Шах Зада Есалы Шежірелер шындығы


Жылжып жеткен жетпіс екінші жыл



бет7/11
Дата28.01.2018
өлшемі7,18 Mb.
#34887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жылжып жеткен жетпіс екінші жыл.
Арада өткен үш жылда талай адаммен достасып, талай адаммен істес, талай адаммен дәмдес болған қызығы қызулы жастық шақтың ұмытылмас күндері артта қалып жатты. Бұл жылы осыдан он жыл бұрын аурухана төсегінде жатқанда көз құмартып, көңілімді өзіне баураған, 8-класста оқып жүргенінде алғашқы сезімімді білдірген сол ботагөз қара қызға – бұл күндегі сырбаз да сылаң сұлу бойжеткенге үйленіп отбасын құрадым. Ерекше қуанып разылығымен жүздеріне қан жүгірген жарым көңіл ата-анам болды. Мәрияш екеуіміздің де артымыздан ерген бір-бір жалғыз іні-бауырларымыз – мектепте бірге оқыған екі дос Шах Мұхаммед пен Сіләмбектің шат көңілдерінде шек болған жоқ. Сол кезде мен қызмет істейтін фермадағы – Сәмендіктер: Төлеген нағашым, Қыдырмолла ағам, Қажыгерей жездем, Ақынжан бөлем, өте бір сыйластықпен қадір тұтқан ағаларым – Тұрсын Кебісбаев, Ілияс Әлжекеев, Мәсәлім Майлаяқов, Құсайын Аханов бастаған бір ауылдың адамдарының тілектестік көңілдеріне мейілінше риза болып едім. Бүкіл совхозбен жұмысшылар коперациясы ұжымының екеуімізге көрсеткен сый-сыяпатын көріп, тоғыстырған тағдырыма, ісі шебер Тәңіріме тәуба қылдым.

Өткен жылы Сергиопольға директор болып келген бұрыңғы бастығым Телман аға Құсатаев келін түсіруге астындағы машинасын түсіп берді. Өзен бойына жақын көкбеткейге қосарланған үйлер тігіп, алтыбақан құрып, көшпелі киноға дейін әкелдіріп қойды. Тойға кісі тасыйтын автобус, шаруашылыққа керекті арнайы машина бөлді. Жүз жиырма бие байлайтын биебаудың желісін сол жерге қаққызып, бір жұмаға созылған думанды той күндерін өткізген едік. Қайран Темең-ай! Не бары елу төрт жасында о дүниелік болған марқұм, өз заманынан асып туған, аспанға әнің әуелеткен әнші, ер көңілді, жарқын жүзді жайсан жан еді-ау. Оның да түбіне жеткен, артынан айықпас дертке шалдықтырған сол кездегі режимнің ұрда жық сойылсоғарларының кесепаты.

Сексенінші жылдары Семей облысының кейбір Аягөз, Шұбартау сияқты аудандарының шаруашылықтарынан жүздеген бас жылқы есептен кем болып шығып жатты. Ақыры қаншама адамның темір тордың арғы жағынан бірақ шығуына тура келді. Сергиопольдың жылқышысы Құдайберген, зоотехнигі Ғадылшалар жабылған жала, жазықсыз жазаға шыдай алмай мезгілсіз мерт болып кетті. Солақай саясаттың темір құрсауы небір іскер азаматтарды арқандаулы аттай ырқына жібермей «айтқанын істетіп, айдағанына жүргізді».

Жоспарлы экономика, қолдан жасалған өтірік ақпар, жалған көрсеткіштер іргелі шаруашылықтардың өздерін тұралатып, қып-қызыл зиянмен жыл аяғын қорытындылауға әкеліп соқтырды. Естілерді қойып, есерлердің өздері жоғарыдан бұйрықпен басқарудың қауыпты зардабын білсе де білмеген, көрсе де көрмеген болысты.

Мысалы: шаруашылықта егістік жердің көлемі 17 мың гектар, жоспар бойынша әр гектардан алынатын өнім 8 центнер болғанда жылдық өнім 13600 тонна. Шаруашылықтың өзінде жүк тасыйтын 50 авто машина бар. Осы 50 авто машина күніне 1000 тонна астықты комбайннан қырманға жеткізе алады. Осы қарқында егін орағы 15-20 күн ішінде аяқталып болуға тиіс. Бірақ, жоғарыдан жасалатын қысыммен автобазалардан 20-30 тіркемелі машинаны алсаң да аласың, алмасаңда аласың. Бұлар енді жұмыс істесін істемесін өздерінің күнделікті жоспарлы тасымал тарифтері бойынша есептелген соманы шаруашылықтардан сыпырып алады да отырады.

Мал шаруашылығына келсек, жылқыдан жылына 100 биеден бар жоғы 60, 70тен құлын алынса, оны бері дегенде 80, 90-ға, 100 сиырдан 70тен бұзау алынса оны 100ге, әр 100 саулықтан 80 қозы алып отырсаң оны 110ға жеткізіп мәлімет беріп, кіріске алуға міндеттісін. Ал енді осы мал төлінен өлмей тұра ма? Нақ алынған төлдің өзінен өлгенін шығарудың өзі бір машақат. Мал өлімінін көрсеткіші көбейіп кетсе, оның арты жауапқа тартылу, жұмыстан қуылу. Ал әлгі аты-заты жоқ әр 100ден 30 құлын, 30 бұзау, 30 қозы орны жоқ кем мал басы болады да шығады. Оны 5 жылға, 10 жылға орны толмаған мал есебінде көбейтші? Қаншама мал басы кем болып тұрады? Өтірік ақпардағы төл басын кіріске алудан бас тартып қөр, оның аяғы айғай-шу, әкімшілік жаза, жұмыспен қош айтысу. Өспейсің, өшесің!

Бұл сол кездегі шаруашылықтардың бір саласындағы ған сорақылық.

Соның бәрі бүгінде көрген түстей... Өзімен кетсін!


Кері кеткеннің иті қыңыр жүгіреді.

СССР-дың тұңғыш та соңғы президенті Михайл Горбачевтың «қайта құру» , «жариялылығынан» кейінгі шаруашылық есепке көшкен өндірістік орындар алға жылжудың орнына тұралап, бір орнынан тапжылмай қалды. Инфляция шарықтау шегіне жетті де халықтың күн көрісі күн санап нашарлай берді. Күнделікті тұтынатын тауарлар – нан, шәй, қант, ет, атаулы көзден бұлбұл ұшты. Сөрелері қаңыраған дүкендердің алдында қамалған қалың нөпірдің тізбегі күннен-күнге молая түсті.

Қатерлі апаттың қара бұлты төніп келе жатыр еді...

Алайда рахымды да мейірімді Ұлы Жаратушы иеміздің қазақ халқының маңдайына жазып қойған тағы бір ұмытылмас тарихы – тәуелсіздіктің таңы атар күнде алыс емес екен...

Енді міне, төрт құбыласы толысқан Қазақстан деген ел – қуатты республика, есесі кеткен халқының еншісін түгендеп, әлемдік ұлы державалардың ортасынан, евразияның кіндігінен ойып тұрып орын алды.

Сүйініші мәңгілік болғай, Амин!




ІІІ-бөлім.

Өлеңдер

Өлеңдер

Қабден (Зейнелғабиден) ағама
Бұрмасам да мойнымды ақындыққа,

Ақындыққа жуық ем, жақындыққа,

Ағатайым, тойыңа әдейі арнап

Жаздым өлең жазбасқа, қақым жоқ та.
Ой толқытқан өзегім ойран-асыр,

Туған жерге келген соң көңілім тасып,

Ет-жүрегім езіліп толқып жүрмін

Өмір ағыс, өтіпті-ау жарты ғасыр.
Серпілсін деп сезімім ән сап жүрдім,

Туған жердің ауасын аңсап жүрдім,

Артымда бар, алдымда ақылшым жоқ

Сағынғаннан өзіңді шаршап жүрдім.
Көңілім толды көрдім де маңайыңа,

Қуанам да, қызығам қараймын да,

Азап, қайғы, қиянат бәрі де артта

Жеңдің Аға тағдырдың талайында.
Айтар сөзім, ағатай, ағат мәлім,

Сезем талай ұйқысыз таң атқанын,

Бір өкініш, бір өксік, шерлі күндер

Тілмен сірә айталмас санап бәрін.
Тауыса алмассың саусақпен санап бәрін,

Тәуба қылдың ісіне Жаратқанның,

Түн артынан жарқырап күнің шықты

Жетті қызың, ұлдарың-қарақтарың.

Жетті өркенді ұрпағың, қарақтарың,

Үкіледің, қырандай балақтадың,

Жалын жүрек, өрт мінез, орақ тілмен

Өзгелерге өзіңді талатпадың.
Өзге жұртқа өзіңді талатпадың,

Ер тұлғаңмен жатқа бет қаратпадың,

Аға-бауыр, алысты жақын тартып

Ақылыңмен әр істі сараптадың.
Ақылың мен бәр істі сараптадың,

Тұрлаусызды жек көрдің жаратпадың,

Ойсыз, мисыз, татымсыз талайларға

Қызыл тілді қару ғып жарақтадың.
Қызыл тілді қаламмен жарақтадың,

Шежіреңді ынтықпен парақтадым,

Өміріңнің іздері есте қалар

Жылы, айы, күндері әр аптаның.
Міндің Аға, жетпістің желкесіне,

Серісі бол сексеннің, серкесі де,

Тоқырамай тоқсанда жүзден асып

Жүре берші қартаймай, жер төсінде!
04.07.2009

Шағантоғай қаласы.


**************
Тарбағатай, Барлық салқын самалың,

Тас бастауың, тал, қурайын далаңның,

Алып кетсем құшағыма сыймайсың

Артқа тастап, тағы кетіп барамын.
Топырағында Ашылының жаралдым,

Үш тұманың суын ішіп нәр алдым,

Кіндік кескен қимас мына өлкеге

Қырық жеті жылдан кейін оралдым.
Құлыстайды мекендеген қазағым,

Өзіңе арнап осынау жырды жазамын,

Екі бетте есен-аман жүрейік

Татқызба Алла сағыныштың азабын.
Тырнағандай аузын, бітеу жараның,

Қоштасудың қандай қымбат бағамы,

Мейіріміңді сыйдыра алмай арқалап

Ата-жұртқа алып кетіп барамын.
07.07.2009 Шәуешек қаласы.

***********

Жеткенін қанша жерге өреміздің,

Беретін бағасын да төрем өзің,

Қара сөздің қадасын сындырмастан

Иіп әкеп, қиюлап өлең қылдым.
Тым кеш пе ақындықпен жарасқаным,

«Өлеңге әркімдермен таласқаным»,

Ұрт шауып, қыңыр кетсем өлең – кие

Аяма, ел бетіне қаратпағын.


************

Асаудай мінездері арпаң-тарпаң,

Мен өзі ақындардан қатты қорқам,

Басынан сөз асырмас арлан азу,

Арқаның көкжалындай жалғыз жортқан.
Қағыссаң өлең-сөзге қайыспаған,

Бас иіп хан қараға майыспаған,

Қар төсеп, мұз жастанған өңшең есер

Алыссаң абыройыңды жайып салған.
Ақыннан ештеңе өнбес әсте даулап,

Өлеңмен сезіміңді алар жаулап,

Өртіне от-шараптың орап жібер

Жүрсінші мәңгілікке жанып, лаулап.
Ілеспе ақындардың жетегіне,

Шарап құй, сыйластықтың өтеуіне,

Ол да адам, ақ қанатты періште емес

Жүрген жоқ намаз оқып етегіне.
**************

Артың кеше, алдың жақын,

Ғұмыр неткен келте едің,

Барыңды алдым, бере алмадым

Өзіңе тек еркеледім.
Балалықтың дәуренінен

Жастық шаққа ерте келдім,

Таңдауымды тағдыр қосты

Жан-жарымды еркем менің.
Жылы ұямды сақтау үшін

Еңбек еттім ертеледім.

Керек емес алтын сарай

Өзі қымбат жертөлемнің.
Аллам берді ұл мен қызды,

Мәуеледі бәйтерегім,

Жаратқаным, тауба саған

Тұлдыр кетсем қайтер едім.
Жұпар иісті немерелер,

Жүрегімнің қуанышы,

Туған-туыс, құда, жекжат

Қам көңілдің жұбанышы.
Әр сағатың бір ғанибет,

Кәміл доспен сыр алысшы,

Жора-жолдас, ауылдастың

Бәрінің жоқ бір алысы.
Өмір, уақыт тоқтар емес,

Жылжып барад жылдар өтіп,

Шіркін жүрек өрекпиді

Өтті ме деп зая кетіп,
Болашақты кім болжаған,

Сағым қуған белес-белес,

Өкінгенмен пайда қайсы

Өткен өмір – сәттік елес.
Ғаламшарды он айналсаң,

Жас дәуренің қайтып келмес,

Кешегі қыз – бүгін кемпір

Қосағыңмен бол тізерлес.

Өмір өтіп барады...
Күндер сырғып, жылдар жылжып,

Өмір өтіп барады,

Сүйек сыздап, ойың күңгірт

Тұман басып сананы.
Айналаңа өтпей сөзің,

Көңілің суып қалады,

Жар түбінде жатқандайсың

Арыстандай жаралы.
Тарқап, тарап кеткеніме,

Өміріңнің базары

Алла білед, алдын жұмақ

Әлде тозақ азабы.

Бірде жас ең сауық қуған,

Бірде жігіт ағасы,

Енді міне қарттық келді

Табылмайтын дауасы.
Қыл-көпірдей алдың анау,

Екі дүние арасы,

Өткеніңе есеп беріп

Артыңа бір қарашы.

Дүние тілсім тыныштық
Жұлдыз сирек, зеңгір аспан,

Дүние тілсім тыныштық,

Ой шырмаған қайран көңіл

Бір суиды, бір ысып.
Тал тербетпей түн самалы,

Үнсіз мүлгіп жағажай,

Ала бұлтқа сүңги сырғып

Жылжи жүзіп барады ай.
Алабұлттай алабұртқан,

Жабырқайды көңілің,

Бірде қатты, бірде тәтті

Өтті емес пе өмірің.
Батуасыз өтті ме әлде,

Неге сонша наласың,

Көрерің де, берерің де

Көп еді ғой аласың.
Алла салған қайғысына,

Риза болмай жүресің,

Неге сонда ішіп-жейсің

Жоқ нәрсеге күлесің?
Жұртта қалған иттей ұлып,

Жүрек сыздап жылай ма,

Жүз жақсы іс жасасаң да

Бір қателік қинай ма.
Өзіңді өзің қажытпауға,

Ойласаңшы бір айла,

Жаратқанға тауба дегін,

Сабырлық қыл, мұңайма.
Бір Алланың пендесісің,

Ақыл, ойға иесің,

Қасиетте шамдандырма

Адам Ата киесін.
Жаппар-ие, құлысың сен,

Шүкірлік ет құдайға,

Тауба дегін, құлшылық қыл

Жан тазарар мұндайда.
«Сабыр түбі-сары алтын,

Күткен жетер мұратқа»,

Кір түсірмей өткіз өмір

Адам деген ұлы атқа.

Көзден бұлбұл ұшты ғой
Қайран да қайран Ақжайлау,

Көкорай көде, майдажал,

Сандықтасты айнала

Сыбырласып самалмен

Сыңси өскен қайың, тал,

Шұрқырасып жатушы ең

Сай-салаң, қоныс, қалың мал.
«Ақжайлау мен Сандықтас,

Атаның қонған қонысын,

Түн асса түгі жетілген

Таусылмайтын сонысың»

Дулат ақын жыр қылған,

Төскейде малын мыңғырған,

Төр жайлаудың төсіне

Сыймай жатар күн бар ма,

Көкалалы жылқының

Бозы менен торысы.
Маңыратып мыңдар айдаған,

Жағалай бие байлаған,

Сапырып сары қымызын

Сабасын баппен майлаған,

Жайдары, жарқын жары бар

Азаматы жайсаң, нары бар,

Қарттары – қазына, бәрі бар,

Іздегенің табылар,

Еңсесі биік ел қайда,

Думандатып тойлаған.
Көзден бұлбұл ұшты ғой,

Көңілге қиял түсті ғой,

Қымбатым қайда кетті деп

Жан болар ма екен ойлаған.

Ақжайлау
Сандықтас, Түйетас пен Жамантасы,

Ақбиік, Бурылшоқы айналасы,

Шүрек пен Есілбайдың Қарасуы

Малға құт, Ақдала мен Бесобасы.
Жайлаудың қақ төрінде Айнабұлақ,

Отрабай – нулы өлке, майда құрақ,

Қосқатын, Батпақ судың басы болар

Самалды, салқын саумал жайлы тұрақ.
Жырлаған Дулат ақын тебіреніп,

Ақжайлау иіп жатар еміреніп,

Бұл күнде құлан жортпас құла дүздей,

Жатқандай жетімдіктен күңіреніп.
Керілген кермедегі бозы да жоқ,

Қотанға сыймай жатар қозы да жоқ,

Мыңғырған өріс толы қойы да жоқ,

Көкпар сап қиқулаған тойы да жоқ.
Ақбоз үй қайда жұртты тамсандырған,

Таңға ұрып, ақындарға ән салдырған,

Қарттары кеңес құрып, жасы тыңдап

Алашқа бірлік қыл деп жар салдырған.
Бұл күнде жолың түсіп көрсең жәйді,

Тығылып отырғандар бірер сайды,

Ит көрген ешкідей боп кісі барса

Теріс қарап, сәлемге де бұрылмайды.
Келмесе кері кетіп бір ыңғайы,

Жаманды жақсылыққа ырымдайды,

Атадан қалған асыл қорғамасаң

Өзге жұрт өзіне тартып жырымдайды.
Көкпарды қырғыз алса иемін деп,

Қымызды неміс алса «брендм» деп,

Айрылып барыңнан да қалсаң, қазақ

Не керек орысшалап шіренгенің.

Аягөз
Басынан Сарыарқаның бастау алған,

Аягөз әуел баста бұлақ екен,

Арыстар алшаң басып, ат суарып,

Арулар ақша бетін жуады екен.
Сыр бүккен тілсім, тырыс тас обалар,

Ай менен Оғыздардан мұра ма екен,

Аймалап Сарыарқаның саумал желі,

Сыр ашпай үнсіз мүлгіп тұрады екен.
Сен үшін, елі үшін қиып жанын,

Қанша ер ат бауырына құлады екен,
Қыршыннан гүлдей солған ұлын жоқтап

Қанша ана бетін жыртып жылады екен.
Отаны батырлардың, ақындардың,

Куәсі, құпиясы ғасырлардың,

Бір емес, талай Қозы-Баяндардың

Бір саған мәлім сыры, жасырғаның.
Бастау ғып Тарбағатай қарлы басын,

Береке нуға бөлеп жазирасын,

Аяғын Балқаш көлге созып тастап

Көктемде буырқанар тасығасын.
Аягөз қалаң да өскен, далаң да өскен,

Байқуат ырысты елге болдың мекен,

Арайлы алаулаған жыр өлкеде

Күн күліп, ай жарқырап туады екен.
Арқырап темір тұлпар, арғымақтар,

Үстіңнен оқ-жебедей зулап өткен,

Құт қонған, бақ дарыған Аягөзім

Арман жоқ, тілім жетіп жырлап өтсем.


************
Кімдер келіп кетпеген мына заман,

«Заман түлкі» депті ғой «бұлаңдаған».

Кімнен көріп кімдерге өкпелейді,

Өз өмірін өркенді құралмаған,

Өресіздік боларма бұдан жаман.
Жаратқаннан көреме әлде адамнан,

Өз аяғын өзі алып жүре алмаған.

Дүние, мал, еркіңе ерік берген,

Жан, ақыл, сезім, көрік - сый арнаған,

Шүкіршілік сұраңыз бір Алладан.
Уәдеде сенімде тұра алмаған,

Бұл фаниде құлшылық қыла алмаған,

«Барғаннан соң көремін» деген пенде,

Ол дүниеде өкінер, қыйналар жан,

Ақиретте жан қалмас сұралмаған.
Біз қазақпыз
Біз қазақпыз жағасы жыртылмаған,

Басымыздан қанша өтсе сұрқыл заман.

Ата даңқын аспанға әуелеткен,

Таңнан таңға отырып жыр тыңдаған.
Сөз сөйлемен шұбарлап жамаулаған,

Мен жақсымын демеймін анау жаман.

Қара сөзді қайрып өлең қылып,

Қазылығын айтсын деп бердім саған.
Біреулер жүр бет-жүзі тыржындаған,

Ойнамалы мінезі қылтындаған.

Өзі келген өмірге өші бардай,

Риза болмай әр неге қыртындаған.
Біреулер жүр сыртынан қарап тұрсаң,

Аянбайтын еңбекқор тыртындаған.

Қылған істе береке, нәтиже жоқ,

Болмашыға өзі мәз жыртындаған.
Біреулер жүр өзінен төменгіге,

Қиянатын жасауға қымсынбаған.

Жоғарғыға құйрығын бұлаңдатып,

Асырынды итіндей қыңсылаған.
Біреулер жүр кербезсіп көтенсері,

Бары жоғын киіп ап сылқылдаған.

Өз ұясын ұмытып ит жерік боп,

Басқа әйелдің соңынан сылпылдаған.
Біреулер жүр көксақал қутындаған,

Ресторанмен кафеден сусындаған.

Қармағыма қалайша ілдірем деп,

Жас қыздарға көз сүзіп жылтындаған.
Біреулер жүр бөксесін бұрандатып,

Өш әйелдің сыртынан тың тыңдаған.

Басқалардың еркегін барымталап,

Меншігіндей еркелеп бұртындаған.
Біреулер жүр ағына қара жағып,

Қу тілдерін тия алмай сұнқылдаған.

Бір Алла деп сипатып жатпайма екен,

Кемпіріне буынын сыртылдаған.
Білер – білмес болды ғой заман бугін,

Түрткі қылғым келмейді жамандығын.

Жаман десем жақсысын кім береді,

Бәрінінде тілеймін амандығын.

************
Оңашада отбасында екеуміз,

Дес беріспей сөз қуалап кетеміз.

Біреулерді мадақтаймыз шектен тыс,

Біреулердің түп-түбіне жетеміз.
Жазғырамыз мынау азғын заманды,

Біреулер бай, бірі кедей, аз алды,

Біреулер мас, біреулер тоқ сұрқия

Біреулері мылжың, алар мазаңды.
Біреулерді тоқтамаймыз мақтасақ,

Біреулерге атар оқты сақтасақ,

Біреулердің теріс ісін тек көріп,

Өңеш жыртып, өзеурейміз жақтасақ.
***
Бет жыртыспай ойлайықшы екеуміз,

Бұл өмірде не қалды енді өтеусіз,

Сыйламасақ бірімізді біріміз

Қайран көңіл жыртылады-ау сетеусіз.
Ой тереңін сүңгуірдей бойлаған,

Жыртық көңіл жамауға да қоймаған,

Жақсыны да, жаманды да саралап

Түн төсекте дөңбекшумен ойланам.
Сабираға
Жас болдық қой жастық-жазын тойлаған,

Сол жастықтың мастығына тоймаған,

Қан қыздырып, бой балқытқан түндермен

Өткен күнді жиі-жиі ойға алам.
Адамбыз ғой періште емес, пендемін,

Аз да емес бұл өмірде көргенім,

Кешіре алсаң кешір мені, қымбаттым

Өкіндіред көңіл жыққан кездерім.

Сен ғанасың жамандыққа қимасым,

Үзбейікші сүйіспендік бұйдасын,

Мынау дүние кімдер жеткен түбіне

Өтейікші қалған өмір сыйласып.
Зиарат етіп басыңа
Зиарат етіп басыңа,

Құлыным, келдім қасыңа,

«Алмагүл тоңып қалды» деп

Анаң да жетті асыға.
Өзіңдей тәтті баланың,

Болғанын аңсап қаладым,

Шаттығымен қуантты

Өмірде басқан қадамың.
Бесінші балам болсын деп,

Сенімен көңілім толсын деп,

Алладан тілеп алып ем

Бақыттың құсы қонсын деп.
Алладан сұрап алып ем,

Иісіңе жұпар қанып ем,

Бір маңғаз бала болар деп

Жөргегіңнен танып ем.
Жаратқанға жақ едің,

Періштедей пәк едің,

Жанашыр жүрек,жылулы

Көңілің сүттен ақ еді.
Жырым-жырым жүрегім,

Қайғыдан қалқам, жүдедім,

Айналам қара түнектей

Күншілдің берді-ау тілегін.
Мезгілсіз аққан жұлдызға,

Суалды көздің суы да,

Караңғы көңілім селт етпес

Дүниенің айқай шуына.
Ішімнен жоқтау айтайын,

Анаңа тоқтау айтайын,

Алланың салған сынына

Сабырлық қылмай қайтейін.

Ақпан.2010
Көндік қой Бір Алланың салғанына
Жыл толды көздің жасы төгілгелі,

Қайғыдан қабырғамыз сөгілгелі,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет