Шах Зада Есалы Шежірелер шындығы



бет4/11
Дата28.01.2018
өлшемі7,18 Mb.
#34887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Шыңғыс хан туралы тарихи шындық түбі танымал болады. Адам жаратылысының ерекшелігі істеген ісімен де, сөйлеген сөзімен де белгілі. Сол үшін де Шыңғыс Қаған туралы, арғы тегі туралы аңыздар мен Шыңғыс ханның айтқандарын назарлаыңызға ұсынуды жөн көрдім.


Лен (Лұқман) Зияда ұлы. Шыңғыс хан туралы аңыз-жырынан
Нұқ пайғамбардан төрт ұл туса да, Хинган деген біреуі дінсіз болып, топан суға кетіп өледі. Кейінгі адамзат қалған үш ұл – Хам. Сам, Яфастан ұрпақ болып тарайды. Самнан Арбакша, одан Әбіл, Жәбіл, Сәлім. Сәлімнен Ғабір, одан Халық. Одан Назар, одан Анар, одан Азар, одан Ибраһим пайғамбар. Ибраһим пайғамбардың бір әйелі Сарадан Исках, бір әйелі Ажардан Исмаил. Екеуіне де пағамбарлық келген. Исхактан Ғайсу деген бір бала туған екен. Одан Алтын хан туылады. Алтын хан Исхак пайғамбардан бата алып, ұрпақ, байлық, патшалық үш бақтың иесі болған адам.

Мұңғылдардың дәуірлеп тұрған заманында Қиян деген ханы болған. Сол елде құдай жолындағы әулие тәңірге де, халыққа да жағымды Әлеғу деген бір әйел болыпты. Сол Әлеғу ешбір еркек көрмесе де күн нұрынан үш балалы болған деседі. Үш баланың екеуі ұл, біреуі Өрлеушін атты қыз екен. Алтын хан осы Өрлеушінге нұрдан жаралған қасиетіне қызығып артыма бір ерекше ұрпақ қалдырамын деп үйленеді. Өрлеушің бір жылдан кейін босанып, қыз бала дүниеге келеді. Атын Камал Мәлік қояды. Камал Мәлікке алтыннан нұрланып тұратын, ерекше сәуле шашып тұратын сарай салғызып, күн көзіне шығармай бағады. 18 жыл бойы қасында Ордахан деген күтуші әйелден басқа жан баласын көрмей өсіпті. Бір күні Камал Мәлік Ордаханнан: «осы алтын сәуледен басқа жарық беретін бір әлем бар ма, сыртқа шығайықшы» дейді. «Хан иеден екеуімізге сыртқа шығуға ешқандай рұқсат жоқ» дейді Ордахан. Алайда қыз күнде мазасын ала берген соң «әлемде күн сәулесі деген болады» дейді. «ендеше оны маған көрсет» дейді қыз. Ордахан терезенің кілтін бұрап ашқанда әлемге жарық берген күн сәулесін көрген қыз есеңгіреп қалыпты. «Бойым балқып, денем ұйып кетті» дейді қыз. Күндердің күнінде хан сарайға келсе қыздың екіқабат болып қалғанын көріп ашуға басады. «Күн нұрынан бала пайда болды» дегенге сенбейді, жасауылдарын шақырып, қызды да, күтушісін де бір сандыққа салғызып, өзенге ағызып жіберіпті. Сол өзеннің төменгі сағасын жағалай Өзбек, қазақ, мұңғылдар мекендей береді екен. Бір күні Шаба деген мұңғыл Дондағұл мен Дунай деген мергендерге шауып келіп «су бетінде бірдеңе ағып барады, не екенін ажырата алмадым» дейді. Ел-жұрт жиналып, өзен бойы ағып бара жатқан сандық-кемені көреді. «Ішінде адам болуға тиіс. Дондағұл, сен садағыңмен сүйкей атып жағаға шығар деседі. Сонымен сандықты бір мүйіске тоқтатады. Сандық ішінен бір әйел мен айы-күні таяп қалған бір қыз шығады, олар мән-жайды түсіндіреді. Екеуін де Дондағұл мерген өзі алады. Қыз айы-күні жетіп, толғатып ұл бала табады. Ұлдың атын Тобын Баян қояды. Анасы да ерекше күтімге алып ержеткізеді. Елі де нұрдан келген бала деп құрмет қылып сыйлайды. Ол да ерен туған мұңғылдың бір нояны болып ержетеді. Қадірлі, сыйлы ноянды халқы хан тағына отырғызады. Тобын Баян халқына аса әділетті ұлы хан болады. Өмір шіркін, зырылдап өтіп жатты. Бір күні хан белгісіз дертке шалдығып жатып қалды. Елі. Жұрты жиналып, ханға «егер алай-бұлай болып кетсеңіз тағыңызға қайсы ұлыңызды мұрагер етесіз» деп сұрайды. Оның үш ұлы бар еді. «Мен өлген соң орнымды күзетіңдер» деді де хан көз жұмды. Қадірлі қариялар, ханға адал берілген қаралар, бәрі, бәрі жиналып, 40 күн хан орнын күзетуге отырды. Кезекті күзет күндерінің бірінде шаңырақтан бір жарық сағым кіріп, төсекте жатқан ханның әйеліне түсіп, тұрып-тұрып шаңыраққа жылжып көтеріледі де «Шыңғыс, Шыңғыс, Шыңғыс» деген дауыс үш рет шығып, әлгі жарық сағым жоқ болып кетеді. Ертеңінде Тобын Баянның әйелі босанып ұл туды. Тобын Баян баласына ат қоюға келді деп әулие затты текті баланың атын «Шыңғыс» қойыпты. Хан өсиеті бойынша хан тағы Шыңғысқа тиесілі деп шешеді ел-жұрты. Алайда бәбішеден туған үш ұл – Бөденетай, Белгітай, Қанжарлы тақты Шыңғысқа беруге қимай оған қастық жасап өлтіруді ойлайды. Бұл сырды білген, Шыңғыстың өте білгір, ақылды анасы оны тауға барып жасырына тұруға келтіреді. «Кезі келгенде өзім мына жүзікті күнге шағылыстырып белгі берем, бұл Майқы бидің жүзігі» дейді. Шыңғыстауға барып, бекініп, күніне бір құс атып алып, тамақ қылып жүреді. Анасы күнде өзенге келіп, су бетінде ағып келетін құс қауырсынынан ұлының аман-саулығын біліп тұрады. Мезгілі жеткенде ел-жұрты «Шыңғысты хан тағына отырғызамыз, қайда екенін айтыңыз» деп анасына келеді. Анасы оларға жөнін айтып, жүзікті береді. Олар жүзікті күнге шағылысытырып белгі бергенде, тау үңгірінен Шыңғыс шығады. Халқы оны хан тағына отырғызады. Жарты әлемнің әмірішісі Шыңғыс хан осылай билік басына келген екен» дейді аңыз.
«Шежіре түрікті» жазған Абылғазы Бахадұр хан сөзінше, - деп жазады Шәкәрім (Шах Карим) қажы, «Яфастың сегіз баласы бар, Түрік, Хазар, Саклап, Қытай, Камари, Тарих, Жапан, Манжур деген». Түріктің төрт баласы бар, Түтік, Хакал, Барсаңжар, Амлах. Барша-Хұн, Мажар, Бұлғар, Улах, Ауар, Мағол, Татар, Манжу, Фин, Жоңғар атанған халықтар түрік нәсілі дейді.

Түріктің баласы Елжа хан, оның баласы Бакой хан, оның баласы Киік хан, оның баласы Аланшы хан. Аланшының екі баласы – Татар мен Мағол. Аланшы екі баласына қол астындағы елін бөліп берген соң, татар қол астындағы ел - Татар, Мағол қол астындағы ел – Мағол атанды дейді. Татар ханы Сүйінші хан Мағол ханы Ел ханды жеңіп, елін қырды. Ел ханның інісі Негіз бенен Қиян деген баласы тұтқыннан қашып шығып, қалған кісілер мен мал-мүлкін жиып алып, «Ергенеқон» деген айналасы жартастарға кіріп, сонда 450 жылдай өсіп-өніп ақырында сыймай шықпақ болғанда, келгендегі жол көп заман өткендіктен жабылып қалып, жартасты отпен өртеп, құлатып шықты дейді. Сондағы ханының аты Бөртечина еді. Және бір сөзі – Дауын баян деген ханы өлген соң, орнына Аланху деген қатыны хан болып тұрып, байға тимей аспаннан келген нұрдан буаз болып, үш бала туып, соның бірі Боданжар хан болды дейді. Боданжар ханның баласы Бұқа хан болса керек, себебі Абылғазы Бахадұр хан сөзінше Боданжардың екі баласы Бұқа, Тоқа;


21 жыл бойы ел мен жер кезіп, көз майын тауысқан халықаралық монғолтанушылар ассоциациясының мүшесі, ақын, жазушы, Хамза Көктәндінің зерттеуі бойынша «Ергенеқоннан» шыққан елдің қаны Бөртечина – (Бөрте-Шина). Сол – Ұмай ана, Гуа-Маралдың 9-ұрпағынан Қали-Корчи туып, одан Добу-соқыр және Добу-баян деген екі ұл туады. Добу-баянның әйелі Алун-гуа, одан екі ұл, Нұрдан үш ұл туды. (сондықтан ұрпақтары Алун-Гуаны Нұрила атап кеткен дейді).

Боданчар Алун-гуаның Нұрдан тапқан баласының үшіншісі. Боданчардың баласы Бұқа хан әкесінің орнын басып, ұзақ жыл патшалық етті. Бұқа ханның баласы Дотым-Манен болатын. Боданчардың ағасы Бұқатегін, ол – Афрасиаб, Алып Ертоңа, Оғыз Қаған.

«Мұңғұлдардың құпия шежіресі» жазылғаннан кейінгі тарихшылар Шыңғыс хан әулетін Бұқатегіннен таратады. Шыңғыс ханды Афрасиаб ұрпағы етіп көрсету әлемді жаулаушының түпкі тегін, беделін, өзге Түрік халықтары арасында жоғары көтеретін. Шын мәнінде Афрасиаб – Рашид-ад-дин, Абылғазы Жалайри, Мырза Ұлықбек жазғандай, Боданчардың баласы емес, ағасы еді деп нақтылайды Хамза бауыр.

Алун –Гуаның Нұрдан тапқан баласының үшіншісінің аты – Бухату Салжи; Шыңғыс ханның тегі жоғарыда көрсетілген Боданчардан тарайды.

Алдыңғы Лен ағамның жыр-сюжетіндегі сақталған Алеғу, Тобын баян есімдері, Х.Көктәнді зерттеуі тарихи таным шындығымен байланысып жатқанын қараңыз. Және Абылғазы бахадұр хан шежіресінен алып келтірген Шәкәрім қажы Құдайберді ұлы деректеріндегі «Ергенеқон», «Қиян», «Дауын баян», «Аланху» деген атау-есімдер осы үш деректе әртүрлі болғанымен бір ғана оқиға желісіне құрылғаны, өзегі бір тарихтың баяны екенін мойындатады.
Мен осынау бабалар көшінің жалғасы. Қазақ деп аталған дархан халықтың перзенті екеніме тәубе қыламын, мақтанамын!
Шыңғыс Қағанның айтқандарынан
Құдай әркімнің жүрегінде болу керек. Жан-дүниең мешітің болсын. Одан артық мешіт жоқ.


Қала мен қамалдың қаншалық беріктігі, оны баққан адамның батырлық ерік - жігерінде.

(Самарқанд түбінде)



Қашқан аңға қарсы шықпа,

Қашқан жауды арттан шаппа.
Кешірім жасамау, дана ақылшысы жоқ, батырсыз қалу менің жолым емес.
Арты мықты жанын қинайды,

Ақылы мықты жұртын жинайды.

Жаман иеге тап болған ел, жақсы иенің жемдеген ит-құсына да тең келмейді.

Жошыға:

Қол жинау оңай, қолбасшы табу қиын.

Мақтанып, дандайсыма!

Тырыспасаң, ит болып кетесің. Уаң хан, Таян хан, Алтын елі кеудесоқтықтан жеңілген. Ұмытпа!


Заң-ережелерге қатаң бағынбаса, онда хандық мемлекеттің быт-шыт болып ыдырауына соқтырады.

Сол заматта Шыңғыс қағанның аруағын атойлап шақырса да, Шыңғыс Қаған қайта келмес.

(Тататұнғаның жазып алғанынан)


Шағатайға:

Сенің шырт етер шалт мінезің бар. Аса шымырсың. Мынау елді жер-суынан жырып, айдап әкелгенің әскери күштің арқасы. Ал, сол адамдардың ыза-кегін асқынтып, кәрі-жасы мехнат шегіп, бейнеті асқынар үлкен күнә жасадың, көпті тентіретіп, сергелдеңге түсіріп, сенделту «ел иесі» болатын адамға кешірілетін қылық емес.

Тұтам денем құласа құласын,

Тіккен туым, құраған елім құламасын!
Таян ханды құрметпен жерлеу рәсімінде:

Бұдан былай менің ұлы жасақтарым қандай бір ұлысты аларда сол елдің иесі қалайда өліп кетуге жеткізбеңдер. Оның елі-жері біздікі болса болғаны. Сол бір жалғыз адамды өлтіргеннен не пайда, ал өлтірмей қойғаннан не зиян келмек?!

Елдің даңқы артып, айбары асып, жер жүзін тітіркендіруімнің себебі, білімі қуатты адамды талғай пайдаланып, демеуін тапқанымда. Кейінде мемлекет және әскери іске білімді, данышпан адамдарды батылдықпен таңдап, жеге білуді жете меңгерсе, хандық мемлекеттің өсіп-өркендеуі ұзақ жылдарға созылмақ.
Тағы да Шағатайға:

Әскери жорықта адам шығыны амалсыздан болады. Бірақ мына қаланың бар тұрғынын бірақ көшіріп әкелу оңай шаруа емес. Көптің иесі, көптің қорғанышы болатынның да ісі емес. Бұдан былай мұндай істі ойлап істе. Қала тұрғынын далаға айдауға әсте болмайды. Ол су жәндігін сыртқа шығарып тастағанмен бірдей. Әп-сәтте тіршілік көзінен ажырайды. Дүние жүзін иемдену дегеніміз – адамын иелену. Адамды иелену оның көңіл-күйін игеру. Адамның көңілін тапсаң, сол сәтте әлемді иелендім де. Сенің мына қаталдығың әскери қолбасыға тән батырлық болғанымен, ұлыс иесіне тән мінез емес. Сен жаңа ғана жиырмаға жеттің. Ел иесі болу мен қолбасшы болу екі бөлек нәрсе. Есіңде болсын!
Қолға түскен таңғұт ханы Шудагу:

«Қаған, мені өлтірсең, қара басыңа қара бұлт төнер, ал мені тірі қалдырсаң тұқымыңа зауал төнер» дейді.

Сонда: Алпыстан асқан жасым бар. Өлер шағым жетті. Менің жан-тәнім жамандық, қайғы-қасірет көрсін, менің тұқым-жұрағатым аман болсын!

Ұйғырдың Идіқұт ханына аяулы қызы Алалтүнді ұзатып тұрып, қызына:

Жас келіннің үш күйеуі болар: алғашқысы – ақ босағасын аттаған алтын елі, екіншісі – әкенің қаны, үшінші – ақ некелеп алған жары.

Алтын еліне болаттай беріліп, қызмет етсе, адалдығы мен даңқы шығады. Адал атын сақтаса, алған жары қайда бармақ.

Жауыңның қас болатынына сенсең, ондайлардан досыңның дос кезінде, қасыңның қас кезінде құтыл.

Мас адам әрі керең, әрі соқыр, онда ақыл-парасат болмайды.

Оның ой-білігі, дарыны түкке де тұрмайды. Ол ұятқа қалудан басқа ештеңе тындырмақ емес. Ішкілікке салынған ел билеушінің қолынан ешбір ұлы нәрсе келмейді.

1220 жылы ақпан айында Бұхараны аларда қала билеушілеріне жазған хатынан:

Мен Алланың құлы екенімді жеткеремін. Егер сендер шексіз күнаһар болмасаңдар, менің қылышым төбелеріңде ойнамас еді.

Қаланы алған соң оларды жинап алып айтқаны:



Сендер менің тектестерімнен тартып алған күмістерді қайтарыңдар (билеушілер парсылар және парсы тілділер еді)

Тоғыз асыл


  1. Басқаның қайғы-қасіретін, мехнат-бейнетін жан-тәнімен сезіну.

  2. Бұрыс-бұзақылыққа бой ұрмау

  3. Толық рухани бай адамдарды құрметтей білу

  4. Ойлау, зерделеу, есептеу ілімін жете меңгеру

  5. Өлсе де қайысатын, бұлқынатын әрекет қылмау

  6. Былапыт, сұмпайы, сайқалдыққа салынып, масығып, малтымау

  7. Басқаның дүние-мүлкіне қызығып, қорқауланбау

  8. Қателік, кемшілігін түзеп, ар-ұятты білу

  9. Азаматтықтан ажырауда қайраты еш қажымау



Осы тоғыз асылды бойына сіңірген кісі ғана мықты азамат, батыр еркек болмақ дүр.
Менің түп мақсатым – ел, жерді (қоғамды) тыныштандыруды іздеуде жатыр. Жеке мемлекет, аудан, аймақтардың иесін құл қылып, мазақ ету емес. Жер беті халықтары өзара ынтымақта, бейбіт болса жарар. Төтенше елдердің ақы иесіне ажал әкеліп, бет-бедерін түсіріп, жасытқаннан менің еліме, мемлекетіме не пайда?!
Мені халқым құдай етіп жіберуі мүмкін.

Сондықтан, сүйегім жатқан жер құпия сақталсын...

Абылқайыр ханнан бергі аталардың туған-қайтқан жылдары (шамамен)
Абылқайыр 1412-1469

Шахбұтақ 1431-1471

Шах Мұхаммед (Сайбек) 1451-1511

Тоқтар 1485-...

Байжігіт 1519-1608

Мәмбет 1578-...

Өмір 1636-1728

Сопақ 1670-1750

Ақтамберді 1705-1770

Есалы 1739-...

Қызайбай 1780-...

Күндерал 1813-...

Өтеп 1856-1926

Құдагелді 1905-1988
Немерелеріме одан кейінгі ұрпақтарыма жеті атасын біліп жүруі үшін отбасылық шежіре
Байжігіттен – Жұмық, Тоғас, Мәмбет

Мәмбеттен – Өмір, Күшік, Сатан, Қожағұл

Өмірден – Сопақ, Жарылғап, Соқыр, Тоқбай

Сопақтан – Ақтамберді, Сәдібек, Ботияр, Шағалақ

Ақтамбердіден – Есалы, Сарыабыз, Оғыз, Тана, Бозай (Бес Оокунь)

Есалыдан – Қызайбай, Қарабол, Жанбол, Үкі, Бөрібай

Қызайбайдан – Байдарал, Күндерал

Күндералдан - Өтеп, Өтеген, Өтепберген

Өтепбергеннен – Қасымбай, одан - Қасен, одан – Айтқазы, Шәкен. Айтқазыдан – Серік, Берік

Өтептен – Бәйеш, Құдагелді

Бәйештен – Қалижан

Құдагелді – Шер Зада (Шеризат), Шах Зада (Шайзада), Шах Мұхаммед (Шаймұхаммед-Боқай)

Шер Зададан – Мұхтар, Жазира

Шах Зададан – Бейбіт, Айдын, Бибігүл, Айгүл, Алмагүл

Шах Мұхаммедтен – Қанат, Айдар, Зульфия, Зәмзәгүл

Бейбіттен – Ерасыл, Алишер, Ақерке, Жанерке

Айдыннан – Данагүл, Аяулым

Бибігүлден – Айдана, Асылхан, Бауыржан

Айгүлден – Адина

Қанаттан – Арнұр, Мадина, Альфия,Ералы

Айдардан – Алишер

Зульфиядан – Мирас, Аружан, Зарина, Інжу

Зәмзәгүлден - Алихан

Өз нағашы жұртым:

Найман... Мұрын ішінде:

Тоқабай

одан Атан



«» Көтебай

«» Айдарбек

«» Дос

«» Жүніс


«» анам Майсәруәр (Шөкен)

оның бауырлары Нұрғали, Төлеген, апай-сіңлілері: Жамал, Нүрила, Қаныкен, Қалижан, Сақан.

Нұрғалидан: Сағила апай.

Төлегеннен: Қасен, Файзрахман, Болатхан, Бақытхан, Азатхан, Қайрат, Қымбат, Надира.



Марияштың ата жұрты:

Арғын ішінде Жалықпас

одан Түгел

«» Бұйдалы

«» Аман

«» Боқан


«» Тоқсанбай

«» Долтай

«» Қырғызбай

«» Бекайдар

«» Танаш

«» Мұңсызбай

«» Тәукіш

«» Сүлеймен, Бейсенбек, (Үндемес, Ырысты)

Сүлейменнен: Жетпісбай, Марияш, Сіләмбек

Жетпісбайдан; Ләйлә.

Сіләмбектен: Назым.

Бейсенбектен: Жамсап, (Калимаш, Күләш). Жамсаптан: Нұрлан, Ерлан, Ержан, Белгібай, Айнұр, Райгүл.



Марияштың нағашы жұрты:

Арғын ішінде Қыдыралы

одан Дәулет

«» Қаратеке

«» Еділбай

«» Мыңжасар

«» Айтжан (Оспан, Жәйма, Омар)

«» Нұрмұхамед

«» Төлеу, Фазыл және Қайникамал анамыз.

Оспаннан – Шаріпхан, Садық

Шаріпханнан – Хамит, одан Қайрат, Қуат, Еркебұлан, Нәкен, Жанат.

Садықтан – Мұрат, Рымтай.

Жәймадан – Қырықбай, одан Әбиәт, одан ...

Омардан - ?



Ерасыл, Алишер, Ақерке, Жанеркелердің нағашы жұрты:

Керей ішінде Абақ

одан Жастабан

«» Қосай


«» Шақантай

(Осы арада үш-төрт атаны білмедім)

Ахметжан

одан Жекен

«» Хафиз

«» Қазыбек, Талғат, Зульфия



Данагүл, Аяулымның нағашы жұрты:

Найман... Мұрын ішінде:

Тоқабай

одан Жомарт



«» Кегенбай

«» Өтепберді

«» Тыраш

«» Теміртек

«» Қонақбай

«» Зікір


«» Ақас

«» Райып, Ғазез, Қазыбек, Айып, Раушан, Кенжегүл, Райхан.

Райыптан: Бақытгүл, Данияр, Бақытжан, Айдын.

Жердің тарихы елдің тарихы

(немесе ономастикалық проблемалар туралы бір сөз)
Профессор Мекемтас Мырзахметов «Түркістанда туған ойлар» кітабында топонимдерді (ономастиканың бір саласы – жер, су, қала, елді мекен атаулары) үш топқа бөледі: Халықтық топонимдер, тоталитарлық топонимдер, отаршылдық топонимдер.

Кезінде орыс патшалығының империялық отарлау саясаты, кейінгі қылышынан қан тамған қызыл жалаулы Кеңестік жүйе алдау, арбауменде күшпенде жергілікті халықты этностық жадынан, ұлттық санасынан айыру мақсатында жер, су, елді мекендердің байырғы атауларын өзгертіп отырғаны белгілі. Сол ономастикалық атауларды қайтарып алуға келгенде, бұрынғы құлдық сана қанына сіңген, әсіре «қызылшыл», әсіре «орысшыл», ұлттық намыстан жұрдай «кейбіреулердің» «олда тарихи атау ғой» дегенді сылтауратып бұдан ары бұра тартар пиғылдарын көргенде көңілің құлазып қалады. Қаның қайнап, жаның қынжылады.

1831 жылы ақ патшаның жарлығы бойынша, қазақ даласын бір жолата отарлау мақсатында құрылған алты (сегіз) округтың біріне орталық Сарыарқаның төрінен Аягөз өзенінің бойынан таңдалды. Алғашқы кірпіш 1832 жылы мамыр айында қаланып, 1834 жылы станица Сергиополь деп аталып тарих сахнасынан орын алды. Сергиополь – Александр ұлы Сергей князьдің құрметінеме әлде алғашқы атаман Нюхалов Сергей өз атына қойдыма бұл күнде оның ешқандай мәні жоқ десекте болар. Сергиополь атауын, абзал жанды азамат, қарымды қаламгер-журналист, іскер басшы, ауылдық округті 4-5 жыл басқарған әкім – марқұм Арғынгелдіұлы Аманжолдың табандылығы арқасында Мамырсу деп өзгертуге сіңірген еңбегін бағаламасқа әддіміз жоқ.

Осы Мамырсу атауы туралы ескерте кетер бір жай: 1757 жылы маусым айының 7 күні Абылайхан Мамырсу бойында Қытай патшалығының өкілдерімен кездесіп, бітімгершілік келісім жасап, Қытай патшасына хат тапсырды. Осыдан бастап Қытай - Қазақ арасында бейбітшілік қарым-қатынас орнады. Мамырсу келісімін бұдан бір жыл бұрын өткен «Қандыжап» келісімі (негізі дауы)мен шатастыруға болмайды. Себебі, отыз мың әскермен қазақ ауылын тұтқиылдан қырғындауға бас салған Жоңғар тайжысы Қандыжаптың өзі ізденіп келіп, Қабанбай бабамыздың найзасынан мерт болғанына құн сұрап келген бітіммен қисындыруға негіз жоқ. Кейбір деректемелерде Қазақ ордасымен Қытай арасында қан төгісті тоқтату бітімі – яғни «Қандыжап келісімі осы» деп бұрмаланып кеткен. «Қандыжап келісімі» бір адамдық құн даулау болса, «Мамырсу келісімі» - екі елдің оның өзінде үлкен де іргелі Хандықпен ірі Империяның арасындағы бейбітшілік бітім шарты. Екеуінің деңгейі екі басқа. Арасы жермен көктей. Сондықтан, өзімізде жаңылыспайық, өзгеніде адастырмайық.

Енді халықтық топонимдер туралы ой қозғасақ: қазырғы кезде көңілге қонбайтын үрдіске айналып кеткен, «қалталылардың» мардымсыз қайыр бергендей қаражатына сатып, елді мекен, көше, мәдени ғимараттар атауларын солардың беймәлім аталары, әке-шешелері атына беруден не ұттық? Дәл олардың халыққа, жерге сіңірген еңбегі бар ма жоқ па елеп-екшеп жатқан ешкім жоқ. Қазыр қараңыз, мәлім де беймәлім сол есімдерге берілген көшелер бүгінде қараусыз қалуда. Жарығы жанбайды. Жол табандары ойылған. «Іс бітті, қу кетті»нің кері баяғы. Ертең есімін елі естімеген тағы біреулер елеуреп, езулеп мағанда бір көше атауды бер деп қиғылық салып келмесіне кім кепіл. Тағыда сол атыда затыда белгісіз аталарының атын сүйреп тарих төріне шығарамын деушілердің кескін-келбеті данғойлықпен бақталыстықтан басқа түкте емес.

Кешегі қызыл Империяның сойылын еліре соққан белсенділердің аттары да тарих беттерінде, мұрағаттар мен әдеби шығармалардада қалар-ақ. Келер ұрпақ керегін алар. Керексізі қалар. Пролетарияттың ұлы көсемі Лениннің өзін бүгінгі ұрпақ білмейді, әрі керекте қылмайды. Сонда деймін-ау «түйені жел шайқаса, ешкіні көктен көр» дегендей екен-ау.

Рас, елім деп еңіреп өткен қай қоғамда болсада халқына қалтқысыз еңбегін сіңіріп кеткен ардагерлерді есте қалдырамыз десек, олар тұрған үйлерде тастақталар орнатып, қаланың, ауылдың, орталық алаңдарында айбынды ескерткіш кешендерін тұрғызып есімдерін жазып қойсақ одан артық қандай құрмет керек.

Сайып келгенде биліктің қай деңгейінің тізгінін ұстаған тіпті жеке азамат болсын топонимге сергек қарап жауапкершілік таныту керек. М.Мырзахметов айтқандай «отаршылдық топонимдер»мен «тоталитарлық топонимдер»ден тазартылып халқымыздың Ұлттық рулық шежірелерде сақталған асыл мұралары, жер, су аттары уақыт өткізбей қаз-қалпына қайтарылуы тиіс.


Өзім туралы
Шыңғыс, Жошы, Шайбан хандар бабамыз,

Бахадұр мен Жошы Бұқа ол – аңыз,

Бадығұл бар, Мыңтемір мен Болат бар

Ибраһим, Дәулет Шайх дарамыз.
Абылқайыр Ақ орданы билеген,

Одан бергі Шах Бұтаққа барамыз,

Қазақ жұрты «Сайбек хан» деп атаған

Шах Мұхаммед Шайбаниден тараймыз.
Дін-ислам, ұлт – Қазаққа жатамыз,

Қазақ төркін, он бірінші атамын,

Темүжіннің он жеті миллион ұрпағы,

Соның бірі мен боламын қатасыз.
Түп нағашым Тоқабай би екен де,

Сыр бойында мәңгілікке мекені,

Тоқабайдан төмен қарай таратсақ,

Атақты би Айдарбекке жетеді.
Айдарбектің Дос деген бір баласы,

Мекен-жайы Қарғыба, Базар сағасы,

Достан Жүніс – тоғыз ұлдың біреуі

Иісі Мұрын сыйлайтұғын дарасы.
Жүнісқызы Майсаруар анамыз,

Нағашыдан қалай қиық қаламыз,

Осылайша Анам жақтан туысып

Жалпы Қазақ жиені боп қаламыз.
* * *
Жер ұйығы шарқ Түркістан даласы,

Сайы менен суға толы саласы,

Иелік еткен империясы Қытайдың

Ірге тепкен Шәуешек қамал – қаласы.
Жаратушының жазмышына қарашы,

Қайда бармас айдаса адам баласы,

Түп төркін жұрт Түркістан еді киелі

Одан кейін Есіл, Нұра сағасы.
Бітімге кеп Қазақ, Қытай арасы,

Он сегізінші ғасырда сол шамасы,

Аталарым мәңгі қоныс қылыпты

Болмаған соң жер-суға ешкім таласы.
Үш атамнан мекен қылып тұрыпты,

Жоғалтпады ата салтын-ғұрыпты,

Жоңғар тозып, Қытай озып тұрса да

Дарытпады бұғау менен құрықты.
Аталарым бұл фаниден өтіпті,

Ұрпақтары осы күнге жетіпті,

Аласапыран қилы заман өтсе де

Алла берген айырмапты несіпті.
Өтеп атам екі ұлының кішісі,

Әкем алған Құдагелді нысыпты,

Сайран сапты отыз жастан асқанша

Алты ай жазда мейлі болсын қыс тіпті
Қорықсадағы Жаратқанның кәрінен,

Садақа ғып айрылса да бәрінен,

Әкем менің үшінші әйел алса да

Бір перзент бұйырмапты Тәңірден.
Күндіз-түні ми торлаған мұң ғана,

Бала сүю бар арманы бір ғана,

Жаратылысы қыз болса да болсын деп

Нағашымнан асырап апты бір бала.
Туа сала жөргегімен алыпты,

Өз балам деп бауырына салыпты,

Ғазиза деп атын қойып Анашым

Шаттық тойға шақырыпты халықты.
Содан кейін қанша құрсақ тұрмаған,

Көзі жасты, көкірек шерлі мұңлы анам,

Зар тілекпен үміт үзбей жүріпті

Алданыш қып Ғазизасын бір ғана.
Туыс-туған бәріне де қанық-ты,

Өмір жалған өтіп жатты қалыпты,

Ата-анамның маңдайына жазылған

Әлі үш ұл көретіні анық-ты.
Жалбарынып Жаратушы Аллаға,

Үміт үзбей тілеп жүрген шерлі ана,

Шер Зада ағам туған күні қуанып,

Тәубе депті бердің ғой деп ұл бала.
Мың тоғыз жүз қырық сегіздің көктемі,

Ол кезде бір заман екен өтпелі,

Мен туыппын мамыражай мамырда

Жер бетінің құлпырғанда көктеуі.
Туған жерім Ашыл атты үш тұма,

Тарбағатай тауының дәл бөктері,

Шах Зада деп қойған екен атымды

Жаңғырығын сонау арғы тектегі.
Шах Мұхаммед қойған аты інімнің,

Айдар қойып, өруші еді бұрымын,

Өсе келе үшеуіміз де шәкірт боп

Босағасын аттадық қой білімнің.
Есімде әлі мектепке алғаш барғаным,

Қарындаш пен дәптер қолға алғаным,

«А» деген бір әліп-таяқ сызықты

Әрең жазған дірілдеген бармағым.
Ұстаздарым мейірімді еді-ау білікті,

Бойға құйған білім менен ғұрыпты,

Жаны жайсаң сол жандарды еске алсам

Адамдық пен ардан биік тұрыпты,
Ашылының бау-бақшасы саласы,

Қиып кетер жер ме еді адам баласы,

Жүрегімнің түкпірінде туған жер

Сағым қуған Нұра, Тастақ даласы.

Болжаусыз бұл өмір неткен өтпелі,

Мың тоғыз жүз алпыс екінің көктемі,

Шекарадан жұмақ тосып тұрғандай

Дәл Лениннің туған күні өткенім.
Таусылған ба адамзаттың арманы,

Көнеміз де Алла басқа салғанын,

Естен кетпейді «мынау келген қытай» деп

Өз ұлтымның қалай қарсы алғаны.
Шекарада алып қалған бар малын,

Көрмеген ел, кім біліпті талғамын,

«Мына жаққа қалай ғана келдім» деп

Әкем санын соққан, тістеп бармағын.
Келгеннен соң терін төкті еңбектің,

Мен ойлағам өмір дәмі кермек тым,

«Тас та түскен жеріне ауыр» алысып

Жағаласып, жарналасып ер жеттім.
Кейбіреумен шамшыл көңіл қиыстық,

Кейбіреумен тамырласып туыстық,

Осылайша он жыл өте шығыпты

Жаманы бар, жақсысы бар тым ыстық.
Ақыл-есті алып еді Қара қыз,

Мен үшін ол теңдесі жоқ дара қыз,

Жетпіс екінің тамызында жарасып

Таңдауыма тағдыр қосты, қараңыз.
Алла берді маңдайыма ұл мен қыз,

Еш алаңсыз ессіз ойнап күлгенбіз,

Үзіліп түсті бес түймемнің біреуі

Өлмей ғана қалды ғой құр сүлдеміз.
Бір-бір үй боп кетседағы баламыз,

Әрбір басқан қадамына алаңбыз,

Дәтке қуат немерелер иіскесек

Көңіл сергіп, бір жасап-ақ қаламыз.
Сырлар бүккен өтіп жатыр талай жыл,

Ренішпен, қуанышпен талай күн,

Өткен өмір жолдарымды еске алып

Сарғыш тартқан суреттерге қараймын.


«Керек тастың ауырлығы болмас» деп ұрпақтарыма, жалпы оқырман қауымға керегіне жаратар деген ниетпен келесі беттегі мәліметтерді беріп отырмын.

Ата- тек тізбесі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет