Және де әпкесі шыңғыра шу көтерді:
Ой-бу, басымызға қандай бәле жабысты! Елес тілсіз қалды! Ендігіде не істемекпін? Анау Арсенді соншалықты сүйген еді, енді не болмақ? – деп булыққан күйде өзінің басындағы шашын жұла берді.
Қойсаңшы, - деп күйеуі оны тыныштандырды. – Ойлансаңшы, шыңғырғаннан нәтиже бола ма? Елес келгенде мен оны тауға Молатасқа апарамын. Қаласаң, бірге баралық. Ол өз көзімен көрсін, сөйтіп, ненің не нәрсе болғанын ұғынсын. Өзіңді бостан–босқа жерге ұрма.
Ой, менің не істеуім керек? Құдай берген аяулы сіңлімнің жағдайы ендігіде қалай болады? Молатасқа барсаң, балалар күнін қайтіп көреді?..
Ешнәрсе етпейді. Өсіп қалған. Бірер күн бізсіз–ақ күнін көреді. Малға қарайды. Көршілер де оларға қарайласады...
Өзінің қапшығын ылдам–жылдым иығына ілген Елестің әр сөзіне екпін қойып, кесіп–кесіп айтқанына құрбылары аңырап қалды:
Өздерің кете беріңдер. Мінеки, Саратовқа баратын менің құжаттарым. Мен жедел түрде ауылға қайтамын.
Не, біреу–міреу қайтыс болды ма?
Бәлкім, солай шығар.
Ал қайта оралғанда көрісе аламыз ба?
Бәлкім.
Біз не дейміз? Сен өзіңнің тауарыңа келесің бе?
Мүмкін.
Саған не болды? Не соншама бәлкім, мүмкін деп? Бірдеңе десеңші?
Жабыса бермеңдер. Мен айтарымды айттым! Менсіз–ақ бара беріңдер! Болды!
Осы сөздерді айта салысымен Елес қарсы алдынан жолыққандарды бұза–жара жүгіре жөнелді. Адамдар одан тым-тырақай бойларын тартты. Олар білсе ғой, шіркін...
* * *
Білсе ғой, шіркіндер... Кім біле алар еді, кім көз алдына келтіре алар еді, оның қасірет–қайғысы айнала кеңістікті түгел жауып, сол сәтте күннің күркіреуімен біргелікте Үзеңгілес тауына құйып жауған нөсердей шарасынан асып төгілгенін, осында оның сүйіктісі із–түзсіз жоғалып, ендігіде ол Мәңгілік қалыңдықпен бірге жүгіріп, тауды кезіп кеткендігін... “Көмектесші, жаным, егерде көрсең, айта қойшы!”
Таудың қалың жыныстарында кешке дейін күннің күркірі басылған жоқ, жан–жақты жаңғырық дүрсілі гүрсілдете түсті, көзді қарықтырған найзағайдың жарқылы қойнаулар мен алқаптарды алапат жарығымен сәулелендірді. Жаңбырдың ылғалы ауырлай түсті, бірте–бірте ымырт та үйірілді. Сол жылы осындай ұзаққа созылған жаңбыр болған жоқ еді. Молатас үңгірінің іші де соның әсерінен қараңғылығы қоюланып, суыта бастады.
Бірақ бұл кездейсоқтықтан ба, әлде тағдырдың жазуымен бе сол үңгірде болғандар үшін ендігіде ешқандай мәні жоқ еді. Олар екеу болатын, соңғы тұяқ серпер тұрақ жайда жаны шығуға таяу адам мен өлуге шақ қалған жабайы аң қатар жатты. Екеуі де қас қылғандай өздерінің жер бетіндегі тіршілігін егіздің сыңарындай ұқсас жағдайда тәмамдады, бейберекет немесе дәлдеп атылған оқтардан олар қатерлі жарақат алған–ды, ендігіде бұны кім сараптай алар еді, кім кімді атқан және не үшін деп? Бұның барлығы қазірде, олардың әне–міне дегенше беймәлім мәңгілікке аттанатын уақытта, тіпті, ешқандай маңызы да қалмады.
Жолбарыс алған жарақатынан қаны тоқтамаған күйде тыныс алудан арыла бастады. Ол ұйыған табанына орасан зор басын төмен түсіріп, күші құлазыған кейіпте жатса, оның керемет құйрығы да керек емес, қажетке жарамаған заттай жерде ұйпа–тұйпасы шыққан халде көзге шалынды...
Арсен Саманчин өзіне қолайлы болу үшін, өлгелі жатқан барыстың денесіне бүйірлей құлады. “Мінеки, соңғы рет кездескен жеріміз осы екен-ау...”
Арсен Саманчиннің бүйірінің асты ылғалданып, денесіндегі қан тамшылары тастақты топыраққа сіңе бастады. Қазірше оның санасы әлі де жайында еді және өмірінің ең соңғы байлығы-ой дүниесін сақтап қалуға хал–хадерінше әрекеттенді. Және де ол орын алған жағдайға қаншалықты кінәлі екендігін ойлай бастады, бірақ ең бастысы, ең негізгісі, Елеспен қоштасты. Екеуіне қаншалықты бақыт пен махаббат үлестеріне тиесілі болса, соншалықты қол бұлғап ұзай түсті.
Қош бол, Елес, арман шіркіннің жүзеге аспағанына кешіргейсің... Басымды иемін саған... Қош, қош бол... Үлгере алмадым... Жаным жылап жатыр... Кінәға баттым мен...
Араб ханзадаларының қорланғанын ойлай бастағанда ол ұяттан азап шегіп, жаны қиналды:
Мен кінәлімін, мені дүниедегі барша жаман сөздермен сөге беріңдер, қарғыс жаудырыңдар, бірақ басқа жол жоқ еді, тек осылайша сендерді мен қауіп-қатерден сақтап қалдым. Кешіріңіздер, егерде мүмкін болса...
Әкесінің туысына ол аса зор жан күйзелісімен және нағыз опық жеген күйде үн қатты:
Бектұр аға, Беке, мені қарғыс атсын! Мені аяусыз қарғаңыз! Мен өзіміздің әулетті масқара еттім, сіздің ісіңізді аяққа таптадым, ендігіде менде бұдан өзге жол болмады деп қалайша түсіндіремін? Мен сенің басыңа қаншалықты бәле–жаланы үйіп тастағанымды, қаншама қайғы–қасірет әкелгенімді жақсы ұғынамын. Бірақ кешіріңіз, қаскүнем ниетпен, алаңғасарлықпен, қызғанышпен әрекет еткен жоқпын... Ұзақ ғұмыр кешіңіз, аға, ал ағаңа, менің марқұм әкеме о дүниеде бәрін түсіндіріп беремін...
Ол туыстарын да, Хадиша мен оның ұста күйеуін де есіне алды:
Мен сендерге үлкен қасірет әкелдім. Кінәлімін, кешіріңдер... Жаман ойламаңдар...
Соңыра ағасы Ардақты да еске түсірді:
Ардақ, мен өлгелі жатырмын. Мен үшін қайғы, қапа жұтпа, сенің өзге де тірліктерің бастан асады. Балаларыңды өсір, ал мен ұрпақсыз кетіп барамын. Және бұл да Құдайдың берген жазасы шығар...
Арсен Саманчин Айдана алдында да кінәсін төкті:
Айдана, кешір, сені жек көріп, жұлдызды ғұмырыңды айыптағаныма. Бұл сенің жеке тірлігің. Мен сені опера сахнасында Мәңгілік қалыңдық бейнесінде көрінсе деп соншама қалаған ем. Ендігіде тағдыр сені менің беймаза іс-әрекетімнен мүлдем босатады, ал анау Эрташ Курчалға аузыңды ашып әуре болма, мен оған ең соңында бәрін айтып саламын. Эрташ, мен соңғы демім біткенше кінәлімін, сені өлтіру ниетінде болдым, сені соншалықты жек көрдім және көруге дәтім жоқ–ты, солайша болуының да себебі бар еді. Бірақ тәубаға келдім. Мен жайлы жаман ойлама, кешір, егер мүмкін болса.
Алайда соңғы демі түгесілуге таяу Арсен Саманчинге өзінің кластасы Тастанауғанға үн қату ауырырақ және азапты болды. Оған не дерің бар ма? Кінәлармысың, қарғамақпысың?
Мейлі, мен сенің құрбандыққа шалған адамың бола қояйын және өзіңнің хайуандық қылмысыңның арқасында неге әзір болғандығыңды ендігіде ешкім біле алмайды. Мен өзімнің алдымда кінәлімін, бірақ сенің алдыңда емес. Сондықтан мен сенің құрбаның, сенің кінәңнің өтеуі болайын. Құдай алдыңнан жарылқасын!
Жерлестер, сіздер де мені кешіріңіздер, сіздерді аз да болса жалақыдан айырдым. Солай болды... Менің жадымды таптамаңдар, осындай қадамға бостан–босқа барған жоқпын, бірақ бұл жайлы жан баласының хабары жоқ... Кешіріңіздер.
Қар барысы ендігіде жан тапсырған–ды. Адамның да оның ізінше демі таусылды...
Бірақ өмірінің соңғы сәттерінде өліп бара жатып, ол Мәңгілік қалыңдықтың ту–у жырақтағы дауысын есітті: “Қайдасың, сен қайдасың, аңшым менің? Және де үздіккен халде ол күбірлей бастады: “Қош бол, ендігіде біздер сенімен ешқашан көрісе алмаймыз...”
Ай түнгі бұлттар арасында шырмала бастады, жел жартастарға соқтығысып тыным таппады, өзге ешқандай үн құлаққа естілген жоқ...
* * *
Ал таңертең түске таянғанда бір күн бұрын қайғылы алапат оқиға болған сол жерде, Молатас үңгірінің жанында үш салт атты–ер азамат, ол алдында келе жатты және екі әйел пайда болды. Олар Елес және әпкесі мен күйеуі еді. Олар бұны осы жерге өз көзімен көрсін және ұғынсын деп әкелді: оның қайғысының орны толмайды және басқа түскен ауыртпалыққа көнуге тура келеді.
Әпкесінің күйеуі Жора бұл жайларды жақсы білетін. Кезінде колхоздың қой шаруашылығы фермасының меңгерушісі болғанда жайылымға барар жолда бірнеше рет осы жерлерге көз тіккен, Молатас үңгірін де көрген, сондықтан Елес пен әпкесін үңгірге тез – ақ жеткізді. Ең алдымен олар мұнда бір тәуліктей жаңбырдың астында қалып, әбден ісінген, тұяқтары төрт жаққа тарбиған, ал тартпалары қатты қысымға шыдамай тарс жарылған сүрлеу жол үстіндегі атылған көк атты байқады, үстіндегі ері басқа жаққа ауып кетіпті. Осы жерде Арсеннің мегафоны мен автоматы жатты. Жора ер үстінен секіріп түсіп, жерден үн–түнсіз екеуін де алды. Айдаладағы қару мен өлген ат Арсеннің тірі еместігінің куәсі секілденді.
Үңгірге алдын–ала сезінгендей тұнжыраған кейіптерімен кірді. Елес қалтырап жылады, әпкесі оны қолтығынан демеді. Олардың көз алдындағы көрініс үндерін шығартпады: қатып қалған қан үстінде жандары әлдеқашан шыққан адам мен жабайы аң, орасан зор барыс жатты. Арсен Саманчиннің басы Жолбарыстың кеудесінде дамыл тауыпты.
Елес тізесіне құлап, өкси жылады, Арсеннің жансыз қолын сыйпалай берді.
Әйелдер ұзақ жылады. Әпкесі Елестің басына қара жамылған қайғы орамалын жапты. Жора үңгірден шығып, қайтадан үңгірге кірді, әйелдер қашан сабыр сабасына түседі деп күтті.
Елес солқылдап жылап, жанында отырған әпкесіне былай деді:
Құмар, сен менің анамдайсың, сенен несін жасырайын, мен ақымақтықпен Арсенге айтқан ем: “Біздің барыстардан қолдарыңды тарт әрі!” деген плакат алып шығам деп, біздің ауылда бұндай мүмкін еместігін жақсы түсінсем де. Арсен сонда ешнәрсе деген емес, бірақ менің сөзімді жүрегіне жақын қабылдады, енді мінеки, не болды... Неге мен солай ғана айттым екен?!
Сабыр ет, Елес, бір–біріне жақын адамдар не туралы айтпайды дерсің. Тағдыр дейді бұны. Тағдыр солай ұйғарды. Сен одан да ойлансаңшы, бақытсыз сорлыны қалай жерлеу жайлы. Өйткені, туыстары мынадай жағдайдан кейін оны арулап көму қажеттігіне құлақ асқысы да келмейді. Марқұмды мұнда мәңгілікке өлген аңмен бірге қалдыруға болмайды ғой.
Сен дұрыс айтасың. Бірақ мен Арсенсіз қалай өмір сүрмекпін? Біздер бірге тұтас бір ғасырға татырлық ғұмыр кешкендейміз. Ресейде әйелдер монастырлары бар дейді, сауда–саттықпен жүргенде естігенмін. Дәлірек анықтап аламын, сөйтіп, сол жерге барып, сонда Арсен үшін күндіз–түні жалбарынамын, ешқашанда Құдайға сеніп көрмесем де. Тек бір ғана жағдайда бас тартамын, егер де маған тағдыр өз бақытын жіберсе, егер де перзентті болсам...
Құдай бергенінен танбасын. Ал сен сенімдісің бе?
Неге екені белгісіз, перзент күтемін. Түсіме енді... Ал егер де болмаса, монастырдан өле-өлгенше шықпаймын.
Осы уақытта тау үстінде қатты дауыс гүрілі үдей түсті. Олар үңгірден шығып, тік ұшаққа жанарларын тікті. Тік ұшақ биік шыңдар арасындағы қойнаудың бойымен ұшып бара жатты. Байлаулы аттар мазасыздана бастады. Жора оларды тыныштандыру үшін тізгіндерінен ұстауға мәжбүр болды. Тік ұшақ төңіректі айналсоқтап ұшты да, көзден ұзап кетті. Шуыл басылған соң, Жора ойлана тіл қатты:
Тік ұшақ мұнда жайдан–жай келген жоқ деп ойлаймын. Тауда ұшу қауіпсіз емес... Бәлкім, мұндағы жағдай аудан орталығына да жеткен болар.
Ал әйелі оның сөзін толықтыра:
Бұл олардың ісі. Ал біздің өз тірлігіміз бар. Біздер мұнда Елеспен бірге Арсенді қалай жерлеу керектігі жайлы ақылдастық. Сен, Жора, не айтасың? – деді.
Не айтайын? Ойланатын не бар, жерлеу керек, әрі бұның неғұрлым тезірек болғаны мақұл. Бірақ қазірше не туыстары, не көршілері жерлеу жайлы бір ауыз сөз айтқан жоқ. Ұрысады, айқайлайды, қарғайды, бұл рас. Бірақ қашанға дейін үргін–сүргін үдерісі созыла бермек? Тау сүрлеуімен марқұмның денесін ауылдың үлкен зиратына жеткізу де оңай шаруа емес. Кей жерлерде өлі денені зембілге салып көтеру керек, бұл үшін бірнеше адам қажет.
Жора қалай болғанда да, жақын туыстарымен мәселені шешу керектігі жөнінде қорытындыға келді. Ия, бәрі де Арсен Саманчиннің кінәсі арқасында болған жәйтке қатты ашулы, бірақ басынған қылмыскерді де жердің қойнауына тапсырады ғой.
Ойлану қажет, - деді Жора байыппен, - ал қазірше ішке кірейік, мен Арсеннің рухына бағыштап дұға оқиын. Мен молда емеспін, бірақ білгенімше оқиын.
Олар тағы да үшеуі үңгірге енді, марқұмның жанына отырды, үн қатпады. Алақанын жайған Жора барша жергілікті адамдар секілді дәстүрлі тілде бірде–бір сөзін білмесе де, арабша түініксіз бір нәрселерді күбірлеп, дұға оқыды. Дәстүрдің аты дәстүр, жолын жасады...
Осынау өз бетінше білген дұғаны оқыған кезде Елес ойлады: әлі де әпкесі мен оның күйеуі түсіністік танытып, қайғысына ортақтасты, әйтпесе, жанында бірде–бір тірі жан болмай, марқұм жападан–жалғыз, ескерусіз жата берер еді. Оның өкінішке тола ой–пікіріне жауап ретінде сырттан аттардың тұяғының дүрсілі мен адамдардың дауысы естілді.
Үңгірге бес адам кірді. Олар Тастанауған және оның серіктері еді. Олар отырған жоқ, үнсіз тұрды, дұғаның аяқталуын тұнжырай күтті. Дұға аяқталысымен, Тастанауған қатаң түрде тіл қатты:
Біз сіздерге айтумыз керек, Молатас үңгіріне мина қойылған. Сіздер оны қазір–ақ тастап шығуларыңыз керек, себебі үңгір жарылады. Асығыңыздар.
Жора оған уәж айтты:
Не үшін үңгір жарылмақ? Мұнда Арсен Саманчиннің өлі денесі бар, оны жолын жасап, арулап жерлеуіміз керек.
Бұл біздің ісіміз емес. Біздер үңгірді жаруымыз керек және өлі дене сонда үйіндінің астында қалады, былайша айтқанда, жерленеді.
Бұл жерлеу емес, - деді ашу кернеген Құмар дауыстай. – Мен әйел ретінде сіздерге айтарым: алдымен жерлеу жайлы ойланыңдар, содан соң жара беріңдер. Біздің бәріміз өлмейді емес, өлеміз және барлық адамдар, соның ішінде Сіздер де адамдық дәстүр мен әдет бойынша өз мерзімінде жерленетін болады.
Сен бізге үйретпе? Молатас үңгірі тапсырма бойынша жарылады. Сол үшін біздер осында келдік. Сендерге жарты сағат уақыт береміз.
Осы кезде бетінен қара орамалды ысырып, Елестің өзі үн қатты:
Бұндай әрекетке қадам баспаңыздар! Адам өлімін қорлауға қол ұрмаңыздар. Бұндай қаныпезерлік сіздерге тегінге соқпайды. Мен жол бермеймін! Сіздер өлі денені тас–талқан етуге құқылы емессіздер, марқұмды жер қойнауында тыныш жату құқынан айыра алмайсыздар.
Сен өзің кімсің? – Тастанауған ашу–ыза қысып өзін зорға ұстаған күйде айқайлай сөйледі. Күні кеше оның осы жерде оңбай жеңілгенін және ендігіде өзінің кластасының демі таусылған денесін қорлап, адам естімеген қатыгездікпен нағыз жауыздарша кек алуды ниет еткенін Елес қайдан білсін.
Мені кіммін дейсің бе? Қазір оған жауап беретін кез емес! Мінеки, өлген адам сендердің аяқтарыңның алдында жатыр, ал мен тап қазірдің өзінде өлуге даяр жанмын. Мені өлтіріңдер, содан соң, жара беріңдер. Мен дайынмын, жарыңдар, тап қазір жарыңдар, біздер екеуіміз үйінді астында мәңгіге бірге қалайық!
Жораның ақыл таразына салып, жол таппағанында осынау тағылық жайлаған сахна немен бітерін айту қиын–ды:
Тастанауған, мені тыңда, әйелдермен осылайша сөйлесуге болмайды, олар ауыр қайғы құшағында. Одан соң, марқұмның жанында бұлайша таласуға жарамайды, жүр сыртқа шығалық, сөйлесейік, кеңеселік, ақылдасайық. Үңгірді қай уақытта болса да жаруға үлгересің.
Олар сыртқа шығып, ұзақ уақыт дуылдасып, таласты.
Әйелдер тағы да марқұмның жанында өздері ғана қалғанда, Құмар сіңлісінің басындағы қара орамалды реттеп сөзін жалғады:
Жылама, Елес, өлген жанның рухы бәрін есітеді. Сен өз сөзіңді айттың. Марқұмның рухы саған разы, ал енді не боларын ерлердің өздері шешсін. Е–ей, қайғы–қасірет–ай...
Елес жауап қатты:
Рахмет, Құмар, туған әпкем менің, сен шынында да, мен үшін анамдайсың. Мен қазірде ойлаймын, неге солай Арсеннің тағдыры кілт өзгерді деп, өйткені, ол өте ақылды және әділ адам еді. Қыз кезімнен бастап, оның газеттерде жазғандарының барлығын да оқитынмын, телехабарларда да оны тыңдайтынмын. Ал екеуіміздің арамыздағы махаббатты айтсаңшы! Екі өмірге жетерлік еді! Енді мінеки, ақыр аяғы, үңгірде жабайы барыстың жанында жан тапсырды және де қатыгез адамдар оны жадтан өшіріп, үңгірдің үйіндісі астында қалдырмақ. Сонда бұл нені аңғартады? Бұл оны биіктетеді ме әлде кемсітеді ме?.. Бірақ мен үшін ол ендігіде қасиетті. Тек қана перзентті болсам екен, ұл ма, қыз ба, оның тегін ұрпақтар жадында мәңгілікке қалдырар ем.
Жора біраздан соң, мазаланған кейіпте оралып, Тастанауғанды көндіре алмағанын түсіндіре бастады. Ол таңертеңге дейін уақыт берді, шеф Бектұрғанмен ақылдасайын деді. Күтіңдер, таңертең келемін, сонда түпкілікті шешеміз деді...
Түнде, жағылған алау жанында отырғанда Елес әлі де сол жайлы ойлады: еске алу күндерді зиратқа, оның қабіріне іштен шыққан сәбиін жетелеп бару бақыты тағдырына жазылар ма екен?
Оның құлағына таудың ұзақ шыңдары жағынан Мәңгілік қалыңдықтың: “Қайдасың сен, сен қайдасың, аңшым менің, үн қатшы!” деп шақырған дауысы жеткенде, ол оған сыбырлай жауап берді: “Мәңгілік қалыңдық, есіттім сені, есіттім, ендігіде мен де дәл сен секілдімін. Маған күйеу бұйырмады, жесір қалдым және Құдайға жалбарынамын, ол маған жұбаныш ретінде зиратқа бірге баратын бір бала берсе екен деп”.
Таңертең жағдай жақсылық жаққа қарай оңғарылды. Тәубеге келу бірден болмайтын сияқты, өз бойындағы зұлымдықты әрдайым жеңе білу жолы өте ауыр, жан–жақты, кемел жетілмеген адамға барша ғасырлардағы ғаламдық үннің жақсылыққа шақырған дауысын есіту оңайға соқпайды.
Тастанауғандықтар зембілмен және марқұмның денесін жабу үшін мата алып келді. Денені қойнаудың аяғына дейін апару қажет еді, ол жерде Бектұрдың джипі және басқа машиналар күтіп тұрды. Соған қарағанда Молатас үңгірін жару кейінге қалдырылғандай немесе өзгертілгендей. Шеф Бектұр барыстың өлі денесін сол жерде, тауда көмуге нұсқау берді.
Өзін жесірі деп жариялаған Елес зембілдің соңында қара жамылып келе жатты. Оның соңында әпкесі Құмар және күйеуі Жора олардың салт аттарын жетектеп жүрді.
Тастанауғанмен не болғаны жөнінде ешкім де бейхабар еді. Ол да қаралы шеру ізімен аяқ басты. Жылады дейді. Ал кейінірек кенеттен басынан қасиет тұтқан өзінің әскери бас киімін жұлып алып, бар құлашымен еңіске қарай лақтырып жіберді.
Елес жүрген бойда ішкі ойымен қайталай берді: “Есіттім, есіттім сені, Мәңгілік қалыңдық. Мен тағы да ораламын, сені іздеп табамын, сонда қосыла жылаймыз, сол кезде өзімнің қайғым жайлы айтып беремін. Күткейсің, мен жуық арада келемін...”
Және де сол күндері адам сенбес аңызға татырлық әңгіме ел ішінде жүрді, оған сену өте қиын еді. Тастанауғанның екі жігіті Молатас үңгіріне қайта оралғанда, ол жерден оқ тиген “басы зор, құйрығы ұзынды” шығарып, сол маңның бір жеріне көміп тастау үшін ішке енгенде Жорлбарыс үңгірде жоқ екен деп айтады. Жолбарыс әлдеқайда ғайып болған. Ізім–қайым жоғалған... Кейініректе уақыт өте келе ол көлеңкеге айналып, тауды кезіп жүргендігі әңгімеге өзек болды. Оның өзін ешкім де көрмеген, бірақ оның ақ қар үстіндегі іздері бұрынғысынша айбарлы, оны көптеген адамдар байқапты. Күртік қарды кешіп жүргенді Жолбарыс әлі де жақсы көреді екен. Ол солайша жаратылған...
Эпилог орнына
Арсен САМАНЧИН
(Елес Жолбарысованың жарияланымы)
ӨЛТІРУ - НЕ ӨЛТІРМЕУ...
(Әңгіме)
Тек қүн ғана қалады,
қанға бөкпей...
Ат та иесіз желіп кетеді...
(Сығанның айтқаны)
Ұшақты әуе зеңбірегі шабуылының сұрапыл аумағынан шығарған ұшқыш төменге көз салды, жауған оқтан ол қаншалықты ұзағанына көзі жетпекші болған ниетпен. Төменде ұйпа–тұйпа, қоп–қоңыр, көкпеңбек қалың орман көлбеп жатты, өзімен бірге шұғыл бұрылыс кезінде орман бүйірімен бірте–бірте аударылғандай болды, әлдеқайда тұңғиыққа жұтып кететіндей, қорқытқандай сыңайлы. Келесі мезетте истребитель ұшу барысында өзінен-өзі реттелді және де орман лезде өзінің тұрақты өз орнына оралды, ұзақтағы селдір түтінді көкжиекпен тұтасып кетті. Дүние өзінің қалыпты кейпін тапты. Ұшқыш енді ғана жаны жай тапқандай болғанымен, осы сәтте ұшақ алдында әлдеқандай күтпеген құбылыс пайда болды, оның кенеттен пайда болғаны соншалықты ұшқыш бағамдап үлгере алмады, ауада ол немен соқтығысты, қандай да бір пішінсіз дене ұшаққа тірі әрі қуатты тәнімен ауыр халде бірден сарт етті. Машинаны соққы қатты сілкіндірді және де кірпік қаққанша ұшқыш толық көруден мүлдем айырылды...
Ол естері шыға зымырай ұшқан құстардың орсан зор тобы болатын, көрер көздері сол сәтте түк көрмегендей бейдауа ұшқандарын қарасаңшы...
Ұшқыш суық терге шомылды. Штурвалды әрең ұстап, шыр айналып төменге құламау үшін, ол жанталаса кабина терезесіне жағылған қан жылымынан жиіркене түршікті.
Құстар бірінші болып күзді күтпестен бұл өлкені тастады. Олар жаздың нағыз қызған кезінде тобымен және бөлектеніп, түнде және күндіз ұшты, жұмыртқа басқан ұяларын тастап, әлжуаз халде мойнын созған, тұмсықтарымен нәр татырған сары ауыз балапандарынан баз кешіп, ұшып жатты. Ең соңында түні бойғы жылаңқы үнін тыйып, батпақты мекендеген байғыздар жым-жылас әлдеқайда жоғалды.
Аңдар тым–тырақай қашты...
Және де жан–жаққа көптеген шақырымды ащы бұйра түтінімен орап орман алқаптары өртенді, ғасырлар бойы мызғымаған орман күйреді, алып қарағайлар дауыл соққандай сатырлай құлады. Және де жаппай қопарылысты тудырған артиллериядан оқ жаудыру мен жарылған минадан, көктен жөңкілген танкілердің шабуылынан, танкілерге атқылаған қарсы оқ оттарынан қара жер тітіркене ақтарылды... Жарылыстың жарақатынан өзендер жағалауларынан асып–төгіліп, ойпаттар мен сай–салаларға лықсып ақты. Бір танк алқаптың қақ ортасында пушкасының аузын көкке кілт қарата, суға тола терең орға мәңгілікке құлады...
Және де бұның бәрі күннен–күнге бұлтартпастай болып жатты және де осы шепте, әскери тілмен өрнектегенде, майдандар соғысы жүргендіктен, сол себептен, тоқтату мүмкін де емес–ті. Майдан мен майдан шайқасты. Әрбір тарапқа қарсы жақтың қорғанысын сындыру, жаудың қапталы мен тылдарын тас–талқан ету, адам күшін жою талап етілді. Және де әрбір тарап ең алдымен бұзып өтуді, ең алдымен шабуылдауды өз міндеті санады...
Алайда, әзірше бұл міндет ешкімнің қолынан келер емес-ті. Және де сондықтан позициялық соғыс күннен–күнге, күннен–түнге созылды...
Ал уақыт өз жүрісінен танбады. Және де сонау күзге шейін әскери іс–қимылдар театры деп аталатын осы кеңістікте не күндіз, не түнде, не жаңбырда, не жаздың ашық күндерінде зеңбіректер үні бір тынбады. Құстар сол жылы өз ұяларына сол күйінде оралмады, тапталған шөптер солайша гүлдей алмады және тұқымсыз қалды.
Өзара бір-бір тас–талқан етуге оқталған майдан жанындағы штабтар, сол аралықта жаңа жедел жоспарларды асығыс әзірлей бастады, жоғалтқандары, өлген және жараланғандары туралы құпия мәліметтерді анау да, өзге де штабтар жеткізіп, бар дауыспен әлеуетті соққыны күшейту қажеттігін дәлелдеп, сол себепті бір іс-қимылмен өздерінің Жоғары басқолбасшыларынан тағы–тағы да адам күші, техника, оқ–дәрімен күшейтуді сұранды: бірі–жаңа өмірлік кеңістікті жаулап алу идеясы үшін, өзгесі–сол кеңістікті жанындай қорғау үшін. Алайда, қалай болғанда да, түрлі жағдайда көмек көрсетілді, күштер ұрыста қайтадан бәсеңсіді, көмек және де ағылды...
Соғыстан қансыраған жаз екі ортада түгесілуге бет бұрды және әрбір соғысушы тарапқа даярлықтың соңғы мерзімі, соңғы шегі басталды, одан соң жер бетінде тізгін ұстатпас–шабуыл тасқыны лықсып тасып, шабуылдың бұрқ етуі мүмкін–ді.
Осынау ұлы іс–қимылға әлемдегі барша жаратылғандардың арасынан тек қана күн қанға бөкпеген халде, құстар талақ етіп тастаған өлкеге, маңдайға жазылған осы оқиға үшін жарық дүниеге келген өте көп адамдарды тағдырдың өзі айдап келген шығар.
Солардың бірі осы жаққа қарай әскери эшелонға мініп, Еділ бойындағы аптапты алдыңғы Азия өңірінде орналасқан Саратов қаласынан келе жатқан еді. Эшелонда бәрі де соғысқа бара жатқанын жақсы білді, бірақ қайда, қайсы майданға, қай учаскеге жіберетінін тек жоғары әскери билік біле алатын, ал солдаттың тірлігі қайда қуса, сол жаққа барады емес пе... Алайда оларды Мәскеуге қарай апара жатыр деген сөз де құлаққа жетіп жатты, ал одан әрі не болатыны ап–анық нәрсе, майданға жібереді... Дәл солай болды да. Қай жаққа қарай бет алатындығын алдын–ала айту оншалықты қиын болған жоқ.
Саратовтан олар түс ауа аттанған еді, араға бір түн салып, қапырық жұтқан жолдан соң, жаз бойы сұрқай тартып, аптапта күйіп кеткен Алдыңғы Еділ далаларынан кейін, жан–жақта, бірде жақыннан, бірде темір жолдың қапталынан жасыл алаңқайлар мен қылқан жапырақты ормандар көзге түсе бастады, олар қараған көзді сүйсіндірерліктей еді, тұп–тура көне суреттердегі көріністердей болатын. Тіпті, солдаттар мен қару–жараққа лық толған жылы жайдың ашық есігінен салқын ауаның лебі бірден есе жөнелді.
Достарыңызбен бөлісу: |