан тұрды. Әсіресе, химия пәнін түсіндіруде, зертханалық жұмыстарды көрсетуде қандай бағдарламаларды қолдану керектігін іздеді. Виртуалды зертханаларды азғантай уақыт ішінде құру мүмкін болмағандықтан, басқада әдістерді ойластырды. Қашықтықтан оқытудың алғашқы кездерінде зертханалық жұмыстарды демонстрациялық, ой эксперименттері арқылы өткізді. Енді, осы эксперименттерге жеке-жеке тоқталып өтейін.
Химияны қашықтықтан оқытуда қолданылатын тәжірибе түрлері:

  • демонстрациялық эксперимент (мұғалім өзі жасап көрсетеді);

  • оқушылар жасайтын эксперименттер.

Демонстрациялық эксперимент негізінен оқушыларға заттар, химиялық құбылыстар мен процестер туралы химиялық идеяларды қалыптастыру үшін жаңа материалды түсіндіру кезінде, химиялық құбылыстар мен процестер туралы нақты түсінік қалыптастыру үшін жүзеге асырылады. Бұл жаңа материалды аз уақыт ішінде қорытындылауға және маңызды тұжырымдарды түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зертханалық тәжірибелер мен басқа да операцияларды жүзеге асыруды үйретеді. Оқушылардың назары тәжірибені орындауға және одан шығатын нәтижені бақылауға бағытталған.
Демонстрациялық эксперимент ауызша және визуалды әдіс ретінде оқытылады. Демонстрациялық тәжірибені қашықтықтан оқыту кезінде ZOOM, Teams платформалары арқылы видео арқылы көрсетеді.
В.Я.Вивюрскийдің айтуынша, демонстрацилық сабақтың мазмұнына, онда қарастырылған проблемаға, зерттелетін құбылыстар мен процестердің сипатына және нақты оқу міндеттеріне байланысты әр демонстрациялық эксперименттің өзіндік ерекшеліктері бар және оларға келесі талаптар қойылады:

  • эксперимент көзбен жүргізілуі керек;

  • оқушыларға түсінікті болу үшін практика техникасы қарапайым болуы керек;

  • эксперименттің мазмұнын, мақсатын түсіну үшін мұғалім оқушыларға алдын-ала қысқаша мәлімет беруі керек;

  • оқушылар әр жұмысты орнату механизмінің қандай рөл атқаратынын түсінуі керек;

  • тәжірибе сәтті өтуі керек[12];

Демонстрация аяқталған соң байқалған құбылыстарға анализ жасау керек, барлығын жүйелеп қорытынды жазу керек, қажет реакция теңдеулерін және есептеулерді жүргізу керек.
Демонстрациялық эксперимент әдістері:

  • Эксперименттің мақсатын қою керек, яғни эксперимент не үшін жасалады, экспериментті бақылау нәтижесінде не түсіну керек;

  • Эксперимент жүргізілетін құрылғыны сипаттау керек, тәжірибе мен реагенттердің сипаттамасын беру керек.

Оқушылар жасайтын эксперименттің ерекше бір түрі – ой эксперименті. Оқушылардың танымдық белсенділігін байыту әдісі ретінде ойлау эксперименті эксперименттің ұмытылған түрлерінің бірі болып табылады. Оны көптеген химия мұғалімдері пайдаланбайды, өйткені бұл оқулықтар, оқу құралдары және басқа ақпарат көздеріндегі эксперимент түрі туралы өте аз мәліметтерге байланысты. Ой экспериментіне аз уақыт жұмсалады және ол теория жүзінде жүргізіледі. Қаржылық (экономикалық) тұрғыдан да тиімді. Сондықтан, бұл ұмыт қалған тәжірибе түрін қашықтықтан оқыту кезінде көптеген ұстаздар қолданды.
В.Я.Вивюрскийдің сипаттамасы бойынша, қысқа уақыт ішінде белсенді ақыл-ой қызметі жүзеге асырылады:
- сабақтың тақырыбына сәйкес эксперимент мақсаты қойылады;
- шешілетін міндеттер анықталады;
- мәселе туындайды;
- гипотеза (болжам) сыналады;
- мәселені шешу жолдары қарастырылады;
- эксперимент жүргізу жоспары қарастырылады;
- жоспар бойынша эксперимент;
- нәтиже теорияда да талқыланады;
- қажетті есептеулер жүргізіледі;
- реакция теңдеулері мен қорытынды жазылады[13].
Ой экспериментін жүргізудегі мұғалімнің рөлі өте маңызды. Мұғалімнің міндеті-білімгерлерге тапсырма берілгеннен кейін, олар экспериментті қалай өткізетінін талдау, талқылау және дерексіз ойлау процестерін үзіліссіз бақылайды. Оларды тыңдап, бағалаушы рөлін орындау керек. Қажет болған жағдайда оқушылармен ұсынылған жолдарды талқылай отырып, бағытты көрсету қажет. Соңында сабақта әр оқушының іс-әрекетін, белсенділігін бақылау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет